Жер туралы түсінік

Жер шары- Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы үшінші планетасы; адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер элипстік  (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн.км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі  66033’22”, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 сек . Жердің өз осінен айналу себебінен жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен күнді айналуы салдарынан жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер күнді айналып жүрген 9 планета ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-ші орында. Жердің массасы 5,975 1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см3, ал көлемі 1,083 млрд км3, ауданы 510,2 млн км2, сыртқы пішіні 3 ості эллипсоидқа жақын. Осы күнгі космоногиялық түсінік бойынша жер осыдан -4,5 млрд жыл бұрын күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ –тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген.  Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары күнге жақын орналасқан. Жер құрамына күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және жер оның ось бойымен айналуы салдарынан жер эллипсоидтық пішінге келген.