Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары туралы қазақша реферат

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Ережесі негізінде анықтылады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарама, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады.

Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президентімен бекітіледі.

Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

—       мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;

—       Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерін бекітеді;

—       Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

—       Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

—       Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;

—       Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

—       Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық баласты қарастырады;

—       Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді жәнеҰлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;

—       Банктер және олардың филиалдары үшінэкономикалық нормативтерін бекітеді.

Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілетте бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел басқару органы- Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, «Қазақстан Республиканың Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағасының және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат құрамына- төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппаратарында келесідей: ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалары бар. Ұлттық банк өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.