Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық сипаттама

Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық сипаттама туралы қазақша реферат

 Жоғары сынып оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткілігіне әрі негізделгеніне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойланудың талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.

Жастық шақтық маңызды психологиялық процесс — өзіндік ақыл — ойдың және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз — өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу — бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған,  бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.

Үлкендермен қарым — қатынаста жатық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым — қатынастарды қамтиды. Он алты жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз қызығушылықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де отыз алты жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.

Өмірлік қағида жеке тұлғаның дүние танымынан бөлек тұрмайды. Дүниетаным дегеніміз — бұл әлемге тұтас көзқарас, болмыстың жалпы қағидалары мен негіздері туралы түсінік жүйесі, адамның өмірлік философиясы, оның барлық білімнің жиынтығы және қорытындысы.

Тәрбиеде әр балаға жеке қарау — бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл, бәрінен де бұрын, оқушыға әр уақытта және барлық қарым — қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс — әрекеттің жауапты да өзін — өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ-жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік — мәнділік жағынан анықтап алуы үшін көмектесу.

Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.

Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізгі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.

Әрбір оқушының танымдық іс — әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс — тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік-бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір — бірімен сәйкістікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүгізуге болады. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

— қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,

— дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық — адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік — бұл бірдей күшпен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен  рухани көзқарастың дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамның мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.