Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары және аймақтық бюджет аралық теңдестіру тетігі

 Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындары және аймақтық бюджет аралық теңдестіру тетігі туралы қазақша реферат

Жергілікті бюжеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті әкімшілік-аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюжеттер республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша биліктің жергілікті органдары өз функцияларын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің теңестірілуін қамтамасыз ететін, трансфертердің ортамерзімдік тұрақты нормативтеріне негізделген бюджетаралық қатынастар моделін құрғанда, жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен басқа шеттен алып пайдаланудың қажеттілігі болмайды. Сонымен бірге әкімшілік-бюджеттік реформаның басымды бағыттарын іске асырудың мүмкіндігі туады, яғни ауылды жерлерде, аудан маңындағы қалаларда тиімді жергілікті басқаруды ұйымдастыру мен олардың институционалдық және функционалдық бекінісі.

Осы мақсаттарда ауылдар мен шағын қалаларда әкімнің аппараттарын қалыптастыру және оларға заңды тұлғалар мәртебесін беру қарастырылған. Мұндай шара жергілікті әкімдерге жекеленген мүлік бөлу және олар өз аттарынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер табу және іске асыру жөнінде құқықпен тағайындауды ұйғарады. Мысалы, бұл шара арқылы тиісті аумақтарда заңнамалармен берілген жер қатынастарын реттеу жөніндегі құқықты қамтамасыз ету іске асырылады.

Жоғарыда айтылған шаралар ауылдар мен шағын қалалар әкімдерінің шаруашылық және экономикалық салалар бойынша шешімдер қабылдау уәкілдіктерін кеңейтеді және ең төменгі деңгейдегі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді,  себебі олардың бюджеттік бағдарламалары аудан бюджетінің құрамында тиісті маслихаттармен бекітіледі де тек солар арқылы өзгертіледі.

Аймақтық саясатты жетілдіру мен мемлекеттік басқару деңгейлері арасында уәкіліктікті шектеу мақсатымен ауыл мен шағын қала басқару деңгейлерінің функциялары кеңейтіледі. Жекелеп айтқанда, оларға келесі қосымша функциялар жүктеледі:

-елді мекендерді көріктендіру, жасылдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

-зираттар мен басқа қабірлеу орындарды тиісті қалыпта ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

-өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауын іске асыру;

-жер мен су пайдалануын реттеу және елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

-заң бекіткен тәртіп бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікке берілген коммуналдық меншікті басқару.

Келешекте республикада жергілікті өзінөзі басқару негіздерін қалыптастыру   жоспарлануда. Бүгінгі күні мұндай институттарды енгізу бірсыпыра мәселелер шешуіне тіреліп тұр. Мысалы, биліктің ауылдық органдар деңгейінде басқарудың нақты механиздері қалыптаспаған, кірістердің өздік қайнар көздері белгіленбеген, меншік мәселелері шешілмеген [6].

Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері арасындағы өзара байланыс аймақтық бюджетаралық теңестіру механизмі арқылы іске асырылады. Бұл механизмнің маңызы — ол бюджеттік жүйенің буындары арасында кірістер мен шығындарды бөлу процесі,  ал мұндай бөлудің негізін жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетпен және аудандық бюджеттердің облыс бюджеттері арасындағы арақатынастарының теңбе-теңдік принципі құрастырады. Мұндайды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қаржы шығындардың нормативтер мен жергілікті бюджеттерге көрсететін қаржылық жәрдем нормативтерін есептейтін біріккен тәртібі пайдаланады.

Жергілікті бюджеттердің шығындары мөлшерлес кірістермен қамтамасыз етуі тиіс, ал кірістер әр түрлі салықты және салықтық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Өзіндік кірістер — ол заңмен бекітілген бөлігі ретінде тұрақты немесе ұзақмерзімді негізде тиісті бюджетке түсетін кірістер. Мысалы, корпоративтік салық пен қосымша құнға салық толығымен республикалық бюджет кірісі ретінде бекітілген.

Аумақтардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету мен жергілікті бюджеттердің теңгерушіліктерін бюджеттік реттеу мақсатында оларға жоғары тұратын бюджет деңгейінен кірістердің кейбір түрлерінің бөлімі бөлінеді. Мұндайда бөлектеу нормативтері төменгі тұрған бюджеттер бойынша біріккен немесе әр түрлі болуы мүмкін. Бұл нормативтер бюджеттік деңгейдің осы кірістерді беріп отырған өкіліктік органымен анықталады.

Жергілікті бюджеттердің шығындар құрылымы анықталған, ал бюджеттен ақша беру осы шығындарға сәйкес бюджеттік қаржыландыру арқылы іске асырылады. Қаржыландыру— ол бюджеттік қаражаттарды оны алушыларға бөліп шығару. Оны ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

-тиімділік (ең аз шығындармен ең көп нәтиже) ;

-адрестік (қаражаттарды пайдаланудың нысандық сипаты);

-бақылаулық (қаржы бақылауды іске асыру);

-қайтарылмайтындық (қаражаттар бюджетке қайтарылусыз шартта берілу);

-ақысыздық (қаражаттар пайыз немесе басқа түрлі төлемсіз шартта берілу).

Бюджетттік қаржыландырудың белгілі екі әдісі бар- «нетто-бюджет» жүйесі арқылы және «брутто-бюджет» жүйесі арқылы. Бірінші әдістің маңызы- ол тек қана бюджетте анықталып бекітілген шығындар бойынша қатал ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету. Екінші әдіс бюджеттен толық қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуде пайдаланады.

Аймақтық қаржыландырудың ерекшелігі болып нысанды ағымдағы трансферттерді пайдалану табылады. Олар тек қана бюджеттік субвенциялар мен алып тастаудың есебінде есептелмеген аймақтық бюджеттік бағдарламалар бойынша шараларды орындауға беріледі. Төмен тұрған бюджеттерге трансферттер арқылы міндетті түрде төлемақы беріледі. Нысанды ағымдағы трансферттер сомалары республикалық немесе облыс бюджеттерде бекітіледі.

Жалпы алғанда бюджеттік кірістер мен шығыстар мыналардан тұрады:

1. Кірістер:

— салықтық түсімдер;

— салықтық емес түсімдер;

— негізгі капитал сатудың түсімдері;

— ресми трансферттер түсімі;

2. Шығындар;

3. Операциялық қалдық;

4. Таза бюджеттік несиелеу – бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;

5. Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық – қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

6. Бюджет тапшылығы (профициті);

7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру – зайымдар түсу, зайымларды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.