Түркі сөздері

Түркі тілдері тарихында маңызды рол тқаратын орта ғасырда, сонау Мәмлүк топрағында қыпшақ тілінде жазылып бізге жеткен Китаб Муқаддима тіліндегі негізгі сөздік қоры түркі сөздері. Ескерткіш тіліндегі түркі сөздерін төмендегіше топтарға бөліп қарастырғанды жөн көрдік.

Зат есімдер сөздер. Зат есімдер — табиғаттағы барлық жанды-жансыз, деректі-дерексіз заттар мен ұғымдардың жалпылама немесе жекелеген атауы болатын сөздер екендігі белгілі. Тілдегі барлық заттар мен ұғымдардың атаулары түбір сөздер емес. Кейбіреулерінің атаулары туынды түбір сөздер арқылы берілген. Мұндай сөздерді кеңейтілген не күрделі түбір деп те атауға болады. Өйткені туынды түбір сөздер мағынасы мен қызметі, тілдегі қолданылу ерекшелігі жағынан кәдуілгі түбір сөздерден айырмашылығы жоқ. Олар да, түбір сөздер секілді заттар мен ұғымдардың атауы болады. Әдетте бұл сөздердің құрамы негізгі морфема және қосымша морфема болып, екі бөліктен тұрады. Бұл екі морфема да іштей бірнеше жікке бөлініп жатады. Мысалы, «Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі [1, 24]» дейтін болсақ, осы  морфемалардың өзі кейде этимологиялық тұрғыдан саралай келгенде, тарихи жағынан бір замандары түбір және қосымша морфемадан тұрған туынды түбір сөз болғандығы анықталады. Мұндай түбірлер зерттеу еңбектерде «өлі түбір, түпкі түбір, көнерген түбір» деп аталып жүр. Зерттеу нысанымыз тарихи жазба ескерткіштер тілі болғандықтан мұндай сөздерді тіліміздегі басқа сөздермен, орта ғасырлық басқа ескерткіштер тіліндегі және қазіргі түркі тілдеріндегі варианттарымен салыстыру арқылы болжалды түрде болса да, түпкі негізін анықтауға тырыстық. Бұл сөздерді мағыналық тұрғыдан мынадай топтарға бөлінеді:

Адамның дене мүшелеріне байланысты анатомиялық атаулар: авуч اَوُجуыс, алақан;«әгәр силинсә үж ташилә йа үш кисәкилә йа үж авуч тобрақдан 27б, 6» (егер үш таспен не үш кескекпен не үш уыс топрақпен сүртілсе). Орта ғасыр қыпшақ жазбаларымен қазіргі түркі тілдерінде авуч//авыч//овуж//һавуч формаларында кездесетін бұл етістік тілімізде уыс сыпатында қолданылады. Қазақ тілінде сөз басында  удыбысына, алдынан көмескіленіп ұ//ү дыбыстары естілетіндіктен дифтонг дыбыс деп қарайды да ұ жазуда еленбейді. Ал бірінші буыннан кейінгі буындардағы у дыбысы ерін үндестігінің әлсіздігінен ы – ға айналады. Осыдан қазіргі тілімізде бұл сөз а~ұ; в~у; у~ы; ч//ж~ш~с сәйкестіктері арқылы қалыптасқан. Сондай-ақ бұл сөздің негізгі түбір емес екендігін тіліміздегі уқалау етістігімен салыстыру арқылы аңғаруға болатын сияқты. Радлов «Сөздігінде»: «оғ- ов – тереть; ел оғмақ; оғала- растереть» деп түсіндіріледі де басына «осман түріктері тілінде» деп белгі соғылған. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылығын ескерсек (оғ>у) уқалау етістігінің құрамындағы ежелгі түбір тек у (ұу) морфемасы ғана, -қа, -ла- қосымшалар [30, 122]. Уыс сөзінің де негізгі түбірі у (ұу); -ыс істің істелу құралын, процесстің атауын білдіретін көне ч қосымшасының бүгінгі көрінісі болса керек (сүйініш, қуаныш сөздерінде сақталған). Ескерткіштер тілінде: ГТ: авуч; авыч; ИМ: авучла- (етістік тұлғасында; уыстау) ИН: авучла- (етістік тұлғасында; уыстау). Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: уыс; баш.: ус төбө; тат.: ус төби; қырғыз: ýч; түрік: авуч;  азер.: овуж; түркм.: овуч; өзб.: һàвуч; ұйғ.: авуч [7, 34-35];

ағыз اَغِزауыз;  ағыза اَغِزَه«андан соңра ағыза су вирә айдағай (33б, 3)» (содан соң ауызға су бергенде айтсын). ағзына اَغزِنَه  «ағзына су вирмәк (23б, 6)» (аузына су беру). ағзум اَغزُم  «йа иләһи арыт ағзум қоқусы (33б, 3)» (Ей Тәңірім! Тазарт аузымның иісін).         Түркі тілдеріне тегіс таныс лексема. Сөз ортасындағы ғ дыбысының тілімізде у-ға ауысуы, кейінгі буындағы удыбысының делабиализацияға ұшырап, ы-ға айналуы заңды құбылыс (ауыз). Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: ағыз (рот); МҚ: ағыз (рот); ҚБ: ағыз (реч) [ДТС, 21]; БВ: ағыз; КК: ағыз; авуз;  ДМ: ағыз; ГТ: ағыз; ИМ: ағыз; КФ: ағыз; КФТ: ағыз; КИ: ағыз; аыз; МГ: ағыз; Ал-Каванин: ағыз; Ат-Тухфа:авуз; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: ауыз; башқ.: авыз; тат.: авыз; қырғыз: ōз;  түрік: ағыз; азер.: ағыз; түркм.: ағыз; өзб.: áғыз;  ұйғ.: еғиз  [7. 8-9].

         айақ اَيَقайағ اَيَاغаяқ; «айақ үстинә дурмақ (10а, 6)» (аяқта тұру). «вурғай ики айағ бирлә йирә (30б, 6)» (екі аяқпен жерге ұрсын). айақдан اَيَقدَن «бир батман баржа ағза ижүн ики айақдан башға (38а, 6)» (бір батпан барша мүше үшін, екі аяқтан басқа). айақларуңузы اَيَقلَرُكُوزِى «айақларуңузы йуңуз ики тапуқ қадарынжа (11а, 6)» (аяқтарыңызды жуыңыздар екі тобыққа дейін). айағыны اَيَاغِنِى «йуғай сол айағыны (35а, 5)» (сол аяғын жусын). Қазіргі түркі тілдерінің көбінде айақ (аяқ)тұлғасында кездесетін бұл етістік, көне түркі тілінде адақ, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде адақ, азақ, аяқ сыпаттары қатар қолданылған. Бұдан көне варианты мен қазіргі варианты арасындағы д~й сәйкестігі аралық з звено дыбысы арқылы болғандығын көруге болады. Қазіргі тілдерден якут – атақ; шоразақ болып көне сипатты сақтаған. Қазақ тіліндегі адақтау (ел адақтау) етістігі де осы сөзбен түбірлес және ескі күйін сақтаған. Тағы назар аударатын нәрсе  орта ғасыр мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған БВ және Ал-Каванин мен басқа ескерткіштер арасында сөздің абсалют соңында қ~ғ сәйкесуі және Муқаддима тілінде ол екеуінің қатар қолданылуы. Сөз соңының ғ дыбысына аяқталуы қазіргі тілдерден тек азербайжан тілінде ғана сақталған. Көктүрік, ҚБ: адақ; МҚ: азақ [31, 8, 72]; КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, МГ,РХ, ТА, Ат-Тухфа: айақ; БВ, Ал-Каванин: айағ; КИ: азақ; адақ [16, 2, 17, 19]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., башқ., тат., қырғыз, түрік, түркм., өзб., ұйғ.: айақ (аяқ); азер.: айағ; [7. 34-35].

бойун بُيِنмойын; бойнумы بُينُمِى«йа иләһи азад ид бойнумы отдан сақла мәни силсәләләрдән зинжирләрдән (34б, 6)» (Ей Тәңірім! Азат ет мойнымды оттан, сақта мені шынжырлардан). бойнына بُينِنَه«бойнына мәсх әйләмәк (24а, 6)» (мойнына мәсіх тарту). Орта ғасыр жазба ескерткіштері мен қазіргі қарлұқ және оғыз тілдерінде бойун тұлғасында кездесетін бұл сөз қазіргі қыпшақ тілдерінде мойын сипатында. Сөзбасындағы б//м сәйкестігі мен сөз ортасындағы у дыбысының қысаңдануы қыпшақ тілдеріне тән әдеттегі құбылыс. Қазіргі қазақ тілінде –н қосымшасымен қалыптасқан тарихи түбірлер үлкен бір топты құрайтыны белгілі (ерін, ұзын, қойын тб.). Мұның да негізгі түбір еместігін тіліміздегі бауыздау етістігімен салыстыру арқылы білуге болатын сияқты. Көне түркі тілдері сөздігінде: боғ- душить, сдавливать; боғаз – горло, глотка [31, 108]; боғузлан- быт умерщвленным (задушенным, зарезанным) [31, 108]. Түркі тілдерінде б~м, ғ~й сәйкестіктерінің әдеттегі құбылыс екендігін, келтірілген мысалдардың барлығының (боғ-, боғаз, боғузлан-) мойынмен қатыстылығын және -/ы/н жұрнағының етістіктен зат есім тудыратындығын ескерсек сөздің бастапқы түбірі боғ-болса керек. ҚБ: бойун; МҚ: бойын, бойун  [31, 110]; БВ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ТА: бойун; КК: бойун; бойын; ДМ: бойны; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., башқ., тат.: мойын;  қырғыз: мойун; түрік, азер., түркм., ұйғ.: бойун; өзб.: бойүн; [7, 78-79].

бурун بُرُنмұрын; бурнына بُرنِنَه«бурнына су вирмәк (23б, 6)» (мұрнына су беру). «бурнына су вирмәк сағ или бирлә (25а, 6)» (мұрнына су беру оң қолымен). Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің барлығында бурун тұлғасында кездеседі. ҚБ, МҚ,  ДМ, ГТ, ИХ, ИМ, КФ, КИ, МГ, ТА, ат-Тухфа: бурун; КК: брун [31, 126; 16, 38]. Қазіргі оғыз және қарлұқ топтарында осы тұлғада сақталғанымен қыпшақ тілдерінің көбінде сөз басында б<м- ға ауысқан. қаз.: мұрын; башқ.: морон; тат.: борын; қырғыз: мурун; түрік, азер., түркм., ұйғ., өзб.: мұрын [7, 86-87]. 

йүрәк يُرَكжүрек; «ол биш дидүгүмүз йүрәк үстиндәдүр (46а, 3)» (ол бес дегеніміз жүрек үстінде). йүрәкдәдүр يُرَكدَه دُر«биш андан йүрәкдәдүр (45б, 6)» (одан /оның/ бесеуі жүректе). йүрәгини يُرَاكِنِى «арытғай йүрәгини кирдән хасәддән (37б, 2)» (тазартсын жүрегін кірден, қызғаншақтықтан). Өлі  және тірі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдеріне кең тараған көнеден келе жатқан сөз. Көктүрік, Ескі ұйғыр, КБ, МҚ: йүрәк [31, 286]; БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КИ, ТА, ат-Тухфа: йүрек [16, 333]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жүрек; башқ., тат.: йөрәк; қырғыз: джүрөк; түрік, түркмен.: йүрек; ұйғ., өзб.: йүрәк;; азер.: үрәк[7, 1002-1003].

дил دِلтіл; «иман дәгән иқрардур дил бирлә дахы инанмақдур көңүл бирлә» (иман деген тілмен растау және көңілмен сену). дилиндә دِلِندَه «араб дилиндә ‘ибаратдур ду’адан (5б. 6)» (араб тілінде дуадан тұрады). Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. Қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде д~т сәйкестігі қалыптасқан. Бірі қыпшақ, бірі оғыздық элемент болса керек. Ескі ұйғыр, ҚБ: тил [31, 559]; БВ, ГИ, КФ, КФТ: дил; БВ, КК, ДМ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, ИН, МГ, РХ, Ал-Каванин, ат-Тухфа: тил [16, 61, 275]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: тіл; башқ., тат., қырғ., ұйғ., өзб.: тил; түрік, азер., түркмен.: дил [7, 172-173].

дирсәк دِرسَكтірсек, шынтақ; «ики әлини йумақ ики дирсәк қадарынжа (22б, 6)» (екі қолын екі шынтағына дейін жуу). дирсәкләр دِرسَكلَر «қажан дурсаңуз намаза йуңуз йүзүңүз қолларуңуз дирсәкләр қадарынжа (23а, 3)» (қашан намазға тұрсаңыздар жүздеріңізді, қолдарыңызды шынтаққа дейін жуыңыздар). Көне және қазіргі түркі тілдеріне тегіс танымал лексема. Жадыхаттар тілінде: Ескі ұйғыр:тирсәк — логоть [31, 563]; ГИ, ИН, КФ, КФТ: дирсек; БВ, ДМ, ИМ, ИН, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: тирсек [16, 62, 277]; Дегенмен қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз семантикасы жағынан бәрінде бірдей емес. Мысалы, түрік, азербайжан, түркімен, татар, өзбек тілдерінде шынтақ мағынасында қолданылса, қазақ тілінде жан-жануарлардың аяғының буынына, яғни тізесінің ішкі жағына айтылады. қаз.: тірсек; башқ.: тирһәк; тат., өзб.: тирсәк; түрік, түркмен.: дирсек; азер.: дирсәк; [7, 176-177].

ел اَلил اِل — қол; елинاَلِن«ики елин қалдурмақдур ики қулағ йумағына дәгин (20б, 1)» (екі қолын көтеру екі құлағының жұмсағына дейін). елини اَلِنِى «қомақ сағ елини сол әли үстинә (20б, 1)» (оң қолын сол қолының үстіне қою). әлүмә اَلُومَا «йа иләһи виргил паңа китабумы сағ  әлүмә (34а, 5)» (Ей Тәңірім! Маған кітабымды оң қолыма бер). Орта ғасыр ескерткіштерінде ел//ил тұлғасында жиі ұшырысады және қол сөзімен синоним сөздер ретінде жарыса қолданылған (Қ. қол).  ҚБ, КК, ДМ, ГИ, ИН, КФТ, КИ, Ал-Каванин: ел; БВ, ГТ, ИМ,  ат-Тухфа: ил; КФ: ел, ил; МГ: ел, ил; ТА: ел, ил [31, 169; 16, 71; 109]; Қазіргі оғыз тілдерінде кең қолданыс тапқан бұл сөз қыпшақ тобына кіретін тілдерде сақталмаған. түрік, түркмен., азер., ұйғыр.: ел; [7, 208-209].

бармақ بَرمَقбармақ, саусақ; бармағыبَرمَغِى«мисуәк әйләсүн бармағы бирлә (33б, 2)» (мисуак жасасын бармағымен). бармақларын بَرمَق لَرِن «дахы бармақларын арамақ (24а, 1)» (және саусақтарын салалау). Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ,КФТ, КИ, БВ, МГ, РХ, Ал-Каванин, ТА: бармақ; Ат-Тухфа: пармақ; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., башқ., тат., қырғыз, түркм., өзб., ұйғ.: бармақ; түрік: пармак; азер.: бармағ;  [16, 24; 7, 692-693].

ирин اِرِنірің; «ирин киби сару су киби (6а, 4)» (ірің сияқты, сары су сияқты). Көнеден келе жатқан түркі тілдеріне кең тараған сөздердің бірі. Жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінде сөз соңында н//ң сәйкестіктері қалыптасқан. Ескі ұйғыр, МҚ- ириң — гной [31, 212]; БВ: ирин; ириң; ГИ, КФ, КИ, Ал-Каванин, ат-Тухфа: ирин ИМ: ириң; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: ірің; башқ., тат.: ирин; қырғыз: ирин; ұйғ.: жирин; өзб.: йирин; түрік, азер.: ирин; түркмен.: ириң [7, 396-397].

қан قَانқан; «йүрүн қан киби (6а, 4)» (аққан қан сияқты). Ықлым заманнан бері келе жатқан, түркі тілдеріне өте кең тараған сөздердің бірі. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қан; [31, 416]; қаз., башқ., тат., түрік, қырғыз, ұйғ.: қан; азер.: ган; түркмен.: гāн; өзб.: кáн  [7, 432-433].

қарын قَرِنқарын; қарныны قَرنِنِى«арытғай қарныны харам йәмәкдән (37б, 4)» (тазартсын қарнын харам тамақтан). Ескі және қазіргі түркі тілдеріне тегіс белгілі лексема. Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қарын; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., башқ., тат., қырғ., түрік: қарын//карын; азер., түркм.: гарын; өзб.: кáрин;  ұйғ.: керин [7, 444-445]. Сөздің түпкі түбірі қар- өлі етістік түбірі, ал –ын  көнеден келе жатқан етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ болса керек (егін, жұлын, шығын сөздері құрамындағы). Сөзге негіз болған түбір «қар-переливаться через край, разливатся[31, 422]» етістігі болуы мүмкін.

қол-قُلқол; қолуңуз قُلُكُز«йуңуз йүзүңүз дахы қолуңуз дирсәкләр қадарынжа (11а, 5)» (жуыңыздар жүздеріңізді қолдарыңызды шынтақтарыңызға дейін). қолларуңуз قُلَّرُكُز قُلَّرُكُز «қажан дурсаңуз намаза йуңуз йүзүңүз қолларуңуз дирсәкләр қадарынжа (23а, 3)» (қашан намазға тұрсаңыздар жуыңыздар жүзеріңізді қолдарыңызды шынтаққа дейін). Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне жаппай таныс сөз. ДТС: қол (рука 453); БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қол; ; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., қырғыз: қол;  башқ., тат.: қул; түрік: кол; азер., түркм.: гол; өзб., ұйғ.: кол [7, 492-493].

         көбекكُبَاكкіндік; «қомақ сағ әлини сол әли үстинә көбек алтына (20б, 2)» (оң қолын сол қолының үстіне, кіндіктің астына  қою). ДМ, ГИ, ИМ, КФ, КФТ, ТА: көбек (кіндік);  КИ: гөбек; ТА: гөбек; көбек; Қазіргі қыпшақ тілдерінде кездесе бермейтін бұл лексема оғыз тілдерінде «кіндік, қарын, ұрпақ, орталық» секілді бірнеше мағыналарда қолданылады.  түрік: гөбек; азер.: гөбәк; түркмен.: гөбек [7, 276-277]. Қазақ тіліндегі «Көбек, Көбекбай» деген кісі есімдері осы сөзбен бір байланысы болса керек.

қулағ قُلَاغ – қулақ قُلَاقқұлақ; «ики әлин қалдурмақдур ики қулағ йумағына дәгин (20б, 1)» (екі қолын көтеру екі құлақ жұмсағына дейін). «сақалиле қулақ ортасында (22б, 2)» (сақалымен құлақ ортасында). қулағына قُلَاغِنَه«ики қулағына силмәк (24а, 1)» (екі құлағына сүрту). Түркі тілдерінде тегіс қолданылады. Ерте заманнан бері келе жатқан сөз. Ескерткіш тілінде сөз соңында қ//ғ сәйкес қолдануы көнеден келе жатқан құбылыс; ДТС: қулағ; қулақ (ухо; 465);  ал-Каванин, ТА: кулағ; БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қулағ; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: құлақ; қырғыз: қулақ; баш., тат.: колак; түрік: кулак; азер.: гулаг; түркм.: гулак; өзб., ұйғ.: қулак; [7, 512-513].

саж سَجшаш; «ол йүз саж дибиндән һанал алтына дәгин (22б, 1)» (ол жүз – шаш түбінен иек астына дейін). Көне және қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ДТС: сач (волосы, 479); БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, РХ, ТА: сач; ал-Каванин,ат-Тухфа: саш; ДМ: сач; саш;Қазіргі қазақ тілінде ескі түркілік с дыбысы сөздің барлық шенінде сақталса да, кейбір сөздерде дыбыстардың үндесуі әсерінен ш дыбысына айналса (шашу, шешу сияқты), сөз соңындағы ч африкаты ыдырау нәтижесінде ш-ға айналған. Соңғы құбылыс қыпшақ тілдерінің орта ғасыр дәуірінен басталғандығын көреміз. Тілімізде шаш сөзі де осы заңдылықтар нәтежиесінде қалыптасқан. Ал қазіргі оғыз, қарлұқ тілдерінде көне формасы сақталған. қаз.: шаш; башқ.: сәс; тат.: чәч; қырғыз: чач; түрік, азер., түркм.: сач; өзб.: сач;  ұйғ.: сач; чач; [7, 728-729].

сүдүк سُدُكсідік; сүдүгүн سُدُكُن«истинжадан соңра салмақ сүдүгүн  нәжисин суйа (26а, 2)» (истинжадан кейін сідігін, нәжісін суға салу). Сөзге негіз болған түбір көне түркі тіліндегі сид- (сию) етістігі. Ал, -үг қимыл есім тұлғасы. Негізгі түбір құрамындағы д//й ауысуы орта ғасыр дәуірінің алғашқы кезеңдерінде-ақ болғанға ұқсайды:  ДТС: сит-; сид-; сий- (мочиться); сидүк; сүдүк; сийүк (моча); КК, ТА,  ат-Тухфа: сидик; ГИ, ИМ, КФ, КФТ, МГ, РХ: сидүк; КИ: сидүк; ситүк; БВ: сийтүк; Қазіргі түркі тілдерінде түпкі түбір құрамындағы д дыбысы й – ге ауысса (сид-> сий-), көне сыпат осы туынды түбір құрамында сақталған (сідік). қаз.: сідік; баш.: һидик; тат.: сидик; қырғыз:  сидик; түрік, азер.: сидик; түркм., өзб., ұйғ.: сийдик; [7, 778-779];

сүмгүрмәк سُمكُرمَكсіңбірік; сүмгүрмәғи سُمكُرمَكِى«салмақ түкүргүни сүмгүрмәғи суйа 25б. 4» (түкірігін, сіңбірігін суға салу /тастау/). Туынды түбір сөз. сүмүк (мұрынбоқ) +үр- етістік тудырушы жұрнақ (Қ. сүмгүр-); мек қимыл есім жұрнағы. Қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде соңғы қимыл есім тұлғасы іг (-ік,-үк) түрінде жалғанған варианты жиі ұшырасады. ИМ: сүмрүк; КФ, ат-Тухфа: сүмкүрук; ГИ, ал-Каванин: симкирик; ИМ: симкирик; симкүрүк; қаз: сімбірік; қырғыз:  чимкирик; түрік, түркм: сүмүк; [7, 800];

сүңүк سُكُوكсүйек; «мәкрүһдүр истинжа алты нәснә бирлә сүңүк бирлә тәзәкилә жанақ… (29б, 2)» (алты нәрсемен истинжа жасау мәкрүһ, сүйекпен, тезекпен, ағашпен..). Түркі тілдеріне кең тараған лексема. Тас.: сөңүк (кость); МҚ: сөңүк; сүңүк; БМ: сөңүк; КК: сөвек; ат-Туһфа.: сүгүк; севук; ДМ: сүмүк; сүңек; КИ: сүмүк; сүңек; сүвүк; БВ, ГТ, ИХ, КФТ, ТА: сүңүк; ГИ, ИН, КФ, РХ, ал-Каванин, ат-Тухфа: сүвек; Қазақ тіліндегі сүйек сөзі ң//м>г>в>й дыбыс ауысуы нәтижеснде келіп шығады. Ал, түбір сөз құрамындағы дауысты дыбыстарды о (ө) деп те, у (ү) деп те таңбалай беруге болады. қаз.: сүйек; баш.: һөйәк; тат.: сөйәк; қарайым.: сувақ; ноғ.: сүвек; қарақал.: сүйек;қырғыз: сөөк; азер.: сүмүк; түркм.: сүңк; өзб.: сүйәк;; ұйғ.: cөңәк; сүйәк [7, 464-465];

тапуқ طَپُقтобық; «айақларуңузы  йуңуз ики тапуқ қадарынжа (11а, 6)» (аяқтарыңызды екі тобыққа дейін жуыңыз). тапуқлар طَپُوقلَر «дирсәкләр тапуқлар кирүрләр йумаға (23а, 6)» (тірсектер, тобықтар жууға кіреді). Өлі, тірі түркі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ДТС: тобық; топық (лодыжка); БВ, ИМ, ДМ, ГТ, КИ, МГ, ат-Тухфа: топуқ; ДМ, ал-Каванин, ТА: тобуқ; КФ: добуқ; ГИ, КФТ: допуқ;  Қазіргі тілдерде: қаз.: тобық; баш., тат.: тубық; қарақал.: тобық; түрік, түркм., ұйғ.: топук;  азер.: топуг; өзб.: топық; [7, 898-899];

уйатлуқ اُيَاتلُغұятты жер; әурет; «уйатлығы йапмақ шартдур (12б, 1)» (ұятты жерін жабу шарт). уйатлығына اُيَاتلِغِنَِه «су сажмақ уйатлығына (24б, 2)» (ұятты жеріне су шашу). уйатлығын اُيَاتلِغِن «йумақ уйатлығын истинжа қатында (25б, 2)» (ұятты жерін жуу истинжа кезінде). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде сөзге негіз болған уйат түбірі әрі зат есім, әрі етістік, яғни синкретизм түбір ретінде жұмсалған. КК, КИ: уйат (ұят); ГТ, ат-Тухфа: уйат- (ұялу); уйатлық сөзіне негіз болған түбір біріншісі екендігі даусыз. Өйткені –лық ежелден келе жатқан есім сөздерден зат есім тудырушы жұрнаұ. ДТС: уйатсылық (стыдливый, 607); РХ: уйатлығ; ГИ, КФ, ат-Тухфа: уйатлық; Қазіргі түркі тілдерінде сөз түбірі сақталғанымен, бұл мағынада араб тілінен енген әурет сөзі қолданылады.

түкүрүк تُكُركтүкірік; «салмақ түкүргүни сүмгүрмәғи суйа 25б. 4» (түкірігін, сіңбірігін суға салу). Түкір- етістік түбіріне –ик зат есім жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөз. Ескі және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдеріне белгілі сөз. ГИ, КФ, ал-Каванин: түкүрүк; түкрүк; ИМ: түвүрүк; қаз.: түкірік; баш.: төкөрөк; тат.: төкирик; қырғыз: түкүрүк; түрік: түкүрүк;  түркм.: түйкүлик; азер.: түпүрүк; өзб.: түпирик; ұйғ.: түкүрүк; [7, 906-907]; Ауыз екі сөйлеу тілімізде түпірік варианты да қолданылады (к//п).

         Қоғамдық-әлеументтік атаулар: бег بَكбек, би; беглере بَكلَرَه«ол мути’ олмақдур беглере дахы султанлара (46б, 6)» (ол бектерге және сұлтандарға мойынсұну). Көне түркі тілінде бег тұлғасында кездесетін бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде сөз соңындағы г дыбысының й-ге айналған бій, бей және г дыбысының қатаңдаған бек сипатында қалыптасқан.Ал сөз ортасындағы есәйкестігі сол көне түркі дәуірнің өзінде-ақ болған. Орта ғасыр қыпшақ ескерткіштері тілінде бег// биг//бей//би//бийсипатында кездесуі бұл дыбыс алмасуларының сол дәуірде-ақ болғандығын көрсетеді. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ- бег [31, 91]; КК: бег; бей; би;бий; ДМ: бег; ГИ: бег; ГТ: биг; ИМ: биг; ИН: биг; КИ: бей; КФ: бег; МГ: биг; БВ: биг; Ал-Каванин: бег; бей; бий; ТА: бег; бей [16, 26; 29; 30; 32].

киши كِشِкісі; «бирничә киши ишләсә дүшмәз өзгәсиндән (4б, 5)» (қашан бірнеше кісі істесе өзгесінен түспейді). кишиләр كِشِلَر «йа шул кишиләр иман кәтүрүңүз (11а, 4)» (ей сол кісілер! Иман келтіріңіздер). кишиләрүң كِشِلَرُك «шул кишиләрүң олды ануң сәфәри Аллаһижүн дахы нәбижүн (16а, 6)» (сол кісілердің сапары Алла үшін және пайғамбар үшін болды).Ескі және қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі.  ДТС: киши (человек 310); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: киши; қолжазбада араб тілінен кірме адам сөзімен синоним сөздер ретінде қатар қолданылады. Қазіргі түркі тілдерінде де солай. қаз.: кісі; башқ., тат., қырғыз, түрік, азер., түркм., ұйғ.: киши [7, 488-489].

қул قُلқұл; қулларуңданقُلَّرُكدَن«қылғыл мәни салих қулларуңдан (33а, 1)» (мені діндар құлдарыңнан қыла гөр). қулуңдур قُلُوكدُر«тануқлуқ вирүрмән саңа хақ Мухәммәд қулуңдур рәсулуңдур (35б, 6)» (куәлік беремін саған хақ Мұхаммед құлың, елшің). қулуң قُلُوك«иқрар дидүгүмүз қулуң ишләдүгидүр (47а, 4)» (иқрар дегеніміз құлдың істегені). ДТС: қул (раб, невольник); БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қул (құл); Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. қаз.: құл; қырғыз: қул; баш., тат.: кол; түрік: кул; азер., түркм.: гул; өзб., ұйғ.: қул; [7, 506-507; 512]. Оғыз тілдерінде (түрік, азербайжан) кул «құдайдың құлы, пенде» мағынасында ғана айтылады.

         Семиялық қатынастарға байланысты сөздер: ата اَتَا әке; атасы اَتَاسِى«айтды фақиһ Ләйс атасы (1б, 5)» (айтты фиқықшы Ләйс әкесі). «зикр әйләди фақиһ Ләйс атасы (8б, 2)» (еске алды фиқықшы Ләйс әкесі). Қазіргі түркі тілдерінде әке, ата, баба мағыналарында қолданылып жүрген бұл етістік, орта ғасыр ескерткіштерінің басым көпшілігінде тек әке мағынасында қолданылған. Қазір тілімізде «ата-ана»қос сөзі мен«қайыната» деген біріккен сөз құрамында әке мағынасы сақталған. ҚБ,  МҚ – ата (отец)  [ДТС, 65];  КК, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, БВ, Ал-Каванин, ТА, Ат-Тухфа:  ата (әке, ата); Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: ата; башқ.: ата (әке); тат.: ати, ата (әке); қырғыз: ата (әке);  түрік: ата (ата-баба); азер.: ата (әке); түркм.: ата (ата); өзб.: áтә (әке);  ұйғ.: ата (ата, әке);

ебчи اَبچِِى –үбчи اُبجِىәйел; «айт хаиз ебчи дахы оғлан доғурқан (41а, 3)» (хайз және бала туған әйел /деп/ айт). «ануң сәфәри дүниа ижүн илишүр йа ебчи әвләнмәгә олды 16б, 2» (оның сапары дүние үшін немесе әйелге үйлену /үшін/ болды). ДТС: ебчи – жена, женщина (162).Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде ебчи //ерчи//ебши//ибчи//ибши//ипчи тұлғаларында жиі ұшырасады. Сөзге негіз болған түбір еб (үй); —чи зат есім тудырушы жұрнақ болса керек. Яғни, «үйші, үй иесі» деген мағынадан туындауы мүмкін.  Қолжазба тілінде де ебчи//үбчи варианттары кездеседі. КФ, КИ, ИН, РХ: ебчи; ДМ: ебши; КК, ИН:епчи; ГТ, МГ, ТА: ибчи; Ал-Каванин: ибши; , ат-Тухфа: епчи; ипчи [16, 69; 74; 105; 113]; Қазіргі түркі тілдерінде кездесе бермейді. Тек хакас тілінде ғана епчи сыпатында қолданылады. Оңтүстік қазақтары тілінде «әпке, апа» мағынасында қолданылатын әпше сөзі осы сөзге бір қатысы болса керек. Сондай-ақ бір қатар тіліміздегі апа, әпке сөздері де осы сөзбен ұялас сөздер болуы мүмкін.

оғланاُغلَانұл; ұлан; «хаиз ебчи дахы оғлан доғурқан (41а, 3)» (хайыз әйел және ұлан /бала/ туған /әйел/). Түркі тілдерінде жиі ұшырасатын, көнеден келе жатқан лексема. Сөзге негіз болған, яғни сөздің түпкі түбірі оғул (ребенок, мальчик, ДТС, 364) сөзі екендігі даусыз. Ал –ан қосымша морфемасы көнеден келе жатқан, ешқандай тұлғалық өзгеріске түспеген, қазіргі түркі тілдерінде оғлан(ұлан), ерен, қызан секілді санаулы сөздер құрамында түбірмен жымдасып кеткен өлі қосымша. Бұл қосымша морфема жайлы түрлі пікірлер бар. А. Габен көне –ан/-ен қосымшасын көптік жалғауының бір формасы деп, ерен сөзін мысалға келтірсе, Кононов та осы пікірді қостап, осы оғлан сөзі құрамындағы –ан афиксін көрсетеді [30, 138]. Ал, түрік ғалымы М. Ергин жалғанған сөзге топтау, жалпылау мағынасы үстейтін зат есім тудырушы өлі жұрнақ деп қарайды [35, 174]. Ескерткіштер тілінде сөз ортасында ғ//в//ø сәйкестіктері қалыптасқан. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, КБ: оғлан (ребенок, мальчик, ДТС, 363); БВ, БМ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФТ, МГ, РХ: оғлан; ГИ: оғулан; ТА, ат-Тухфа: оғлан; олан; КИ: овлан; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: ұлан; башқ., тат.: оғул (түбір күйі); түрік, азер., түркм., ұйғ., өзб.: оғлан; [7,  656-657].

         Шаруашылық атауларымен байланысты сөздер: даварدَوَرмал, жануар; «давар йижәк отилә нәки бунлара бәңзәрсә (29б, 3» (мал жейтін шөппен, не осыларға ұқсаса). Ескі ұйғыр тілімен МҚ-да тавар (добро, имущество, богатство; ДТС, 542) сыпатында ұшырасатын осы сөз орта ғасыр қыпшақ жазбаларында давар // тафар //тавар //тувар секілді бірнеше фонетикалық варианттары кездеседі. БМ, ГИ, ИХ, КФ: давар; ИМ: тафар;  ГТ: тавар; КФТ: тавар; давар; ат-Тухфа: тувар [16, 57; 276; 266; 286]; Демек қыпшақ-оғыз тілдері арасындағы д~т сәйкестігін ескерсек тавар қыпшақ, ал давар оғыз элементі болуы керек. Оны осы сөздің қазіргі тілдердегі көрінісінен де аңғаруға болады. қаз.: тауар (мүлік, жиһаз); башқ.: тывар; тат.: туар; қарайым.: тувар; түрік: давар; азер.: давар; түркм.: довар [7, 150-151]. Бұл сөздің орыс тіліне де енгендігі белгілі.

дирәк دِرَكтірек; дирәгидүрدِرَكِدُر«намаз динүң дирәгидүр (4а, 1)» (намаз діннің тірегі). Өлі және тірі түркі тілдерінде жиі ұшырасатын бұл туынды түбір зат есімнің негізгі түбірі дире- (тіреу); ал –к (-к, -ақ, -үк) етістіктерден зат есім тудырушы (тілек, тілік, жарық сияқты) өнімді жұрнақ екендігі белгілі. Қыпшақ жазба ескерткіштерінде әдеттегідей сөз басында д//т сәйкес қолданылады. МҚ: тирегү; тирәклик (подпорка) [31, 561]; БМ, КФ: дирек; КК, ИМ: тирек; КИ: дирек; тирек [16, 62, 277]; қаз.: тірек; башқ., тат., ұйғ., өзб.: тирәк; қырғыз: тирек; түрік: дирек; азер.: дирәк; [7, 176-177].

         ев اَوүй; евгеاَوكَا«әвге дурмаға кәлди (3а, 6)» (үйге тұруға келді). евине اَوِنَه«хаж әйләңүз тәңриңүзүң евине 3б, 5» (қажылық жасаңыздар тәңірлеріңіздің үйіне). Түркі тілдеріне ең кең жайылған сөздердің бірі. Көне түркі тілінде еб тұлғасында болған бұл сөз орта ғасырдың алғашқы кезеңдерінде-ақ е<ү және б<в//ф//й алмасулары болған: Көктүрік: еб;, Ескі ұйғыр: ев; МҚ: еф; ев; үв; КБ: ев; үв; ОҚ: үй;   [31, 162; 165; 189; 623; 629];  Қыпшақ жазба ескерткіштерінде бұл дыбыстық өзгерістер әрмен қарай дамып ев//ив//өв//өй//йев сияқты бірнеше фонетикалық варианттары қалыптасқан. ГИ, БМ, КФ,КФТ, КИ, РХ, Ал-Каванин: ев; БВ: ив; ТА: ев; ив; КК: ев, ив; ГТ: ив; өв; ат-Тухфа: ев;өй; ДМ: йев [16, 77; 117; 213; 320]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., қырғыз, өзб.: үй; башқ., тат., түркм., ұйғ.: өй; түрік, азер.: ев;[7, 228-229];

чанақ جَنَق / چَنَقқыш табақ; ыдыс; чанаға چَنَغَا«ики әлини йумақ үж кәз чанаға сықмаздан бурун (23б, 3)» (екі қолын үш рет жуу, ыдысқа сықпастан бұрын). Орта ғасыр ескерткіштері тілінде жиі ұшырасады. Сөздің абсалют басында ч//ж ~ш сәйкестігі қалыптасқан. Қолжазба тілінде басқа сөздердегі секілді ж//ч африкаттары қатар қолданылған. МҚ: чанақ – деревянная долбленная посуда не большого объема [31, 138]; БВ, КК, ДМ, ГТ, ИХ, ИМ, КФТ, КИ, ТА: чанақ; Ал-Каванин, ат-Тухфа: шанақ [16, 46; 250]; Қазіргі түркі тілдерінде кең тарай қоймаған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «1. Қобыз, домбыра тәрізді музыка аспаптарының сопақша келген дүмі; 2. астық құйатын диірмен жәшігі» деп екі мағынасын көрсеткен [11, 472]. түрік: чанак; түрікмен.: чāнақ (қыш ыдыс);[ТС, 432, ТЛС, 114-115];

чүбрәк جُبرَاك — чүбрәкилә جُبرَاكِلَه«кижәр силинмәк алты нәснә бирлә ташилә кисәкилә тобрағилә чүбрәкилә… (29б, 1)» (алты нәрсемен сүрту жарамды, таспен, топрақпен, шүберекпен). Жазба ескерткіштер тілінде «шүберек, сүрткіш, ескі-құсқы, киім, шапан» сияқты бірнеше мағынада және бірнеше фонетикалық вариантта кездеседі. Сөзге негіз болған түбір чүбр, ал –ек зат есім жұрнағы болса керек. Көне түркі сөздігінде: «чүбүр – 1. шерсть, покровный волос; 2. ненужнные вещи, барахло [31, 157]» екі мағынасы көрсетілген. ТА: жүбрек; чүбрек; ИХ, БВ, ИМ: чөпрек; МГ: чөпрег; РХ: чөпрег; чипрек; ГИ, КФ: чүпрек; Ал-Каванин: шебрек; ДМ, ат-Тухфа: шүпрек [16, 44; 52; 53; 255]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: шүберек; башқ.: сепрәк; тат.: чүпрәк; [ТЛС, 780-781].

иш اِش«харам олмақ дүниа иши Аллаһү Әкбәр димәкдүр (11б, 5; 17а, 3)» (харам болған дүние ісі Аллаһу әкбар деу). Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне кең тараған сөздердің бірі. Қыпшақ жазбаларында сөз басында и//е дыбыстары сәйкестіктері және й дауыссызының протеза ретінде айтылатын варианты кездеседі: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, БМ, БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ,  КФ, КИ, МГ, ТА, ат-Тухфа: иш; КФТ: иш; еш; ДМ: иш; йеш;  [31, 214; 16, 76; 115; 319]. Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: іс, башқ., тат., қырғыз., түрік, азер., түркмен., ұйғ., өзб.: иш  [7, 404-405].

ишик اِشِكесік; босаға; ишигиндә اِشِكِندَه«имам олды  баңа Жибрийл Ка’ба ишигиндә ики күн (14а, 6)» (Жәбірейіл /періште/ имам болды маған Қағба есігінде екі күн). ишикдән اِشِكدَن «киргәй аңа қайсы ишикдән диләсә хисабсуз азабсуз (36б, 4)» (қайсы есіктен қаласа оған есепсіз, азапсыз кірсін). Өлі және тірі түркі тілдерінде  ешік//есік//ишик тұлғаларында өте кең тараған сөз. Жадыхаттар тілінде: ҚБ, МҚ: ешик – дверь [31, 185]; ГТ, ИМ,  КФТ, КИ, ТА, ал-Каванин, ат-Тухфа: ишик; КК: ешик [16, 76; 116]; Ескерткіштер тілінде «есік, босаға» мағыналарында қолданылса, қазіргі оғыз тобына кіретін тілдерде «босаға» мағынасы, қыпшақ, қарлұқ тілдерінде «есік» мағынасы сақталған. қаз.: есік; башқ., тат., ұйғ.: ишик (есік);  қырғыз, өзб.: ешик (есік);  түрік, азер.: ешик (босаға) [7, 224; 434-435].

қапу قَبُوесік, қақпа; «тәңри таَала ачғай аңа сикиз ужмақ қапусы (36б, 3)» (Тәңір тағала оған сегіз жұмақ есігін ашсын). Ескі ұйғыр ескерткіштерінде қапығ//қапағ тұлғаларында кездесетін бұл сөз, орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде сөз соңындағы ғ дыбысының түсуі нәтижесінде қапы// қапу// қабы// қабу сыпатында орныққан.Ескі ұйғыр: қапағ, қапығ, ҚБ: қапуғ; МҚ: қапуғ; қапға [31, 420-421]; ДМ, ГИ, КФ, КФТ, КИ,  ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қапу; ИХ: қапы; БМ: қапы, қапу; ДМ: қабы; қабу; Бұл тұлға қазіргі оғыз тілдерінде сақталған: түрік: капы; азер., түркм.: гапы [7, 434-435]; Қазақ тіліндегі қақпа сөзінің де осы сөздің метатезалық өзгеріске түскен күйі (қапға< қақпа) екенін аңғару қиын емес. Қолжазба тілінде осы сөздің қазіргі қыпшақ тілдерінде сақталған варианты ишик сөзімен синоним сөздер ретінде жарыса қолданылған. Қ. ишик.

қуйу قُيُوқұдық; қуйулар قُيُولَر «қуйулар суйы киби (7а, 3)» (құдықтар суы секілді). Көнеден келе жатқан сөз. Көне түркі тілінде қудуғ тұлғасында болған бұл лексеманың ортасындағы, д//з//й дыбыстарының алмасуы орта ғасыр түркі дәуірінің алғашқы кезеңдерінде болған тәрізді. Ескі ұйғыр, ҚБ: қудуғ; МҚ: қудуғ; қузуғ; қуйуғ [7, 464]; Қыпшақ ескерткіштерінде сөз ортасындағы д//й алмасуы әбден орнығып, сөз соңындағы ғ дыбысының элизияға ұшырай бастағандығы көрінеді. (қудуғ// қузуғ// қуйуғ// қуйу). ИМ: қуйуғ; БМ, ДМ, ГТ, КФТ: қуйы; КК, ГИ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, ат-Тухфа: қуйу; Қазіргі қазақ тілінде бұл сөз өзінің ескі қалпын сақтаған. Сонымен қатар құй (төбесінен құй қазды дегендегі) тұлғасы да кездеседі. Қазақ тілінің батыс говорларында құдықты құй деп те айтады. Демек бұл екеуі түбірлес, бірі ескі бірі жаңа күйді танытатын сөздер. Сөздің шығу төркіні жайында А. Ысқақов құд>құды>құйы>құй түрінде моңғол тілінен енген дей келіп, қалмақ тіліндегі худағ сөзімен салыстырады [34, 90]. Әйтседе, сөздің түпкі төркіні қазіргі тіліміздегі құй- сөзінің көне түркілік варианты қуд- (лить, ДТС, 463) етістігі, ал –уғ (-уқ; -қ; -иг; -к)көне түркілік қимыл есім жасаушы афикс болса керек. Өйткені сөз бойындағы дыбыс алмасулар да осыны дәлелдейтін сияқты. қаз.: құдық; қырғыз: қудуқ; баш.: қойо; тат.: койы; түрік: куйу; азер.: гуйу; түркм.: гуйы; өзб., ұйғ.: қудуқ; [7, 524-525].

қавуғ قَوُغәжетхана қауағы; горшок;  «киши та дүшкәй су қавуғындан (30а, 2)» (кісі әжетхана қауағынан түскенге дейін). Орта ғасыр ескерткіштерінде қавуқ//қавуғ//қаруқ тұлғаларында «әжетхана қауғы» және «үгітілген бидай, отруби» мағыналарында кездеседі. ДТС: қавуқ (МҚ,1.мочевой пузырь; 2. отруби; 438); БВ, КИ: қавуқ (жоғарыд көрсетілген екі мағынада); ат-Тухфа: қаруқ (әжетхана қауағы); Қазіргі түркі тілдерінде бұл мағынада кездесе бермейді. Дегенмен түрік тілінің түсіндірме сөздігінде «кавук — 1. іші бос нәрсе; 2. сәлде; 3. әжетхана ыдысы» деген үш түрлі мағынасы көрсетілген. Олай болса тіліміздегі қауақ (қауақ бас – бос бас, ойланбайтын бас)және қауашақ сөздері осы сөзбен түбірлес болса керек.

нәснәنَسْنَهнәрсе; «кижәр силинмәк алты нәснә бирлә (29а, 6)» (алты нәрсемен сүртілу жарамды). нәснәйә نَسْنَيَه «киши мухтаж олур кирдүкдә су әвинә дахы чықанда андан алты нәснәйә (31а, 2)» (кісі әжетханаға кіргенде және шыққанда алты нәрсеге мұқтаж болады). нәснәнүң نَسْنَنُك«һәр нәснәнүң мифтахы вар (11б, 4)» (әр нәрсенің кіліті бар). Өлі және тірі түркі тілдерінің барлығында кездеседі. не сұраулық шылауы мен  ер- (қаз. е-) көмекші етістігінің шартты рай тұлғасының бірігуінен туған құранды сөз болса керек (не ерсе — не болса). Ескерткіштер тілдерінде не ерсе// ни ерсе// нерсе// несе// несне// месте тұлғаларында жиі көрініс береді. А. Зайончковский: несне (местоимение неопределен-ное: что-то, что-н.; частица: что-то). Тас.: несе (что-н., что-то, нечто, 173); ДТС: нерсә; неснә (нечто, вещь, 358); МГ: не ерсе; ИМ: ни ерсе; нерсе; БВ: нерсе; КИ: несе; БМ, ГИ, ИХ, ИН, КФ, РХ, ТА, ат-Тухфа: несне; ДМ: месте;Ескерткіштер тілінінде несне жиі қолданылған болса, қазіргі түркі тілдерінің көбінде нерсе тұлғасында орныққан. қаз.: нәрсе; башқ., тат.: нәрсә; қырғыз: нерсе; түрік: несне; түркм.: нәрсе; ұйғ., өзб.: нәрсә; [7,646-647].

от I اُتот (огонь); «йа иләһи азад ид бойнумы отдан сақла мәни силсәләләрдән зинжирләрдән (34б, 6)» (Ей Тәңірім! Азат ет мойнымды оттан, сақта мені шынжырлардан). Көнеден келе жатқан көп мағналы лексема (Қ. от II.). ДТС: от (огонь, 372); Тас. От (огонь, 177); А. Зайончковский: от (огонь); БМ, КК, ДМ, ИМ, ИН, КИ: от (огонь); ГИ, КФ, КФТ: од (огонь); ТА: от; од (огонь); Түркі тілдерінде т//д әдеттегі құбылыс. қаз., қырғыз, ұйғ., өзб.: от;  башқ., тат.: ут; азер.: од; түркм.: өт[7,  32-33].

от II اُتот, шөп; «дауар йижәк отилә нәки бунлара бәңзәрсә (29б, 3)» (жануарлар жейтін шөппен немесе осыларға ұқсаса). Бұл мағнасы да көне және қазіргі түркі тілдеріне жиі ұшырасады. ДТС: от (трава, зелен; 373); БВ, КК, ГИ, ИМ, КФ, КФТ, КИ: от (шөп); БМ, ДМ, ГТ, ТА, ат-Тухфа: от (шөп; дәрі, шөп дәрі); қаз., қырғыз, өзб., ұйғ., түрік, азер., түркм.: от (шөп, шалғын) [7, 664-665].

үдүк اُدُكмәсі; аяқкиім; «мәсх әйләмәк ики үдүк үстинә сүннәтдүр (41а, 6)» (мәсі үстіне мәсх тарту /сүрту/ сүннет). Басқа ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. ИХ-де ғана «сідік тесігі» мағынасында кездескенмен, бұл сөзбен тек сыртқы ұқсастығынан басқа байланысы болмаса керек.

памбуқپَمبُق – пампуқ پَمپُقмақта; «пампуқ бирлә (29б, 1)» (мақтамен); «памбуқ чықынжа андан айтды паңа (40а, 4)»(одан мақта шыққанда маған айтты); Орта ғасыр ескерткіштерінде түрлі фонетикалық варианттарда кездеседі: ДТС: памуқ (хлопок; 396); ГИ, КФ: памбуқ; ИМ: памуқ; мамуқ; КИ: панпуқ; мамуқ; ТА: панпуқ; мамық; мамуқ;  КФ: бамбуқ; ДМ, ал-Каванин: бамуқ; ат-Тухфа: мамық; мамуқ; БВ, ГТ: мамуқ; КК: мамуһ; КФТ: манбуқ; Түркі тілдерінде б//м сәйкестігі әдеттегі құбылыс. Қазақ тілінде мамық сөзі бұл мағынада сақталмағанмен, «жұмсақ (сын есім), құс жүні, құс жүнінен жасалған төсек (зат есім)» сияқты мағыналары осы сөзден туындаса керек. қаз.: мамық (жұмсақ, құс жүні); баш., тат.: мамық (мақта); азер.: памьуг; түрік: памук; [7, 664-665].

су еви صُو اَوِىәжетхана; су евинде صُو اَوِندَه«сөйүләмәйә су әвиндә (26а, 1)» (әжетханада сөйлемесін). «ол Әби Бәкр қажан кирмәк диләсә су әвинә (32а, 5)» (ол Әбу Бәкір қашан әжетханаға кіргісі келсе); «аһд әйләдүм тәңрийә сөйләмәгәймән су әвинә (32б, 1)» (Тәңірге ант етемін, сөйлемеймін әжетханада). Қыпшақ жазба ескерткіштерінде сирек ұшырасады. ИМ: су еви (әжетхана); ГИ, КФТ: су иви (әжетхана); салыс. ИМ: су төк- (кіші дәрет сындыру); Қазіргі түркі тілдерінде бұл тіркес кездеспейді.

тасма تَسمَهтаспа; сүйретпенің аяқты ұстап тұрар үстіңгі бауы; «шул уақт күнәш кәжкәндә нағлуң тасмасы қадар (14б, 2)» (сол кезде күн аяқкиімнің таспасынан /үстіңгі бауынан/ өткенде). Қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде сирек ұшырасады. Моңғолдың тасама сөзінен шыққан [16, 264]. МГ: таспа; Қазір тілімізде «кепкен теріден тілінген бау, лента /үнтаспа, бейнетаспа/» мағыналарында қолданылатын бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде түрлі мағыналарда кездеседі. қаз.: таспа (кепкен теріден тілініген бау, жіп); қырғыз: тасма (лента); баш., тат.: тасма (білте /шамның/, лента); түрік: тасма (қарғыбау, сүйретпе бауы); ұйғ.: тасма (белбеу);  өзб.: тасма (қарғыбау).

Діни наным-сенімдерге байланысты атаулар: қуллық قُلِّقқұлшылық; құлдық; «тәңрийә қуллық қылуң (13б, 6)» (тәңірге құлшылық қылыңыз). «рүкуғ әйләңүз сүжуд әйләңүз дахы қуллық әйләңүз тәңриңизә (18б, 1)» (рүкуғ жасаңыз, сәжде етіңіз және құлщылық етіңіз тәңіріңізге). Қул зат есім түбір, —лық зат есім тудырушы жұрнақ. ДТС: қуллық; қуллуқ (рабство, неволязависимость; 465). ГИ, КФ, КФТ: қуллық; КК, ГТ, ИМ: қуллуқ;   Қ. қул. –лық.

йазуқ يَزُقжазық, күнә; «йа йазуқ бағышлижи (35б, 1)» (Ей күнә кешіруші!). Көнеден бері келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне кең тараған бұл сөздің негізгі түбірі йаз-/ощибаться, допускат промах, ДТС, 250/ етістігі; ал –ық (-ығ, -қ; -иг; -к) жоғарыда көрсетілген зат есім тудырушы жұрнақ. Қазақ тілінде бұл сөздің негізгі түбіріжаз-  /«жаздым, жаңылдым» дегендегі/ етістігі де сақталған. ҚБ, БМ, ДМ,  ГТ, ИМ,  КФТ,  КИ,  ТА: йазуқ; КК: йазуқ; йазуһ; КФ: йазуқ; йазуғ;йазық; ГИ: йазуқ, йазық; ат-Тухфа: йазық [31, 251; 16, 316-317]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жазық; башқ., тат.: йазық (күнә); түрік: йазык (өкінішті); азер.: йазыг (өкінішті) [7, 292-293; 978-979].

өлү намазыاُلُونَمَازِىжаназа намазы; өлген адам көмілместен бұрын оқылатын жамағат намазы.  «өлү намазы қылмақ киби (5б, 1)»(жаназа намазы ооқу секілді). Түркі тілдерінде бұл мағына араб тілінен енген«жаназа» сөзімен немесе «жаназа намазы» тіркесі арқылы беріледі. Өлү және намаз сөздерінің екеуі де өлі және тірі түркі тілдеріне белгілі сөздер (Қ. намаз). өлү сөзінің түбірі өл- етістігі болса; —ү көне –үг (-уғ; -ығ, -іг) қимыл есімінің соңғы дыбысының элизияға ұшыраған варианты екендігін ескерткіштер тілінен де көруге болады: ДТС: өлүг (мертвый; мертвец; 384); ИМ: өлүг; КК, ГИ, КФ, КИ, ТА: өлү; ГТ, ИМ, КФТ, ат-Тухфа: өлү; өли;  Демек қазіргі қазақ тіліндегі өлі (мертвый) сын есімі мен өлік (мертвец) зат есім тұлғалары, бір сөздің бірі ескі, бірі жаңа көрінісі. қаз.: өлі; өлік;баш., тат.: үли; қырғыз, өзб., ұйғ.: өлүк; түрік, азер.: өлү; түркм.: өли; [7, 664-665].

тануқлуқ طنُقْلُقкуәләк; «тануқлуқ вирмәк (3а, 3)» (куәлік беру /шәһәдәт келтіру/). «тануқлуқ вирүрмән сәндән өзгә тәңри йоқ (35б, 3)» (куәлік беремін, сенен басқа тәңір жоқ). Сөз түбірі тануқ (свидетельство; ДТС, 532); —луқ зат есім жұрнағы. Тануқ сөзінің өзі түпкі түбір емес. Сөздің бастапқы түбірі таны- (тану), ал –уқ жоғарыда көрсетіп өткен іс-әрекеттің нәтижесін білдіретін есім жасаушы (қимыл есім) жұрнақ. КБ: танық; тануқлуқ; МҚ: тануқлуқ; КК: таныһлық; танықлуқ; ДМ: танықлуқ; БВ, ДМ, ГТ, ИМ, ИН: тануқлуқ; ГИ, КФ: тануқлуқ; тануқлық; КФТ: дануқлық; дануқ; Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөздің орнын араб тілінен кірген  шаһид (شاهد)және гүвәكوا (куә) сөздері алмастырған. Тек түрік тілінде шаһид сөзімен синоним ретінде жарыса қолданылады. Түрік: таныклык;

ортақ اُرتاَق ортақ; шірк. «ол Аллаһ бирдүр ортағы йоқдур (45а, 6)» (ол Алла бір, ортағы жоқ). «йалңузсән ортағуң йоқдур саңа қайтармән тәубә идәрмән саңа (35б, 4)» (жалғызсың, ортағың жоқ, саған қайтамын, саған тәубе етемін). Сөздің негізгі түбірі орта (середина), —қ көне зат есі м тудырушы жұрнақ (қабық, тобық,, бөбек сөздері құрамындағы секілді).  Көнеден келе жатқан сөз.  ДТС: ортақ (друг, компанъон, 371); Қыпшақ ескерткіштерінен ат-Тухфа-да ортар тұлғасында да кездеседі. Бірақ бұл дыбыс сәйкестігі емес, осы жұрнақпен синонимдес зат есім жұрнағы болуы мүмкін. КК, ГИ, ИМ, КФ,КФТ, КИ, ТА: ортақ; ат-Тухфа: ортақ; ортар; қаз., ноғ., ққ.: ортақ; баш., тат.: уртақ; қырғыз: ортоқ; түрік: ортак; азер.: ортаг; ұйғ.: ортақ; [7, 664-665]; Қолжазба тілінде «Тәңірге серік қосу, шірк» мағынасында қолданылған.

тәңри تَكرِтәңір; «башладум тәңри ады бирлә (1б, 1)» (бастадым тәңір атымен). «тәңри рахмәт қылсун аңа (1б, 5)» (тәңір рахмет қылсын оған). «қуран дидүгүмүз тәңри та’алануң қаулидүр (2а, 2)» (құрандегеніміз тәңір тағаланың сөзі). тәңрийә تَكرِيَه «шүкр тәңрийә (1б, 2)» (шүкір тәңірге). тәңридән تَكرِدَنْ «тәңридән өзгә тәңри йоқ  (3а, 3)» (тәңірден өзге тәңір жоқ). Өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан, түркі тілдерінде, соның ішінде өлі және қазіргі түркі тілдеріне кең тараған лексема. Ескі түркі тілінде тәңри, көк тәңри «небо; бог; божество, повелитель » мағыналарында қолданылған. МҚтеңри (жаратушы; көк аспан, ұлы «великий») . Бұл мағыналарға негіз болған «ұлы» мағынасы секілді. Моңғол тілінде теңри «гени, хранитель» мағыналарында жұмсалады. Қыпшақ жазба ескерткіштерінде бірнеше фонетикалық варианты кездеседі. БМ, КК, ГТ, МГ, ИМ, ИН,  КФ, КИ, РХ: теңри;  ДМ: теңри; тағры; тиңри; ал-Каванин: тағры; ГИ, КФТ: таңры; ат-Тухфа: танғыры; ИХ: танры; ИМ: тигри; БВ: теңри; тиңри;  Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: тәңір; баш., тат., ұйғ.: тәңри; қырғыз: теңир; түрік,  түркм.: танры; азер.: таңры; өзб.: тәнгири; [7, 848-849]; Қазақ тілінде тәңрі, тәңірі деген аллофондары да қолданылады.

учмақ اُجمَاقжұмақ; пейіш; «тәңри таَала ачғай аңа сикиз учмақ қабусы (36б, 3)» (Тәңір тағала оған сегіз жұмақ есігін ашсын). Ертеден қолданылып келе жатқан сөз. Көне түркі тілі сөздігінде соғды тіліндегі ’wštm’χ // uštmah деген сөзбен байланыстырады. Әйтседе уч- етістік түбіріне —мақ қимыл есім қосымшасы арқылы жасалып, «адам өлгенде жан ұшып баратын жер» мағынасына келетіндігін де жорамалдауға болар еді. ҚБ: уштмақ; уджмах; МҚ: уджмақ; БМ, КК, ИМ, ИН, КФТ, КИ, ТА, ат-Тухфа: учмақ; Қазіргі түркі тілдерінде сирек қолданылады. Өйткені бұл сөздің орнын араб тілінен енген жәннәтجنت пен парсыша биһишт بهشت  (қаз: пейіш) сөздері алған. қаз.: жұмақ; баш.: ожмах; тат.: очмах; түрік: учмак;[7, 98-99]; Тілімізде ұжмақ, ұшпақ деген фонетикалық варианттары да кездеседі.

Суға байланысты атаулары: көз كُزбұлақ, көз, қайнар; көзлер كُزلَر«көзләр суйы киби (7а, 3)» (бұлақтар суы сияқты). Дене мүше атауы ретінде жоғарыда аталған ескерткіштерде түгел кездеседі. Ал «бұлақ, қайнар» мағынасында сирек ұшырасады.  ДМ, ИМ, ТА: көз (бұлақ, көз); Адамның дене мүшесінің атауы ретінде бүкіл түркі тілдерінде көз//күз//гөз тұлғаларында қолданылғанымен, бұл мағынада қазіргі түркі тілдерінде де белсенділігі төмен. қаз.: көз; башқ.: күзәв; тат.: кизләв; түрік: гөзе; түркм.: гөзбаш; [7, 458-459].

деңизدَكِزтеңіз; дәңизләрدَكِزلَر«дәңизләр суйы киби (7а, 4)» (теңіздер суы секілді). Өлі және тірі түркі тілдернің барлығында кездеседі. Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде д~т; н~ң; е~и сәйкестіктері арқылы бірнеш варианты қалыптасқан: ҚБ, МҚ, КК, ДМ, ГТ, ИМ, Ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: теңиз; ИХ, КИ: тениз; БВ, ДМ, ГТ: тиңиз; БМ, ГИ, КФТ: деңиз; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: теңіз; башқ., тат.: диңгиз; қырғыз: деңиз; түрік: дениз; азер.: дәниз; түркмен., ұйғ.: деңиз; өзб.: деңгиз [7, 162-163].

суصُوсу; «хақ су ики дүрлүдүр (6б, 6)» (хақ су екі түрлі). «ад вирүр аңа су (7а, 2)»(оған су деп ат береді). «дахы истинжа әйләмәк су бирлә су тапылғанда (23б, 4)» (истинжа жасау сумен су табылғанда). «ағзына су вирмәк (23б, 6)» (аузына су беру). судур صُودُر «мутлақ су дидүгүмүз  ол су һәр судур (7а, 1)» (мутлақ /шексіз/ су дегеніміз ол әр су). Көне түркі тілінде: суб (вода; ДТС, 512); МҚ: сув; БВ, ИМ: сув; КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ат-Тухфа: су; Қазіргі тілдерде: қаз.: су; қырғыз: су; түрік, азер.: су; түркм., өзб.: сув; ұйғ.: су; башқ.: һу; тат.: су; [7, 796-797]. Көріп отырғанымыздай көне тілде суб тұлғасында болған бұл лексема б//в// ø дыбыс ауысуына ұшыраған. Қазақ тілінде у дыбысының дифтонг дыбыс екендігі белгілі. Дауыссыз дыбыспен қатар келгенде алдынан көмескіленіп ү, ұ дыбыстары шығады да, жазуда ескерілмейді. Демек тілімізде бұл сөз сұу түрінде дыбысталатын болса, онда көне түркілік б дыбысы қазақ тілінде у дыбысымен сәйкеседі. Оңтүстік қазақтары тіліндегі «суғару» сөзінен бұл дыбыстың ғ дыбысымен де сәйкестігін көруге болады.

сиркә سِركَاсірке суы; «сиркә киби (9б, 2)» (сірке суы секілді). Өлі және тірі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ДТС: сиркә (уксус; 501); БВ, КК, ДМ, ИМ, ИН, КФТ, КИ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: сирке (уксус);қазіргі түркі тілдерінде: қаз., қырғыз: сірке; башқ.: һиркә; тат.: сиркә; түрік: сирке; азер., түркм., өзб., ұйғ.: сиркә; [7, 784-785].  

         Табиғат құбылыстары, ресурстары  мен аспан денелеріне байланысты сөздер: йағмур يَغمُورжаңбыр; «йағмур суйы киби (7а, 3)» (жаңбыр суы секілді). Көне түркі тілдерінде йағмур, йамғур тұлғасында ұшырасатын бұл сөздің М. Қашқари метатезалық (ғм//мғ) өзгеріске түскендігін айтады. Орта ғасыр ескерткіштерінде бұл өзгеріс әрмен қарай дамып, тіптен сөз басындағы й дыбысының элизияға ұшырауы да кездеседі. Ескі ұйғыр, КБ: йағмур; МҚ: йағмур; йамғур [31, 225; 231];  БМ, ГИ, ГТ, ИМ,  КФ, КФТ: йағмур; МГ: йамғыр; йамғур; КК: йағмур; амғур; ДМ: йағмур; йамғур; КИ: йамғур; ал-Каванин: йағмур; йамғур; , ТА: йағмур; йамғур; ат-Тухфа: йамғур [16, 8; 306; 309];   Қазіргі түркі тілдерінде де осы метатезалық өзгеріске ұшыраған осы көне екі форманың ізі көрінеді. қаз.: жаңбыр; башқ.: йамғыр; тат.: йаңғыр; қырғыз: жамғыр; түрік: йағмур; азер.: йағмур; түркмен.: йағын; ұйғ.: йамғур; өзб.: йáмғыр  [7, 956-957]. Бұдан қазақ тіліндегі жаңбыр сөзінің осы метатезалық өзгеріске түскен вариантынан м//ң және ғ//б дыбыс алмасуы нәтижесінде қалыптасқандығын көреміз. Олай болса сөздің түпкі түбірі йағ- (жау-) етістігі екендігі даусыз.

йер يَر йир يِرжер; территория; «йашыл көк алтында дахы дөшәнмиш йир үстинә (40а, 5)» (көк аспан астында және төселген жер үстінде). йерде يردَه«шүкр аңа көкләрдә дахы йирдә (14а, 1)» (шүкір оған көкте және жерде). йирине يِرِينَه «қайсы сүннәтдүр дурур фарз йирине (41а, 6)» (қайсы сүннет парыз орнына жүреді). йеринден يَرِندَن«Бәжәл йеринден (3а, 1)» (Бәжәл жерінен). А. Зайончковский: 1) земля, земной шар; 2) территория, владение; 3) земля почва; 4) суша; 5) мир. Тас.: 1) Земля (материк), земной шар; 2) место, пункт; 3) местность, поле, территория, страна; Көнеден бері келе жатқан түркі тілдеріне етене таныс лексема. Қыпшақ жазба ескерткіштерінде йир//йер (и//е сәйкестігі) тұлғаларында. Қолжазбада осы екі аллофоны да қолданылған. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, БМ, КК, ДМ, ТА, ат-Тухфа: йер (жер, жер жүзі, бос жер); БВ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин: йир; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жер; башқ.: йир; тат.: джир; қырғыз: джер; түрік, азер., түркмен.: йер; ұйғ.: йәр; өзб.: йер  [7, 984-985].

йил يِلжел; «йил жықса ардындан ол киши истинжа әйләмәйә (27б, 4)» (артынан жел шықса ол кісі истинжа жасамасын). Жалпы түркі тілдеріне белгілі сөз. Ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде йил//иел//жел//жәл тұлғаларында кездеседі. Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, БМ, КК, ДМ, КФ, КИ, ТА, ат-Тухфа: йел; БВ, ГТ, ИМ, ИН, МГ, РХ: йил; ГИ: йил; йел;Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жел; башқ.: йил; тат.: джил; қырғыз: джел; түрік, азер., түркмен.: йел; ұйғ.: йәл; өзб.: йел  [7, 982-983].

кисек كِسَاكкесек; тас не топырақ бөлшегі; кисекилеكِسَاكِلَه«силмәк таш бирлә йа кисәкилә су тапылмағанда 23б, 5» (таспен немесе кесекпен сүрту су табылмағанда). «ол истәмәкдүр арилық ташилә йа кисәкилә йа өзгәсилә (30а, 5)» (ол тазалық жасау таспен не кесекпен не өзгесімен). Түпкі түбірі кес- (кесу) естістігі, ал –ек зат есім тудырушы жұрнақ екендігі белгілі. ДТС: кесәк (кусок 302); Көне түркі тілінде бір нәрсенің кесілген бөлшегі (кесәк етмек/ кесек нан) болып сын есім мағынасында ғана жұмсалса, орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде «қатқан топрақ бөлшегі» атауы, яғни зат есім мағынасында да көрініс береді. Қазіргі түркі тілдерінің басым көпшілігінде тек бірінше мағынада қолданылса (кесек ет), қазақ тілінде екі мағынасы да сақталған. БВ, ДМ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ: кесек (қатқан топрақ бөлшегі, кесек); КИ, ИМ, ТА: кесек (бөлшек); МГ: кисек (кесек); қаз.: кесек; башқ., тат.: кисәк; азер., түрік: кесик (кесілген, кесік) [7, 470].

көмүр        كُمُرкөмір;«мәкрүһдүр истинжа алты нәснә бирлә сүңүк бирлә тәзәкилә жанақ бирлә көмүр бирлә (29б, 3)» (алты нәрсемен истинжа жасау мәкрүһ; сүйекпен тезекпен, ағашпен, көмірмен). Өлі және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінде жаппай қолданылады. ДТС: көмүр (уголь); КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, ат-Тухфа: көмүр; БМ, ТА: кемүр;  Қазіргі тілдерде: қаз.: көмір; қырғыз: көмүр; башқ., тат.: күмир; түрік, азер., түркм.: көмүр; өзб.: көмир; ұйғ.: көмүр; [7, 506-507].

көк كُوكкөк, аспан; көкләрдәكُوكْلَردَه«шүкр аңа көкләрдә дахы йирдә (14а, 1)» (шүкір оған көктерде және жерде). көкдән كُوكدَن «шүкр Аллаһа дүширди көкдән ари су (33а, 3)» (шүкір Аллаға, түсірді көктен таза су). көгә كُوكَا «бақғай көгә 35б, 2» (көкке қарасын). «йа ‘Али атасы көрмәдүм йашыл көк алтында (40а, 5)» (ей Алидің атасы, көрмедім көк аспан астында). Түркі тілдерінде етене таныс, көнеден бері қолданылып келе жатқан көп мағыналы лексема. Ең белсенді қолданылатын «көк түс» және «көк аспан» мағыналары болып табылады. Көне түркі тілінде «теңри, көк теңри» сөздері «аспан (небо)» мағынасында қолданылғаны белгілі. Көк сөзі алғашқыда аспанның түсі ретінде, яғни анықтауыш қызметінде жұмсалып, кейін субстантивтенсе керек (мысалы, қазақ тілінде де қызыл сөзі «ет» мағынасында да қолданылатындығы секілді).  ДТС, Тас.: көк (небо); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КИ, МГ, ТА, ат-Тухфа: көк (аспан). Қахіргі тілдерде: қаз., қырғыз: көк; ноғ., ққ.: кок; баш., тат.: күк; түрік, түркм.: гөк; азер.: гөй; ұйғ., өзб.: көк; [7, 318-319];

таш طَشтас; «силмәк таш бирлә йа кисәкилә су тапылмағанда (23б, 4)» (таспен, кесекпен сүрту су табылмағанда). ташилә طاَشِلَه «әгәр арынса бир ташилә мухтаж олмаз икинжийә (28а, 2)» (егер бір таспен тазарса екіншіге мұқтаждық болмайды). «әгәр олса ол ташуң үж бужағы олса (28а, 5)» (егер ол тастың үш бұрышы болса). Түркі тілдеріне кең тараған, өте жиі қолданылатын лексема. ДТС: таш (камень, 539); Тас: таш (камен,197); БМ, КК, ДМ, ГТ, ИМ, ИН, ал-Каванин, ТА; ат-Тухфа: таш; ГИ, КФ, КФТ: таш; даш; қаз.: тас; баш., тат., қырғыз, түрік, өзб., ұйғ.: таш; азер., түркм.: даш; [7, 854-855];

тобрақ تُبرَاقтопырақ; тобрағилә تُبرَاغِلَه «ташилә кисәкилә тобрағилә (29б, 1)» (таспен, кесекпен, топрақпен). «хүкми аудаз дидүгүмүз тәйәммүм киби тобрағилә (38б, 4)» (үкми /үкіммен жасалған/ дәрет дегеніміз тәйәммүм секілді топрақпен). Түркі тілдерінде, соның ішінде өлі және тірі қыцпшақ тілдеріне кең тараған сөз. ДТС, Тас: топрақ (земля, прах, пыль); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, ТА, ат-Тухфа: топрақ; ал-Каванин: тобрақ; қаз.: топрақ; баш.: тупрақ; тат.: туфрақ; қырғыз: топурақ; түрік: топрак; түркм.: тезек; азер.: топраг;; өзб.: тупрáк; ұйғ.: топрак; [7, 898-899];

күнәш كُنَشкүн (солнце);«шул уақт күнәш кәжкәндәнағлуң тасмасы қадар (14б, 2)» (сол кезде күн сүйретпенің таспасы деңгейінде). «шул уақт күнәш батғанда (14б, 4)» (сол кезде күн батқанда). күнәшә كُنَشَه «күнәшә қаршу отурмағай (25а, 4)» (күнге қарсы отырмасын). ДТС: күнәш (солнце; 327); БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ат-Тухфа: күнеш;ТА: күнеш; күнес; Бұл тұлға қазіргі оғыз тілдерінде сақталған: түрік, түрікмен.: гүнеш; азер.: гүнәш; Ал татар, башқұрт тілдеріндегі қойаш (күн) жәнеөзбек, ұйғыр тілдеріндегі қуйаш(күн) сөздері осы сөздің жуан варианты болса керек. Қыпшақ ескерткіштерінен КИ,ал-Каванин-де осы күнеш, қуйаш сөздері синоним сөздер ретінде жарыса қолданылса, ТА, ат-Тухфа-дакүнеш«күн/солнце», ал қуйаш«күннің сәулесі, жарық» мағыналарында жұмсалған.

Адамның көңіл-күй, сезімдеріне байланысты сөздер: көңүл كُوكُلкөңіл; «‘ибадат идүң тәңрийә ари көңүл бирлә (15б, 6)» (ғибадат етіңдер таза көңілмен). «иман дәгән иқрардур дил бирлә дахы инанмақдур көңүл бирлә» (иман деген тілмен растау және көңілмен сену). көңүллә كُوكُل لَه «иллә ниәтилә кәржәк  көңүллә (16а, 5)» (тек ниетпен шын көңілмен). Көнеден келе жатқан сөз. өлі және түркі тілдеріне тегіс белгілі. ҚБ, МҚ, БВ, КК, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ТА: көңүл; ДМ: көмүл;Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: көңіл; қырғ.: көңүл; башқ., тат.: күңил; түрік.: гөнүл; азер.: көнүл; түркм.: көңүл; өзб.: көнгил; ұйғ.: көңүл; [7, 280-281].

қорқу قُرقُوқорқыныш; «қорқу йоқдур анлара (33а, 2)» (оларға қорқыныш жоқ). Қорқ- (бояться, пугаться, ДТС, 459) етістік түбірге етістіктен зат есім тудырушы —у афиксінің жалғануы арқылы жасалған. –у афиксі, етістіктен іс-әрекеттің нәтижесін білдіретін зат есім тудырушы көне –уғ жұрнағының соңғы дыбысының қысқарған түрі (қорқуғ>қорқу).Бұл құбылыс оғыз тілдеріне тән. Қазақ тілінде бұл жұрнақтың зат есім тудырушы өнімді жұрнақ екендігін жоғарыда айтып өттік (тұрық, бұйрық, тесік сөздері секілді). ҚБ, КК, ГИ, ГТ, ИМ: қорқу; КФ: қорқу; қорқы; қорқуғ; ИМ: қорқы;  Қазіргі оғыз тілдерінде осылай қолданылады. түрік: корку; азер.: горху; түркмен.: горкы; Қазіргі қазақ тіліндегі баламасы қорқыныш осы уғжәне көне  —нч қосымшаларының бірігуінен туған. қорқ-уғ-нч <қорқ-ы-ныш;

күч كُجкүш; күжи كُجِى«һәр кимүң күжи йитсә (3а, 6)» (әркімнің күші жетсе). «әгәр күжи йитмәсә отуркән (17б, 3)» (егер күші жетпесе отырғанда). «әгәр күжи йәтмәсә дүшүб арқасы үстинә ишарәт әйләйә башы бирлә (17б. 3)» (егер күші жетпесе шалқалай жатып басымен ишарат етсін).Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне кеңінен танымал сөз. Көне түркі тіленде «күш, қуат» мағынасында қолданылған бұл сөз, қыпшақ жазба ескерткіштерінде «күш қуат» мағынасынан гөрі «қиын(трудный)» мағынасында жиі қолданылғандығын көреміз. Дегенмен екі мағына арасында үлкен алшақтық жоқ сияқты. Яғни қиын нәрсе күшпен істелетін болғаннан кейін бұл мағына туындаса керек. Ал соңғы мағынасы қазіргі түрік тілінде  сақталған (güç –трудный [31, 290]). Ескі ұйғыр, МҚ, КБ: күч (сила, [31, 322]); БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИН, КФТ, КИ, МГ, РХ,: күч (қиын); ИМ: күч (күш; қиын); КФ: күч (күш; қиын);ат-Тухфа: күч (күш); ИХ: гүч (күш); Қазіргі түркі тілдерінде соз соңында ч//ш сәйкестігі әдеттегі құбылыс. қаз.: күш; қырғыз: күч; тат.: көч; түрік: гүч (күш; қиын); азер.: гүж; түркм.: гүйч; өзб., ұйғ.: күч; [7, 290-291].

Тағам және жеміс жидек атаулары: бал بَال  — бал, әсел; «бал киби (9б, 4)» (бал сияқты). Көнеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдерінің барлығына етене таныс сөз. Ескерткіштер тілінде: МҚ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, БМ, КФ,КФТ, КИ, БВ, Ал-Каванин, ТА: бал; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., башқ., тат., қырғыз, түрік, азер., түркм., өзб., ұйғ.: бал; [31, 79; 16, 22; 7, 48-49].

бекмез بَكْمَزжүзім шырыны;Зайончковский: бекме, бекмез (сироп виноградный). Тас.: бекмеш (түрікменше: бекмес, патока);«сару йағ киби бәгмәз киби» (сары май сияқты, жүзім шырыны сияқты). Орта ғасыр ескерткіштері тілінде бекмас//бекмес//бекмеш//пекмез сияқты бірнеше фонетикалық вариантта ұшырасатын бұл лексема қазіргі оғыз тілдерінде сақталға. Түрік: пекмез; азер: бәкмәз; Ескерткіштер тілінде: МҚ- бекмәс [31, 91]; БМ: бекмес; ДМ: бекмес; Ал-Каванин: бекмас; ТА: бекмеш; ат-Тухфа: пекмез; 

йуғурт يُوغُرتайран; «йуғурт киби (9б, 2)» (айран секілді). Жазба ескерткіштер тілінде йоғурт// йуғурт// йоғрут// йағурт// йавурт// йоғуруд// йуғурт секілді бірнеше фонетикалық варианты бар. Сөздің негізгі түбірі йоғур- мешать, месить [31, 270] (қазіргі оғыз тілдерінде сақталған), ал –т етістіктен зат есім тудырушы көне жұрнақ (тілімізде үміт, үгіт құрт секілді санаулы сөздер құрамында сақталған). Ескі ұйғыр, КБ: йоғрут; МҚ: йоғурт (кислое молоко) [31, 270];  БВ, РХ, ал-Каванин: йоғурт; КФТ: йоғурут; БМ, ДМ, КИ, ТА: йағурт; ат-Тухфа: йавурт; КК, ГТ: йуғурт; Қазіргі бір сыпыра тілдерде кездеседі: башқ.: йоғорт; тат.: йоғырт;

түрік, азер.: йоғурт; [7, 992-993].

қабақ قَبَقқабақ; «қабақ суйы киби (7б, 5)» (қабақ суы сияқты). Көнеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне жаппай танымал лексема. МҚ, БВ, КК, ИМ, , ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қабақ [7, 399; 16, 121]. Қазақ тілінде қабақ— ыдыс жасайтын бақша өсімдігінің атауы және бұл сөздің қауақ дегеналлофоны да бар [11, 11]. Ал ескерткіш тілі мен басқа бір қатар түркі тілдеріндегі қабақ тілімізде ас сөзімен бірігіп «асқабақ» сыпатында айтылады. Қазіргі түркі тілдерінде сөз ортасында б//в//п дыбыстарының ауысып келу заңдылығы бар: қаз.: асқабақ; башқ., тат.: кабак; қырғыз: ашқабақ; ұйғ.: капак; өзб.: қáвáқ; áшқáвáқ; түрік: кабак; азер.: габаг [7, 418-419].

чықар چِقارжесміс-жидек; «чықар сықмалығлар (7б, 3)» (жеміс жидек сықпалары). Чық— етістік түбіріне –ар есімше жұрнағы жалғану арқылы анықтауыштық қызмет атқарып, кейінен субстантивтенсе керек (қайнар, .. секіліді). Ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді.

сару йағ صَارُ يَاغсары май; «сару йағ киби (9б, 5)» (сары май секілді). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде сары йағ// сару йағ// сарйағ// сағйағ// сайағ// сағай секілді бірнеше фонетикалық тұлғада кездеседі. ДТСсағ йағ (коровье масло; 480); РХ: сару йағ; сарйағ; ал-Каванин: сары йағ; КИ: сағйағ; ТА: сайағ; БМ: сағай;Қазіргі түркі тілдерінде: Қаз: сары май; Башқ: һары май; Тат: сары май; Түрік: тере йағы;; Өзб: сәрийағ; [7, 876-877]. Екі сөз де көнеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне кең тараған сөздер. Йағ сөзі қазақ тілінде жауқазын деген күрделі зат есім мен «көздің жауын алады» тұрақты тіркесінде сақталғандығын көреміз. Салыстыр: сарығ (желтый; ДТС, 488); йағ (жир; масло; ДТС, 223); Қ. сару.

Сын-сипаттарға байланысты атаулар: арылық ارِلِق  — тазалық; «хақ арылық ики дүрлүдүр (6б, 2)» (хақ тазалық екі түрлі). «арылық хасыл олур (28а, 6)» (тазалық пайда болады). «истинқа дидүгүмүз ол истәмәкдүр арылық ташилә йа кисәкилә (30а, 5)» (истинқа дегеніміз таспен, кесекпен тазалық жасау). Сөздің негізгі түбірі ары/ғ/ (таза, пәк); —лық – есімдерден зат есім тудырушы жұрнақ. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде сөздің көне арығ+лық; соңындағы ғ дыбысының элизияға ұшыраған ары+луқ және соңындағы –ығ дыбыстарының у-ға ауысқан ару+лыһ сияқты фонетикалық тұлғаларда кездеседі:  КБ: арығлық; арығлығ; КК: арулыһ; ГИ: арылық, арылуқ;ИМ: арылық; арығлық; КФ- арылуқ;

йалан يَلَانжалған, өтірік; йаландан يَلَاندَن «арытғай дилини йаланданғайбетден (37б, 3)» (тіліңді арындыр жалғаннан, ғайбаттан). Өлі және тірі түркі тілдеріне танымал сөз. Ескі ұйғыр, МҚ, КБ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ,  КФ, КФТ, КИ: йалған; ТА: йалан; БВ: йалан сөйлемек; ГИ: йалған; йалан; сөздің негізі йал- өлі етістік түбір, -/ғ/ан есімше тұлғасы болса керек. Өйткені бұл сөз ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде анықтауыш қызметінде болуы (МҚйалған кіші; қазжалған сөз, жалған күлкі), —ған морфемасының басындағы ғ дыбысының оғыз тілдерінде түсіп қалуы (түрік, азер- йалан) осыны дәлелдегендей. қаз.: жалған; башқ., тат.: йалған; қырғыз: джалан; түрік, азер., түркмен.: йалан; ұйғ.: йалған; өзб.: йáлғáн  [7, 958-959].

йаманлығ يَمَانلِغжамандық;. «жәми’ олмаз мәнүм үммәтүм йаманлығ үстинә (4б. 2)» (топтаспайды менің үммәтім жамандық үстіне). йаманлығы يَمَان لِغى «арытғай дилини йаландан ғайбатдан йахшылығы кизләр йаманлығы сөйләр буһтандан (37б, 4)» (тазартсын тілін жалғаннан, ғайбаттан, жақсылықты жасырып, жамандықты айтатын жаладан).    Йаман –сын есім түбір; -лығзат есім тудырушы жұрнақ. КК, ГИ, ГТ, КФ: йаманлых; ал-Каванин: йаманлық; түркі тілдеріне танымал күнделікті қолданылатын сөз. Қ. йаман; -лығ.

ақлықاَقلِقақ нәрсе; ақлықдур اَقلِقدُر  «шафақ дидүгүмүз ол ақлықдур ки көғүң қырағында қызыллықдан соңра (14б, 6)» (шапақ дегеніміз ол ақ нәрсе көктің жиегінде қызыл нәрседен кейінгі). Сөз түбірі ақ сын есімі түркі түлдеріне белгілі лексема. Ал –лық көнеден келе жатқан зат есім тудырушы жұрнақ. Түбір күйі жоғарыда көрсеткен жазба ескерткіштер мен қазіргі тілдерде тегіс солай. Ал туынды түбір күйі ескерткіштер тілінде сирек ұшырасады. ИМ: ақлық;

йахшылық يَحشِلقжақсылық; «дахы йахшылығы буйурмақ киби (5б, 1)» (жақсылықты бұйыру сияқты). «арытғай дилини йаландан ғайбатдан йахшылығы кизләр йаманлығы сөйләр буһтандан (37б, 4)» (тазартсын тілін жалғаннан, ғайбаттан, жақсылықты жасырып, жамандықты айтатын жаладан). Йақшы сын есім түбір, ал –лық түркі тілдерінде зат есім тудырушы өнімді жұрнақ. Салыстыр: йахшы.

қоқу قُوقُوиіс; «та киткәй йаман қоқу (30б, 1)» (жаман иіс кеткенге дейін). қоқусы  قُوقُوسِى «йа иләһи арыт ағзум қоқусы бағышла йазуғумы (33б, 3)» (Ей Тәңірім! Тазарт аузымның иісін, күнәмді кешір). қоқусындан قُقُسِندَن«йа иләһи сәгәткил паңа жәннәт қоқусындан (33б, 6)» (Ей Тәңірім! Иіскет маған жәннәттің иісінен). Сөзге негіз болған қоқ- (иістену, сасу) етістігі, ал –у етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ. Сөздің өзі оғыз элементі болса керек. өйткені мәмлүк жерінде жазылған ГИ, КФ, КФТ сияқты санаулы ескерткіштерде ғана кездеседі және етістік тұлғасы да, зат есімге айналған күйі де қазіргі оғыз тілдерінде белсенді қолданылады (түрік: кок- /сасу/; коку /иіс/; азер.: гох-; гоху ). Сондай-ақ есім жасап тұрған у жұрнағы, көне түркі тіліндегі етістіктен зат есім тудырушы –ғу; -гү жұрнағының алғашқы дыбысының элизияға ұшыраған формасы. Ал бұл оғыз тілдеріне тән ерекшелік. Әйтседе тіліміздегі «ыбырсу, бықсу, ескі-құсқы» мағыналарына келетін қоқсу, қоқсық, қоқу, қоқыс сөздері осы сөзбен төркіндес болуы мүмкін.

Өлшем білдіретін сөздер: батманبَطمَانбатпан (өлшем бірлігі); «аудаз алғай ики батман бирлә судан (38а, 2)» (дәрет алсын екі батпан сумен). «бир батман истинжа ижүн бир батман баржа ағза ижүн (38а, 1)» (бір батпан истинжа үшін, бір батпан барша мүше үшін). «бир батман ики айағжүн (38а, 6)» (бір батпан екі аяқ үшін). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінеде жиі ұшырасатын бұл ауырлық өлшемі әр аймақта әр түрлі болғанға ұқсайды. Көне түркі сөздігі авторлары 180-нен 300 кг дейін деп көрсетеді [31, 89]. Тағы бір назар аударатын жәйт КИ зерттеушілері өлшем атауларының лексика-семантикалық ерекшеліктерінен сөз еткенде бұл сөзді араб-парсы тілінен енген кірме сөз деп қарайды [32, 78]. Бірақ қандай негізге сүйеніп бұлай дегендерін және не араб не парсыныкі екендігін дәл көрсетпеген. Басқа сөздіктердің ешбірінде кірме сөз екендігі жайында еш нәрсе айтылмаған. Қазіргі түркі тілдерінде ескі ауырлық өлшемі ретінде әдеби туындыларда кездескенімен күнделікті тұрмыстық тілден шығып қалған. МҚ, БВ, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, БМ, КФ,КФТ, КИ, МГ, РХ, ат-Тухфа, ТА: батман.

бирлик بِرلِكбірлік;бір болу; бирлигинә بِرلِكِنَه«иқрар әйләмәк тәңри та’алануң бирлигинә нәбиләрүң килдүгинә (43б, 6)» (айт, Тәңір тағаланың бір екендігін, пайғамбарлардың келгендігін растау). Көне және қазіргі түркі тілдеріне тегіс танымал сөз. Сөзге негіз болған түбірдің бір сан есімі, ал –лик (-лық, -лығ, -лиг) көнеден келе жатқан зат есім тудырушы өнімді жұрнақ екендігі белгілі. ҚБ, КК, ГИ, ИМ: бирлик;

Уақытқа байланысты атаулар: күнكُونкүн (день); «имам олды  баңа Жибрийл Ка’ба ишигиндә ики күн (14а, 6)» (Жәбірейіл /періште/ имам болды маған Қағба есігінде екі күн). «дахы қылды соңра иртәйи икинжи күн (15а, 3)» (және оқыды таң намазын екінші күні). күндә كُندَه «қылды иртәйи әуәл күндә (14а, 6)» (және таң намазын оқыды). «дурғузғай аны қиамәт күни нәбиләр дурған йирдә (37а, 5)» (тұрғызсын оны қиямет күні пайғамбарлар тұрған жерге). Қолжазбада сөз түбір күйінде жұмсалғанда үдыбысы уау (و)және дамма ُ арқылы берілсе, қосымша жалғанған формаларында уау түсіріліп тек дамма арқылы көрсетілген. Өлі және тірі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ДТС: күн (1. солнце; 2. день; 3. с каждым днем; 326); Орта ғасыр қыпшақ ескерткіштерінде «күн (солнце); күн (день); күндіз (днем)» секілді үш мағынада қолданылған. Дегенмен «күн- день» мағынасы қалған екеуіне қарағанда белсенділік танытады. Қолжазбада солай. Өйткені планета атауы болған «күн (солнце)» қазіргі көптеген түркі тілідеріндегідей көбіне күнеш сөзі қолданылған (Қ. күнеш). БВ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, РХ, ал-Каванин: күн (день); БМ, КК, КИ, МГ, ТА, ат-Тухфа: күн (солнце; день); ДМ: күн (солнце);  Қазіргі түркі тілдерінің бір қатарында тек «күн-день» мағынасында кездессе, бір қатарында екі мағынада да қолданылады: қаз., қырғыз, өзб., ұйғ.: күн (солнце; день); баш., тат.: көн (день); түрік, азер., түркм.: гүн (день) [7, 292-293].

йыллық يِلِّقжылдық; «тәңри таَала виргәй аңа илик йыллық қылмыш савабы (36а, 6)» (тәңір тағала оған елу жылдық жасаған сауапты берсін). Бастапқы түбір йыл (жыл); лық есім (бірде зат есім, бірде сын есім) тудырушы жұрнақ. Түбір күйі түркі тілдерінің барлығында ежелден бері қолданылып келе жатқан лексема. Ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде сөз басында й//ж// Ø заңдылығы қалыптасқан. БМ, ДМ, ГИ, ГТ,  КФ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: йыл; КФТ: йил; КК: йыл, ыл; джыл; Қазіргі түркі тілдерінде:  қаз.: жыл; башқ., тат., түрік, түркмен.: йыл; азер.: ил; қырғыз: жыл; ұйғ.: жил; өзб.: йил [7, 988-989].

Басқада әр түрлі мәндегі атаулар: ад اَدат, есім;«ад вирүр аңа су (7а, 2)» (су /деп/ ат қояды). адыاَدِ  «башладум тәңри ады бирлә 1б. 1» (Тәңірдің атымен бастадым). Түркі тілдеріне жаппай танымал сөз. Көне түркі тіліндегі т дыбысының түркі тілдерінің оңтүстік батыс тобында (оғыз)  д мен алмасуы белгілі құбылыс. Демек қолжазба тіліндегі оғыз элементі. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде бұл екі вариантта бір ізділік байқалмайды: Көктүрк: ат; Ескі ұйғыр: ат; ҚБ: ат [31, 64-65]; БВ: ат; КК: ат; ГТ: ат; ИМ: ат; МГ: ат; ад; ГИ: ад; ИН: ад; КФ: ад; КФТ: ад; КИ: ад; ДМ:ад; Ал-Каванин: ад; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: ат; башқ.: ат; тат.: ат; қырғыз: ат;  түрік: ад; азер.: ад; түркм.: āт; өзб.: áт;  ұйғ.: ат  [4. 4-5].

буйруқ بُيرُقбұйрық; «буйруқ тәңри та’аладан (2а, 5)» (бұйрық тәңір тағаладан). «буйруқ Аллаһ та’аладандур (11б, 2)» (бұйрық Алла тағаладан). Көне және орта ғасыр ескерткіштерінде буйруқ//буйуруқ//буйуруһ тұлғаларында қолданылған. Қазіргі түркі тілдеріне танымал бұл сөздің негізгі түбірінің буйур- етістігі, ал –ық (-уғ; -иг; -үг; -қ; -к)көне түркі тілінде қимыл есім тудырушы жұрнақ болса (қазақ тіліндегі –у тұйық етісітік жұрнағының түп төркіні),  қазіргі тілімізде құбылыстың атын, іс әрекеттің нәтижесін білдіретін етістіктен зат есім тудырушы өнімді жұрнақ екендігі белгілі (тесік, жырық, жыртық). Көктүрік, ҚБ: буйруқ; буйуруқ [31, 121];КК: буйуруқ; буйуруһ; БМ, БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, Ал-Каванин, ТА:  буйруқ; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: бұйрық;башқ.: бойоров; тат.: бұйырық; қырғыз: буйруқ; түрік: буйрук; азер.: буйруг; түркм.: буйрук; ұйғ.: буйрук; өзб.: буйруқ; [7, 86-87].

йарлығ يَرلِغжәрдем; «йа иләһи йарлығ әйлә паңа зикрүң оқумаға дахы шүкрүң оқумаға йахшы қуллуқ итмәгә»(Ей Тәңірім! Жәрдем ет, зікіріңді оқуға, шүкіріңді оқуға және жақсы құлшылық етуге). МҚ, ҚБ-да «жарлық, бұйрық» мағынасында ұшырасатын бұл сөз қыпшақ жазба ескерткіштерінде кездеспейді. Қыпшақ тілі сөздігінің авторлары йардым (жәрдем)сөзімен салыстырады. Тілімізде ескі «жарлық, бұйрық» мағынасында қолданылатын бұл сөз қазіргі түркі тілдерінің көбінде «жапсырма (этикетка)» мағынасында кездеседі. қаз.: жарлық; башқ., тат.: йарлық (этикетка); қырғыз: джарлық (этикаика); азер.: йарлыг (этикаика); түркмен., ұйғ.: йарлык (этикаика); өзб.: йáрлык (этикаика) [7, 226-227].

йул يوُلйол يُل жол; «йул көстәрүр (2б, 2)» (жол көрсетеді). йолдан  «бид’ат   дидүгүмүз қажан жықса бир нәснә ики йолдан өзгәдән (27б, 3)» (бидғат дегеніміз қашан бір нәрсе шықса екі жолдан өзгеден). йолдур يُلدُر «сүннәт ишләмәк доғру йолдур (38б, 6)» (сүннет істеу тура жол). Қолжазбада бір жерде сөз ортасында уау (و)және дамма ُ  қатар жазылса, қалған жерлерде тек дамма арқылы ғана берілген. Демек бұл жерде бірі йул, бірі йол деп оқылса керек. Көнеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдерінде жаппай қолданылатын көп мағыналы сөз. Қазір тіліміздегі осы сөздің «жол, саяхат, әдіс, рет, сызық /линия/» мағыналары орта ғасыр қыпшақ ескерткіштерінде бар. Көктүрік, МҚ: йол — дорога, путь [31, 270]; БМ, БВ, ДМ, ГИ, ИМ, ИН, КИ, ТА, РХ, ат-Тухфа: йол (жол); КК: йол (жол, саяхат); КФ: йол (жол, әдіс); ГТ: йол (жол, рет); КФТ: йол (рет); МГ: йол (жол, линия). Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жол; башқ., тат.: йул; қырғыз: джол; түрік, азер., ұйғ., өзб.: йол; түркмен: йōл  [7, 992-993].

көләгә كُلَكَه  — көлеңке; «шул уақт һәр нәснәнүң көләгәси өз қадарынжа (14б, 3)»(әр нәрсенің көлеңкесі өз деңгейінде болғанда). «шул уақт олды һәр нәснәнүң көләгәси өз қадарынжа (15а, 4)» (сол кезде әр нәрсенің көлеңкесі өз деңгейіндей болды).         Орта ғасыр ескерткіштері мен қазіргі түркітілдерінде түрлі фонетикалық варианттарда кең тараған. ҚБ: көләгә; көлигә; көлик; МҚ: көлигә, МҚ: көлигә; көлик; ДМ, ГИ, КФ, ТА: көлге; КФТ: көледге; ГТ: көлетке;көлге; КИ, БМ, ал-Каванин: көлгей; БВ, ИМ: көлиге; Қазіргі тілдерде: қаз.: көлеңке; қырғыз: көлөгө; башқ., тат.: күләгә; түрік: гөлге; азер.: көлге; түркм.: көлеғе; өзб.: көләнкә; ұйғ.: көлүнкү; [7, 278-279]. Сөздің түпкі түбірі көлү- (затенять ДТС, 314) етістігі болса керек.

сөз سُوزсөз; «сөз кәсилди (9б, 6)» (сөз бітті); «сөз кәсилди андан соңра бил (31а, 1)» (сөз бітті, одан кейін біл). Өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне кең тараған лексема. ДТС: сөз (слово, речь); КК, ГИ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, ал-Каванин, ат-Тухфа: сөз; Орта ғасыр кей қыпшақ ескерткіштерінде сөз ортасында ө~ев дыбыстары сәйкеседі. Мысалы, ДМ: севз (сөз); севле- (сөйлеу); севлеш- (сөйлесу); Қазіргі тілдерде: қаз., қырғыз, түрік, азер., түркм., өзб., ұйғ.: сөз; башқ.: һүз; тат.: сүз; [7, 794-795]. Қазіргі түркі тілдерінің көбінде осы түбірден з//й заңдылығы нәтижесінде сөйле- етістігі қалыптасқындығы белгілі (Қ. сөйле-).

Көмекші есімдер: қырағقِرَغ жиек; көкжиек; қырағындаقِرَغِندَه«шафақ дидүгүмүз ол ақлықдур ки көғүң қырағында (14б, 6)» (шапақ дегеніміз ол ақ нәрсе көктің жиегінде). Туынды түбір сөз. Сөзге негіз болған қыр (қыр, шет, бұрыш); ал –ағ есім тудырушы жұрнақ. БВ, ГИ, ИМ, КФ: қырағ (жиек, шет); ИХ, ИН: қыраң; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: қыр (түбір күйі); башқ., тат.: қырый; азер.: гырағ; түркм.: гыра; ұйғ., өзб.: қырғақ;

ичاِجіш; бір нәрсені іші; ижиндә اِجِندَه«Тахауи айтды китабы ижиндә (8а, 3)» (Тахауи айтты кітабы ішінде). «намазуң ижиндә дәгүлдүр (10б, 6)» (намаздың ішінде емес). «қумашуңы арыт айдылды тәфсир ижиндә (12а, 3)» (киіміңді тазала /деп/ айтылды тәпсір ішінде). «ол киши олса намаз ижиндә (21а, 6)» (ол кісі намаз ішінде болса). Өлі және тірі түркі тілдеріне тегіс белгілі. ДТС: ич (внутреность); БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ: ич; Қазіріг тілдерде сөз соңында ч//ш//с дыбыстары сәйкес қолданылады. қаз.: іш, баш.: ис; тат., қырғыз,  түрік, түркм., азер., ұйғ., өзб.: ич; [7, 364-365];

диб دِبтүп; түбі; дибинден دِبِندَن«ол йүз саж дибиндән һанал алтына дәгин (22б, 1)» (ол жүз – шаш түбінен иек астына дейін). Көне түркі тілінде түп (низ, дно, основание; ДТС, 598) сыпатында болған бұл сөз, қыпшақ жазба ескерткіштерінде диб//тиб//тип//түб//түп тұлғалары аралас қолданылған. т//д және п//б әдеттегі құбылыс. Түркі тілдеріне белгілі сөз. ДМ, КФ, РХ: диб; , ГТ: дип; түп; КФТ, КИ: дип; ТА: тиб; МГ: тип; түп; БВ, КК: түб; ИМ, ат-Тухфа: түп; қаз., қырғыз, ұйғ.: түп, баш., тат.: төп;  түрік: дип; азер.: диб; түркм.: дүйп, өзб.: түб;[7, 174-175];

арқа اَرقَهарқа; арт; арқамданاَرقَمدَن«йа иләһи вирмә паңа китабумы сол  әлүмә арқамдан дәгүл (34б, 1)» (Ей тәңірім! Берме маған кітабымды сол қолыма, арқамнан емес). арқасын اَرَاسِين«дахы икисинә арқасын чәвүрмәгәй (25а, 4)» (және екеуіне арқасын бұрмасын). Бүкіл түркі тілдеріне белгілі сөз. Көне түркі тілінде – арқа (спина); Қыпшақ ескерткіштері тілінде «артқы жақ, көмекші, ұрпақ, арқа» секілді бірнеше мағынада қолданылған. Байқап қарасақ бұл мағыналардың барлығы бір-бірінен оншалықты қашық та емес. БВ, КФ, КФТ, КИ: арқа (арт, артқы жақ); ИМ: арқа (ұрпақ); ГИ: арқа (арт, көмекші); КК, ДМ, ИМ, РХ: арқа (арқа «спина»); МГ, ИН, ат-Тухфа: арқа (арқа, арт); ТА: арқа (арқа); арқа бер- (жәрдем беру); Қазіргі тілдерде: қаз., қырғыз, баш., тат., түрік, түркм., өзб.: арқа/арка; азер.: арха; [7, 24-25];

алтына اَلتِنَه «қомақ сағ әлини сол әли үстинә көбәк алтына (20б, 2)» (оң қолын сол қолының үстіне, кіндіктің астына  қою). Көнеден бері қолданылып келе жатқан, түркі тілдерінде кең етек жайған лексема; ДТС: алтын; алтынқы (нижний, 40); Тас.: алтын (низ, нижняя часть, нижний, внизу, под), алтында (под ним); Жоғарыда аталған ескерткіштердің барлығында осылай. БМ, БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: алт; Қазіргі түркі тідерінің бір қатарында (түрік, азербайжан, қарайым) осы тұлғада сақталса, басым көпшілігінде сөз ортасындағы л дыбысы с-ға өзгерген (алт//аст). Бұл өзгеріс ерте заманда болған секілді. Көне ескерткіштерде осы екі вариант қатар қолданылғандығын көреміз (алтын//астын, ДТС,  40; 61). қаз., қырғыз: асты,: баш., тат., түркм., өзб., ұйғ.: аст; түрік, азер., қарайым.: алт;йан;[7, 962-963];

үст اُستүсті; «тәңри рахмәти сәләмәтлиги йарадламыш йахшы үстине (1б, 4)» (тәңір рахметі, саламаттығы жақсы/лар/ үстіне жаратылған). «мүминлер үстине йазылды уақт бирле (2б, 3)» (момындардың үстіне уақытпен жазылды). үстүмүзе اُستُومُزَه «ол бизүм үстүмүзе фарз олды (42а, 6)» (ол біздің үстімізге парыз болды). ДТС: үстүн, үстүнги, үстүнки (верхний); үстүндә (на верх); БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: үст;Өлі, тірі түркі тілдеріне тегіс белгілі сөз. Көне түркі тіліндегі үзә, үзәки (ДТС, 629) және қазіргі түрік, азербайжан тілінде осы сөзбен синоним ретінде қолданылатын үзер, үз (үсті) сөздерімен салыстырар болсақ, бұлардың ортақ түпкі түбірі үз болса керек. Ал з//с заңдылығы түркі тілдерінде әдеттегі құбылыс. қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, түркм., өзб., ұйғ., түрік, азер., қарайым.: үст; баш., тат.: өст; [7, 928-929].

бужақ بُجَاقِбұрыш, шет; бужағыبُجَاغِى«әгәр олса ол ташуң үж бужағы олса силинсә һәр бужағы бирлә арилық хасыл олур» (егер ол тастың үш бұрышы болса, әр бұрышымен сүртілсе тазалық пайда болады). МҚ: бучғақ (угол; сторона), бучғақлан- (становиться угловатим)[31, 119]; БМ, ДМ, КФТ, КИ, ТА, ат-Тухфа: бучақ; КК:бучғақ. Қазіргі түркі тілдерінде: башқ.: босмақ; тат.: почмақ (бұрыш),қарайым.: бучхақ; қумық.: буччақ; өзб.: бүрчәқ; түрік: бужақ;  азер.: бужағ; Келтірілген мысалдардан қазақ тіліндегі пұшпақ сөзі осы сөзбен түбірлес екендігін аңғаруға болады.

1. 2. 2. Сын есім сөздер.

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де молы – сын есім сөздер. Сын есімдердің грамматикалық топ ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс екендігі мәлім. Өйткені бір кездері зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге, сын сапа жайлы ұғымдарды да бойына жинаған грамматикалық класс болған. Әйтседе түркі тілдеріндегі зат есімдер мен сын есімдердің саралануы өте көне дәуірде болған процесс болса керек. Себебі Орхон-енисей жазбаларында бұл екі сөз табының ара жігі ажырап, сын есім жасаушы аффикстер өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі [66, 179]. Зерттеушілер түркі тілдерінде сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмағандығын, ондай жүйенің тілдің даму барысында басқа жолдармен қалыптасқандығын айтады. Есім және етістік туынды түбірлер қолданыс барысында сын мен сапаны білдіретін сөздер тобы болып, ал туынды түбірлерді жасайтын қосымшалар жүйесі сын есімдер жасайтын қосымшалар ретінде қалыптасты. Бұған ескерткіш тіліндегі, сондай-ақ қазақ тілі мен басқа да түркі тілдеріндегі қызыл (қыз+ыл), өлі (өл+іг), тірі (тір+іг), кіші (кіш+іг) сөздері о баста етістік түбірден қимыл есім, зат есім жасалған да, осындай құбылыстың нәтижесінде сын есімдер тобында тұрақталған. Яғни сын есімдер грамматикалық класс болып, лексикалық, семантикалық қолданыс барысында қалыптасты және етістіктердің есім тұлғаларының адъективтенуі арқылы біршама сын есім жасайтын қосымшалар жүйесі де қалыптасты. Ескерткіш тілінде кездесетін сын есісдерді мағыналқы тұрғысынан екі топқа бөлуге болады:

1. 2. 2. 1. Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін, сыры мен сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін және заттың басқа да қасиет белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Демек сын есімдерге тән негізгі категориялық ерекшеліктердің барлығы сапалық сын есімдер бойында табылады. Ескерткіш тілінде кездесетін сапалық сын есімдерді сындық-мағыналық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа жіктеуге болады:

Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер: ақ اَقақ; «йа иләһи ақ қыл йүзүми ақ қылған күн салихләрүң йүзүни (34а, 2)» (Ей тәңірім! Жүзімді ақ қыл, діндар кісілердің жүзін ақ қалған күні). Жалпы түркі тілдеріне ортақ, көнеден келе жатқан, кеңінен таныс лексема. Қолжазба да қыл- көмекші етістігімен бірігіп, күрделі етістік құрайды. ДТС: ақ (белый, 48); ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, ИН, ал-Каванин, МГ, РХ, ТА: ақ; КК: ақ; ах; БВ: ақ; ағ; қаз., қырғыз, өзб., башқ., тат., түрік, түркм., азер., ұйғ.: ақ; [7, 10-11];

йашыл يَشِلжасыл, көк; «йашыл көк алтында дахы дөшәнмиш йир үстинә (40а, 5)» (көк аспан астында және төселген жер үстінде).Түркі тілдеріне кең тараған лексема. Сөз түбірі йаш (зеленный, молодой, ДТС, 245), ал ыл сын есім тудырушы өнімсіз жұрнақ. Бұл жұрнақ тілімізді қызыл, батыл, жеңіл, қатал секлді бірнеше сөздер құрамында сақталған. Қазіргі тілдерде түбір мен қосымша тұтасып, көнеленіп негізгі сын есім сөзге айналған. ДТС: йашыл (зеленный, голубой, 246); КК, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, МГ, КИ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: йашыл; ДМ, КФТ, РХ: йешил; Қазіргі тілдерде: қаз.: жасыл; башқ., тат.: йәшил; қырғ.: джашыл; түрік: йешил; азер.: йашыл; түркм.: йāшыл; өзб.: йәшил; ұйғ.: йешил; [7, 986-987];

қара قَرَاқара; «қара қылма йүзүми қара қылған күн дүшманларуң йүзүни (34а, 2)» (қара қылма жүзімді қара қылған күні дұшпандардың жүзін). Көне және қазіргі түркі тілдеріне тегіс танымал сөз. Қолжазбада қыл- көмекші етістігімен тіркесіп күрделі етістік құрайды. ДТС: қара (черный, 422); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, КФ, КФТ, ал-Каванин, МГ, РХ, ТА, ат-Тухфа: қара; қаз.: қара; башқ., тат., қырғыз, түрік, ұйғ.: кара; азер., түркм.: гара; өзб.: кáрә;[7, 436-437];

сару سَرُوсары; «сару йағ киби (9б, 5)» (сары май секілді). «сару су киби (6а, 4)» (сары су секілді). Қолжазбада тек сару йағ, сару су тұлғасында су және йағ сөздерімен бірігіп, күрделі зат есім құрайды. Бастапқыда сол нәрселердің түсін білдіретін сын есім қызметін атқарған бұл сөз, кейін тұтасып, сол заттың атауын білдіретін құрама зат есімге айналған. Көне түркі тілінде сарығ (желтый; ДТС, 488); сыпатында болған бұл сөздің соңындағы ғ дыбысының түсуі түркі тілінің осы орта дәуірінде басталған секілді. Ол дәуірде –ығ қимыл есім жасайтын өнімді қосымша болғандығын ескерсек, сөздің түпкі түбірі сар- (немесе сары-) болғандығын болжауға болады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі сарғай-, сарғалдақ, сарғылт сөздерімен салыстыру арқылы ортақ түбірдің сар- екендігін аңғарамыз. БМ, ИМ, МГ: сарығ; ал-Каванин: сары; КФТ, РХ, ТА, ДМ: сару; Қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ және оғыз тобына кіретін тілдерде соңғы ғ дыбысы түсірілсе, қарлұқ тобында қатаңданып қ –ға айналады (ғ//қ//ø). Қаз., тат., қырғыз, түрік, азер., түркм.: сары; өзб.: сарық; ұйғ.: серик; башқ.: һары; [7, 746-747].

Заттың көлемін, аумағын білдіретін сын есімдер:кичи كِجِىкіші; «бири улу тәһәрәтдүр бири кичи тәһәрәтдүр (6б, 2)» (бірі үлкен дәрет /тазалық/, бірі кіші дәрет). «кичи тәһәрәтдүр дидүгүмүз (6б, 5)» (кіші дәрет /тазалық/ дегеніміз). Көне түркі тілінде кичиг (маленький, ДТС, 306) тұлғасында кездесетін бұл сөздің соңындағы –иг жұрнағы арқылы, өлі етістік түбірден туындаған сын есім екендігін аңғаруға болады. КК, ГИ, ИХ, КФ, КФТ, КИ, РХ, ат-Тухфа: кичи; ИМ: кичи; кичиг; БВ: кичик; МГ: кичи; кичик; ГТ: киччи; қаз.: кіші; башқ.: кискинә; тат.: кичкинә; қырғыз: кичине; түрік: күчүк; азер.: кичик; түркм.: кичи; өзб., ұйғ.: кичик; [7, 526-527];Қазақ тіліндегі кішіжәне кішік («ұлық болсаң кішік бол» дегендегі) сөздері бірі ескі бірі жаңа күйді танытады.

қыса قِصَاқысқа; «қумашуңы арыт айдылды тәфсир ижиндә йа’ни қыса ит (12а, 3)» (киіміңді тазаарт /деп/ айтылды тәпсір ішінде, яғни қысқа ет). ҚБ, МҚ-дақысға, қысқа формаларында кездесетін бұл лексеманың негізгі түбірі қыс- (укорачивать, уменьшать, ДТС, 447) етістігіне, көне түрік тіліндегі етістіктерден есім жасайтын –қа (-ға, -ке) афиксінің жалғануы арқылы жасалған. Бұл афикс қазақ тілінде ерке, қалқа,жаңқа, қолқа сияқты санаулы сөздер құрамында сақталған. Қосымша басындағы қ дыбысының түсіп қалуы, қолжазба тіліндегі бұл форманың оғыз элементі екендігін көрсетеді. ДТС: қысға; қысқа (короткий, краткий,447); КФ, КИ, ТА: қыса; қысқа; КК: қысға; қысһа; қысқа; БВ, ДМ, ГТ, ИМ, ИН, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: қысқа; Қазіргі тілдерде: қаз.: қысқа; башқ., тат., қырғыз: кыска; түрік: кыса; азер.: гыса; түркм.: гыска; ұйғ., өзб.: кыска;[7, 478-479];

йүче يُخاَұлы, биік, үстем; «хақ тәңри ари тәңри иүче тәңри (11б, 1)» (хақ тәңір, пәк тәңір, ұлы тәңір). Тас.: йүче//йүксек (высокое место, выдающаяся часть чего-л); БМ, БВ, ГИ, КФ, РХ, КИ, ат-Тухфа:йүче; Көне түркі тілі сөздігіндегі йүгәрү (вверх), йүксәк (высокий), йүксә- (возвышаться) сөздерімен салыстырар болсақ бәріне ортақ түбір йү екендігін аңғаруға болады. Ал бұл сөздердің барлығы қазіргі түркі тілдеріне кең тараған сөздер. Йүче сөзі қазіргі түрік (йүже), азербайжан (ужа) тілдерінде сақталған. Қалған түркі тілдерінде бұл мағынада улу (қаз. ұлы) сөзі қолданылса, қолжазбада осы екі сөз синоним сөздер ретінде жарыса қолданылған. Қ. улу.

улу اُلُو1. ұлы, биік, үстем; 2. үлкен; «бири улу тәһәрәтдүр бири кижи тәһәрәтдүр (6б, 2)» (бірі үлкен дәрет /тазалық/, бірі кіші дәрет). «ануңжүн улу китабдур (39б, 6)» (сол үшін ұлы кітап). «улу бу китабдан тәңри китабдан башға (40а, 6)» (ұлы бұл кітаптан, тәңір кітабынан басқа). «башларам улу тәңри ады бирлә (32б, 3)» (бастаймын ұлы тәңірдің атымен). Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне кең тараған сөз. ДТС: улуғ (болшой, 610); Басқа қыпшақ ескерткіштерінде улу//уллу//улуғ формаларында кездеседі. Сөз соңындағы ғ дыбысының түсуі осы дәуірде басталса керек. КК, ДМ, ГИ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, РХ, КИ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: улу; БВ, ИМ, КФТ, МГ: улуғ; ГТ: улу; улуғ; уллу; Қазіргі тілдерде: қаз.: жақсы; башқ.: оло; тат.: олы; қырғыз: улоо; түрік, азер.: улу; түркм.: улы; өзб., ұйғ.: улуғ; [7, 914-915];Қазақ тілінде қолданылып жүрген ұлы, ұлық сөздері бір сөздің бірі ескі, бірі жаңа күйі болып табылады.

Заттың мөлшерін білдіретін сын есімдер: аз اَذаз; «қачан олды нәжәсәт аз дирһәм қадарындан истинжа әйләмәк сүннәт олур (27а, 4)» (қажан нәжәсат дирхам деңгейінен аз болса истинжа жасау сүннетболады). Өлі, тірі түркі тілдерінде түгел кездеседі. ДТС: аз (мало, немного; 71); БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, ИН, ал-Каванин, МГ, ТА, ат-Тухфа: аз; РХ: аз, ас; қаз., қырғыз, өзб., башқ., тат., түрік, түркм., азер., ұйғ.: аз; [7, 38-39];

чоқچُقجُقкөп; «қажан кафир чоқ кәлсә (5б, 2)» (қашан кәпір көп келсе). «қажан кафир чоқ кәлсә (5а, 3)»(қашан кәпір көп келсе). «су чоқ дөкмәк аудазда йунғанда» (су көп төгу дәретте, жуынғанда). Қолжазбада сөз басындағы ч африкаты екі түрлі, джим (ج) әріпімен және  осы таңбаның астына үш нүкте (چ) қою арқылы берілген. Негізінде араб тілінде ч дыбысы болмағандықтан орта ғасыр ескерткіштерінде ч дыбысы осы екі таңбамен таңбаланған. ҚБ:чоқ (очен, чрезвычайно, гораздо, ДТС, 153); БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, ИН, РХ: чоқ; ДМ,  ал-Каванин, ат-Тухфа: шоқ; Қазіргі түркі тілдерінен тек түрік (чок) және азербайжан (чох) тілдерінде ғана «көп, өте» мағыналарында белсенді қолданылады. әйтседе қазақ тілінде қолданылып жүрген шоқ (бір шоқ гүл дегендегі), шоғыр, шоғырлану сөздері осы сөзбен төркіндес болса керек.

чоқрақ چُقرَاقкөбірек; «қажан олды чоқрақ дирһам қадарындан (27а, 1)» (қашан дирһам деңгейінен көбірек болса). -рақ жұрнағы чоқ сын есім түбірге жалғанып салыстырмалы шырайлы сын есім жасап тұр. Қ. Чоқ; -рақ.

йалңуз يَلكُوزжалғыз; «фатиха йалңуз оқумақ ахир ики рака’атда (20б, 5)» (жалғыз фатиха оқу ақырғы екі рәкатта). «йалңузсән ортағуң йоқдур саңа қайтармән тәубә идәрмән саңа (35б, 4)» (жалғызсың, ортағың жоқ, саған қайтамын, тәубе етемін саған). Ескерткіштер тілінде түрлі аллофондары кездеседі. Тас.: йалқыз (один, единственный); ДТС: йалғуз// йалаңуз// йалыңуз// йалыңус// йалңус// иалңуз// йаңус (один, единственный, 228); КК: йалғыз; БМ, БВ, ГТ, ИМ: йалғуз; ат-Тухфа: йалығыз; йалынғыз; ТА: йалықыз; КФТ: йалғуз; йалуғуз; йалуңуз; КИ: йалңуз; қаз.: жалғыз; башқ.: йаңғыз; тат.: йалғыз; қырғыз: джалғыз; түрік, азер.: йалныз; түркм.: йалңыз; өзб.: йалғыз; ұйғ.: йалғуз; [7, 960-961]; Бұлардан сөзге негіз болған түбірдің йалың (нагой, голы, обноженный, ДТС, 229; қаз. жалаң) сөзі екендігін аңғаруға болады.Түрлі фонетикалық құбылыстар нәтижесінде жоғарыдағы формалар қалыптасқан.

ексүк اَكسُك кем; «тәрк әйләмәгилә ексүк олур дәрәжәдә (43а, 5)» (тәрк етуімен кем болады дәрежеде). Ескі және бірқатар қазіргі түркі тілдерінде кездеседі. Сөзге негіз болған түбір ексү- (уменьшаться, убивать, недоставать; ДТС, 168), —к қимылдың нәтижесін көрсететін есім тудырушы жұрнақ. Қыпшақ жазба ескерткіштерінде сөз ортасында к//м//ф//й дыбыстары сәйкес қолданылған. ДТС: ексүк (недостаток, убыток, 169); ат-Тухфа: ексик; ГИ,  ИН, КФ, КИ, РХ: ексүк;  КК: ексик, ексүк, ефсик, ейсик; ТА: емсүк; МГ: иксик; иксүк; БВ, ГТ, ИМ: иксүк; Қазіргі түркі тілдерінің ішінде оғыз тілдерінде жақсы сақталған. түрік: ексик; азер.: әксик; түркм.: еғсик; қырғыз: өксүк;     

сану صَنُوесепсіз, шексіз; «йа иләһи йабғыл мәни сану рахмәтүң бирлә (34б, 2)» (Ей Тәңірім! Жаба көр мені есепсіз рахметіңмен). «тәжирлүгүм һәләк итмә сану рахмәтүң бирлә 35б. 1» (Саудамды жыға көрме шексіз рахметіңмен). Жоғарыда көрсетілген басқа ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. ҚТС: сану (есепсіз, 226).

Заттың сапасын, сыр сипатын, білдіретін сын есімдер: ары ارِىтаза, пәк; «ары тәңри 2а. 3» (пәк тәңір). «‘ибадат идүң тәңрийә ары көңүл бирлә (15б, 6)» (ғибадат етіңдер тәңірге пәк көңілмен) арыдур اَرِدُر«аның хүкми ол су арыдур (7б, 6)» (оның үкімі – ол су таза). «муқайад су арыдур (8б, 3)» (муқайад /шектеулі/ су таза). Көне түркі тілінде арығ тұлғасында кездесетін бұл лексема орта ғасыр жазба ескерткіштерінде арығ//ары//арав//арық//аров//ару//уру сипатында көрініс береді. Сөз соңындағы –ғ дыбысының элизияға ұшырауы және ығ< у  дыбыс алмасуы осы дәуірде болса керек. Сондай-ақ бірінші құбылыс (ғ дыбысыныың түсуі) оғыз тілінің ерекшелігі де, екінші құбылыс (ығ< у) қыпшақ ерекшелігі болып табылады. Нәтижеде қазіргі қыпшақ тілдерінде  ару (қазақ — ару(сұлу), татар – ару (таза), башқұрт – арыу (таза), қырғыз – ару (сап, таза), ал оғыз тобындағы тілдерде ары (түрік, азербайжан –ары) сыпатында қолданылады. Тіліміздегі ар (ар-намыс дегендегі) сөзі, осы сөздің абстракцияланып, соңындағы ы дыбысының түсуі арқылы қалыптасқан. Бұл сөздің негізгі түбір еместігін қазақ тіліндегі осы сөзбен ұялас ырықсыз етіс тұлғасындағы арылу және ескерткіш тіліндегі арын- етістіктерімен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады (Қ. арын-). Көне түркі тілінде арыочищаться [31, 51]; —ғсын есім жасайтын афикс (қазіргі тіліміздегі үз-үзік, сын- сынық сияқты). Ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, ҚБ- арығ [31, 51]; КК: ары; аров; арав; ДМ: ары; ГИ: ары; ару; ГТ: ары; ИМ: ары; арығ; КИ: ары; арығ; КФ: ары; арық; ару; МГ: ары;РХ: ары; ару; БВ: арығ, ТА: ару; Ат-Тухфа:ару [16, 10, 11, 13];

дәлү دَلُوжынды; «дахы дәлү олмақ киби (6а, 6)»(және жынды болу сияқты). Қолжазбада ол- етістігімен бірігіп, күрделі етістік құрайды. ДТС: телү (дурак, слабоумный, безумный, 551); ГИ, ИМ, КФТ, КИ: делү; КК, ТА: тели; КФ: делү; телү; ИМ: делү; тели; тилү; Түркі тілдеріне кең тараған сөздердің бірі. Тілімізде жиі қолданылатын «делқұлы» сөзінің құрамында сақталған. Сондай-ақ жеке өзі де сирек те болса ұшырасады /кәйіп тартқан дәлідей мәңгіріп отыр. Ә. Кекілбаев./. қаз: дәлі, делқұлы; башқ., тат.: тили; қырғыз: дели; ұйғ.: дәлли; түрік: дели; түркм., азер.: дәли; [7, 156-157];

йахшы  يَخشِىжақсы;«тәңри рахмәти сәләмәтлиги йарадламыш йахшы үстинә (1б, 4)» (тәңірдің рахметі, саламаттығы жаратылған жақсының үстіне). йахшыларжүн يَحشِلَرجُون«жәннәт йахшыларжүн (1б,2)» (жұмақ жақсылар үшін). йахшысы يَخشِسِى «йахшиси ол икиси айткандур» (жақсысы ол екеуі айтқан). «йахшы қуллуқ итмәгә (33б, 5)» (жақсы құлшылық етуге). Өлі және тірі қыпшақтілдері мен басқа да түркі тілдеріне белгілі лексема. ДТС: йақшы (хороший, добрый; 238); БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, МГ, РХ: йахшы; КИ, ТА, ат-Тухфа: йақшы; Қазіргі тілдерде й//ж//дж; х//қ//ғ және ш//с дыбыс сәйкесулері арқылы қалыптасқан. қаз.: жақсы; башқ.: йаксы; тат.: йахшы; қырғ.: джакшы; азер.: йахшы; түркм.: йағшы; өзб., ұйғ.: йахши; [7, 908];

йаман يَمَانжаман; «та киткәй йаман қоқу (30б, 1)» (жаман иіс кеткенге дейін). «шүкр Аллаһа сақлижидүр йамандан (32а, 2)» (шүкір Аллаға, жаманнан сақтаушы). Ескі және қазіргі түркі тілдерінде кең тараған. МҚ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: йаман; Қазіргі бір сыпыра түркі тілдерінде «жаман» мағынасымен қатар «ғажап, таңғажайып» деген мағынада да қолданылады. Дегенмен бұлар омоним сөздер болса керек.қаз.: жаман; башқ., тат.: йаман (жаман); йаман (ғажап); қырғыз: джаман (жаман); түрік: йаман (ғажап); азер.: йаман (жаман); йаман (ғажап); түркм.: йайаман (жаман); ұйғ.: йаман (жаман); өзб.: йáмáн (жаман)  [7, 508-509; 962-963].

йеңи يَكِىжаңа; «һәр бақғанда йеңи фаида (40б, 4; 41а, 1)» (әр қарағанда жаңа пайда). Өлі, тірі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінде тегіс қолданылады. ДТС: йаңы (новый, 234); БВ, ГИ, МГ, ал-Каванин: йеңи; йенги; КФ, ат-Тухфа: йеңи; йенги; йаңы; КК, ГТ, ИМ: йаңы; ИН, КИ, КФТ: йиңи; қаз: жаңа; башқ: йаңы; тат: йаңа; қырғ: джаңы; түрік, азер: йени; өзб: йәнги; ұйғ: йеңи; [7, 984-985];

йумшақ يُمْشَاغжұмсақ; құлақ жұмсағы; йумшағына يُمْشَاغِنَه йумшағындан يُمْشَاغِندَن «бир құлағ йумшағындан бир құлағ йумшағына дәгин (22б, 2)» (бір құлақ жұмсағынан бір құлақжұмсағына дейін). Көне түркі тілінде (МҚ, ҚБ) йумша- (смягчаться, ДТС, 279) «жұмсару» мәнінде қолданылған етістік түбір, ал қ (-ық, -ик,-к) көне қимыл есім жұрнағы. О баста тұйық етістік болған бұл сөз, кейін қолданылу ыңғайына байланысты зат есім, сын есім мәнінде жұмсалып отырған. Түркі тілдерініңе белгілі сөз. ДТС: йумшақ (мягкий, 279); БВ, ДМ, ГИ, ИМ, ИН, КИ, МГ, ТА: йумшақ; КК, ат-Тухфа: йумшақ; йумчақ; ГТ, ИХ, КФТ: йумушақ; КФ: йумшақ; йумушақ; ИН: йумшақ; йымшақ; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: жұмсақ; башқ., тат.: йомшак; қырғыз: джумшак; түрік: йумушак; азер.: йумшаг; түркм., өзб., ұйғ.: йумшак; [7, 998-999];

қаты قَتِىқатты; «қаты қаты күлмәк киби (6а, 6)» (қатты қатты күлу секілді). Сөздің түпкі түбірі қат- (становиться твердым, твердеть, ДТС, 432), жоғарыда көрсетіп өткен көне ығ (-қ,-ық; -ик)қосымшасының соңғы ғ дыбысының қысқарған түрі. Ескерткіштер тілінде осы екі (қаты//қатығ) тұлғасы да кездеседі. ДТС: қатығ (твердый, жесткий, крепкий,433); КК, ДМ, ИМ, ИН, КФ,КИ, РХ, ТА, ат-Тухфа: қаты ( қатты, берік); БВ, ГИ, КФТ: қаты (шамадан тыс); БВ: қаты, қатығ (қатты, берік; шамадан тыс); МГ: қатығ (қатты,берік, шамадан тыс);Қазіргі түркі тілдерінде де, ескерткіштердегі секілді «қатты, берік» және «аса жоғары, шамадан тыс (қатты күлу, қатты ұялу)», яғни бірі сын есім, бірі қимылдың сынын білдіретін үстеу мәніндерінде жұмсалады.қаз.: қатты; башқ., тат.: каты; қырғыз: катуу; түрік: каты; түркм.: гаты; өзб.: каттык; ұйғ.: каттик; [7, 450-451];

доғру دُغرُ – доғры دُغرِىдұрыс, тура; «хақ намаз фарздур дурандур доғры йолдур сәбитдүр (1б, 6)» (хақ намаз парыз, …, тура жол, тұрақты). «сүннәт ишләмәк доғру йолдур (38б, 6)» (сүннет жасау тура жол). Түркі тілдеріне түрлі фонетикалық варианттарда кең тараған. ДТС: тоғру (1. прямой; 2. правильный; 571); КФТ: доғры; доғру; КФ, ГИ: доғры; доғру; тоғры; КИ: доғру; ГТ, ИН, МГ: тоғры; ат-Тухфа:тоғры; тоғру;Қазіргі түркі тілдерінің бір қатарында сөз соңындағы ы дыбысы а— ға өзгерсе, енді бірінде сөз ортасындағы ғ дыбысы элизияға ұшыраған. Қазақ тіліндегі тура сөзі осы екі құбылысты да басынан өткеріп қалыптасқан. қаз.: тура; башқ.: тура; тат.: торы; қырғыз: туура; түрік, азер.: доғру; түркм., доғры; өзб.: тоғры; ұйғ.: тоғра; [7, 180];

керчек كَرجَك  — шын, шынайы; «иллә ниәтилә керчек  көңүллә (16а, 5)» (тек ниетпен, шын көңілмен); Қыпшақ жазбаларында керчек// кершек// кирчек// киршек тұлғаларында кездесетін бұл сөз, қазіргі тілдерден оғыз тобына кіретін тілдерде сақталған. ГИ, КФ: керчек; ДМ, ат-Тухфа: кершек; ИН: кирчек; ТА: киршек; түрік: герчек; азер: гәрчәк; түркм: гәрчә (шынында) [7, 266-267];

қолай قُلَىоңай; «әгәр қолай олмаса өдәмәги аны (21б, 1)» (егер оны өтеу оңай болмаса). «оқуңуз шул нәснә ким қолайдур қурандан (18а, 2)» (құраннан сол оңай нәрсені оқыңыз). Жазба ескерткіштертілінде сирек ұшырасады. Қазіргі бір қатар түркі тілдерінде кездеседі. ГИ, МГ, ат-Тухфа:қолай; түрік: колай; башқ.: кулай; түркмен.: голай; ұйғ.: колай; Тілімізде қолданылып жүрген қолайлы сөзінің негізі осы сөзден секілді.

         1. 2. 2. 2. Қатыстық сын есімдер: Қатыстық сын есімдердің жалғау арқылы басқа сөз таптарынан жасалатындығын, заттың сыр-сипатын басқа бір заттың қатысы арқылы жасалатындығы белгілі. Ескерткіш тіліндегі қатыстық сын есім жасаушы жұрнақтар жөнінде «сөз тудырушы жұрнақтар» бөлімінде кеңінен сөз ететін боламыз.

адлу اَدلُوатты, есімді. «аңды Кәрхи мухтасар адлу китабында (8а, 3)» (еске алды Кәрхи «Мухтасар» атты кітабында). «мухтәләф адлу китабында‘уйун адлу китабында (8б. 3)» («Мухтәләф» атты кітабында /және/ «‘уйун» атты кітабында). «ол Әби Йусуф аңды амали адлу китабында 9 а. 6» (ол Әбу Йусуф еске алды амали атты кітабында). Сөзге негізболған ад зат есім түбір, ал –лу сын есім тудырушы –лығ жұрнағының соңғы ғ дыбысының түсірілген варианты. Түбір күйінде де, туынды түбір күйінде де түркі тілдеріне тегіс белгілі сөз. ДТС: адлығ; атлығ (называемый, по имени ); ИМ: атлы; атлығ;

беллү بَلُّوбелгілі; «араб дилиндә ‘ибаратдур дудан беллү рүкүнләрдән (6а, 1)» (араб тілінде дуадан, белгілі шарттардан тұрады). «жикишмәк беллү олур (20а, 2)» (тартыс белгілі болды). Түркі тілдеріне белгілі сөз. ДТС: белгүлүг (приметный, заметный; 93); белгүсүз (без приметы; 94); Қыпшақ жазба ескерткіштерінде бірнеше вариантта кездеседі. КИ:  белгү; белгүлү; КФТ: белгүлү; ГТ: билгили; билгүли; ИМ: билгүлү; Сөздің бастапқа түбірі бел- (белгілеу) етістігі, —гү жоғарыда айтып өткен зат есім тудырушы жұрнақ (оғыз тілдерінде бұл жұрнақ кейде алдыңғы г дыбысы, кейде екеуі де қысқарып кетеді), ал –лү көне түркі тіліндегі –лүг сын есім жұрнағының соңғы г дыбысының түсірілген формасы. Беллү сөзі оғыз элементі. Қазіргі оғыз тілдерінде де осылай қолданылады. қаз.: белгілі; башқ.: билдәли; тат.: билгили; қырғыз: билгүлүү; өзб.: белгили; ұйғ.: билгелик; түрік, түркм.: белли; азер.: бәлли; [7, 60-61];

бәңзәтмәксүз بَكزَتمَك سُوزұқсасы жоқ; теңдессіз; «ол Аллаһ бирдүр ортағы йоқдур бәңзәтмәксүз батталлықсуздур (45б, 1)» (Ол Алла бір, ортағы жоқ, теңдессіз, шексіз). Бастапқы түбір бәңзә- (ұқсау); -т- өзгелік етіс жұрнағы; -сүз сын есім тудырушы жұрнақ. Қ. бәңзәт-; -мек; -сүз.

дүрлү دُرلُтүрлі; дүрлүдүр دُرلُدُر «хақ фарз ики дүрлүдүр (4б, 4)» (хақ парыз екі түрлі). «аудазсызлық ики дүрлүдүр (6а, 2)» (дәретсіздік екі түрлі); «хақ арилық ики дүрлүдүр (6б, 2)» (хақ тазалық екі түрлі). «хақ истинжа  тоқуз дүрлүдүр (26б, 1)» (хақ истинжа тоғыз түрлі). «хақ аудаз ики дүрлүдүр (38б, 1)» (хақ дәрет екі түрлі). Түркі тілдеріне белгілі сөз. Негізгі түбірі дүр//түр, лү (-лүг)сын есім тудырушы жұрнақ. ДТС: түрлүг (разный, различный; 599) ГИ, ИН,КФ, КФТ, РХ: дүрлү; ГТ: түрли; КК: түрлү; БВ, ИМ, МГ: түрлүг; Қазіргі тілдерде: қаз.: түрлі; башқ.: төрлө; тат.: төрли; қырғыз: түрдүү; түрік: түрлү; түркм.: дүрли; өзб.: түрли; ұйғ.: түрлүк; [7, 908];

сәвгилү سَوكِلُсүйкімді; жағымды; севгилүдүр سَوكِلُدُر«қажан дүкүнсе аудаздан севгилүдүр ол кишийе (35б, 1)» (қашан дәрет алу түгессе ол кісіге сүйкімді /жағымды/). Сөз түбірі сев- (любить; ДТС, 497), —гү//үгжоғарыда айтып өткен қимыл есім және зат есім тудырушы, ал –лү//лүг есім сөздерден сын есім тудырушы жұрнақ. ДТС: севүг, севіг, севиглиг (любимый, любящий, милый; Мқ., ҚБ; 498); КФТ, ИМ: севгүлү; ТА, КИ: севгү; Демек тіліміздегі сүйіктісөзі е//ү; в//й, л//т заңдылықтары арқылы қалыптасқан. қаз.: сүйікті; башқ.: һөйөклө; тат.: сөйикли; қырғыз: сүйүктү; түрік, азер.: севгили; түркм.: сөйғүли; ұйғ.: сүйүмлүк; өзб.: севикли; севгили; [7, 664-665];

йүрүн يُرُنжүрген, аққан; «йүрүн қан киби (6а, 4)» (аққан қан секілді). Сөз түбірі йүрү- етістігі, ал –н жоғарыда біз көрсеткен етістіктен есім тудырушы қосымша болса керек. Ескерткіштер мен қазіргі тілдерде кездеспейді.

Грамматикалық оқулықтарда сын есімдерге заттың әр түрлі сыр-сипатын білдіретін, ешбір қосымшасыз негізгі сын есімдерді жатқызады. Бұл қазіргі тіл нормасы тұрғысынан дұрыс та. Алайда қазақ тілі мен қазіргі басқа да түркі тілдерінде негізгі сын есімдерге жатқызылып жүрген сөздердің басым көпшілігі, тарихи тұрғыдан не түбір мен қосымшаның кірігіп, кейінгі даму барысында түбір мен қосымша өзінің негізгі мағынасынан ажырап, сын есім мәнінде тұрақталуынан, немесе басқа сөз табынан адъективация процесі арқылы сын есім мәніне ие болғандығын көреміз. Мұны жоғарыда қолжазба тіліндегі сын есімдердің даму және қалыптасу тарихынан да айқын аңғардық. Демек басқа сөз табынан жасалған туынды сын есімдер немесе басқа сөз табынан семантикалық даму барысында адъективтенген сын есімдер де уақыт өте келе сапалық сын есімдердің мәніне ие болып, сол топқа ауысып отырады.

1. 2. 3. Сан есімдер. Қолжазба тілінде сан есімдерге жататын көптеген сөздерді кездестіреміз. Олар мағыналарына және тұлғаларына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

         1. 2. 3. 1. Есептік сан есімдер. Бұл топқа жататын сан есімдерді ішін-ара тұлғасына қарай дара және күрделі деп екі топқа жіктеуге болады. а. Дара есептік сан есімдер: бир بِرْбір; «бир хадис де дахи нәбидән (3а, 6)» (бір хадис та, тағы пайғамбардан). «намаздан бир қумашилә (13а, 1)» (намаздан бір киіммен). «әгәр тәрк итсә бир нәснә шарт дигәнүмүздән (21а, 4)» (егер тәрк етсе бір нәрсе шарт дегенімізден). Өлі, тірі түркі тілдерінде сан есімдер ішінде ерекше орны бар, қолданылу аясы өте кең бір сан есімінің арғы тегін кей ғалымдар (Рамстед) моңғолдың бүрі (бәарлығы) сөзінен шыққандығын, және тіліміздегі бәрі сөзімен төркіндес екендігін жорамалдайды. Және де сөз ортасындағы еріндік ү дыбысының қысаңдануы түркі тілдерінің қалыптасу барысындағы құбылыс дегенге сүйенеді. ДТС, Тас.: бир (один); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: бир; қаз., ққ,, ноғ., қарайым, құм., қырғыз, түрік, азер., түркм., ұйғ., өзб.: бир//бір; башқ., тат.: бер//бир;

ики اِكِекі; «хақ фарз ики дүрлүдүр (4б, 4)» (хақ парыз екі түрлі). «аудазсызлық ики дүрлүдүр (6а, 2)» (дәретсіздік екі түрлі); «айақларуңузы  йуңуз ики тапуқ қадарынжа (11а, 6)» (аяқтарыңызы жуыңыздар екі тобыққа дейін). Кей ғалымдар арғы мәні көмескіленіп кеткен «еру, ілесу» мәніндегі екетістігімен байланыстырады да, жоғарыда біз көрсеткен екінті//икинди сөзін ик-ин-ти түрінде жіктеп көрсетеді (Рамстед, М. Томанов). ДТС: екі//йкі//йккі; ГИ, ГТ, ИМ, ИН,  КФТ, МГ, РХ, ал-Каванин: ики; БМ, ат-Тухфа: икки; ГТ: ики; икки; КК: еки; екки; КФ: ики; еки; ДМ: йекки; ТА: йики; қаз., ққ,, ноғ., қарайым, құм., қырғыз: еки//екі; түрік, азер., түркм., башқ., тат.: ики;  ұйғ., өзб.: икки;

үч اُچ اُجүш; «йумақ фарз олан а’залары бирдән үче дегин(24а, 2)» (парыз болған мүшелерді бірден үшке дейін жуу). «буйурды бизә йумағы үч ағзайы (11б, 1)» (бұйырды бізге үш мүшені жууды). үчдән اُوجدَن «йумақ фарз олан а’залары үчдән артуқ (26а, 5)» (парыз болған мүшелерді үштен артық жуу). Көнеден келе жатқан элемент. Қолжазбада сөз соңындағы ч африкат дыбысы жоғарыда атап өткендей екі түрлі таңбамен берілген. ДТС: үч (621).БМ, БВ, КК,  ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ТА, ат-Тухфа: үч; ДМ: үч; үш; ал-Каванин: үш; қаз.: үш; қырғыз,түрік, азер., түркм., ұйғ., өзб.: үч; башқ.: өс; тат.: өч;

дөрт دُرتтөрт; «аудазуң фарзы дөртдүр (22а, 5)» (дәреттің парызы төртеу). «ол дөрт дидүгүмүз андан фарздур (26б, 5)» (ол төрт дегеніміз одан парыз). Көне түркіі тілінде төрт (четыре, ДТС, 581) сыпатында болған бұл есептік сан есім, орта ғасыр жазбалары мен қазіргі түркі тілдерінде т//д заңдылығы бойынша қалыптасқан. БМ, БВ, ИМ, КИ: төрт; ИН: түрт; ДМ, ГИ, ИН, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: дөрт; КК, ГТ, МГ: төрт; дөрт; КФТ: дөрүд; дөрүт; КФ: дөрт; дөрд; қаз., ққ,, ноғ., қарайым, құм., қырғыз, ұйғ., өзб.: төрт; түрік: дөрт; азер.: дөрд; түркм.: дөөрт; башқ., тат.: дүрт;

биш بِشْбес;«сақламағы биш уақт намазы (2б, 1)» (бес уақыт намазды сақтауды). «ислам йапылды биш үстинә (3а, 3)» (силам құрылды бес /нәрсе/ үстіне). «қылуңуз биш намазыңуз (3а, 2)» (оқыңыздар бес намазыңызды). Бұл лексеманың арғы негізі тіліміздегі білек (қол) сөзімен ұялас дейтін пікірлер бар. Сондай-ақ, о баста пел түрінде айтылған деседі. Ал л//ш сәйкестігі түрік моңғол және чуваш тілі мен қазіргі басқа түркі тілдері арасындағы кездесетін құбылыс. А. Зайончковский, ДТС: беш (пять); ал-Каванин: бейш; БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ТА, ат-Тухфа: биш; қаз.: бес; қырғыз, түрік, азер.,  өзб.: беш; түркм., ұйғ.: бәш; башқ., тат.: биш;

         алтыالتِىалты;«намазуң шартлары алтыдур (10а, 2)» (намаздың шарты алты). «кижер силинмек алты нәснә бирле (29а, 6)» (алты нәрсемен сүрту жарамды). «мәкрүһдүр истинжа алты несне бирле (29б, 2)» (алты нәрсемен истинжа /жасау/ мәкрүһ). Қазіргі түркі тілдерінде көне формасын сақтаған. Арғы тегі ал- етістігі, ал -ты генизистік жағынан қазіргі жедел өткен шақ түлғасы жасайтын -ды қосымшасының көне түркілік қимыл есім мәніндегі варианты деген жорамал бар. ДТС, БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа:алты; қаз., ққ,, ноғ., қарайым, құм., башқ., тат., қырғыз, түрік, азер., түркм., өзб.: алты; ұйғ.: алтә;

йиди يِدِيжеті; «намазуң уәжибләри йидидүр (19б, 1)» (намаздың уәжіптері жеті). Этимологиялық жағынан алты сөзі секілді же- (жеу) етістігімен –ти қосымшасы арқылы қалыптасып, жейтін, ұстайтын /саусақ/ мағынасынан туындаған болуы керек. Көне және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінде көптеген фонетикалық варианттарда кездеседі. ДТС: йети; йетти; йити (семь; 259; 263); КИ, ал-Каванин, ат-Тухфа: йеди; БМ: йедди; КК, ДМ: йети; йетти; ТА: йети; КФ: йеди; йети; йиди; ГИ: йеди; йетти; КИ: йетти; ГТ, ИН, КФТ, РХ: йиди; БВ, ИМ, МГ: йити; қаз.: жеті; қырғыз: джети; түрік, түркм.: йеди; азер.: йедди; ұйғ.: йәттә; өзб.: йетти; башқ.: йити; тат.: джиди; [7, 980-981].

сикиз سِكِزсегіз; «тәңри таَала ачғай аңа сикиз учмақ қабусы (36б, 3)» (Тәңір тағала оған сегіз жұмақ есігі ашсын). Көне және қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. Оншалықты тұлғалық өзгеріске де түсе қоймаған. Сөз ортасындағы е//и, к//г сәйкестіктері түркі тілдері арасындағы әдеттегі құбылыс. Тас.: сегіз; секіз; сакіз; сигез; һигез; сәккиз (восемь; 186). ДТС: секіз; секкіз (494). КК: сегиз; БВ, ДМ, ГИ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: секіз; БМ, ГТ: секкиз; қаз., қырғыз: сегіз; башқ.: һигиз; тат.: сигиз; түрік, түркм.: секиз; азер., ұйғ., өзб.: сәккиз; [7, 758-759].

тоқуз طُقُزтоғыз; «хақ истинжа  тоқуз дүрлүдүр (26б, 1)» (хақ истинжа тоғыз түрлі). Бұл сан есімнің арғы тегін моңғол тіліндегі төкір, түркілік дөкір (икемсіз, әдепсіз)сөзімен байланыстырады. Және де чуваш тілінде тохар тұлғасында айтылады екен. Яғни, «дөкір саусақ, икемсіз саусақ» деген ұғымнан туындағанға ұқсайды [30, 202]. Сөз соңындағы р//з сәйкестігі, Рамстеттің пікірінше сегіз сөзімен анология жасауда. Тас.: тоқуз// тоғуз//тақуз//тоққуз//тоғыз//туғыз (203). ДТС: тоқуз; тоқус; (девять, 578). БМ: тоғуз; тоққуз; тоқуз; БВ,ГТ, ИМ, ИН, МГ, ал-Каванин, ТА: тоқуз; ДМ, ат-Тухфа: тақуз; КФ: доқыз;ГИ: доқуз; қаз.: тоғыз; қырғыз: тоғуз; башқ., тат.: туғыз; түрік, түркм.: докуз; азер.: доггуз; ұйғ.: токуз; өзб.: тоққыз; [7, 182-183].

он اُونон; «аудазуң сүннәтләри ондур (23б, 1)» (дәреттің сүннеті он). Жоғарыда біз көрсеткен ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде тегіс осы тұлғада. Тіптен бірсыпыра Алтай тілдерінде кездеседі. Мұншалықты кең жайылуы сөздің тым көнеден келе жатқанының дәлелі болса керек. он (десять; Тас, 176, ДТС, 367).

йигирми يكِرمِىжиырма; «хақ иман дахы шари’ат әйләнүр йигирми дүрлүдүр (45б, 5)» (хақ иман және шариғат жасалады жиырма түрлі). Бұл сан есім генезистік жағынан екі сөзімен байланыстырылады. Сөздің о бастағы тұлғасы еки-р-ма сыпатында болған деп болжайды [30, 203]. Сондай-ақ сары ұйғыр тілінде бұл сан есім икки он түрінде аналетикалық тәсіл арқылы беріледі. Көне түркі тіліндегі йигирми тұлғасы, орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде де сақталған. Тек бірлі жарым ескерткіштерде ғана сөз басындағы й дыбысының түсуі байқалады. ДТС: йигирми; йегирми (двадцать; 253); , БМ, БВ, ГТ, ИМ, КФТ, КИ, РХ, ал-Каванин, ТА: йирми; ГИ, КФ: йигирми; игирми; қаз.: жиырма; қырғыз: джирма; башқ., тат.: йигирми; түрік: йирми; түркм.: йиғрими; азер.: ийирми; ұйғ.: жигирмә; өзб.: йигирмә; [7, 990-991].

илиг اِلِكелу; «тәңри таَала виргәй аңа илик йыллық қылмыш савабы (36а, 6)» (тәңір тағала берсін оған елу жылдық қылған сауапты). Көне түркі тіліндегі варианты елиг (пятьдесят; ДТС, 170). Сонымен қатар елиг«алақан, қол» мағынасында да жұмсалған [31, 170]. Сондықтан да бірсыпыра зерттеушілер бұл сөздің қалыптасуына қол мағынасындағы елиг сөзі негіз болған деген пікірді алға тартады. Тас.: еллі//еллік илла//елу (пятьдесят; 111); БВ: еллиг; ИМ: елиг; илиг; илли; ГТ: илли; МГ: иллиг; ДМ: йелли; БМ, ГИ, КФ, КИ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: елли; қаз.: елу; қырғыз: елүү; башқ., тат.: илли; түрік, түркм.: елли; азер.: әлли; ұйғ.: әллик; өзб.: еллик; [7, 210-211].

         б. Күрделі есептік сан есімдер:он ики اُن اِكِىон екі; он икидүр اُن اِكِدُر «намаз сүннәтләри он икидүр (20а, 6)» (намаз сүннеттері он екі). Он және ики дара сан есімдердің тіркесуі арқылы күрделі сан есім жасалып тұр.

дөрт йүз دُرت يُزтөрт жүз; «оқулды мәнүм үстинә дөрт йүз кәз (40б, 6)» (оқылды менің үстіме төрт жүз рет). Дөрт және йүз сандарының тіркесіп күрделі сан есім құрап тұр.

1. 2. 3. 2. Реттік сан есімдер. Есептік сан есімдерге –нчи, -инчи, -нчы, -ынчы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: икинчи اِكِنجِىекінші; «дахы қылды соңра иртәйи икинжи күн (15а, 3)» (және оқыды таң намазын екінші күн). «икинжи сығынмақдур Аллаһа (31а, 3)» (екінші, Аллаға сиыну). Ики есептік сан есіміне –инчи қосымшасы жалғану арқылы реттік сан есім жасалған. Қ. ики; -инчи; Бұл жалғау көне түркі тілінде сан есімдерге –нч түрінде жалғанса, тек екі есептік сан есімінен реттік сан есім –нти аффиксі арқылы (екинти)  жасалынған. Бұл форма қазіргі түркі тілдерінде мезгіл атауы (түстен кейін) және сол мезгілде оқылатын намаз атауы ретінде сақталғанын жоғарыда айтып өттік. ДТС: икинди (второй, другой; 206); БВ, ИН, КФТ, КИ, КК, МГ, РХ: икинчи; КК: екинчи;

  үчинчи اُجِنجِىүшінші; «үчинчи силингәй үч ташилә йа үч кисәкилә (31а, 6)» (үшінші, сүртілсін үш таспен не үш кесекпен). «егер арынса ики ташиле мухтаж олмаз үчинчийе (28а, 3)» (егер тазарса екі таспен, үшіншіге мұқтаж болмайды). ДТС: үчүнч; үчүнчи; үчүнчү (третий; 622); БВ, КК, КФ, КИ: үчүнчи; ИХ, РХ: үчүнчү;  ал-Каванин: үшинши; Қ. үч; -инчи;

дөрдинчи دُردِنجِىтөртінші; «дөрдинчи чықмақдур сағ айағы бирле (31б, 2)» (төртінші оң аяғымен шығу). «дөрдинчи арытғай қарныны харам йемекден (37б, 4)» (төртінші, тазартсын тілін арам тамақтан). ДТС: төртинч; төртүнч (четвертый; 581); КФТ: дөрдүнчи; РХ, ИН: дөрдүнчү; КИ: дөрдинчи; Қ. дөрт; -инчи;

бишинчи بِشِنجِىбесінші; «бишинчи шүкр әйләмәкдүр Аллаһа (31б, 3)» (бесінші Аллаға шүкір ету). «бишинчи арытғай арқасыны харам кәймәкдән (37б, 5)» (бесінші арқасын харам киімнен тазарту). ДТС: бешинч (пятый; 97); КФТ, ИН, РХ: бишинчи; ал-Каванин: бейшинчи; ат-Тухфа: бечинжи; Қ. биш; -инчи;

алтынчы اَلتِنجِىалтыншы; «алтынчы сөйләмәгәй су әвиндә (32а, 3)» (алтыншы, сөйлемесін әжетханада). «алтынчы аудаз алмақдур шари’атда (37б, 6)» (алтыншы, дәрет алу шариғатта). ДТС: алтынч (шестой; 40); РХ, КИ: алтынчы; КК: алтунчы; Қ. алты; -ынчы;

         1. 2. 4. Үстеулер. Ескерткіш тілінде сан жағынан басқа сөз таптарына қарағанда аз ұшырасатын үстеулерді мағыналық жақтан қазақ тіліндегідей мынадай топтарға бөлінеді:

1. 2. 4. 1. Мезгіл үстеулер: кижә كيِجَهтүн; «жинләр иман кәтүргән кижә (28б, 4)» (жындар иман келтірген түні). кижәнүң كِجَانُك «кижәнүң түлси кижкәндән соңра (15б, 4)» (түннің үште бірі өткеннен кейін). Өлі және түркі тілдерінің барлығында кездеседі. ДТС- кечә, кичә(ночь, поздний вечер 291);  КК, КФ, КФТ, КИ, ал-Каванин: кече; ат-Тухфа: кече; кеше; ТА: кейже; БВ, КК, ГИ, ГТ, КФ, КФТ, МГ, РХ: киче; Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз семантикасы тұрғысынан үш түрлі көрініс береді. Түркі тілдерінің оғыз тобында көне «түн» мағынасын сақтаса, түн (дүн) сөзі керісінше «кеше (вчера)» мағынасында айтылады.  Қыпшақ тобындағы тілдерде «бір күн бұрын (кеше-вчера)» мағынасында қолданылады. Ал қарлұқ тобындағы тілдерде кечә сөзі осы екі мағынаны да /ноч, вчера/ қамтиды. қаз.: кеше (вчера); түн (ночь); башқ.: кисә (вчера); төн (ночь); тат.: кичә (вчера); төн (ночь); өзб.: кечә (вчера); түн (ночь);  ұйғ.: кичә (ночь, вчера); түн (ночь); түрік: геже (ночь); дүн (вчера); азер.: гежә (ночь); дүн (вчера); түркм.: гиже (ночь); дүйн (вчера);  [7, 444-445]. Тілімізде және басқа түркі тілдерінде жиі қолданылатын кеш (поздно) мезгіл үстеуі мен кеш- етістігі де осы сөзбен төркіндес болса керек.

күндүзكُندُزкүндіз; «күндүз оруж дутмыш олғай кижә намаз қылмыш олғай (36а, 6)» (күндіз ораза тұтқан болсын, түнде намаз оқыған болсын). Ескі және қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. Көктүрік: күнтүз; МҚ, КБ: күндүз; БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФ, КИ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: күндүз; КФТ: күндүзин; БМ: күндүз; күнтүзүн; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: күндіз; башқ.: көндөз; тат.: көндиз; қырғыз: көндүз; түрік, азер.: гүндүз; түркм.: гүндиз; ұйғ., өзб.: күндүз; [7, 292-293].

икиндиاِكِندِىтүстен кейін, екінді намазы уақыты; «шул уақт күнәш кәжкәндә нағлуң тасмасы қадар дахы қылды икинди (14б, 3)» (сол кезде күн аяқкиімнің таспасына дейін өткенде және екінді намазын оқыды). Түркі тілдерінің көбіне етене таныс, көбіне түскі намаз уақытының атауы ретінде қолданылады. Ескерткіштер тілінде көптеген аллофондары кездеседі: ИМ, КИ: икинди; ГИ: икиндү; ТА: йикиндү; йикиз; КК: екинди;КФ: икинди, икиндү; ат-Тухфа: иккинди; БМ: йекиндү; Көне түркі тілі сөздікігінде: «икинди – второй, другой [31, 206]» деп ҚБ және МҚ-дан мысалдар келтіреді. Демек «күннің екінші жартысы немесе екінші намаз уақыты» деген мағынада қолданылса керек. Жалпы бұл лексеманың морфологиялық құрылымы жайында С. Боранбаев өзінің монографиясында: «сөздің негізгі түбірі — екі;  —н жұрнағы көмектес құралдық қазіргі көмектес септігінің көрсеткіші (-н//ын//ін//ун//үн//ан//ен), ол өзі бірнеше мағына береді, осы күнгі қазақ тілінде өлі жұрнақ, оның кейбір іздері ғана бай-қалады, көбінесе үстеу қызметінде жұмсалады. Мысалы, күндүзін, қысын, бу жылын, ертен (ертең), жазын, күзін, т.т.: -ты//ті//ды//ді//ту//тү//ду//дү жалпы түркі тілдерінде сирек те болса, үстеу формасын тудыру үшін қызмет атқарады» дейді [22, 97]. Қазіргі түркі тілдерінде: Қаз: екінді; Ноғ: экинди; башқ., тат., түрік, азер., түркмен.: икинди;  [7, 376-377].

иртә اِرتَهтаңертеңгі уақыт; таңғы намаз; «шул уақт икинжи иртә чықтуқда (14б, 1)» (сол кезде екінші таң шыққанда). иртәйи اِرتَيِ «қылды иртәйи әуәл күндә (14а, 6)» (және таң намазын оқыды). Түркі тілдеріне кең тараған мезгіл үстеуі. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де мезгілге байланысты бірнеше мағынада кездеседі. . МҚ, КБ: ертә (рано, утро) [7, 182]; БМ, ГТ, КФ, КИ, ТА: ирте (ертең); БВ, ГИ: ирте (кейін); ИМ, КФТ, ат-Тухфа: ирте (таңертең); КК: ерте (әуелгі; дәл уақытында; таңертең); КФ: ирте, ерте (ертең) [16, 75, 114];Ал, біз сөз етіп отырған қолжазба тілінде «таңертең» мағынасымен қатар таңғы намаздың атауын да білдіреді. Ал бұл мағынада басқа ескерткіштер тілінде де, қазіргі түркі тілдерінде де кездеспейді. Қазіргі түркі тілдерінде де мағыналары арасында әртүрлілік бар. Мысалы, қаз., қырғыз: ерте (рано); башқ., тат.: ирте (утро); өзб.: ертә (утро, рано); ұйғ.: әртә (утро, рано); түрік: ертеси (ертесі);  түркм.: дирсек; азер.: ертәси (ертесі, келесі); [7, 220-221; 729].

йатсу يَتسُوкүн батқаннан бір жарым сағаттан кейінгі уақыт, құптан намазы уақыты; «дахы йатсу олғанда (14а, 2)» (және құптан уақыты болғанда). йатсуйы يَتسُوِى«дахы қылды йатсуйы (14б, 4)» (және құптан намазын оқыды). Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде йатсу//йатсы//йатсу тұлғаларында кездеседі: ИМ: йатсы; ГИ, ИХ, КФ: йатсу; ВМ, ТА: йатсун; Қазіргі бір қатар түркі тілдерінде «жатар уақыт» және сол уақытта оқылатын намаздың атауы ретінде қолданылады: башқ., тат.: ййәтсү; түркм.: йассы; түрік: йатсы[7, 974-975].

өйлә اُيْلَهтүскі мезгіл; «шул уақт өйлә олғанда (14а, 2)»(солкезде түскі мезгіл болғанда). өйләйи اُيْلَيِ «дахы қылды өйләйи (14б, 2)» (тағы оқыды түскі намазды). өйле//өғле//өғлен сыпаттарында қазіргі бірқатар түркі тілдерінде қолданылатын бұл лексема орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде өйлә//өйле//өйлен//евле//ейлен секілді бірнеше фонетикалық формасы кездеседі. Қолжазбада «түскі мезгіл» мезгіл үстеу мағынасымен қатар, түсте оқылатын намаздың атауы, яғни зат есім қызметінде де жұмсалған. Сөздің түпкі түбірі өй (время; ДТС, 377), ал –лен өлі қосымша морфема болса керек (Қ. —лен). ДТС: өйле (полдень, 382); ГИ, ИХ, КФ: өйле (түс); ТА: өйлен (түсте); ГТ: евле (түс); БМ: ейлен (түс); баш., тат.: өйлә (түс); түрік: өғле; өғлен (түс, түсте) [7, 674-675].

1. 2. 4. 2. Мекен үстеулер: қаршу قَرشُқарсы; «қыблайа қаршу дурмақ (10а, 4; 13б, 3)» (қыблаға қарсы тұру). «қыблайа қаршу дурмақ шартдур (13а, 4)» (қыблаға қарсы тұру шарт). «қыблайа қаршу  отурмақ тәрк әйләмәк (25а, 2)» (қыблаға қарсы отыруды тәрк ету). «күнәшә қаршу отурмағай (25а, 4)» (күнге қарсы отырмасын). Өлі, тірі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. ДТС: қаршу; қаршы (противополжность, противоположный; против, навстречу, 429). БМ, БВ, ИМ, ГИ, КФ, КФТ, МГ, РХ: қаршу; КК, ал-Каванин: қаршы; ГТ: қаршу; қаршы; ат-Тухфа: қарш; Қазіргі тілдерде: қаз.: қарсы; башқ., тат., қырғыз, түрік, өзб.: каршы; азер., түркм.: гаршы; ұйғ.: карши; [7, 444-445];

дашқары دَشقَارِтыс, тысқары; дашқарыдур دَشقَارِدُر «биши андан тәндән дашқарыдур (46а, 2)» (олардан бесеуі тәннің тысында). «ол биш дидүгүмүз тәндән дашқарыдур (46б, 5)» (ол бес дегеніміз тәннің тысында). Қыпшақ жазба ескерткіштерінде көптеген фонетикалық формада кездеседі. ГИ: дашғары; дашра;ташғары; КФ: дашғары; дашра; КФТ: дашғары; дышра; дашра; ат-Тухфа: ташары; ташқару; ИМ: ташғару; ташқары; ташра; КИ: ташқара; БВ: ташқары; ташра; ГТ: ташқару; КК ташқару; таштын; МГ: тышқару; Қаріргі тілдерде: қаз.: тысқары; башқ., тат.: тыш; қырғыз: тышқары; түрік, азер.: дышары; өзб.: тәшқари; түркм.: дашары; ұйғ.: ташқыры; [7, 170-171]; Көнеден келе жатқан сөз. Сөз түбірі тыш//таш//дыш//даш (тыс), ал -ғару//иру//қару//керү; -ғар//гер форманттары — бағыт пен бағдарды білдіретін барыс септігінің көне түлғалары [31, 653]. Тілімізде жоғары, ілгері сөздері құрамында түбірмен тұтасып, түпкі түбірлері өлі түбірге айналса, дашқары сөзінің түбір күйі де түркі тілдерінде кеңінен қолданылады.

йақын يَقِينжақын; «та йақын билгәй (30а, 4)» (жақын білгенге дейін). «ол киши сүрүткәй уйатлығын  та йақын олғай қурумаға (30а, 3)» (ол кісі сүртсін ұятты жерін, құрғауға жақын болғанға дейін). Ықлым заманнан бері келе жатқан, өлі және тірі түркі тілдеріне белгілі лексема. ДТС: йақын (близкий; 237); БВ, ДМ, ГТ, ГИ, ИМ, ИН, КФ, КИ, МГ, РХ,ат-Тухфа: йақын; Қазіргі тілдерде: қаз.: жақын; қырғыз: джакын; башқ., тат., түрік, түркм.: йакын; азер.: йахын; ұйғ.: йекин; өзб.: йақын; [7, 956-957]; Сөздің түбірі көне түркі тіліндегі йағ- (приближаться, ДТС, 224); —ын жұрнағын М. Томанов қимыл есім тудырушы афикс екендігін айтады (тіліміздегі жауын, сауын сөздері құрамында кездеседі). Алайда Күлтегін ескерткішіндегі йан- (жақындау) және қазақ тіліндегі жанау, жанасу етістіктерімен салыстырар болсақ бұл сөздің өзін йа-қ түрінде бөлшектеуге тура келеді. Олай болса йақын үшінші дәрежелі түбір сөзге айналады.Сондай-ақ тіліміздегі жуық сөзінің де осы сөзбен ұялас екендігін көруге болады. Йа+ғ+уқ (близкий; ДТС, 225)>жуық; йа+ғ+ын> йақын (близкий; 237) > жақын;

сағ صَاغсағ; «қомақ сағ елини сол әли үстинә (20б, 1)» (оң қолын сол қолының үстіне қою). «бурнына су вирмәк сағ или бирлә (25а, 6)» (мұрнына су беру оң қолымен). «сүмгүрмәк сағ или бирлә (25б, 6)» (оң қолымен сіңбіру). «истинжа әйләмәк сағ или бирлә (26а, 3)» (оң қолымен истинжа жасау). Бір сыпыра ескерткіштерде сағ//сав тұлғаларында кездеседі. Қазіргі оғыз тілдерінде белсенді  қолданылады. ДТС: сағ (правый, МҚ, 480); БВ, ГИ, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ: сағ; КК: сав; түрік, азер., түркм.: сағ;

сол سُولсол (левый); «қомақ сағ елини сол әли үстинә (20б, 1)» (оң қолын сол қолының үстіне қою). «сүмгүрмәк сол или бирлә (25б, 1)» (сол қолымен сіңбіру). «ағзына су вирмәк бурнына су вирмәк сол или бирлә (25б, 5)» (аузына су беру, мұрнына су беру сол қолымен). «әууәли башламақдур сол айағ бирлә (31а, 3)» (әуелі сол аяқпен бастау). ДТС: сол (левый, 508); Жалпы түркі тілдеріне белгілі сөз. Жоғарыда көрсетілген ескерткіштер мен тілдерде тегіс кездеседі. Кей ескерткіштерде сөз соңында л//ң дыбыстары сәйкеседі. БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИН, КФ, КФТ, МГ, РХ, ат-Тухфа: сол; ИМ, КИ: сол; соң; қаз., қырғыз, түрік, азер., түркм., ұйғ., өзб.: сол; башқ.: һул; тат.: сул;[7, 664-665];

орта اُرتَهорта; «сақлаңуз намазлары дахы орта намазы (2а, 6)» (сақтаңыз намаздарды және орта намазды). ортасыдур اُرتَسِدُر «шул ики уақтуң ортасыдур (15б, 4)» (сол екі уақыттың ортасы). ортасында اُرتَسِِندَه «сақалилә қулақ ортасында (22б, 2)» (сақалымен құлақ ортасында). Түркі тілдеріне кеңінен мәлім лексема. Жоғарыда көрсетілген ескерткіштер мен тілдерде осылай. БВ, КК, ГИ, ГТ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: орта; қаз., түрік, ұйғ., азер., түркм.: орта;башқ., тат.: урта; қырғыз: орто; өзб.: ортә; [7, 664-665];

1. 2. 4. 3. Сын (бейне) үстеулері: арқун ارقُونақырын; жәй; «арқун оқуйа жақ  йирдә (19б, 5)» (ақырын оқығай жақын жерде). ҚБ: ақру (тихо, осторожно; ДТС, 49); МҚ: ақрун (тихо, мало, немного; ДТС, 49); Қыпшақ ескерткіштері тілінде сөз ортасында метатезалық өзгеріске түскен формасы жиі қолданылғандығын көреміз (қр>рқ). БВ, КК, ГИ, ГТ, ИХ, ИН, КФ, КИ, РХ: арқун; МГ: арқун; арқын, ақрын; ат-Тухфа: ақрын; қаз.: ақырын; башқ., тат.: акрын; әкрин; қырғыз: акырын;

өзгә اُوزكَهөзге, басқа; «тәңридән өзгә тәңри йоқ (3а, 3)» (тәңірден өзге тәңір жоқ). «мутлақ су өзгә ад қошмас (7а, 2)» (мутлақ /шексіз/ су өзге ат қоспайды). Жоғарыда көрсетілген ескерткіштердің барлығында башқа сөзімен синоним сөздер ретінде жарыса қолданылады.Сөзге негіз болған түбір өздік есімдігі екендігі анық. ДТС: өзгә (иной, другой); БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: өзге; қаз.: өзге; азер., өзб., ұйғ.: өзгә; [7, 52; 171];

1. 2. 4. 4. Мөлшер үстеулері: кәз كَزрет мәрте; «ики әлини йумақ үж кәз (23б, 3)» (екі қолын жуу үш рет). «йуғай ики әлин үж кәз (32б,3)» (екі қолын үш рет жусын). «ким ки оқуса иннә әнзалнәһу сүрәсин аудазуң ардынжа бир кәз (36а, 5)» (кім оқыса иннә әнзәлнаһу сүресін дәреттің артынша бір рет). Орта ғасыр ескерткіштерінде жиі ұшырасады. БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, КФ, КФТ,  ат-Тухфа: кез; ИМ, МГ: кез, киз; КИ: кез; күз; Қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі семантикалық ньюанстары бар. Мысалы, тілімізде кез «уақыт, шақ» мәнінде жиі айтылады. қаз.: кез (шақ, уақыт); қырғыз: кезде (кейде); түрік: кез(рет);  өзб.: кез (рет); [7,472-473]. Қазақ тіліндегі кей, кейде мезгіл үстеулері де осы сөзден з//й заңдылығы арқылы туындаған сөздер болуы керек.

арынынча اَرِنِنجَهтазарғанша; «әгәр арынмаса үж ташилә ол киши артурғай ануң үстинә та арынынжа (28а, 5)» (егер үштаспен тазармаса, ол кісі арттырсын оның үстіне тазарғанша). Көне түркілік ары- етістігінің өздік етіс формасына күрделі құрамды —ынча (көне ғын+ча) афиксінің жалғануы арқылы жасалынған. . ары-; -ынча;

1. 2. 5. Есімдіктер. Зат есімдердің орнына жұмсалатын сөздерге есімдіктер дейміз. Жалпы есімдіктер қазіргі түркі тілдерінде де сан жағынан сөз таптарының ішіндегі ең азы. Қолжазба тілінде әр түрлі фонетикалық сипатта ұшырасатын есімдіктерді мынадай топтарға бөлінеді:

1. 2. 5. 1. Жіктеу Есімдіктері:мен مَن бен بَنмен; «йа иләһи  мен сығынурмән  саңа (31а, 4)» (Ей,Тәңірім! Мен саған сиынамын). «Аллаһ Та’ала бәни билдүрди бен де билдүм аны (44а, 5)» (Алла тағала маған білдірді, мен де оны білдім). Бүкіл түркі тілдерінде мен//бен тұлғасында. Тек чуваш тілінде ғана эпе(соңғы –н дыбысынсыз). Қолжазба тілінде де осы вариант жарыса қолданылған. м//б сәйкестігі жалпы түркі тілдеріне ортақ құбылыс. Қазақ тілінде де, арғы тегі осы мен сөзімен түбірлес болып есептелетін мұнда//бұнда сілтеу есімдіктері сәйкес қолданылады. Мен, сен жіктеу есімдіктері, о баста мә, сә түрінде болған дейтін пікрлер басым. Және де жоғарыдағы чуваш тіліндегі эпе, эсе тұлғаларымен салыстырады. Сондай-ақ кей зерттеушілер бірсыпыра Алтай тілдерінде осы элементтің бар екендігін, моңғол тілінде би, чи түрінде айтылатындығын алға тартады. Ал, соңғы –н элементі Баскаковтың пікірінше ілік септігінің қысқарған түрі. ДТС: бен; мен; мин (я; 94; 340); ГИ, ТА: мен; бен; ГТ: мен; мин; БМ, БВ, КК, ДМ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ат-Тухфа: мен; қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, өзб., түркм.: мен; түрік: бен; азер., ұйғ.: мән; башқ., тат.: мин;

мәнүм مَنُمменің; «жәми’ олмаз мәнүм үммәтүм йаманлығ үстинә (4б, 3)» (менің үмметім жамандық үстіне топтаспайды). I жақ жіктеу есімдігінің ілік септік тұлғасы. Көне түркі тілінде I жақ жіктеу есімдігіне ілік септік жалғауы –ың түрінде жалғанып, буын үндестігіне бағынған. Түркі тілдерінің батыс тобында соңғы ң дыбысы тәуелдік жалғауы әсерінен м-ға айналып, жіктеу есімдіктерінің барлық жағына ілік септігі тек еріндік тұлғасында жалғанған (салыстыр. сенүң; бизүм). ДТС: мениң; менүң (341);  ГТ: меним; бенің; Қ. мен.

баңа بَكَا – паңа پَكَاмаған; «имам олды  баңа Жибрийл Ка’ба ишигиндә ики күн (14а, 6)» (имам болды маған Жәбірейіл Қағба есігінде екі күн).  «йарлығ ейле паңа зикрүң оқумаға (33б, 4)» (жарлық қыл маған зікіріңді оқуға). I жақ жіктеу есімдігінің барыс септік тұлғасы. ДТС: маңа; меңгә; миңгә; КИ: маған; Қ. мен.

         сен سَنсен; «ихсан димек Аллаһа қуллық қылмақдур сен аны көрәр киби (44б, 5)» (ихсан деген Аллаға құлшылық қылу, сен оны көріп тұрғандай). «егер сән аны көрмесең ол сени көрәр (44б, 6)» (егер сен оны көрмесең, ол сені көреді). Бұл есімдік те өлі және тірі түркі тілдерінде сен//син түрінде қолданылады. ДТС: сен; син (ты; 495; 500); БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: сен; МГ: сен; син; қаз., ққ,, ноғ., қырғ, өзб., түркм., түрік: сен; азер., ұйғ.: сән; башқ.: һин; тат.: син;

ол اُولол; «ол айтды қабул әйләмәз Аллаһ та’ала намазы арисүз (12а, 4)» (ол айтты, Алла тағала намазды тазалықсыз қабылдамайды). Түркі тілдерінде әрі жіктеу, әрі септеу есімдігі ретінде ол//о//ул//у түрінде қолданылады. Қолжазба тілінде бұл есімдік септелгенде а-ға (қ. анлар, аны, анда тб.) өзгереді. Бұл о//а параллелін кей түркі тілдерінен де (хакас:ол//анын), сондай-ақ қазақ тіліндегі анда, анау, ана сілтеу есімдіктерінен де көруге болатын сияқты. ДТС: ол; о (362, 366); БМ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИХ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: ол; БВ, ИН, РХ: ол; о;  қаз., ққ,, ноғ: ол; қырғыз: ал; өзб., ұйғ.: у; түркм.: ол; түрік, азер.: о; башқ., тат.: ул;

         ануңاَنُكْоның; «тәңри рахмәти ануң үстинә (16а, 6)» (Тәңір рахмет оны үстіне). «әгәр олмаса ануң мисуәки мисуәк әйләсүн бармағы бирлә (33б, 1)» (оның мисуағы болмаса, мисуақ жасасын бармағымен).         ол есімдігінің ілік септік тұлғасы. ДТС: ануң; оның (46); ГИ, , ал-Каванин: ануң; ТА: анын;

анлар اَنلَرолар; «анлар ким зикр идәрләр Аллаһа дуруркән дахы отуруркән (19а, 1)» (олар Аллаға зікір етеді тұрғанда және отырғанда). III жақ жіктеу есімдігінің көпше түрі. ДТС: анлар (мн. ч. от ол; 45); БМ, ДМ, ГИ, КИ, ТА: анлар; ал-Каванин: анлар; алар; аллар;ГТ: алар; ат-Тухфат: алар; аллар; КФ: анлар; онлар;

биз بِزбіз; «биз айтдук хақ ниәт шартдур (15б, 4)» (біз айттық, хақ ниет шарт). «биз айтдук қуран оқумақ рүкндүр (17б, 6)» (біз айттық, құран оқу шарт). Түркі тілдерінің барлығында осы тұлғада. Орта ғасырлық кей ескерткіштерде сөз басында б//м сәйкестігі ұшырасады. Биз, сиз жіктеу есімдіктерін арғы негізі алтай тілдерінің бір сыпырасында кездесетін би, си жіктеу есімдігінің жекеше түрі (жоғарыдағы мен  сөзінің де түпкі бүбірі) мен –з көптік мәндік қосымшаның (қазақ тіліндегі көз, егіз сөздері құрамындағы секілді) қосындысан құралғандығы айтылып жүр. Бірақ бұл құбылыс түркі тілінің бізге белгісіз, қараңғы бір дәуірінің еншісінде. ДТС: биз; БМ, БВ, КК, ДМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, МГ, ТА, ат-Тухфа: биз; КИ, ал-Каванин: миз; биз; қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, өзб., түркм., түрік, азер., ұйғ., башқ., тат.: биз//біз;

сизүң سِزُوكсіздің, сіздердің; сендердің (вы); «бу хадис хужжатдур сизүң үстүңүзә (29а, 2)» (бұл хадис сіздердің үстеріңізге құжат /куә/). Қолжазбада тек осы ілік септік тұлғасында ғана кездеседі. М. Қашқари сиз есімдігі үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатындығын және оның негізгі мағынасы сіздер, сендер екендігін айтады. Демек ол дәуірлерде де, қазіргі бір сыпыра түркі тілдеріндегідей сіз әрі сыпайылық, әрі көптік мәнде қолданылған. Қолжазба тілінде де солай. ДТС: сизиң (вы; 501);

1. 2. 5. 2. Сілтеу есімдіктері:бу بُوбұл; бұ; «ву дәлил бирлә (4б, 1)» (бұл дәлелмен). «бу сәнүң уақтуңдур (15б, 2)» (бұл сенің уақытың). «улу бу китабдан тәңри китабдан башға (40а, 6)» (бұл ұлы кітаптан, тәңір кітабынан басқа). Түркі тілдеріне жаппай бу//му тұлғасында тұлғасында белгілі. Қазақ тіліндегі бұл тұлғасы бұ және ол  жіктеу есімдігінің бірігуі арқылы қалыптасқан деген пікір бар. Әйтпесе түркі тілдерінің басым көпшілігінде –л-сіз айтылады. ДТС: бу (этот; 119); БМ, КК, ДМ, ГИ, ИМ, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ:бу; БВ, ГТ, ИН, ТА, ат-Тухфа: бу; му; қаз., қырғыз: бұл; бұ; ноғ., құм., тат., өзб., түркм., түрік, азер., ұйғ.: бу;  башқ.: был;

бунда بُندَهбұнда; мұнда; «йа ики мәләкләр сақлижылар мәнүм үстимә отуруң бунда (32а, 6)» (Ей, екі періште! Сақтаушылар, менің үстіме отырыңдар мұнда). Бу сілтеу есімдігінің жатыс септік тұлғасы. Қазақ тілінде сөз басында б//мдыбыстары сәйкес қолданылады. ДТС: мунда (348); БМ, ДМ, ал-Каванин, ТА: мунда;

шол شُولсол; «шол уақт икинжи иртә жықтуқда (14б, 1)» (сол уақыт екінші таң атқанда). «шол уақт күнәш батғанда (14б, 4)» (сол уақыт күн батқанда). ДТС: шул (тот; вот тот; 524); ГИ, КФТ, МГ: шол; КФ, ал-Каванин: шу; КК:шол, сол; қаз., ноғ., ққ.: сол; қырғыз: ошол; құм.: шол;  тат., башқ.: шул; түркм., түрік, ұйғ.: шу; Ош және ол есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқандығы айтылады. Бұған тіліміздегі осы (ош+бу) қырғыз тіліндегі ошол (ош+ол)өзбек тіліндегі ушбу(ош+бу) сөздері дәлел болатын сияқты.

1. 2. 5. 3. Жалпылау Есімдіктері:барча بَرجَابَرچَاбарша; барлық; «барча қаулида чаиз дәгүлдүр ануңила аудаз алмақ (8а, 6)» (барша қаулыда онымен дәрет алу рұқсат емес). Көнеден келе жатқан лексема. Қазіргі бір қатар түркі тілдерінде ұшырасады. Қолжазбада қолданылған негізгі жалпылау есімдігі. Сөз ортасындағы ч африкаты жоғарыда айтып өткендей екі түрлі таңбамен (ج//چ) берілген. ДТС: барча (весь; все; 83); БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ат-Тухфа: барча; ДМ: барша; қаз.: барша; тат.: барча; өзб.: бәрчә ұйғ.: барчә;

барчаңуз بَرجَكُوزбаршаңыз; «табар мусыз барчаңуз ики қумаш (13а, 2)» (баршаңыз екі киім табасыздар ма?). Барча; -ңуз- тәуелдік жалғауының II жақ көпше түрі. Қ.

барчасы بَرچَاسِىбаршасы; барлығы; «Мухәммәдүң әһли үстинә йаранлары үстинә барчасы үстинә олсун (1б, 5)» (Мұхаммедтің жанұясы үстіне, жарандары үстіне, баршасы үстіне болсын). Барча жалпылау есімдігінің III жақ тәуелдік формасы. Қ. барча.

         1. 2. 5. 4. Сұрау есімдіктері:ким كِمкім; «ким ки оқуса иннә әнзалнәһу сүрәсин аудазуң ардынжа бир кәз (36а, 4)» (кім оқыса иннә әнзалнәһу сүресін дәреттің артынша бір рет). «ким ки қылса намазы хақ дин дурғузмышдур (4а, 2)» (кім /кімде кім/  намазды оқыса хақ дін тұрғызған болады). Бүкіл түркі тілдеріне белгілі сөз. Түркі тілдерінде барлық сұрау есімдіктеріне негіз болған кім, не қай (қан) есімдіктері о баста есім сөздер болған делінеді. Бұған бұл сөздердің кейде түбір қалпында қолданысы (қай үй; не іс; кім де кім) дәлел болады дейді [30, 217]. Қол жазбада үнемі парсы тілінен енген ки шылауымен тіркесіп, сұрау мәнінен гөрі белгісіздік мән туғызады. ДТС: ким (307); БМ, БВ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА: ким; қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, башқ.,  тат., түркм., түрік, азер., ұйғ., өзб.: ким;

не نَهне; «әгәр айдылса нә айурур истинжа арасында (29б, 4)» (не айырады истинжа арасын). Бүкіл түркі тілдеріне кеңінен танымал есімдік. Қазіргі түркі тілдерінде бірнеше сұрау есімдігіне негіз болған бұл есімдік, көне түркілік жазбалар тілінде мағынасы қазіргіге қарағанда ауқымды болғанға ұқсайды. ДТС: не (356); Тас.: не (176); БМ, ДМ, ГИ, ИН, КФ, КИ, РХ, ТА, ат-Тухфа: не; КК: не; ней; МГ: ни; БВ, ГТ, ИМ, ал-Каванин: не; ни; қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, өзб., түрік: не; башқ.,  тат.: ни; азер., ұйғ.: нә;

қачан قَجَنْқашан; «қачан кафир чоқ келсе (5а, 3)» (қашан кәпір көп келсе). «қумаша қачан булғашса нәжәсәт (9а, 6)» (киімге қашан нәжіс жұқса). Бұл есімдіктің қалыптасуы жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Ф. Г. Исхаков қан+шақ+ын, яғни қан (қай)және шақ (шақ, уақыт) сөздерінің бірігіп, -ын құралдық септік жалғауын қабылдауы нәтижесі деп көрсетеді. Қазақ тілі мен бірсыпыра түркі тілдерінде қай шақ тіркесі «қай уақыт, қашан» мағынасын беретіндігі белгілі. Олай болса ең ақылға қонымдысы осы секілді.  ДТС: қачан (когда? 400); БМ, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, РХ, ТА, ат-Тухфа: қачан; ал-Каванин: қашан; КК: қачан; хачан; ДМ: хашан;

қайсы قَيسِىқайсы; «киргей аңа қайсы ишикдән дилесе хисабсуз азабсуз (36б, 4)» (кірсін оған қайсы есіктен қаласа, есепсіз, азапсыз). Қай (көне қан?) сұрау есімдігімен –сы тәуелдік жалғауының III жағының бірігуі арқылы қалыптасқан. Түркі тілдерінде жиі ұшырасатын сұрау есімдігі. ДМ, ГИ, ГТ, КФ, МГ, РХ, ат-Тухфа: қайсы; қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, тат.: қайсы; башқ.: кайһы;  түркм.: хайсы; азер.: хансы; ұйғ., өзб.: қайси;

нижүк نِجُوك не үшін; «нижүк билдүң фариза сүннәтдән сүннәти нәфлдән (42а, 3)» (не үшін бөлдің парызды сүннеттен, сүннетті нәпілден). Тас.: нечүк (как? каким образом?,174). ДТС: нечүк (отчего? почему?, 357). Не сұрау есімдігіне –чүк кішірейткіш мәнді жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Қыпшақ жазбаларында «нешік, не үшін, қалай» мағыналарында жұмсалған. БМ, ДМ, ГИ, ИН, КИ, ТА: нечүк (қалай, қайтіп); КФ: нечүк (не үшін); КК, ат-Тухфа: нечик (қалай); БВ: ничүк (не үшін);    

1. 2. 5. 5. Белгісіздік есімдіктері: бирничә بِرنِچَاбірнеше; «қажан бирнәчә киши ишләсә дүшмәз өзгәсиндән (4б, 5)» (қашан бірнеше кісі істесе өзгесінен түспейді /өзгесі құтылмайды/). Бір және ниче сөздерінің бірігуімен жасалған күрделі есімдік. Қ. бир; ниче; БВ: биринче; биринчер;

ничә نِجَاқаншама; «йыртылды намаз китабы йикүм ижиндә нижә нижә кәз 40б, 3» (жыртылды намаз кітабы ішінде қаншама рет). Түркі тілдерінде «қанша, неше, қалай, қаншама, қаншалықты» секілді көптеген мағыналарда қолданылатын бұл есімдік жайында бір ғалымдар не сұрау есімдігіне –че үстеу жұрнағы жалғану арқылы жасалған десе, енді бірі не және ише (іске) сөздерінің бірігуінен қалыптасқан дейді. Дегенмен бұл есімдіктің бұлай бірнеше мағынада қолданылуы не сөзінің мағынасының бір кездері ауқымды болғанын көрсетеді. ДТС: нечә; ничә (сколько? Сколь? как много? как долго? 356); БМ, КК, КИ, ат-Тухфа: нече; ал-Каванин: неше; БВ, ГИ, ГТ, ИН, КФ, КФТ, МГ, РХ: ниче; қаз.: неше; қырғыз: нече; өзб.: нечә; түрік: ниже; башқ.: нисә;  тат.: ничә; азер.: нежә; ұйғ.: нәччә;

һәрқанда هَرقَاندَهәрқайда; қай жерде; «һәр қанда олсаңуз дөндәрүңүз йүзүңүзи Мәккә сару (13а, 6)» (Қай жер де болсаңыз жүзіңізді Меккеге қарай бұрыңыз). Парсы тілінен енген һер және қанда (қайда) сөздерінің бірігуінен бірігуінен жасалған. Қ. һер;

һәркимүң هَركِمُوكәркім; «һәр кимүң күжи йитсә (3а, 6)» (әркімнің күші жетсе). Һер және ким сұрау есімдігінің бірігуінен қалыптасқан. Қ. һер; ким;

1. 2. 5. 6. Өздік есімдіктері:өз اُزөз; «шул уақт һәр нәснәнүң көләгәси өз қадарынжа (14б, 3)» (сол кезде әр нәрсенің көлеңкесі өз деңгейіндей /болды/). Қазақ тілінде жалғыз ғана өздік есімдік болып саналатын бұл есімдік, о баста «бүтін түгел, негізі, діні» деген мағына берген деген пікір түркологияда кең тараған. Бұл мағынада қазіргі түрік, азербайжан тілдерінде қолданылады. Қыпшақ жазбаларында өздік есімдік мағынасымен қатар «алғашқы сүт» және «тамақтың бетіне шыққан майы» мағынасында да кездеседі екен. Демек соңғы екеуі сол «негізі» дегеннен туындаса керек. ДТС: өз (сущность; 344); БВ, КК,ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: өз (өз);КИ: өз (тамақ қайнағанда бетіне шыққан майы); ат-Тухфа: өз (уыз); қаз., ққ,, ноғ., қырғыз, өзб., азер., түркм., ұйғ.: өз; башқ., тат.: үз;

кәндү كَندُوөз; «намаз қылыжы кәндү хатыры билә (10б, 2)» (намаз қылушы өз көңілімен). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде кейбірінде өз есімдігімен синоним сөздер ретінде жарыса қолданылса, енді бірінде екеуі бірігіп бір лексикалық мағынада жұмсалады. Бұл да, өз есімдігі секілді «негізі, түбі» деген мағынадан туындаған. А. Зайончковский: кевдөзі//кендүзі (он сам). ДТС: кендү; кентү (сам; 294); ат-Тухфа: кенд; кенди; БМ: кендү; кендөзі; кендүси; БВ; КК: кенди; Қазіргі тілдерден тек түрік тілінде (кенди) сақталған.

1. 2. 6. Шылаулар. Қолжазба тілінде кездесетін шылауларды мынадай топтарға топтастыруға болады:

1. 2. 6. 1. Жалғаулықтар:дахы دَخىِтағы, және; «дахы қайқырмақ йоқ анлара (33а, 2)» (және оларға қайғыру жоқ); «киши мухтаж олур кирдүкдә су әвинә дахы чықанда андан алты нәснәйә (31а, 2)» (кісі әжетханаға кіргенде және шыққанда алты нәрсеге мұқтаж болады). «намаз қылмақ дахи зәкәт вирмәк дахи рамазанда оруж дутмақ дахи хаж әйләмәк (3а, 4, 5)» (намаз оқу және зекет беру және рамазанда ораза ұстау және қажылық жасау). Қолжазбада ең көп кездесетін сөз. 180 рет қайталанады. ДТС: тахы, тағы (еще; 536);  ИН, КФТ, РХ: дахы; МГ: дақы; тақы; ГТ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: дағы; БВ, ИМ, КИ: тақы; ГИ: дахы; тақы; КФ: дахы; тағы; КК: дағы; тағы; қаз.: тағы; башқ., тат.: тағы; тағын; қырғыз: дағы; түрік: дахи; өзб.: тәғын; ұйғ.: техи (әлі); [7, 142-143];

неки نَكِнемесе, яки, не болмаса; «неки бунлара ухшаса (6а, 5)» (немесе бұларға ұқсаса); «нәки бунлара бәңзәрсә (7а, 5)» (немесе осыларға ұқсаса); не және ким шылауларының бірігуінен туындаған жалғаулық шылау сөз. ДТС: неким (нечто; то, что; 357); ат-Тухфа: не ки (қаншама); неким (не, не болса);ИМ: никим (не; қаншама; не болса); Қазіргі тілдерде кездесе бермейді. түрік: не ки (не болса да);

1. 2. 6. 2. Септеуліктер:бирле  بِرلَهбиле بِلَهиле يلَه «башладум тәңри ады бирле (1б, 1)» (бастадым тәңір атымен). «мүминләр үстинә йазылды уақт бирле (2б, 3)» (момындар үстіне жазылды уақытпен). «қуран иле нәби хадиси биле (11а, 3)» (құранмен, пайғамбар хадисімен). «бири бири ардынжа тәртиб биле башламақ (24б, 6)» (бір-бірінің артынан тәртіппен бастау). Көне түркі тілінде бирлә//бирлән тұлғасында болған бұл жалғаулық шылау қыпшақ қолжазбалары тілінде бирлен//бирле//билен//биле//бирге формаларында кездеседі. Және де бір ескерткіште бірнеше формасы жарыса қолданылады. Біз қарастырып отырған қолжазба тілінде редукцияланған -иле тұлғасында жалғаулық қызметін де атқарады. Бастапқы бирлен тұлғасы уақыт өте келе кей дыбыстар түсіріліп, ықшамдалып қолданылған. Тіптен, қазіргі түркі тілдеріндегі мен//бен//пен және ла//ле (оғыз тілдерінде) көмектес септік жалғаулары осы сөздің әбден мүжіліп, ықшамдалған формалары. –менформасы бирлен> билен>бен//пен//мен; ал –ле формасы бирлен>бирле>биле>иле> -ле//-ла  болып қалыптасқан. ДТС: бирлә; білән; билә; (послелог. выражает совместность, взаимность -с, вместо; 99, 102); БМ, ДМ, ГИ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, РХ, ал-Каванин, ат-Тухфа: биле; бирле; ГТ: биле; билен; бирле; бирлен; БВ, МГ: бирге; бирле; КК: бирге; биле; бирле; ТА: биле; қаз: бірге; мен, бен, пен; менен, пенен; башқ.: минән; илә; тат.: билән; илә; қырғыз: менен; түрік: иле; азер.: илә; өзб.: билән; илә;; түкмен.: биле; ұйғ.: билән; [7, 380];

артуқ اَرتُقартық; «йумақ фарз олан а’залары үчдән артуқ (26а, 5)» (парыз болған мүшелерді үштен артық жуу). Түркі тілдеріне тегіс танымал, көне заманнан бері қолданылып келе жатқан лексема. Қазіргі түркі тілдерінде «артық, бұдан кейін, ақыры, тамақ қалдығы» секілді бірнеше мағыналарда қолданылады. Негізгі түбірі арт- (арту) етістігі, ал –уқ есімтудырушы жұрнақ.  Көктүрік, ескі ұйғыр, ҚБ: артуқ (больший, больше, ДТС, 57); БВ, КК, ГИ, ИМ, КФ, КИ, ИН, МГ, РХ, ТА: артуқ; ат-Тухфа: артық; қаз.: артық; қырғыз, өзб., башқ., тат., түрік, түркм.: артык; ұйғ.: артук; азер.: артыг;[7, 26-27];

ичүн يِجُونчүн جُونүшін; «бир батман баржа ағза ичүн ики айақдан башға (38а, 6)» (бір батпан барша мүше үшін, екі аяқтан басқа). «шул кишиләрүң олды ануң сәфәри Аллаһ ичүн дахы нәбичүн (16а, 6)» (сол кісілердің сапары Алла үшін және пайғамбар үшін болды). Қолжазбада ичүн формасымен қатар, сөз басындағы и дыбысы түсірілген чүн түрінде өзі тіркесетін сөзге қосылып жазылған. Яғни, бұл шылаудың қосымшаға айналуы байқалады. Бұл құбылыс қазіргі оғыз тілдерінің кей говорларында кездессе, сондай-ақ қазіргі бірқатар тілдердегі не үшін (өзб., ұйғ: нечүн; түрік: ничин) сөзінен де көруге болады. БВ: ичин; КФТ, ИН: ичүн; ИН, РХ: чүн;  ат-Тухфа: учун; БМ, БВ, КК, ГТ, ИМ, КФ, КИ, МГ: үчүн; КФ: ичүн; үчүн; ал-Каванин: үшүн; Қазіргі түркі тілдерінде тегіс қолданылады. қаз.: үшін; башқ.: өсөн; тат.: өчин; қырғыз: үчүн; түрік: ичин; азер.: үчүн; түрікм.: үчин; өзб., ұйғ.: үчүн; [7, 364-365];

киби كِبِىсияқты, секілді; «намаз киби дахы оруж киби дахы хаж әйламақ киби (4б, 6; 5а, 1)» (намаз сияқты және ораза сияқты және қажылық жасау сияқты). «өлү намазы қылмақ киби (5б, 1)»(жаназа намазы ооқу секілді). «сару йағ киби (9б, 5)» (сары май секілді). «сару су киби (6а, 4)» (сары су секілді). Қолжазбада өте жиі ұшырасатын сөздердің бірі. 76 жерде қолданылған. ДТС: кеби (как, подобно; 290); КК, ГИ, ИМ, ИН, КФ, КИ, МГ, РХ, ат-Тухфа: киби; ДМ, ал-Каванин: киби; кибик; БМ: кеби; КФТ: киби; кибе; ГТ: киби; кибин; башқ., тат.: кивик; түрік: гиби; азер.: кими; түрікм.: кимин; өзб., ұйғ.: кәби; [7, 272-273]; Сөздің түпкі негізі көне түркі тіліндегі кеп (форма;  ДТС, 299) сөзі, ал –и 3-жақ тәуелдік жалғауы. Түбірмен тұтасып қалыптасып кеткен (МҚ: керпич кеби-кирпичная форма, ДТС, 299).

дегин دَكِنдейін; «бу күнә дегин (4а, 5)» (бұл күнге дейін); «ол йүз саж дибинден һанал алтына дегин (22б, 1)» (ол жүз – шаш түбінен иек астына дейін). «ики әлин қалдурмақдур ики қулағ йумағына дегин (20б, 1)» (екі қолын көтеру екі құлақ жұмсағына дейін). Сөздің түп негізі көне түркі тіліндегі тегі (послелог. до;  ДТС, 547); ал –н құралдық септік жалғауы. тегі сөзінің өзі тег- (доходить, достигат; ДТС, 544) етістігіне –и көсемше жұрнағыне жалғану арқылы жасалған. ДТС: тегі; тегін; КК: дағын; дейин; ГИ,  ал-Каванин, ИН: дегин; тегин; РХ: дегин, дегинч; тегин; тегине; КФ: дегин, дегинч; БВ, ИМ: тигин;  қаз.: дейін; шейін; қырғыз: чейин; түрік: деғин; Демек, қазақ тіліндегі дейін, шейін шылаулары т>д және т>ш дыбыс алмасуы арқылы қалыптасқан төркіндес сөздер.

         дек دَك — дик دِكдейін, шейін; «ики айағын йумақ ики тапуға дек (23а, 1)» (екі аяғын жуу екі тобыққа дейін). «айақларуңузы ики тапуға дек (23а, 4)» (аяқтарыңызды жуыңыздар тобыққа дейін). «су евинде аудаз алған йире дик (30а, 3)» (әжетханада дәрет алған жерге дейін). Жоғарыдағы дегин (теги, тегин) сөзімен түбірлес, әрі сол сөздің қысқарған формасы болса керек. Ескерткіштер мен қазіргі тілдерде сирек ұшырасады.  РХ: дек; түрік: дек; азер.: дәк;

сару سَرُوқарай; «дөндәр йүзүңиМәккә сару (13а, 6)» (бұр жүзіңді Меккеге қарай). «һәр қанда олсаңуз дөндәрүңүзйүзүңүзи Мәккә сару (13б, 1)» (қайда болсаңызда бұрыңыздар жүздеріңізді Меккеге қарай). Ескерткіштер тілінде сирек ұшырасады. КК: сары (қарсы); МГ: сары (қарай); Қазіргі тілдерде кездесе бермейді.

бурун بُرُنбұрын, алдымен; «нәбиләрүң уақтыдур сәндән бурун (15б, 3)» (сенен бұрынғы пайғамбарлардың уақыты). «ики әлини йумақ үж кәз чанаға сықмаздан бурун (23б, 3)» (екі қолын үш рет жуу, ыдысқа сықпастан бұрын). «башламақ қурумаздан бурун (25а, 1)» (құрғамастан бұрын бастау). Көнеден келе жатқан бұл лексема, қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде жиі ұшырасады. ДТС: бурун (прежде, раньше, сначала; 126); БМ, БВ, КК, ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ, КИ, МГ, РХ, ал-Каванин, ТА, ат-Тухфа: бурун;  қаз.: бұрын; башқ.: боронғо (бұрынғы, көне); тат.: борынғы (бұрынғы, көне); қырғыз: мурун; ұйғ.: бурун;

соңра صُكرَهсоң, кейін; «кижәнүң түлси кижкәндән соңра (15б, 1)» (түннің үште бірі өткеннен  соң); «андан соңра бақды баңа (15б, 2)» (содан соң маған қарады). «дахы қылды соңра иртәйи икинжи күн (15а, 3)» (тағы оқыды таң намазын кейін екінші күн). Қолданылу ңғайына қарай бірде мезгілдік, бірде себептік мән білдіретін бұл жалғаулық шылау түркі тілдеріне кең тараған. МҚ: соңра (откладывать на поздние времена, тянуть., ДТС, 508); БМ: соңда; БВ, ГТ, ИМ, ИН, МГ, РХ, ат-Тухфа: соңра; КК: соңра; соңыра; сунгыра; КИ: соңра; сонра;   КФТ: соңра; соғра; ал-Каванин, ТА: соғра; Қазіргі тілдерде: қаз.: соң (түбір күйі); башқ.: һуң; һуңынан тат.: соң; соңыннан; түрік, азер.: сонра; түркм.: соңра;; өзб.: соңғыра; [7, 788-789];

1. 2. 6. 3. Демеуліктер:де  دَه«кәлди бир хабар да нәбидән (3б, 6)» (келді бір хабар да пайғамбардан). «бир хадис де дахи нәбидән (3а, 6)» (бір хадис та тағы пайғамбардан). Өлі және қазіргі түркі тілдеріне кеңінен танымал да//де шылауы жоғарыдағы дахы сөзінен ықшамдалып қалыптасқанын білеміз. ДТС: да; та (усилительно-выделительная частица; 525); КК, ИН, ал-Каванин: да; БВ, РХ: де; қаз: да, де, та, те; башқ: да, дә, та, тә, за, зә; тат: да, дә, та, тә; қырғ: дағы, да; түрік: да, де; азер, түрікмен, ұйғ: да; дә; [7, 143];

му مُوма ( ме, ба, бе, па, пе); мыдурمِدُر«бу мәсәлә әгәр айдылса иман йарадламыш мыдур (47а, 2)» (бұл мәселе егер айтылса, иман жаратылған ба?). мудур مُدُر «баржаңуз ики мудур қумаш (13а, 3)» (баршаңызда киім екеу ме?). Түркі тілдеріне тегіс белгілі сұраулық демеулік.

ким كِمшылау сөз; «анлар ким зикр идәрләр Аллаһа дуруркән дахы отуруркән (19а, 1)» (олар ғой, Аллаға зікір етеді тұрғанда және отырғанда). «ол тәкбирләр ким кидәрләр намаз ижиндә әууәл тәкбирдән башқа (20б, 6)» (ол тәкбірлер ғой, намаз ішінде кетеді әуелгі тәкбірден басқа). Ескерткіштер тілінде жоғарыда көрсетілген парсы тілінен енген ки шылауының түркіше баламасы ретінде жиі ұшырасады. Түркі тілдерінің көбінде ескерткіштер тіліндегі секілді көп уақытқа дейін екеуі жарыса қолданылып, кейін орнын парсы тілінен енген вариантына босатып қолданыстан мүлдем шығып қалған. Мағынасы жағынан бір-бірімен байланысты екі сөз, сөз тіркесі не сөйлемді байланыстырады. Яғни, ким ден кейін келген сөз, сөз тіркесі не сөйлем, одан бұрын келгенінің түсініктемесі мәнінде болады.Қазақ тілінде кездеспейді. Алайда «ғой» шылауына ұқсас. Қ. ки.   ДТС: ким (3. в знач. союза что, который, как); БМ, БВ, ГТ, ИМ, КФ, МГ,  ал-Каванин, ТА: ким; КФТ: ким, күм;

дәгүлدَكُلемес; «йа иләһи вирмә паңа китабумы сол  әлүмә арқамдан дәгүл (34б, 1)» (Ей тәңірім! Берме маған кітабымды сол қолыма, арқамнан емес). «хажат дәгүл ғусл аңа (41б, 2)» (оған жуыну қажет емес).  дәгүлдүр دَكَلدُر «муқайиәд су аридүр аридижи дәгүлдүр (8б, 3)» (муқайиәд /шектеулі/ су таза, тазартушы емес). Есім сөздермен тіркесіп, болымсыздық мән туғызушы көмекші сөз. Көне түркі тіліндегі тағ (емес) болымсыздық шылауы мен жіктік жалғауының көне олформасының бірігіуінен туындаған. Тағ ол > дағ ол; тегүл > дегүл;  МҚ: тегүл (приименное отрицание). Қыпшақ жазба ескерткіштерінде дегүл// дөгүл// тегил// тегүл// төгүл// түйүл секілді бірнеше аллофоны кездеседі. т//д және г//в//й сәйкестіктері түркі тілдерінде әдеттегі құбылыс. БВ, ГИ, ИМ, ИН, КФ, КИ, РХ: дегүл; КК: девүл; МГ: дөгүл; төгү; ГТ: дегүл; дөгүл; ДМ: тегил;  ал-Каванин: тегүл; дегүл; РХ: тегүл; ат-Тухфа: түйүл; Қазіргі бір қатар түркі тілдерінде сақталған. башқ., тат.: түгил; түрік: деғил; азер.: дейил; түркм.: дәл; [7, 154-155]; Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаны білдіретін түгіл (байтал түгіл бас қайғы) шылауы да осы сөздің көрінісі.

Ескерткіш тілінде өтетін шылаулар көріп отырғанымыздай қазіргі түркі тілдері мен қазақ тіліне жат емес. Олардың кейбірі қазіргі тілімізде сол күйінде қолданылса, кейбірі азды-көпті фонетикалық, семантикалық өзгерістерге түскен. Ал енді бірі мүлдем қолданыстан шығып қалған. Әрине мұндайлар онша көп емес.

1. 2. 7. Етістіктер. Етістік сөз табының ішіндегі мағынаға да, грамматикалық формаға да бай сөз табының бірі болып саналатыны анық. Қазақ тілінің, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінің сөз байлығының тең жарымына жуығы етістіктер болуы да мұны дәлелдей түскендей. Сондықтан да түркология ғылымында етістіктердің зерттелуі ерекше орын алады. Түркі тілдерінің ең көне төркіні, оның көне жадыгері болып саналатын Орхон –енисей жазба нұсқаларынан әлдеқайда бұрын пайда болғандығы күмәнсіз. Ал тілдің ерекшеліктерін сипаттайтын сөз таптары десек, соның ең күрделісі етістік те, түркі тілдерінің әрбірі қазіргі ұлт тілі дәрежесіне жеткенше қаншама ғасырлар бойы көптеген сандық, сапалық өзгерістер мен әр қилы, бірақ жүйелі құбылыстарды бастан кешіргендігі ақиқат. Жадыхат тіліндегі етістіктерді мынадай лексика-семантикалық топтарға ажыратуға болады:

Амал-әрекет етістіктері: ачاَجашу;  ачғай  اَجغَاى «тәңри таَала ачғай аңа сикиз ужмақ қабусы (36б, 3)» (Тәңір тағала оған ашсын сегіз жұмақтың есігін). ачқанда  اَجغَندَه«шул уақт оруж ачқанда (15а, 6)» (сол кезде ораза ашқанда). ачмақ  اَجمَق«уйатлығын ачмақ (26а, 1)» (ұятты жерін ашу). Өлі және қазіргі түркі тілдеріне түгел танымал лексема.  Тарихи ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, ГТ: ач-;  Ал-Каванин, ДМ: аш-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ққалп., ноғ.: аш-; башқ.: ас-; тат., қырғ., құм., қарай.: ач-; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб., ұйғ.: ач-;

         айур- اَيُرайыру, бөлу; айурур اَيُرُر«әгәр айдылса нә айурур… (29б, 4)» (егер айтылса не айырады…). Өлі және тірі түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Тарихи ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: адыр-; МЕ: айыр-; НФ: адыр-; КЕ: айыр- ; Кк: айыр-; айр-; ХШ: адыр-; БМ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: айыр-; Қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде: қаз., тат., башқ., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: айыр-. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.,; түркм.: айыр-; өзб.: әйир-; ұйғ.: айри- [7. 36-37].

кәтүр- كَتُر1. әкелу. 2. келтіру (иман келтіру); кәтүрдүм كَتُردُم«кәтүрдүм аңа ики таш 28б. 5» (оған екі тас әкелдім). кәтүрүңүз كَتُرُكُوز«иман кәтүрүңүз (11а, 4)» (иман келтіріңдер). кәтүрмәк  كَتُرمَك «иман кәтүрмәк 43б. 5» (иман келтіру). Сөздің негізгі түбірі кел-; -түр- (кел+түр-)өзгелік етіс жұрнағы. Ықылым заманнан бері келе жатқан етістік. Түркі тілдерінің барлығында дерлік «әкелу, келгізу» мағыналарында қолданылады. Тек тілімізде «иман келтіру» тіркесінде ғана сақталған. Тарихи ескерткіштер тілінде:  Көктүрік, Ескі ұйғыр: келтүр-; МҚ, МЕ: келтүр-; келдүр-; НФ, КЕ: келтүр-; Кк: келтүр-; келтир-; ХШ: келтүр-; кетүр-; ТА: келтүр-; Ат-Тухфа: келтүр-; кетир- Ал-Каванин, ДМ: келтир-; ГТ: келтүр-; килтүр-; кетүр-; ИМ: келтүр-; КИ: келтүр-; кетүр-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: келтір-; тат.: китир-; башқ.: килтир-; қырғыз, ққалп., ноғ., қарай.: келтир-; құм.: гелтир- [41, 159; 42, 96; 43, 302; 44, 261, 45, 259; 46, 435; 47, 311]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: гетир-; азер.: гәтир-; өзб.: келтир-; ұйғ.: кәлтүр- [7, 270-271].

бисле- بَسلَهасырау, ішкізіп жегізу, тәрбиелеу; «шүкр тәңрийә сәбитдүр бәслейижүдүр ‘аләмләри (1б, 2)» (шүкір тәңірге, тұрақты, әлемдерді асыраушы). Сөздің бастапқы түбірі бес; —лезат есімнен етістік тудырушы жұрнақ. Идрак ли Лисанил – Атракта сөздің бастапқы түбірі «бис –тәрбие, бислемек – тәрбиелеу»деп көрсетеді. Ресенен де сөздің шығу төркінін парсы тіліндегі арабшадан кірме «бас» сөзінен екендігін айтады[10. 397]. Және ескеретін бір нәрсе ескі және орта дәуірдің алғашқы кезеңдерінде жазылған ескерткіштер тілінде кездеспейді. Орта дәуір қыпшақ және оғыз жазбаларында ұшырасады. Тарихи жазбалар тілінде: Кк: бестле-; бесле-; ХШ, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ: бесле-; КИ: бисле-; Бұл етістік қазіргі қыпшақ тілдерінің ішінде қарайым тілінен басқа тілдерде кездеспейді. қарай.: бесле- [43, 113]. Ал оғыз тобындағы тілдерде сақталған және белсенді қолданылады.: түрік, түркм.: бесле-; азер.: бәслә-;

бил-  بِلْбілу; «бил хақ намаз фарздур (1б, 6)» (біл, хақ намаз парыз). билдүң بِلدُك «нәйлә билдүң (44а, 3)» (немен білдің). Билдүм  بِلدُم «билдүм Аллаһуң билдүрмәги бирлә 44а. 4» (Алланың білдіруімен білдім).  «йақын билгәй 30а. 4» (жақын білсін). Түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: бил-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз: біл-; тат., башқ., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: бил- [41, 81; 42, 75; 43, 117-118; 44, 60; 45, 89-90; 46, 120; 47, 107]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб., ұйғ.: бил- [7, 70-71].

дөшә- دُشَاтөсеу, жаю; «Әби Бәкр қажан кирмәк диләсә су әвинә дөшәрди сәжжәдәсин (32а, 5)» (Әбу Бәкір қашан әжетханаға кіргісі келсе жайнамазын төсейтін еді). Өлі және түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Бірақ орта дәуір қыпшақ жазба ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ тобына кіретін барлық тілдерде төше- тұлғасында. Оғыз және қыпшақ тілдері арасында т//д сәйкестігін ескерер болсақ қолжазба тіліне дөшә- формасында енуі оғыз тілінің әсер болса керек. Тарихи жадыгерлер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: төше-; МЕ: дөше+к (зат есім тұлғасында); НФ,КЕ, ХШ, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: төше-;Кк: төше+к (зат есім тұл.); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ққалп., ноғ.: төсе-; тат., башқ.: түше-; қырғыз: төшө-; құм., қарай.: төше- [41, 362; 42, 314; 43, 542; 44, 582; 45, 558; 46, 757; 47, 652].Басқа түркі тілдерінде: түрік: дөше-; азер.: дөшә-; түркм.: дүше-; өзб.: төшә- [7, 188-189].

арыла-اَرِلَهтазалау, пәктеу; ариләрмәнاَرِلَرمَن«ариләрмән сәни йа иләһи (35б, 2)» (Ей Тәңірім! Сені пәктеймін). Бастапқы түбірі ары/ғ/  (таза) + ла- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Қыпшақ жазба ескерткіштер тілінде арыла-//арула-// тұлғаларында кездеседі: МГ: арула-; КК, ГИ, КФ: арыла-; Қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. Дегенмен тілімізде қолданылатын «арулап көмді» /тазалап көмді/ тіркесі құрамынан бұл сөзді көруге болады.

артур- اَرتُرарттыру; артурғай اَرتُرغَاى«ол киши артурғай ануң үстинә та арынынжа (28а, 4)» (ол кісі оның үстіне  арттырсын тазарғанға дейін). артурур اَرتُرُر «сүннәт ишләмәк мүзд артурур (39а, 2)» (сүннетті жасау сауапты арттырады). Өлі және тірі түркі тілдерінде жаппай кездеседі. Сөздің негізгі түбірі арт-, -ур- өзгелік етіс жұрнағы. Тарихи ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, КЕ, ХШ, ТА, БМ, ГТ, ИМ, КИ: артур- ; Кк, Ат-Тухфа: артыр-; Қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында арт- етістігіне өзгелік етістің –тыр формасы жалғанады: қаз., тат., башқ., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: арттыр-. Өзге түркі тілдерінде: түрік, азер.: артыр-; түркм.: артдыр-; өзб.: áрттир-; ұйғ.: арттур- [7, 26-27].

бағышла- بَغِشلَهбағыштау, кешіру; «бағышла йазуғумы (33б, 3)» (жазығымды /күнәмді/ кешір). бағышламақдур باغِشلَمَقدُر«Аллаһ Та’аладан рахмәтдүр бағышламақдур (5б, 4)» (Алла Тағаладан мейірім, кешірім). Сөздің түбірі бағыш, -ла- зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ. Бұл сөздің түркіше екендігі даулы мәселе. Кей ғалымдар (Клаусон) парсының «бахш» /жақсылық, беру / сөзінен келген кірме сөз десе, Китабул Идрак ли Лисанил – Атрак авторы еңбегінде парсының «бахшиш» /қайыр үшін берілген ақша, силық, жақсылық/ сөзінен екендігін айтады [23, 373]. Қолжазбалар тілінде: МҚ, МЕ, КЕ, Кк, ХШ, ГТ, ИМ, КИ: бағышла-; НФ: бағыла-; ТА: бакышла-; БМ:баһышла-. Қазіргі қыпшақ тобына кіретін тілдерде: қаз., қырғыз: бағышта-; тат., башқ., ққалп., құм.: бағышла-; ноғ., қарай.: бағысла- [41, 65; 43, 96; 44, 52; 45, 69; 46, 78; 47, 76]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: бағышла-; өзб.: бáғышлә-; [7, 44-45].

арыт- اَرِتтазарту; «қумашуңы арыт (12а, 2)» (киіміңді тазарт). «йа иләһи арыт ағзум қоқусы (33б, 3)» (Ей Тәңірім! Аузымның исін тазарт). арытғай  اَرِتغَاى «арытғай көңүлүни тәңридән өзгәдән (37а, 6)» (тазартсын көңілін тәңірден өзгеден). Сөздің бастапқы түбірі арыочищаться [ДТС, 51]; -т- өзгелік етіс жұрнағы. Өлі және тірі түркі тілдерінің көбінде сақталған. Тарихи ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, Ат-Тухфа: арыт-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: башқ., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: арыт- [41, 49; 42, 48; 43, 78; 45, 52; 46, 45; 47, 54]. Тілімізде бұл формада кездеспейді. Бірақ бұл мағына арылт- формасында беріледі.

башлаبَشلَ бастау; башладум بَشلَدُم«башладум тәңри ады бирлә (1б, 1)» (Тәңірдің атымен бастадым). башламақ بَشلَمَق«тәңри ады бирлә башламақ (23б, 1)» (тәңірдің атымен бастау). «тәртиб билә башламақ (24б, 6)» (тәртіппен бастау). Түркі тілдерінне жаппай танымал туынды етістік. Сөздің негізгі тұбірі баш (бас); -ла- есім сөздерден етістік тудырушы жұрнақ. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Қазіргі түркі тілдерінің барлығында сақталған. Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ,ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: башла-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: баста-; тат., башқ.: башла-; қырғыз: башта- [7, 97]; ққалп., ноғ.: басла-; құм., қарай.: башла- [41, 72; 42, 67; 43, 105; 47, 89]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: башла-; өзб.: бáшлә-; ұйғ.: башли- [7, 18-19].

вирوِرберу; виргүз  وِركوُز«виргүз зәкәти (2а, 3)» (бергіз зекетті). вирмәги وِرْمَكىِ«зәкәт вирмәги (2а, 4)» (зекет беруді). вирмәк  وِرمَك«тануқлуқ вирмәк (3а, 3)» (куәлік беру /ету/); «ағзына су вирмәк (23б, 6)» (аузына су беру).Түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Қазіргі қыпшақ тілдері мен орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің барлығында сөз басында б дыбысы айтылады. Мәмлүктер дәуірінің соңғы жылдарында жазылғандықтан оғыз тілінің әсерінің басымдығы болса керек ескерткіш тілінде оғыз нұсқасы қолданылған. Өйткені қыпшақ және оғыз тілдері арасында б/всәйкестігі белгілі құбылыс. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин: бер-; Кк: бер-; бир-; ГТ, ИМ, КИ: бир-; [ 23, 393]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: бер-; тат., башқ.: бир- [41, 224; 42, 230; 43, 407; 44, 367; 45, 382; 46, 567; 47, 460].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: вер-; түркм., өзб.: бер-; ұйғ.: бәр- [97, 946-947].

вурوُرұру; вурмақ  وُرمَق«суйу қаты вурмақ йүз үстинә (25б, 3)» (суды қатты ұру жүзге). вурғай وُرَاى«вурғай ики айағ бирлә йирә (30б, 6)» (ұрсын екі аяқпен жерге). Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің барлығына белгілі. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде тегіс «ур-» тұлғасында кездессе, тек ТА, БМ және ДМ-да ғана «вур-» түрінде қолданылғандығын көреміз. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, МН, ГТ, ИМ, КИ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин: ур-; ХШ: урул- (ырықсыз етіс тұлғасында); ТА, БМ, ДМ: вур-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., тат., башқ.: ǒр-; қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: ур-//ұр [41, 383; 42, 333; 43, 581; 44, 413; 45, 417; 46, 784; 47, 678].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: вур-; түркм., өзб., ұйғ.: ур- [7,  950-951].

булبُولْтабу; болу «ари булғай нәфсиңүз (3б, 4)» (пәк болсын /тапсын/ нәпсіңіз). Ескерткіш тілінің бір ғана жерінде кездеседі. Бұл жөнінде екі түрлі болжам жасауға болады. Біріншісі «бол-» /болу/ көмекші етістігі болуы мүмкін. Алайда ескерткіш тіліндің барлық жерінде бұл етістік оғыз элементі  «ол-» / ола, олан, олғай, олдум, олмаз, олмаса  тб./ тұлғасында қолданылған. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің барлығында /МЕ, НФ, КЕ, КК, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ/ «бол-» тұлғасында қолданылған (Қ. ол- ). Тек БМта ғана ол- формасында. Ал екіншісі ескерткіш тіліндегі тап- /табу/ етістігіне синоним ретінде қолданылған оғыз тілдеріндегі «бул-» /табу/ болуы да әбден мүмкін. Себебі бұл сөз орта ғасырда Хорезм қыпшақтары тілінде жазылған МЕ, НФ, КЕ-дажәнеАлтын Орда тұсында жазылған ХШ мен МНде, ал мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған ескерткіштерден КИпен БМта да ұшырасады. Қазіргі қыпшақ тілдерінде тек қарайым тілінен (қарай: бул- /находить/ [43, 138]) басқасында қолданылмайды. Ал «бол-» көмекші етістігі қазіргі қыпшақ тілдеріне тегіс танымал. Қ. ол- .

дурғузدُرغُزтұрғызу; дурғузғай دُرغُزغَاى«тәңри та’ала дурғузғай аны қиамәт күни нәбиләр дурған йирдә (37а, 4)» (Тәңір тағала оны тұрғызсын қиямет күні пайғамбарлар тұрған жерде). дурғузмышдур دُرْغُزمِشدُر«ким ки қылса намазы хақ дин дурғузмышдур 4а. 2» (кімде кім намаз оқысы хақ дін тұрғызған болады).Сөздің негізгі түбірі дур- /Қ. дур-/; ғуз өзгелік етіс жұрнағы. Көне түркі тілінде –ғур тұлғасында болған бұл аффикстің соңындағы р>з дыбыс алмасуы орта ғасырлық құбылыс. Тарихи жазба ескерткіштерде: Ескі ұйғыр, МҚ: турғур-; НФ, КЕ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: турғуз-; БМ: турғур-; дуғур-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: тұрғыз-; тат.: тǒрғыз-; башқ.: тǒрғǒз-; қырғыз: турғуз-; ққалп.: турғыз- [47, 655], ноғ.: турғыст- [41, 365]; құм., қарай.: тургуз- [42, 322; 43, 547].

дутدُتтұту, ұстау; дутмақ  دُتمَق«дахи рамазанда оруж дутмақ(3а, 5)» (және рамазанда ораза тұту). дутуңуз دُتُوكُوز«дутуңуз айуңуз (3б, 3)» (ұстаңдар, айтыңдар). дутды دُتدِى«дутды мәнүм үстүмә (31б, 4)» (менің үстіме ұстады). дутмыш دُتمِش«оруж дутмыш олғай (36а, 6)» (ораза тұтқан болсын).Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдеріне тегіс танымал лексема. Тарихи ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінің барлығында тут- тұлғасында. Яғни сөз басындағы қатаң т дыбысы қолжазба тіліндегі секілді д-ға өзгермеген. Көктүрік: тут-; Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: тут-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: тұт-; тат., башқ.: тǒт-; қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: тут-[41, 367; 42, 324; 43, 549; 44, 548; 45, 535; 46, 763; 47, 656].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., ұйғ.: тут- [7, 904-905].

инжитاِنجِدжанына батыру; ренжіту; инжиткәниاِنجِدكَانِ  «шүкр Аллаһа кидәрди мәндән бәни инжиткәни (34б, 4)» (шүкір Аллаға кетірді менен менің жаныма батқанды). Негізгі түбірі инжи- (жанға бату, ренжу); -т- өзгелік етіс жұрнағы. Орта ғасыр қыпшақ ескерткіштерінің бір сыпырасында кездеседі: ГИ, КФТ: инчид-; КФ: инчид-; инчит-; ДМ, ГТ, ИМ, Ат-Тухфа:инчит-; Қазіргі түркі тілдерінен оғыз тобына кіретін тілдерде сақталған: түрік, азер: инжит-; түркм: ынжыт- [7, 390-391];

ишләاِشلَه   істеу. ишләмәк اِشلَمَك  «бири сүннәт ишләмәк доғру йолдур (38б, 6)» (бірі сүннет істеу тура жол). ишләди اِشلَدِى «нәби ишләди тәңри рахмәти нәби үстинә баржа ‘өмридә (42а, 5)» (Пайғамбар істеді, Тәңірдің рахметі оның үстіне, барша өмінде). ишләдүгидүр اِشلَدُكِدُر «иқрар дидүгүмүз қулуң ишләдүгидүр (47а, 4)» (иқрар дегеніміз құлдың істегені). Негізгі түбірі иш (іс) +  лә- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Көнеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне тегіс таныс етістік. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, Кк, ТА, ГИ, ГТ, ИМ, БВ, ДМ, КФ, КФТ, МГ: ишле-; [16, 116]. Қазіргі қыпшақ және басқа түркі тілдерінде: қаз.: істе-; тат., башқ.: ишлә-; қырғыз: иштө-; түрік, түркм.: ишле-; азер., өзб.: ишлә-; ұйғ.: ишли- [7, 406-407].

йап- يَب1. жабу. 2. істеу, жасау, құру; «дахи уйатлығын йапмақ (10а, 4)» (және ұятты жерін жабу). «уйатлығы йапмақдур (12б, 4)» (ұятты жерді жабу). «йа иләһи йабғыл мәни сану рахмәтүң бирлә (34б, 2)» (Ей Тәңірім! Мені рахметіңе бөле /жап/). Қазіргі түркі тілдерінің көбінде біріші мағынада, тек  түрік тілінде екінші көрсеткен мағынада сақталған. Ал орта ғасыр жазба ескерткіштер тілінде, оның ішінде біз сөз етіп отырған қолжазба тілінде екі мағынада да қолданылған. Ескі ұйғыр: йап- /жабу; істеу/; МҚ: йап- /жабу; құру, жасау/; МЕ: йап- /жабу/; НФ: йап- /жабу; құру/-; КЕ: йап- /жабу; жасыру/; Кк, ХШ, ТА, БМ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ: йап- /жабу/; Ал-Каванин: йап- /жабу, тұрғызу/; КИ: йап- /жабу; жасау/; Қазіргі қыпшақ тілдерінде «жабу «закрывать, покрывать» мәнінде: қаз., қырғыз, ққалп.: жап- [46, 177; 47, 228]; ноғ., құм., қарай., тат., башқ.: йап- [41, 452; 42, 394; 43, 229; 44, 698; 45, 713]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: йап- /істеу, жасау/; түркм., өзб., ұйғ.: йап- /жабу/ [7, 434-435].

йаратيَرَتжарату; йаратған  يَرَتغَان «ол ихсандур тәңри йаратған қуллара дахи шафақат әйләмәкдүр анлара (44б, 4)» (ол жақсылық тәңір жаратқан құлдарға және мейрім жасау оларға). Бастапқы түбір йара-; -т- етістік тудырушы жұрнақ. Түркі тілдеріне тегіс танымал, ықлым заманнан бері қолданылп келе жатқан етістік. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: йарат-; [ 23, 725]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп.: жарат- [46, 180; 47, 230]; ноғ., құм., қарай., тат., башқ.: йарат- [41, 467; 42, 395; 43, 231; 44, 713; 45, 725]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: йарат-; өзб.: йәрәт-; ұйғ.: йарат-  [7, 434-435].

йашур- يَشُرжасыру; йашурдыيَشُردِى«йашурды фиһ (39б, 4)» (ішінде жасырды). Бастапқы түбір йаш- (скрываться; ДТС, 246); ур- өзгелік етіс жұрнағы. Өлі және тірі қыпшақ тілдерінде тегіс кездеседі. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, КЕ, ХШ, КИ: йашур-; Кк, Ат-Тухфа, Ал-Каванин: йашыр-; ТА: йашын- (ырықсыз етіс тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ққалп.: жаcыр- [47, 236]; тат.: йешир- [44, 721]; башқ.: ййешир- [45, 244]; қырғыз: жашыр- [46, 186]; ноғ.: йасыр- [41, 472]; құм., қарай.: йашыр- [42, 399; 43, 239]; Басқа түркі тілдерінде: түркм.: йашыр-; өзб.: йәшир-; ұйғ.: йошур-  [7, 276-77].

йеيَهжеу; «арытғай қарныны харам йәмәкдән (37б, 4)» (тазартсын қарнын харам жеуден /тамақтан/). Ескі және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінің көбінде кездеседі: йе-//йи-//йий-//же-. Тарихи жадыгерлер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, ТА, БМ, Ал-Каванин, ДМ: йе-; Ат-Тухфа: йе-; йий-; ГТ: йи-; ИМ: йи-; КИ: йе-; йи-;  [ .736]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп.: же- [46, 196; 47, 240]; ноғ., қарай.: йе- [41, 104; 43, 268]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., өзб., ұйғ.: йе-; түркм.: ий-;  [7, 982-983].

йуيُوжуу; йумақيُمَاق  «ики әлини йумақ (22б, 6)»(екі қолын жуу); йумаға يُمَاغَه  «кирмәзләр йумаға (22б, 5)» (жууға кірмейді). йумағы يُمَغِى  «йумағы үж ағзайы» (үш мүшені жууды). йумақдур يُمَاقدُر «бири йүз йумақдур (22а, 6)» йуғай يُغَاى «йуғай су жықан йири (22а, 6)» (жусын су шыққан жерді). Ескі және жаңа қыпшақ тілдерінің бәрінде сақталған: йу-//йуй-//йув-//йы-//жу-//жуу- (жуу). Жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, КЕ, ТА, Ат-Тухфа, КК, ИМ: йу-; НФ: йу-; йув-; Кк: йу-; йув-; ХШ, МН: йу-; йуй-; йув-; БМ: йув-; ГТ: йу-; йув-; КИ: йу-; йуй-; йув- [ .750]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп., құм.,: жу- [42, 140; 46, 235; 47, 263]; тат.: йу- [44, 697]; башқ.: йы- [45, 238]; ноғ., қарай.: йу- [41, 445; 43, 251]; Басқа түркі тілдерінде: азер.: йу-; түркм.: йув-; өзб.: йув-; ұйғ.: жуй-; [7, 988-989].

йықيِقْ  —жығу, құлату; йықмышдурيِقْمِشدُر  «ким ки тәрк итсә хақ дин йықмышдур (4а, 3)» (кім де кім тәрк етсе хақ дінді жыққан болады). Көнеден келе жатқан, өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдеріне жаппай танымал етістік. Ескерткіштер тілінде: ҚБ, МҚ: йық-; [ДТС, 268]; БМ, БВ, ГИ, ГТ,ИМ, КФ,МГ, ТА, Ат-Тухфа: йық-;КК: йық-;йых-;Қазіргі түркі тілдерінде: қаз., қырғыз: жық-; тат., башқ.: йық-; түрік, түркм.: йык-; азер.: йыһ-; өзб.: йық-; йиқыт-; ұйғ.: жикыт-  [7, 988-989].

қайтурقَيْتُر қайтарقَيتَر1. қайтару. 2. теріске шығару; қайтурмақ قَيْتُرمَق «сәләм қайтурмақ (5а, 5)» (сәлем қайтару). қайтармақ قَيتَرمق «йаманлықдан қайтармақ (5б. 2)» (жамандықтан қайтару). Негізгі түбір қад-; -/ы/т-; -ур//-ар – (қай-ыт-ур//ар-) өзгелік етіс жұрнағы. Көне жадыгерліктер тілінде: МҚ: қайтур-; ТА: қайтур-; КИ: қайтур-; Қ. қайт-.

қалдурقَلدُرкөтеруқалдурмақдур قَلدُرمَقدُر «ики әлин қалдурмақдур ики қулағ йумағына дәгин (20б, 1)» (екі қолын көтеру құлақ жұмсағына дейін). Бастапқы түбір қалы- (көтерілу); +тур- өзгелік етіс жұрнағы. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр:қалыт- (поднимать вверх); қалдур-; МҚ: қалтур-; ГИ, КФ: қалдур-; Кк, Ат-Тухфа: қалдыр- [ДТС, 413; 2, 124]. Қазіргі қыпшақ және қарлұқ топтарына кіретін тілдерде кездеспейтін бұл етістік оғыз тілдерінде жақсы сақталған: түрік: калдыр-; азер., түркм.: гāлдыр- [7, 428-429];

кейكَيкию; кәймәкдән  كَيمَكدَن«арытғай арқасыны харам кәймәкдән (37б, 6)» (тазартсын арқасын харам киюден). Қыпшақ тілдері мен басқада түркі тілдеріне танымал етістік. Көне түркі тілінде кед- тұлғасында болған бұл лексема кейінгі дәуірдегі ескерткіштер мен тілдерде кед-//кей-//кий-//гий- тұлғаларында. Түркі тілдерінің даму тарихында к//г, д//й әдеттегі құбылыстар. Хорезм және Алтын Орда аймағында жазылған ескерткіштерде сөз соңында д//й дыбыстары сәйкес қолданылса, мәмлүк қыпшақтары тіліндегі ескерткіштерде й дыбысының орныққандығын көреміз. Жадыгерлер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: кед-; МЕ: кед-; кей-; НФ: кед-; КЕ: кей-; кед-; Кк: кей-; кий-; ХШ: кей-; кед-; кид-; ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: кей-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: кій-; ноғ., құм., қарай., тат., башқ., қырғыз, ққалп.: кий-; Басқа түркі тілдерінде: түрік: гий-; азер., түркм.: гей-; өзб., ұйғ.: кий-  [7, 276-77].

кизләكِزلَهжасыру; кизләр كِزلَر «арытғай дилини йаландан ғайбатдан йахшылығы кизләр йаманлығы сөйләр буһтандан (37б, 4)» (тазартсын тілін жалғаннан, ғайбаттан, жақсылықты жасырып, жамандықты айтатын жаладан). Бастапқы түбірі киз (әтір құтысы); -ле- етістік тудырушы жұрнақ. Көнеден келе жатқан етістік. Бір қатар түркі тілдерінде сақталған. Тарихи ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ХШ, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: кизле-; Кк: кизлен- (өздік етіс тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде ұшыраса бермейді. Тек қарайым тілінің оғыз элементі басым қырым диалектісінде қолданылады. қарай.: кизлә- [43, 317].Дегенмен бұл етістік оғыз тілдерінде жақсы сақталған: түрік, түркм.: гизле-; азер.: гизлә- [7, 276-277].

кидәр-كِدَرкетіру, жоқ қылу; кидәрди كِدَردِى «шүкр Аллаһа кидәрди мәндән бәни инжиткәни (34б, 4)» (шүкір Аллаға кетірді менен менің жаныма батқанды). кидәрмәз كِدَرمَز «нәжәсәти кидәрмәз (8а, 5)» (нәжісті кетірмейді). Бастапқы түбірі кит- (кету); -ер- өзгелік етіс жұрнағы. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: кетәр-; ҚБ: кетәр-; кетүр- [ДТС, 303; 304]; ГИ, КФ, КФТ: кидер-; Ал-Каванин: кетер-; ИМ: кетер-; китер-; КК: кетир-; БВ: китер-; ГТ, МГ: китер-; Қазіргі қыпшақ және өзге түркі тілдерінде: қаз., ноғ., қырғыз, ққалп.: кетір-; түрік: гидер-; түркм.: гитдир-; өзб.: кеткәз-; ұйғ.: кәткүз- [7, 272-273].

қабла- قَبلَه қабламақ قَبلَمَق «қабламақ барчасыны башуң  силгәндә (25а, 1)» (басыңды сүрткенде баршасын қаптау /жабу/). Негізгі түбірі қап (қап)+ла етістік тудырушы жұрнақ. Қазіргі түркі тілдеріне тегіс танымал етістік. Ескерткіштер тілінде: МҚ: кап (түбір күйінде); каплан- (ырықсыз етіс тұлғасында) [ДТС, 421]; КЕ: қапла-; ХШ: қабла-;ТА: қап (түбір күйінде); БВ, КИ: қапла-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз: қапта- [46, 401]; ноғ., құм., қарай., тат., башқ., ққалп.: капла- [41, 146; 42, 188; 43, 290; 44, 226; 45, 322; 46, 401; 47, 373]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: капла-; азер., түркм.: гапла-; өзб.: кáплә-; ұйғ.: қапли-  [7, 434-435].

көстәрكُستَرкөрсету; көстәрүрكُستَرُر «йол көстәрүр (2а, 5)» «йол көстәрүр (2б, 2)» (жол көрсетеді). Бастапқы түбірі көр-; се-; -т- өзгелік етіс жұрнағы. Қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында «көрсет-»формасында қолданылады. «көстер-» ескі осман тілі мен қазіргі оғыз тілдерінде кездеседі. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінен Алтын орда және Хорезм қыпшақтары тілінде жазылғандардың ешбірінде ұшыраспайды. Тек мүмлүк қыпшақтары тілінде жазылғандардан БМ /көстер-/, Ат-Тухфа /көрсет-/ және КИ–та /көстер-/ ғана қолданылғандығын көреміз. Сондай-ақ сөз басындағы арабша «ك» әріпінің к//г болып оқылатындығын ескерер болсақ қолжазба тіліндегі бұл етістік оғыз элементі болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: көрсет- [41, 181; 47, 338]; тат.: күрсет- [44, 341]; башқ.: күрһет- [45, 299]; құм.: гөрсет- [42, 104]; қырғыз: көрсөт[46, 508];Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: гөстер-; түркм.: гөркез-; өзб., ұйғ.: көрсәт- [7, 284-285].

оқуاُقُوоқа- اُقَهоқу; оқумақ اُقُمَق «қуран оқумақ (10а, 6)» (құран оқу). оқумаға اُقُمَاغَه «зикрүң оқумаға (33б, 4)» (зікіріңді оқуға). оқудум اُقُدُم «оқудум намаз китабы (40а, 1)» (оқыдым намаз кітабы). оқуйа اُقُيَا «қаты оқуйа жақ йирдә (19б, 5)» (қатты оқығай жақын жерде). оқумақсуз اُقُمَاق سُز «намазы  ануң оқумақсуз (42а, 2)» (оның намазы оқымай-ақ). оқарлар اُقَرلَر «ду’алар оқарлар (25а 5)» (дуалар оқиды). Түркі тілдерінің барлығында сақталған. Көне түркі тілінде (көне ұйғыр) «шақыру» мағынасында да қолданылған. Ол кезде тайпалар жау келгенде бір-бірін оқ ату арқылы шақыратын болғандықтан және оқта әр тайпаның таңбасы белгіленетіндіктен сөздің түбірі «оқ» сөзінен шыққан болуы мүмкін. Қолжазба тілінде бір жерінде ғана оқа- формасында қолданылған. Бұл форма қазіргі түркмен тілінде сақталған. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: оқы- /шақыру, жаттап оқу/; МҚ: оқы- /оқу, шақыру/; МЕ: оқы-; оқу-; НФ, КЕ, МН, ТА, ГТ, ИМ, КИ: оқы-; Кк: оқу-; ХШ: оқу-; оқы-; БМ, Ат-Тухфа: оқу;  Ал-Каванин: оқы-; оқу-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: оқы- [41, 244; 47, 491]; тат., башқ.: уқы- [44, 587; 45, 573]; құм.: оһу- [7. 248]; қырғыз, қарай.: оқу- [43, 426; 46, 589].Басқа түркі тілдерінде: түрік: оку-; азер.: оху-; түркм.: ока-; өзб., ұйғ.: оқы-  [7, 658-659].

өдәاُدَه1. орындау. 2. өтеу, төлеу (қарыз); өдәмәк اُدَمَك  өдәгәй اُدَكَاى  «әгәр шул нәснәләрдән олса өдәмәк аны өдәгәй (21б, 1)» (егер оны төлеу мына нәрелер болса өтесен). өдәмәги اُدَمَكِى  «әгәр қолай олмаса өдәмәги аны (21б. 2)» (егер оны өтеу оңай болмаса). Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен қазіргі түркі тілдерінде жоғарыда көрсеткен мағыналарда ұшырасады. Ескерткіштер тілінде: ҚБ: өтә- (төлеу); МҚ: өтә-(орындау) [31, 392]; БМ, ГИ, ГТ, КФТ, КФ: өде- (төлеу, орындау); ИМ, Ат-Тухфа: өте- (төлеу) [16, 209: 212]; Қазіргі түркі тілдерінде: қаз.: өте-; тат., башқ.: үтә-; түрік: өде-; азер.: өдә-; [7, 666-667].

өғрәтاُكرَتүйрету; өғрәтди اُكرَتدِى «ол нәби шул уақт өғрәтди а’рабиа (13б, 2)» (ол пайғамбар сол кезде үйретті шөл арабына). «өғрәтди а’рабиа намаз әркәнләри (18б, 4)» (үйретті арабтарға намаз шарттарын). Түркі тілдеріне жақсы таныс етістік. Тілімізде үйрет- сыпатында қолданылатын бұл етістікті үйрен- ырықсыз етіс тұлғасымен салыстырғанда оның негізгі түбір емес екендігін аңғаруға болады. Көне түркі тілінде өг – разум; өге – мудрый, мудрец; өглеш- вникат, рассужат [ДТС, 375-380]. Демек көне түркі тілінде г – қимыл есім жасайтын қосымша екені белгілі. Одан –ла- (-ра фонетикалық варианты)есімнен етістік тудырушы жұрнақ, ал –т — өзгелік етіс жұрнағы болып шығады. Ескі және қазіргі қыпшақ тілдерінде өгрет-//өғрет-//өврет-//өйрет-//үйрет-//үрет- формаларында кездеседі. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ГТ, ИМ, КИ: өгрет-; ТА: өгрет-; өврет-;Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., қарай., ққалп.: үйрет- [41, 389; 42, 337; 43, 591; 47, 690]; тат., башқ.: өйрет- [44, 738; 45, 425]; қырғыз: үйрөт- [46, 800]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: өғрет-; азер.: өйрәт-; түркм.: өврет-; өзб.: өргәт-; ұйғ.: үгүт-  [7, 674-675].

сачسَجшашу; сачмақ سَجمَق «су сачмақ уйатлығына (24б, 2)» (ұятты жеріне су шашу). Түркі тілдеріне тегіс танымал, көнеден келе жатқан етістік. с//ш//ч дыбыс сәйкестіктері қалыптасқан. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, ИМ, КИ: сач-; Ат-Тухфа: шаш-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: шаш- [41, 408; 47, 729]; тат.: чеч- [44, 650]; башқ.: сес- [45, 496]; қырғыз: чач-[46, 242]; құм., қарай.: чач-[42, 356; 43, 626]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: сач-; азер.: сәр-; түркм.: чәч-; өзб.: сáч-; ұйғ.: чач-  [7, 730-731].

сайصَيсанау, деп санау; саймақ صَيمَق «кижәр саймақ шарт дәгүлдүр (28а, 1)» (жарамды санау шарт емес). «билинди саймақ шарт дәгүлдүр (29а, 5)» (білінді деп санау шарт емес). Орта ғасыр ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ тілдерінде сай-//сан-//сана- тұлғаларында кездеседі. Ескі ұйғыр: сан-; МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ТА, Ат-Тухфа, ИМ: сана-;  ХШ: сан-; БМ: сай-; КИ: сан-; сана-;Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., тат., қырғыз, ққалп.: сана-[41, 287; 42, 278; 44, 467; 46, 636; 47, 563]; башқ.: һана- [45, 621]; қарай.: сан- [43,  464].Басқа түркі тілдерінде: түрік: сай-; сан-; азер.: сан-; сай-; түркм.: сāн-; сāй-; өзб.: сәнә-; ұйғ.: сани-  [7, 745-46; 752-53].

сақла—  سَقلَهсақтау; «йа иләһи сақла уйатлуғумы (33а, 6)» (Ей Тәңірім! Сақта ұятты жерімді). сақламағы سَقْلَمَغىِ «сақламағы биш уақт намазы (2б, 1)» (бес уақыт намазды сақтауды). Негізгі түбірі сақ + ла- етістік тудырушы жұрнақ. Ескі және қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілдерінде жақсы сақталған. Жадыгерлер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: сақлан- (өздік етіс тұлғасында); МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: сақла-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз: сақта- [46, 630]; башқ.: һақла- [45, 617]; ноғ., құм., қарай., тат., ққалп.: сақла- [41, 284; 42, 275; 43, 461; 44, 463; 47, 558]

силسِلсүрту; силмәк سِلمَك «силмәк таш бирлә (23б, 4)» (таспен сүрту). силгәй سِلكَاى «силгәй мәншафа бирлә (30б, 4)» (сүртсін су сорғышпен). силмәкдән سِلسَلَردَن «ики әлини йумақ силмәкдән соңра (24а, 5)» (екі қолын жуу сүрткеннен кейін). силүңүз سِلُكُوز «силүңүз башуңуза (11а, 5)» (сүртіңдер бастарыңа). Көне түркі тілі мен орта ғасыр қыпшақ ескерткіштерінің көбінде кездеседі. Ал қазіргі түркі тілдерінен оғыз тобындағы тілдерде /азербайжан, түрік/ тілдерінде сақталған. Глоусон сил- етістігіні қазіргі қыпшақ тілдеріндегі сыла- /мазать, обмазать/ етістігімен түбірлес деп салыстырады. Дегенмен тіліміздегі «сылу» /сыпыру/ етістігінің түпкі төркіні осы сөз болса керек. Ескі ұйғыр, МЕ, НФ, ХШ, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ИМ, КИ: сил-; КЕ: силиг (таза. Қимыл есім тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: сыла-; сыл- (сыпыру); башқ.: һыла- [46, 644]; ноғ., құм., тат., қырғыз, ққалп.: сыла- [41, 320; 42, 293; 44, 495; 46, 649; 47, 602]; қарай.: сил- (сүрту) [43, 474];  Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: сил- [9. 780]; түркм.: сыл- /сыпыру/; өзб.: силә- (сипау); ұйғ.: сили- (сипау)  [7, 657].

сүрүтسُرُتсүрту; сүрүткәй سُرُتكَاى «ол киши сүрүткәй уйатлығын (30а, 6)» (ол кісі ұятты жерін сүртсін). Бастапқы түбір сүр-; -үт- өзгелік етіс жұрнағы. Көне және қазіргі қыпшақ тілдерінде тегіс кездеседі. Қолжазба тілінде сил- етістігімен синоним сөздер ретінде қатар қолданылған. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: сүрт-; МҚ: сүртүн- (өздік етіс тұлғасында); МЕ, КИ: сүрүт-; НФ, КЕ, Кк, ХШ: сүрт-; Ат-Тухфа: сүрүт-; сүртү-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ. құм., қарай., қырғыз, ққалп.: сүрт- [41, 316; 42, 296; 43, 486; 46, 673; 47, 597]; тат.: сөрт- [44, 501]; башқ.: һөрт-[45, 634]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб., ұйғ. : сүрт- /ысқылау/; [7, 804-805].

тапطَپтабу; тапылطَپِلтабылу; тапылғанда طَپِلغَندَه «йуғай ол йири су тапылғанда (41б, 5)» (жусын ол жерді су табылғанда). тапылмағанда طَپِلمَغَاندَه «силмәк таш бирлә йа кисәкилә су тапылмағанда (23б, 5)» (тас не кесекпен сүрту су табылмағанда). Тап- (табу) –ыл- ырықсыз етіс жұрнағы. Ертеден келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне жаппай танымал, белсенді қолданылатын етістік. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: тап-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., қарай., тат., башқ., қырғыз, ққалп.: тап- [41, 324; 42, 304; 43, 513; 44, 506; 45, 498; 46, 708; 47, 620]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: тап- (табыну); азер., түркм., өзб., ұйғ.: тап-  [7, 84-85].

ташла— طَشلَه1. тастау. 2. тас ату. ташлады طَشلَدِى«алды ики таш ташлады тәзәги (28б, 6)» (алды екі тас, тезекті тастады). Өлі және тірі қыпшақ тілдерінде тегіс кездеседі. Негізгі түбірі таш (тас); -ла- етістік тудырушы жұрнақ. Ескерткіштер тілінде: МК: ташла- (бросать) [ДТС, 541]; КК, ИМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин: ташла-; Бірінші мағынасы қазіргі қыпшақ және қарлұқ тобына кіретін тілдерде сақталған. Ал оғыз тобына кіретін тілдерде «тас ату» мағынасында ғана қолданылады. Араларыннда т//д және с//ш дыбыс сәйкестіктері қалыптасқан: қаз.: таста-; тат., башқ.: ташла- (тастау); қырғыз: ташто-(тастау); түрік: ташла- (тас ату); азер.: дашла- (тас ату); өзб.: тәшлә- (тастау); ұйғ.: ташла- (тастау) [7, 128-129].

уғурлаاُغُرلَهұрлаууғурламақдур اُغُرلَمقدُر «ғулул дидүгүмүз ол уғурламақдур ғазалық малындан (12а, 6)» (ғулул дегеніміз ол соғыс дүниесінен ұрлау). Негізгі түбір оғур; -ла- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Көне және қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында кездеседі. Жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: огурла-; МҚ: оғурла-; оғрыла-; МЕ: оғрылық (зат есім тұлғасында); НФ, ТА: оғрыла-; КЕ, Кк, ХШ, БМ, ГТ, ИМ, КИ: оғурла-; Ат-Тухфа: оғру (ұры. Зат есім тұлғасында); Ал-Каванин, ДМ: оғры (зат есім тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: ұрла-; ноғ., құм., қарай., ққалп.: урла- [41, 383; 42, 333; 43, 580; 47, 678]; тат.: угырла- [44, 591]; башқ.: урла- [45, 578]; қырғыз: уурда- [46, 789]; Басқа түркі тілдерінде: азер., түркм.: оғурла-; өзб.: оғырлә-; ұйғ.: оғули-  [7, 114].

чәвүрجَوُرбұру, айналдыру; чәвүрмәгәй  جَوُرمَكَاى «дахи арқасын чәвүрмәгәй (25а, 3)» (және арқасын бұрмасын). Көнеден етістік болғанымен қазіргі қыпшақ тілдерінде кездеспейді. Түрік, азербайжан тілдерінде сақталған. Жазба ескерткіштер тілінде жиі ұшырасады: ҚБ: чеврүл- (ырықсыз етіс тұлғасында); МҚ: чевир- [31, 145]; КК: чөвүр-; ИМ, МГ: чевүр-; Ал-Каванин: шевир-; Ат-Тухфа: шөвүр-[16, 49; 53; 252; 254]; түрік, азер.: чевир- [7, 126-127].

дөндәрدُندَر  бұру; айналдыру;«дөндәр йүзүңи Мәккә сару (13а, 5)» (бұр жұзіңді Меккеге қарай). дөндәрүңүз دُندَرُكُوز «һәр қанда олсаңуз дөндәрүңүз йүзүңүзи Мәккә сару (13а, 6)» (қайда болсаңыздар /да/ бұрыңыздар жүздеріңізді Меккеге қарай). Негізгі түбірі дөн- (бұрылу, қайту, айналу); -дер өзгелік етіс жұрнағы. Түбір күйінде алғаш МК-да кездесетін бұл етістік, орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде төн- формасында кездессе, мәмлүк мемлекеті аумағында жазылған жадыгерлер тілінде /КФТ, КИ, ТА/ дөн-, яғни оғыз нұсқасы көрініс бере бастайды. Қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде: ГИ, КФ: дөндер-; ИМ: төндүр-;  ДТС: дөндүр-; Бұл етістік қазіргі татар тілінен /түн-/ басқа қыпшақ тобына кіретін тілдерде сақталмаған. Дегенмен тіліміздегі төну /бір нәрсенің үстінен үңіле қарау, ентелеу/ төндіру етістіктерінің төркіні осы етістік болса керек.

қуртулقُرتُلқұтылу; қуртулғай قُرتُلغَاي «хаир әйләңүз олғай ким қуртулғай (18б, 2)» (қайыр жасаңыз, ким болсын құтылсын). Сөздің негізгі түбірі кутр-; -ул- ырықсыз етіс жұрнағы. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің көбінде қазіргі қыпшақ тілдерінде қолданылып жүрген «қутул-» формасымен синоним сөздер ретінде қатар қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде «куртул-» оғыз тілдерінде, ал «кутул-» қыпшақ, қарлұқ тілдерінде сақталған. Жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: қуртул-; қутрул-; МҚ: қуртул-; қутул-; МЕ: қуртул-; НФ, КЕ, ХШ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: қуртул-; қутул-; Кк: қуттул-; қутул-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз. ноғ., ққалп.: құтыл-; тат.: котыл-; башқ.: қотол-; қырғыз: қутул-; құм., қарай.: қутул-; Басқа түркі тілдерінде: түрік: куртул-; азер.: гуртул-; өзб., ұйғ.: кутул-  [7, 518-519].

Қозғалу етістіктері: дүшدُشтүсу; дүшәр دُشَر«бирничә киши ишләсә дүшәр өзгәләрдән (5а, 4)» (бірнеше кісі істесе өзгелерден түседі). дүшмәз دُشْمَاز«бирничә киши ишләсә дүшмәз өзгәсиндән (4б, 6)» (бірнеше кісі істесе түпейді өзгесінен).Қолжазба тілінде оғыз элементі қолданылған. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ тілдерінде «түш-» тұлғасында. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ: түш-;  БМ: дүш-; КИ: түш-; дүш-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: түс- [41, 373; 47, 664]; тат., башқ.: төш- [44, 579; 45, 544]; қырғыз: түш- [46, 774]; құм., қарай.: түш- [42, 328; 43, 555].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: дүш-; өзб.: түш-; ұйғ.: чүш- [7, 196-197].

йитيِتйәт-يَت жету; (1. хватать 2. дойти, доежать); йитсәيِتسَه«һәр кимүң күжи йитсә (3а, 6)» (әр кімнің күші жетсе). йәтмәсә  يَتمَسَه«әгәр күжи йәтмәсә (17б, 3)» (егер күші жетпесе). Ескі және жаңа қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінің барлығында қолданылады. йет-//йит-//жет-. Тарихи ескерткіштерде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, КИ: йет-; ГТ, ИМ: йит-; [23, 737]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп.: жет- [46, 204; 47, 247]; тат.: жит- [44, 769]; башқ.: йит- [45, 188]; ноғ., құм., қарай.: йет- [41, 108; 42, 134; 43, 276]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм., өзб.: йет-; ұйғ.: йәт-; [7, 988-989].

йүрүيُرُوжүру; йүрүгәнүми يُرُوكَانُمِ «йа иләһи қылғыл мәни йүрүгәнүми шүкүрлү (35а, 5)» (Ей Тәңірім! Менің жүргенімді шүкірлі қыл). Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне тегіс танымал лексема. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр: йоры-; МҚ: йоры-; йор-; МЕ: йөри-; НФ: йүри-; йүрү-; КЕ: йөри-; йөри-; Кк: йүр-; йүрү-; ХШ, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ИМ: йүри-; БМ: йир-; ГТ: ййүри-; йүрү-; КИ: йүрү-; [23, 759-60].Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ққалп.: жүр- [47, 269]; тат.: йөри- [44, 196]; башқ.: йөрө- [45, 231]; қырғыз: жүрү- [46, 238]; ноғ.: йүр- [41, 451]; құм., қарай.: йүрү- [42, 384; 43, 262]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: йүрү-; азер.: йери-; түркм.: йөре-; өзб., ұйғ.: йүр-  [7, 1002-1003].

қайтقَيتқайту; қайтармән قَيتَرمَن «саңа қайтармән тәубә идәрмән саңа (35б, 4)» (саған қайтамын, тәубе етемін саған). Көне және қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында кездеседі. бастапқы түбірі қад-; -/ы/т- өзгелік етіс жұрнағы. қадыт-//қайыт-//қайт-. Жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: қадыт-; МЕ, КЕ, Кк, ХШ: қайт-; НФ, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ИМ, КИ, ГТ: қайыт-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., қарай., тат., башқ., қырғыз, ққалп.: қайт- [41, 139; 42, 182; 43, 283; 44, 213; 45, 314; 46, 425; 47, 356]; Басқа түркі тілдерінде: азер.: гайыт-; өзб.: қайт-; ұйғ.: кайт- [9. 188-189].

вар- وَرбару; вармақ وَرمَقْ«дахи ғазалыға вармақ киби (5а, 3)» (және соғысқа бару секілді). Түркі тілдеріне тегіс белгілі сөз. Қолжазбаның бір жерінде выр-  /вырмақ саңадур 32а. 4/ формасында да кездеседі. Бірақ бұл көшірген кісінің қатесі болса керек. Әйтпесе не тарихи қолжазбалар тілінде, не қазіргі түркі тілдерінің ешбірінде мұндай сөз кездеспейді.  Тарихи жазбалар тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: бар-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., тат., башқ., қырғыз, қалп., ноғ., құм., қарай.: бар- [41, 70-71; 42, 63; 43, 102; 44, 58-59; 45, 77; 46, 86; 47, 84]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: вар-; түркм., өзб., ұйғ.: бар- [7, 938-939; 19, 86]. Көріп отырғанымыздай қолжазбалар тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерінің барлығында бар- формасында. Қыпшақ және оғыз тілдері арасында б // в заңдылығы бар екендігі белгілі. Демек қолжазбада етістің оғыз нұсқасы қолданылған.

кичكِجөту, жарау; кижәр كِجَر «аудаз кижәр ануңила (7б, 1)» (дәрет онымен жарайды /жарамды/). «йунмақ кижәр (7б, 2)» (жуыну жарайды). «кижәр саймақ (27б, 6)» (жарамды санау). кижкәндән كِجكَاندَن «кижәнүң түлси кижкәндән соңра (15б, 1)» (түннің үштен бірі өткен соң). кижмәз كِجمَز «аудаз кижмәз ануңила (8а, 2)» (дәрет онымен жарамайды). Көне қыпшақ және қазіргі түркі тілдерінің көбінде кездеседі: кеч-//кич-//кеш-//киш-. Қолжазбалар тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, МН, ТА, БМ: кеч-; Ат-Тухфа, Ал-Каванин: кеш-; ГТ, ИМ: кич-; КИ: кеч-; кеш-;Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ққалп., ноғ.: кеш- [41, 165; 47, 320]; тат.: кич- [44, 263]; башқ.: кис-[45, 264]; қырғыз: кеч- [46, 428]; құм.: геч- [42, 99]; қарай.: кеч- [43, 394]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: геч-; азер.: кеч-; өзб.: кеч-; ұйғ.: кәч- [7, 62-63].

кирكِرкіру; кирмәк كِرمَك «қажан кирмәк диләсә (32а, 5)» (қашан кіргісі келсе). киргәй كِركَاى «киргәй аңа қайсы ишикдән диләсә (36б, 4)» (кірсін қайсы есіктен қаласа). кирәсиз كِرَاسِز «кирәсиз тәңриңүзүң жәннәтинә (3а, 5)» (кіргейсіз тәңіріңіздің жаннатына). Ықлым заманнан келе жатқан, қазіргі түркі тілдеріне жақсы таныс етістік. Тарихи жадыгерлер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: кир-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., қарай., тат., башқ., қырғыз, ққалп.: кир-//кір [41, 167; 43, 106; 44, 248; 45, 253; 46, 473; 47, 323]құм.: гир- [42, 106]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: гир-; өзб., ұйғ.: кир-  [7, 274-275].

китكِتкету; китмәк كِتمَك «уссы китмәк (6а, 6)» (есі кету). киткәй كِتكَاى «киткәй йаман қоқу(30б, 1)» (кетсін жаман иіс). кидәрләр كِدَرلَر «кидәрләр намаз ижиндә (21а, 1)» (кетеді намаз ішінде). Түркі тілдеріне жаппай танымал етістік. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, НФ, Кк, ХШ, МН, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ИМ: кет-; МҚ, МЕ, КЕ, ГТ, КИ: кит-; ТА: кет-;гет-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., қарай., қырғыз, ққалп.: кет- [41, 164; 43, 309; 46, 444; 47, 318; 19, 195]; тат., башқ.: кит- [44, 262; 45, 266]; құм.: гет- [42, 98]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: гит-; азер.: гет-; өзб.: кет-; ұйғ.: кәт-  [7, 277-278].

там— طَم – таму; тамғай طَمغَاى «та тамғай мүста’мәл  су қумаш үстинә (30б, 4)» (қолданылған су киі үстіне тамғанға дейін). Орта ғасыр жазба ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ және басқа да түркі тілдерінің көбінде қолданылады. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: тамыз- (өзгелік етіс тұлғасында); МҚ: там-; МЕ: тамдур- (өзгелік етіс тұлғасында); НФ, КЕ, Кк, МН, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: там-; Ал-Каванин: тамзыр- (өзгелік етіс тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., қарай., тат., башқ., қырғыз, ққалп.: там- [42, 303; 43, 509; 44, 513; 45, 504; 46, 703; 47, 616]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: дамла-; азер.: дамсыла-; түркм.: дам-; өзб.: тáмчилә-; ұйғ.: тамчили- [7, 148-149].

чықچِقшығу; чықмақ چِقمَق «чықмақ намаздан (10б, 2)» (намаздан шығу). чықмақдур چِقمَاقدُر  «чықмақдур сағ айағы бирлә (31б, 2)» (оң аяғымен шығу). чықса جِقسَه «қажан чықса бир нәснә тәндән (27б, 1)» (қашан бір нәрсе шықса денеден). чықынжа چِقِنجَه «памбуқ чықынжа андан (40а, 4)» (одан мақта шыққан кезде). Көне заманнан бері келе жатқан етістік. Қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. Сөздің көне «ташық-» етістігінен шыққандығы белгілі. Жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр: ташық-; МҚ: ташық-; чық-; МЕ, НФ, КЕ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: чық-; Кк: чық-; чых-; Ал-Каванин: шық-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: шық- [41, 420; 47, 747]; құм., қарай., тат. қырғыз: чык- [42, 362; 43, 636; 44, 644; 46, 266]; башқ.: сык- [45, 489]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: чык-; азер.: чых-; өзб., ұйғ.: чық- [7, 128].

         Сөйлеу етістіктері: айыт-  اَيتайту; айдағай اَيدغَاى«ол киши айдағай (31а, 4)» (ол кісі айтсын). айдурды اَيدُردِى«айдурды йа ики мәләкләр (32а, 6)» (айтатын еді: Ей екі періште!). айытды اَيتدِى«айытды ба’зылар (30а, 2)» (кейбіреулер айтты). Ықлым заманнан бері қолданылып келе жатқан бір етістік. Қазіргі түркі тілдерінде тек оғыз тобына кіретін тілдерде қолданыла бермейді. Ал қыпшақ тілдерінде жақсы сақталған. Сөздің бастапқы түбірі  ай- (сөйлеу), -ыт өзгелік етіс жұрнағы. Сөз аяғындағы өзгелік етіс жұрнағы дауысты дыбыстан басталатын жұрнақ жалғанғанда ұяңдалады. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде айыд-//айыт-//айт-//ийид- секілді бірнеше тұлғада кездеседі: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, НФ, ХШ, МН, Ат-Тухфа: айыт-;  КЕ, Кк, БМ, ДМ: айт-;  ТА, ГТ: айт-; ейит-; КФТ: ийид-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., қырғыз, ққалп., ноғ., құм., қарай.: айт-; тат., башқ.: әйт-;

айاَيайту; айуңузاَيُوكُوز   «дутуңуз айуңуз (3б, 3)» (ұстаңдар айтыңдар). айт- етістігінің көне, яғни түпкі түбірі. Мұны қазіргі қазақ тіліндегі айқай, айдау сөздерімен салыстырсақ барлығына негіз болған түпкі түбірдің осы ай- етістігі екендігін көреміз. Қазіргі қыпшақ тілдерінде өзгелік етіс жұрнағы түбірмен жымдасып кеткен. Сірә ай- етістігінің лексикалық мәні көмескіленіп, өзгелік етіс жұрнағымен жымдасуы осы дәуірде басталса керек. Қолжазба тілінде бір жерде ғана кездесетін бұл етістік орта ғасырлық басқа ескерткіштерде де сирек ұшырасады. Ал қазіргі түркі тілдерінде мүлдем сақталмаған. Ескерткіштер тілінде: Көктүрік, КБ, БВ, ГТ, ИМ: ай- [31, 25; 2, 17];

бәнклә- بَانكلهазан оқу; бәнкләмәк بَانكلَمَك«бәнкләмәк киби (38б, 6)» (азан оқу секілді). Орта ғасыр ескерткіштерінде бенкле-//баңла-//маңла-//мағла- сияқты түбір етістік тұлғасында және баң бир- сияқты күрделі етістік сыпатында жиі қолданылған. Негізгі түбірі баң (айғай, дауыс)+ла- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Ескерткіштер тілінде: МҚ: баң (айғай; бастапқы түбір күйінде); МЕ: баңла- (айғайлап шақыру); КЕ: маңла- (бақыру, айғайлау); ХШ: маңла-; ТА: баңлаш- (ортақ етіс тұлғасында); БМ: банла- (азан оқу); Ат-Тухфа: маңла- (айғайлау, азан оқу); ИМ: баң бир- (күрделі етістік құрамында); КИ: баңла-; Қазіргі түркі тілдерінде кездесе бермейді. Түрік тілінде «банла-» (әтештің шақыруы, айғайлау, сасып қалу) мағыналарында қолданылады [10, 216]. Тілімізде кездесетін маңқылдау (жағымсыз дауыс шығару), маңырау (қойдың дыбыс шығаруы) етістіктері осы сөзбен түбірлес болса керек.

буйурبُيُرбұйыру; буйурды  بُيُردىِ «буйурды бизә намаз қылмағы зәкәт вирмәги (2 а, 4)» (бұйырды бізге намаз оқуды, зекет беруді). буйурмақ  بُيُرمَق «йахшылығы буйурмақ киби (5б, 1)» (жақсылықты бұйыру сияқты). Өлі және тірі қыпшақ тілдері мен басқа түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Тарихи жадыхаттарымыз тілінде: Ескі ұйғыр:  буйруқ (бірақ зат есім тұлғасында); МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: буйур-;  [23, 419]. ХШ, ДМ: буйруқ (бірақ зат есім тұлғасында); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: бұйыр-; тат.: бǒйыр-; башқ.: бǒйǒр-; қырғыз: буйур-; ққалп., ноғ.: буйыр-; құм., қарай.: буйур-[41, 90; 42, 88; 43, 138; 44, 76; 45, 105; 46, 152; 47, 121].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб.: буйур-; ұйғ.: буйру- [7, 86-87].

диләدِلَهтілеу, қалау; «диләдүгүмүз зинәтдән уйатлығы йапмақдур (12б, 4)» (сәнденуден қалағанымыз ұятты жерді жабу). «қажан кирмәк диләсә су әвинә (32а, 5)» (қашан әжетханаға кіруді қаласа). «қажан диләсә киши аудаз алмақ (32б, 2)» (кісі қашан дәрет алуды қаласа). Түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Оғыз және қыпшақ тілдері арасында т//д сәйкестігі белгілі құбылыс. Қазіргі барлық қыпшақ тілдерімен орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің басым көпшілігінде «тиле-» тұлғасында қолданылған.Тек мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылғандарының кейбірінде оғыз тілінің әсері болса керек дилә- формас қолданылған. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ: тилә-; БМ: дилә-; ДМ: тілен- (өздік етіс тұлғасында); КИ: дилә-; тилә-; [23, 666].Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: тіле-; тат.: тилә- [44, 531], башқ.: тилә- [45, 519]; қырғыз, ққалп., ноғ., құм.: тиле[41, 351; 42, 316; 46, 738; 47, 640]; қарай.: дилә- [43, 177]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: диле-; азер.: дилә-; өзб.: тилә-; ұйғ.: тили- [7, 172-173].

издәاِزدَهисте- اِستَهсұрау, қалау издәди اِزدَدِى«издәди мәндән таш истинжа ижүн (28б, 4)» (истинжа үшін менен тас сұрады). издәмәди اِزدَمَدِى «издәмәди үжинжийи (29а, 4)» (үшіншісін сұрамады). истәрәм اِستَرَم   «рахмәтүң истәрәм (31а, 6)» (рахметіңді сұраймын). Негізгі түбірі из (із) + ле- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Көне ұйғыр тілі мен орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде исте-//исде-//изле-//изде-//йизде-// ирде- тұлғаларында кездеседі: Ескі ұйғыр: исте- (іздеу, қарастыру); МҚ: исте- (сұрау, іздеу); НФ: изле- (із кешу); КЕ: изле- (із кешу); Кк: изде-;ирде-; ХШ, ТА: изде-; БМ: иcте-; Ал-Каванин: изде-(сұрау); ДМ, ГИ: изде-; ГТ: изде-; исте- (сұрау, іздеу); ИМ: изле-; исте- (сұрау, қалау); КИ, ИН, КФТ, РХ: изде-; КФ: изде-; исте-; МГ: исте-; [ .486; 2, 118]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде тек «іздеу, ізіне түсу» мағыналарында сақталса, оғыз және қарлұқ топтарына кіретін тілдерде исте- және изле- екі форма күйіндеекі мағынада да сақталған. Қыпшақ тілдерінде: қаз.: ізде-; тат., башқ.: изле-; қырғыз: изде-; ққалп., ноғ., құм.: изле-; қарай.: изде- [41, 117; 42, 148; 43, 194; 44, 679; 45, 676; 46, 376; 47, 289];Оғыз тілдерінде: түрік: исте- (сұрау, қалау); изле- (ізіне түсу) азер.: истә-(сұрау, қалау); излә- (ізіне түсу); түркм: исле- (сұрау, қалау); изла- (ізіне түсу) Қарлұқ тілдерінде: өзб.: истә- (сұрау); излә- (іздеу) ұйғ.: исти- (сұрау, қалау); изди- (іздеу) [7, 388-389].

кәсилكَسِلкесілу (сөз кесилди – сөз бітті); кәсилди كَسِلدِى «сөз кәсилди (4б, 3)» (сөз кесілді). Негізгі түбір кес- (кесу); -ил- ырықсыз етіс жұрнағы. Ескі және қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ИМ, КИ: кес-; ГТ: кес-; кис-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., қарай., қырғыз, ққалп.: кес- [41, 163; 43, 393; 46, 442; 47, 316]; құм.: гес[42, 98]; тат., башқ.: кис- [44, 260; 45, 265]Басқа түркі тілдерінде: түрік, түркм.: кес-; азер.: кәс-; өзб.: кес-; ұйғ.: кәс- [7, 470-471].

сөйлеسُيلَهайту, сөйлеу; сөйләр سُيلَر «йаманлығы сөйләр (37б, 4)» (жамандықты айтады). сөйләмәгәй سُيلَمَكِِى «сөйләмәгәй су әвиндә (32а, 3)» (әжетханада сөйлемесін). сөйләмәгәймән سُيلَمَكَاىمَن «сөйләмәгәймән су әвинә (32б, 1)» (әжетханада сөйлемеймін). Бастапқы түбірі сөз + ле – есім сөздерден етістік тудырушы жұрнақ. Көне ұйғыр тілі мен орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің барлығында сөзле- тұлғасында қолданылған [,37]. Қазіргі қыпшақ тілдерінің басым көпшілігінде сөйле- формасында. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ КЕ, Кк, ХШ, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: сөзле-; НФ: сөзлеш- (ортақ етіс тұлғасында); ДМ: савла-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., құм., тат., ққалп.: сөйле- [41, 306; 42, 282; 44, 500; 47, 586]; башқ.: һөйле- [45, 632]; қырғыз: сөздө-; сөзлө- [45, 674]; қарай.: сөзле- [43, 481]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: сөйле-; азер.: сөйлә-; түркм.: сөзле-; өзб.: сөйлә-; сөзлә-;  ұйғ.: сөзли-  [7, 794-95].

сығынسِغِن  сиыну; сығынмақдур سِغِنمَقدُر  «сығынмақдур Аллаһа (31а, 4)» (Аллаға сиыну). «йа иләһи  мән сығынурмән  саңа рижсдән (31а, 5)» (Ей Тәңірім! Мен саған лас нәрседен сиынамын). Орта ғасыр ескерткіштер мен қазіргі түркі тілдерінде сығын-//сыйын-//сиын- тұлғаларында кездеседі: Ескерткіштер тілінде «сиыну, жалыну, жалбару» және «паналау, тығылу» деген екі мағынада қолданылған бұл етістік тілімізде тек бірінші мағынада ғана сақталса, азербайжан және түрік тілдерінде екі мағынасы да сақталған. ҚБ, МҚ: сығын-(1.паналау;2. сиыну) [31, 502]; КК, ГИ, ГТ, ИМ, МГ, КФ, ТА: сығын-; Ат-Тухфа: сығын-;сыйын-; Қазіргі қыпшақ және өзге түркі тілдерінде: қаз.: сиын-; тат.: сығын-; башқ.: һиын-; қырғыз: сыйын-; түрік, азер.: сығын-; түркм.: сыйын-; өзб., ұйғ.: сығын-  [7, 770-771].

чикишجِكِش келіспеу, тартысу; чикишмәк جِكِشمَك «барча қаулинда чикишмәк қумашдадур (8б, 5)» (барша қаулысында тартыс киімде). «чикишмәк бәллү олур (20а, 1)» (тартыс белгілі болады). Бастапқы түбір чек-(тарту); —иш- ортақ етіс жұрнағы. Ескерткіштер тілінде ч//ш сәйкестігі кездеседі: МК: чекіш- [ДТС, 143]; ГИ, ГТ, ИМ: чекиш-(тартысу); КФ: чекиш-(тартысу; артынан жамандау); КФТ: чекиш- (дауласу); Ал-Каванин: шекиш- (тартысу). Қазіргі бір қатар түркітілдерінде қолданылады: қаз.: шегіс-; қырғыз: чекіш- түрік: чекиш-; азер.: шәкиш-; түркм., ұйғ.: чекиш- [7, 122-123; 853].

Қалып-сапа етістіктері: арын-  اَرِنарылу, тазару; аринмақاَرِنمَق«дахи аринмақ нәжәсәтдән (10а, 3)» (және нәжістен арылу). «арынмақ шартдур (28а, 2)» (арылу шарт). арынса اَرِنسَه«әгәр арынса бир ташилә (28а, 2)» (егер арылса {тазарса} бір таспен). Сөздің бастапқы түбірі ары- (очищаться; ДТС, 51), -н- өздік етіс жұрнағы. Өлі және тірі түркі тілдерінің көбінде сақталған. Тарихи ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, КЕ, Кк, ИМ, КИ: арын-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: тат., башқ., қарай.: арын-; Қазақ және қырғыз тілдерінде ырықсыз етіс жұрнағының –л формасы жалғанады. қаз., қырғыз: арыл- ;

бәңзә- بَكْزَهұқсау; бәңзәрсә بَكْزَرسَه «нәки бунлара бәңзәрсә (7а, 5)» (немесе бұларға ұқсаса). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің бір сыпырасында кездеседі. КК, РХ, Ал-Каванин, ТА: бензе-;Қолжазбада бәңзә- және ухша- сөздері синоним сөздер ретінде қатар қолданылған. Демек бұлардың біріншісі оғыз, ал екіншісі қыпшақ варианты болса керек. Өйткені қазіргі оғыз тобына кіретін тілдерде беңзе- , ал қыпшақ тілдерінде уқша- варианты сақталған. түрік: бензе-; азер.: бәнзә-; Түркм: меңзе- [7, 60-61];

битبِتбіту; битәр بِتَر«дахи битәр айдағай (33б, 2)» (және бітерде айтсын).  Бүкіл түркі тілдерінде сақталып келе жатқан етістік. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: бүт-; КЕ, Кк, ТА, БМ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: бит-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: біт-; тат.: бит- ; башқ.: бөт-; қырғ.: бүт-; ққалп.: пит-; ноғ.; қарай.: бит- [41, 83; 43, 123; 44, 69; 45, 114; 46, 157; 47, 532].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб.: бит-; ұйғ.: пүт- [7, 75].

дурدُرтұру; дурмақ  دُرمَق«қыблайа қаршу дурмақ (10а, 4)» (қыблаға қарсы тұру). «айақ үстинә дурмақ (10а, 6)» (аяқ үстінде тұру). дуруңуз  دُرُكُوز«дуруңуз Аллаһижүн қорқу бирлә (17а, 6)» (тұрыңдар Алла үшін қорқынышпен). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерімен қазіргі түркі тілдерінің барлығында тур- тұлғасында. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: тур-; БМ: тур-; дур-;[ 23, 680-81]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: тұр-; тат., башқ.: тǒр-; қырғыз, ққалп., ноғ.,құм., қарай.: тур- [41, 366; 42, 323; 43, 547; 44, 547; 45, 533; 46, 760; 47, 654].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: дур-; өзб., ұйғ.: тур- [7, 190-191].

дүкән دُكَنдүкүнدُكُن1. біту, түгесу, аяқталу; 2. айрылу; дүкәнсә دُكَنسَه«қажан дүгәнсә истинжадан айдағай (32б, 5)» (Қашан түгескенде истинжа /былай/ айтсын). дүкүнсә دُكُنسَه «қажан дүкүнсе аудаздан севгилидүр ол кишийе (35б, 1)» (қашан дәрет алу түгессе ол кісіге сүйкімді). Көнеден келе жатқан етістік. Орта ғасыр жазба ескеркіштері мен қазіргі түркі тілдерінде д~т сәйкестігі нәтижесінде қалыптасқан. Бастапқы түбір түке- (бітіру)+нырықсыз етіс жұрнағы. Ескерткіштер тілінде: Көктүрік: түке-; Ескі ұйғыр: түке-; түкет- (өзгелік етіс тұлғасында); МҚ: түке-; МЕ: түкен-; дүкен-; КЕ: түкен-; Кк: түген-; НФ, ХШ, БМ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, Ал-Каванин, МГ: түкен-; МН: түген-; КИ: түкен-; дүкен-; ГИ, КФ, КФТ: дүкен-; Тілімізде бұл етістік түгес- тұлғасында кездеседі: қаз.: түгес-; тат.: төген-; башқ.: төкен-; қырғыз: түгөн- [46, 769]; құм., қарай.: түген- [42, 326; 43, 552].Басқа түркі тілдерінде: түрік: түкен-; азер.: түкән-; түркм.: түкен-; өзб.: түгә-; ұйғ.: түги- [7, 904-905].

йазылيَزِل –  жазылу; йазылдыيَزِلدىِ  «йазылды уақт бирлә (2б,3)» (уақытпен жазылды). йазылғай يَزِلغَاى  «ким ки оқуса ики кәз йазылғай шәһидләрдән (37а, 3)» (кім де кім оқыса екі рет, шәйіттерден жазылсын). Негізгі түбірі йаз- (жазу); -ыл- ырықсыз етіс жұрнағы. Түбір күйінде ескі ұйғыр және орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіш көбінде кездеседі. КИ-тің авторы йаз- етістігінің «жазу» мағынасымен қоса «қателесу, күнә жасау» мағынасының бар екендігін жазады [. 734]. Ал бұл мағынасы қазақ тілінде сақталған. Ескі ұйғыр ескерткіштерінде де «жазу, жайылу, тарау, қателесу [31, 250]» мағыналарында қолданылған бұл көп мағыналы етістік, қазіргі қазақ тілінде де осы мағыналарының барлығын сақтаған. Ескерткіштер тілінде: МҚ: йазыл- /жайылу, шешілу/; ҚБ: йазыл- /жайылу,тарау, шешілу/ [31, 251]; ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФТ, КФ, РХ: йазыл- (жазылу);КК: йазыл- (шешілу, ашылу); ГТ: йазыл- (жайылу, жазылу); Қазіргі қыпшақ және басқа да түркі тілдерінің барлығында кездеседі: қаз., қырғыз, ққалп.: жазыл-; тат., башқ., ноғ., құм., қарай., түрік, түркм., өзб., ұйғ.: йазыл- [7, 980-981].

қуруقُرُوқұрғау; қурумаға قُرُمَاغَه «та йақын олғай қурумаға (30б, 3)» (құрғауға жақын болғанға дейін). қурумаздан قُرُمَزدَن «башламақ қурумаздан бурун (25а, 1)» (құрғамастан бұрын бастау). Ескі және қазіргі түркі тілдерінде жаппай қолданылады. Жадыгерлер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: қуры-; қуру-; МЕ, НФ, КЕ: қуры-; Кк: қурғақ- (зат есім тұлғасында); ХШ: қуру; куруғ (құрғақ. Зат есім тұлғаларында); ТА: қурула-; қуру (құрғақ. Зат есім тұлғасында); БМ, ГТ: курут- (өзгелік етіс тұлғасында); Ат-Тухфа: қуру; ИМ: қуру-; КИ: қур-; қуры-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: құрға-; ноғ.: қур- [41, 189]; құм., қарай.: қуру- [42, 207; 43, 375]; тат.: коры- [44, 283]; башқ.: қоро- [340]; қырғыз: қуру- [46, 522]; ққалп.: қуры- [47, 413]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: куру-; азер., түркм.: гуры-; өзб., ұйғ.: куру-  [7.  520-521].

отурاُتُرотыру; отурмақ اُتُرمَق «қыблайа қаршу  отурмақ (25а, 2)» (қыбылаға қарсы отыру). отурғанда اُتُرغَندَه «ахир тахиата отурғанда (19б, 3)» (ақырғы әттахиятқа отырғанда). отурмағай اُتُرمَغَاى «күнәшә қаршу отурмағай (25а, 4)» (күнге қарсы отырмасын). отуруң  اُتُرُك «отуруң бунда (32а, 6)» (отырыңдар мұнда). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінің барлығында «олтур-» формасында кездеседі. Тек мүмлүк мемлекетінің соңғы дәуірлерінде (шамамен 1425 жылдары шамасында) жазылғандықтан болса керек «олтур» және «отур-» тұлғалары қатар қолданылған. Демек осы дәуірде сөз ортасындағы  л дыбысының элизияға ұшырап, түсе бастаған кезі де, «Муқаддиманың» жазылған кезі, яяғни 15-ғасырдың аяғы «отур-» формасының орныққан шағы болса керек. Сонымен тарихи ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр: олур-; МҚ: олтур-; олдур-; МЕ, НФ, КЕ, КкХШ, МН, ТА, БМ, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: олтур-; Ат-Тухфа: олтур-; отур-; ДМ: волтур-; Қазіргі қыпшақ тілдерінен «олтур-» формасы башқұрт, құмық, қарайым тілдерінде сақталған: қаз., ққалп.: отыр- [47, 503]; ноғ.: олтыр [41, 245]; тат.: утыр- [44, 596]; башқ.: ултыр- [45, 574]; қырғыз: олтур- [46, 590]; құм.: олтур- [42, 243]; қарай.: олтур- [43, 427].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: отур-; өзб.: отир-; ұйғ.: олтур-  [7, 666-667].

уйاُيмойынсұну, тура келу, сәйкесу; уйарлар  اُيَرلَر«йа иләһи қылғыл мәни анлардан ишидүләр қаулүңи уйарлар қаулүңә (34б, 4)» (Ей Тәңірім! Мені олардан қыл, сөзіңді естіді, сөзіңе мойынсұнды). Көне түркі тілдерінде уд тұлғасында болған бұл етістік орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде д//й дыбыс алмасуына ұшыраған. Көктүрік, Ескі ұйғыр: уд-; МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ХШ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: уй-; Қазіргі қыпшақ тілдерінің ішінде тек қарайым тілінен басқа ешбірінен кездеспегенімен оғыз тілдерінде белсенді қолданылады. қарай.: уй-; түрік, азер., түркм.: уй-; өзб., ұйғ.: уйғун (сын есім тұлғасында)  [7,  922-923].

уйуқлаاُيُقلَهұйқтау; уйуқламақ اُيُقلَمَق «хүкми аудазсузлық дидүгүмүз уйқламақ киби (6а, 6)» (үкім дәретсіздік дегеніміз ұйқтау сияқты…). Бастапқы түбір уйы- (ұйқтау); —қ/ы/ — етістіктен есім тудырушы жұрнақ ; -ла- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. уйы- // уйқы // уйқыла-. Көне түркі тілінде уды- тұлғасында болған бұл етістік орта ғасыр жазба ескерткіштерінен Хорезм және Алтын Орда аймағында жазылған ескерткіштерде уйы- // уды- тұлғалары қатар кездессе, мәмлүк аймағында жазылғанқолжазбалар тілінде –қы жұрнағы арқылы зат есімге, сонан соң –ла жұрнағы арқылы қайта етістікке айналған уйуқла- формасының пайда бола бастағандығын көреміз. Көктүрік, Ескі ұйғыр: уды-; МҚ: уды-; уду-; МЕ: уйу-; НФ: уды-; уйу-; уйы-; КЕ: уды-; Кк: уйу-; ХШ: уды-; уйу-; ТА: уйы-; БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин: уйуқла-; ГТ, ИМ: уйу-; КИ: уйы-; Бастапқы түбір тұлғасы уйу- қазіргі азербайжан және түрік тілдерінде сақталған. қаз.: ұйқта-; тат., башқ.: йоқла- [44, 186; 45, 223]; қырғыз: уқта- [46, 781]; ққалп.: уйқыла- [47, 673]; ноғ.: уқла- [41, 381]; құм.: йухла- [42, 385]; қарай.: йуқла- [43, 255].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: уйу-; түркм.: укла-; өзб.: ухлә-; ұйғ.: уһли-  [7, 923].

ухшаاُقشَه ұқсау; ухшаса اُقشَسَه «нәки бунлара ухшаса (6а, 5)» (немесе осыларға ұқсаса). Қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінің көбінде «сипау, аймалау, жақсы көру, ұқсау» секілді бірнеше мағыналарда кездеседі. Ескі ұйғыр тілінде ұшырасатын бұл етістік орта ғасыр жазба ескерткіштерінде КК-тан басқаларында кездеспейді. Әйтседе Ә Құрышжанов бұл сөздің көне түркі тіліндегі оғуш сөзінен туындаған туынды түбір екендігін айтады [1, 240].  Жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: охшан- (сүйілу. өзгелік етіс тұлғасында); МҚ: охша- (сипау, әзілдесу); Кк: увша-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: ұқса-; тат.: ŏхша- (ұқсау, еске салу); башқ.: ŏкша-(ұқсау, ұнау); қырғыз.: оқшо- (ұқсау);  ққалп.: уқса-; ноғ.: уқса- (ұқса); құм.: оша- (ұқсау); қарай.: ухша- (ұқсау); Басқа түркі тілдерінде: түрік: окша- (сипау); азер.: охша- (сипау); өзб.: охшә- (ұқсау); ұйғ.: охши- (ұқсау)  [7, 60-61; 656-657].

йығлынيِغلِنсақтану, өзін тыю; йығлынмақдур يِغلِنمَقدُر «йығлынмақдур тәңри нәһи әйләгәндән (45б, 2)» (Тәңір тыйым салғаннан өзін тыю /тоқтату/). Бастапқы түбір йығ- (тоқтату, тыю); -/ы/л- ырықсыз етіс жұрнағы; -ын- өздік етіс жұрнағы. Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде дәл осы формада кездеспегінімен  йығ- /тоқтату, тыю/ түбір тұлғасында ұшырасады: Ескі ұйғыр: йығын- (өзгелік етіс тұлғасында); МҚ, МЕ, НФ, ИМ, КИ: йығ-; Мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған ескерткіштерден тек   ИМ  мен  КИ-ден басқаларында кездеспейді. Аталмыш етістік қазіргі түркі тілдерінде сақталмаған. Дегенмен түрік тілінің Анадолы диалектісінде осы етістіктен туындаған «йыһылган» деген сын есім қолданылады екен.

булғашبُلْغَشْбұлғану, бұласу, жұғу; булғашса بُلْغَشْسَه «қумаша қажан булғашса нәжәсәт (9а, 6)» (киімге қашан нәжіс жұқса /бұласса/). булғашмаса بُلغَشمَسَه «булғашмаса ол киши йуғай ол йири (27б, 1)» (жұқпса олкісі жусын сол жерді). Бастапқы түбір булға- (бұлғау); —шортақ етіс жұрнағы. Ықлым заманнан бері қолданылып келеді. Қазіргі түркі тілдерінің көбінде қолданылады. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде «булға-; була-» формаларында кездеседі. Осы екі форма да қатар кездесетін КИ-де булға- формасына «қыпшақша» деп белгі қойылған. Ал Оғыз тілінің негізгі ерекшелігі болып табылатын жалғаулардың басындағы ғ дыбысының түсіп қалуы була- тұлғасының оғыз элементі екндігін булға- формасына белгі қою арқылы ғана білдірсе керек. Аталмыш етістіктің осы екі формасының ырықсыз етіс тұлғасында қатар кездесетінАт-Тухфа-да керісінше булған- формасына «түркменше» белгісі қойылған.   Ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ: булға-; МЕ: була-; НФ: булаш- (ортақ етіс тұлғасында); КЕ, Кк, ХШ, ИМ, КИ: булға-; ТА: булаштур-; БМ: булаш-; Ат-Тухфа: булған-; булан-[ 23, 413]. Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: бұлға-; былға-; тат., башқ.: бŏлға-; қырғыз: булга-; ққалп., ноғ.: былга-; құм., қарай.: булга- [41, 93; 42, 86; 43, 138; 44, 77; 45, 106; 46, 144; 47, 129]. Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., ұйғ.: була-; өзб.: булә-;

Сезіну етістіктері. Бұл топқа адамның көз, құлақ, мұрын сияқты сезім мүшелері арқылы іске асатын етістіктер жатады: бақ- بَقқарау; бақғай بَقغَاى«бақғай көгә (35б, 2)» (көкке қарасын). бақды بَقدِى«андан соңра бақды баңа (15б, 2)» (содан кейін маған қарады). бақмадум بَقمَادُم«бақмадум аңа (40б, 3)» (қарамадым оған). бақса بَقسَه«әгәр бақса аңа (7а, 2)» (егер оған қараса). Түркі тілдерінің көбіне танымал етістік. «смотреть, присмотреть, взгянуть, глядеть, поглядеть, ухаживать, караулить, пасти, выращивать, выкармливать, откармливать, кормить, обеспечивать т.б.» деген мағыналарда жұмсалады. Тілімізде, түркі тілдерінің көбінде негізгі мағынасы болып табылатын «қарау (сматреть, взглянуть)» мағынасында қолданылмайды. Тарихи жадыгерлер тілінде: Ескі ұйғыр: бақын- (ырықсыз  етіс формасында); бақтыр- (өзгелік етіс формасында); МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: бақ-;  Кк: бақ-; бах-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., тат., башқ., қырғ., ққалп., ноғ., құм., қарай.: бақ-//бак [41, 64; 42, 60; 43, 99; 44, 51; 45, 69; 46, 79; 47, 80]. Басқа түркі тілдерінде: түрік: бак-; азер.: бах-; түркм.: бағ-; өзб.: бáқ-; ұйғ.: бак- [9. 47-48].

ишидاِشِدесту; ишидүләр اِشلَدُكِدُر«йа иләһи қылғыл мәни анлардан ишидүләр қаулүңи уйарлар қаулүңә (34б, 4)» (Ей Тәңірім! Мені олардан қыл, сөзіңді естіді, сөзіңе мойынсұнды). Түркі тілдерінің бәріне белгілі ертеден қолданылып келе жатқан етістік. Көктүрік: ешид-; Ескі ұйғыр: ешид-; МҚ, КЕ, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: ишит-; МЕ, НФ: ешит-; Кк: ешит-; ишит-; ХШ: ешит-; ишит-; МН, ТА: ешит-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., ққалп.: есіт- [41, 441; 47, 202]; тат., башқ.: ишит- [44, 182; 45, 221]; қырғыз: ешит-; құм., қарай.: ешит- [42, 380; 43, 673]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: ишит-; азер., түркм., өзб.: ешит-; ұйғ.: ишит- [7, 406-407].

көр-كُر — көру; көрди كُردِى «аудазсузлығы мәкрүһ көрди (39б, 4)» (дәретсіздікті мәкрүһ көрді). көрәр كُرَر «сән аны көрәр киби (44б, 5)» (сен оны көріп тұрғандай). көрмәдүм كُرمَدُم «көрмәдүм йашыл көк алтында (40а, 4)» (көрмедім жасыл көк астында). Ықлым заманнан келе жатқан және қазіргі түркі тілдерінде жақсы сақталған етістік. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ГТ, ИМ, КИ: көр-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., қарай., қырғыз, ққалп.: көр- [41, 181; 43, 339; 46, 506; 47, 337]; тат., башқ.: күр- [44, 342; 45, 298]; құм.: гөр[42, 103].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: гөр-; өзб., ұйғ.: көр-  [7, 282-283].

сәкәтسَكَاتиіскету; сәкәткил سَكَاتكِل  «йа иләһи сәкәткил паңа жәннәт қоқусындан (33б, 6)» (Ей Тәңірім! Иіскет маған жәннәттің иісінен).  Қазіргі түркі тілдері мен басқа орта ғасыр жазба ескерткіштер тілінде кездеспейді. Дегенмен қазір тілімізде қолданылып жүрген иіскеу етістігімен бір байланысы бар секілді. МҚ, КК, РХ-да искә- тұлғасында кездесетін бұл етістіктің алдыңғы и дыбысының элизияға ұшыраған өзгелік етіс тұлғасы болуы мүмкін.

Ойлау етістіктері: аң- اكْсөз ету, еске түсіру; аңды اكْدِ«аңды Кәрхи мухтасар адлу китабинда (8а, 2)» (Кәрхи мұхтасар атты кітабында сөз етті). аңмағилә اَكمَاغِلَه«башлағай намаз китабына аудазсузлығ аңмағилә (39б, 5)» (бастасын намаз кітабына дәретсіздікті еске түсірумен). Бұл етістік,  түркі тілінің даму тарихының орта дәуірінде, яғни орта дәуір жазба ескерткіштері тілінде қолданыла бастаған. МЕ, КЕ, ХШ, ТА, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: аң-; Етістік қазіргі түркі тілдерінің ішінде тек оғыз тобына жататын тілдерде сақталған. түрік, азер.: ан-;Қыпшақ тобына кіретін тілдер ішінде тек қарайым тілінің оғыз элементі басым қырым диалектісінде қолданылады. Және «Китаб муқаддима» тілінде де оғыз элементінің басым екендігін ескерер болсақ, бұл сөзді оғыз сөзі деуге негіз бар сияқты. Дегенмен қазіргі қыпшақ тілдерінде «аң» зат есім тұлғасындакездеседі екен. тат., башқ.: аң /сознание/; қырғыз: аң /пікір, сана/; ққалп.: аң /сознание, ум, мысли/; ноғ.: аң /сознание/ [41, 43]; құм.: аң /сознание, слух/ [42, 43];Тіліміздегі аңғару /байқау, түсіну/ етістігінің де осы сөзбен бір тарихи сабақтастығы бар болса керек.

унутاُنُتұмыту; унудуб اُنُدُب «әгәр унудуб олса уәжиб олур ануң үстинә сәждә сәһуй (21б, 4)» (егер ұмытып болса уәжіп болады оның үстіне сәһу сәждесі). унутқайжүн اُنُتقَايِجُون «унутқайжүн сәждә әйләмәк (20а, 2)» (ұмытқаны үшін жәхде ету). Ықлым заманнан бері келе жатқан етістік. Ескі және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Тек қазіргі кей қыпшақ тілдерінде н//м сәйкестігі қалыптасқан. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Көктүрік, Ескі ұйғыр: уныт-; МҚ: уныт-; унут-; МЕ, НФ, КЕ, Кк, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: унут-; ХШ: унут-; уныт-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: ұмыт-; тат., башқ.: ұнұт- [44, 411; 45, 415]; қырғыз: унут- [46, 784]; ноғ., ққалп.: умыт- [41, 382; 47, 677]; құм., қарай.: унут- [42, 332; 43, 579]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм., өзб.: унут-; ұйғ.: унту-  [7, 916-917].

Көңіл күй етістіктері: күлكُلкүлу; күлмәк كُلْمَك «қаты қаты күлмәк киби (6а, 6)» (қатты қатты күлу сияқты). Ескі және қазіргі түркі тілдерінде тегіс кездеседі. Жазба ескерткіштер тілінде: МҚ, МЕ, НФ, КЕ, Кк, ХШ, МН, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ДМ, ГТ, ИМ, КИ: күл-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., ноғ., қарай., қырғыз, ққалп.: күл- [41, 193; 43, 352; 46, 535; 47, 343]; тат., башқ.: көл- [44, 325; 45, 278]; құм.: күле- [42, 174];Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: гүл-; өзб., ұйғ.: күл-  [7, 292-293].

қайқыр- قَيقِرқайғыру; «қайқырмақ йоқ анлара 33а. 2» (қайғыру жоқ оларға). Негізгі түбірі қайқы-; -р- етістік тудырушы жұрнақ {д // й: кадғу+р-}. Көне түркі тілінде қадғу сыпатында болған бұл етістік, қыпшақ жаба ескерткіштерінде сөз ортасында д//й дыбыстарысәйкеседі. Қазіргі тілдерде тегіс й айтылатындығын ескерсек, бұл дыбыс алмасуы осы дәуірде басталса керек. Тарихи жазба ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр: кадгур-; МҚ: қадур-; қайғур-; МЕ, НФ, ХШ, ИМ: қадғур-; КЕ, КИ: қайғур-; Кк: қайғыр-; ТА: қайғы тут- (күрделі етістік тұлғасында); Ат-Тухфа, Ал-Каванин: қайғыр-; ГТ: қайғур-; қайур-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: қайғыр-; тат., башқ., қырғыз, ққалп., ноғ., құм: кайғыр-; қарай.: кайгур-; кайгыр- [41, 137; 42, 180; 43, 357].Басқа түркі тілдерінде: түрік: кайгылан-; азер.: гайғылан-; түркм.: гайғылан-; өзб.: кайғур-; ұйғ.: кайғулан- [7, 456-457].

 инанاِنَانсену, илану; «инанмақдур көңүл бирлә (44б, 1)» (көңілмен илану). «ол инанмақдур Аллаһа (46а, 6)» (ол Аллаға сену). Сөздің негізгі түбірі ина-; -н- өздік етіс жұрнағы болса керек. Ықылым заманнан бері қолданылып келе жатқан лексема. Қазіргі қыпшақ тілдерімен басқа да түркі тілдерінде жақсы сақталған. Сөз ортасында л~ш сәйкестігі қалыптасқан (инан-; ишан-)  Тілімізде сөздің абсолют басындағы и дыбысының элизияға ұшыраған нан- , сөз ортасындағы н~л сәйкестігі арқылы қалыптасқан илан- деген варианттары бар. Қазақ тілінің батыс говорында шан- сыпатында да кездеседі екен. Бұл ишан- тұлғасының басындағы и дыбысының түсіріліп айтылған түрі. Тарихи жадыхаттар тілінде: Көктүрік: ынан-; Ескі ұйғыр, МҚ, НФ, Кк, ТА, ГТ, ИМ: ынан-; КЕ, ХШ, Ат-Тухфа ,КИ: инан-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: илан-; тат., башқ.: инан-; қырғыз: ынан-; ққалп.: инан-; ноғ.: ынан-; құм., қарай.: инан- [41, 426; 42, 150; 43, 201; 44, 169; 45, 205; 46, 352; 47, 296]; Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер.: инан-; түркм.: ынан-; өзб.: инáн-; ишан-; ұйғ.: инән- [7, 388-389].

Дыбыс-сес және бейнелеу етістіктері: қамашقَمَاشсәндену, /көз/ шағылысу; қамашуңуз  قَمَاشُوكُوز «йа адам оғлы алуңуз қамашуңуз (12б, 3)» (Ей адам баласы! Алыңдар сәнденіңдер). Түркі тілдерінің көбіне танымал етістік. Сөздің бастапқы түбірі қама- (қамау) –ш- ортақ етіс жұрнағы [.492]. Ескерткіштер тілінде: МҚ, НФ, Ат-Тухфа, ГТ, ИМ, КИ: қамаш-; Кк: қама- (түбір тұлғасы); Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: қама- (түбір тұлғасы); тат., башқ., қырғыз: қамаш- [44, 219; 45, 319, 46, 393]; ққалп.: қамас- [47, 367]; ноғ.: қама- (түбір тұлғасы)[41, 142]; құм., қарай.: камаш- [42, 186; 43, 360]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: камаш-; азер.: гамаш-; өзб.: қамәш-; ұйғ.: камаш- [7, 430-431].

табрылطَبرِالтайдырылу, тапырлау; табрылған طَبرِالغَن «йа иләһи мүхкәм әйлә ики айағумы сырат үстинә табрылған күн анда айақлар (35а, 3)» (Ей тәңірім! Мығым тұт екі аяғымды сырат үстінде тапырлаған  күн онда аяқтар). Сөздің бастапқы түбірі табры- (тақылдатып жүру)+ л- ырықсыз етіс жұрнағы. Еліктеуіш сөзден туындаған етістік. Түркі тілдері тарихында ең ескі МҚ-да «тапры- (секіру. Түйенің секіруі), тапрыш-; тапрыт» тұлғаларында кездеседі. Сондай-ақ КИ-те де табыр- (желу, дыбыс шығарып жүру) формасында ұшырасады. Басқа ескерткіштер тілінде кездеспейді. Қазіргі татарша мен башқұртшадағы тапылдат- (тебіну), түркмен тіліндегі тапырдат- (тебіну), ұйғыр тіліндегі тепірли- жәнетіліміздегі тапырла- етістіктерінің осы етістікпен араларында бірбайланыс болса керек.

тыбраتِبرَهдірілдеу, тыпырлау; тыбраған تِبرَكَان«анда айақлар тыбраған күн 35а. 4» (онда аяқтар тпырлаған күн). Еліктеуіш сөзден туындаған етістік. Орта ғасыр ескерткіштерінде кездеспейді. Дегенмен қазіргі қыпшақ тілдері мен басқа да түркі тілдерінде осы сөзбен төркіндес етістіктер ұшырасады. қаз.: тыпырла- (дірілдеу, жанталасу); тат.: тыпырчын- (жанталасу)- [7, 131], башқ.: тыпырсын- (жанталасу) [7, 131]; қырғыз: тыпыр- (арпалысу) [7, 152]; өзб.: типирчилә- (жанталасу) [7, 152].; ұйғ.: типирли-  [7, 131].

Өсіп-өну, көбеюге байланысты етістіктер:  доғурدُغُر туу; доғурқан دُغُرقَن  «хаиз әбчи дахи оғлан доғурқан (41а, 3)» (хайыз әйел және ұл /бала/ туған). Негізгі түбірі доғ- (туу); -ур- өзгелік етіс жұрнағы. Түбір күйінде көне түркі тілі мен қыпшақ жазба ескерткіштерінің көбінде тоғ-// туғ-//тов- тұлғаларында, тек мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған ескерткіштердің кейбірінде  доғ- формасында, яғни оғыз варианты кездеседі. Қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде: БМ, ГИ, КФТ, КФ, БВ: доғур-; КК: тоғур-;тувур-; ГТ, ИМ, МГ, ТА: тоғур-; Ат-Тухфа: тоғур-; товур-; [16, 63; 279; 286]. Қазіргі қыпшақ және басқа да түркі тілдерінде: қаз., қырғыз: ту-; тат.: тыудыр-; башқ.: тудыр-; түрік, түркм.: доғур-; азер.: доғ-; өзб., ұйғ.: туғ-  [7, 180-181].

әвләнاولَنүйлену; әвләнмәгә  اَولَمَكَا«йа үбжи әвләнмәгә олды (16б, 2)» (немесе әйелмен үйленуге болды). Сөздің негізгі түбірі әв (үй);  -лә- зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ; -н- өздік етіс жұрнағы. Бастапқы түбір ерте заманнан бері келе жатқанымен (Қ. ев) етістік тұлғасы орта ғасыр жазба ескерткіштерінен бастап көрініс береді. МҚ, МЕ: еулен-; БМ: евлен-;  Ат-Тухфа: евлен-; үйлен-; Ал-Каванин: евлендір- (өзгелік етіс форм); ГТ: евлен-; ивлен-; ИМ: еулен-; КИ: евлен-; [ .467].Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.,  ноғ., құм., қарай, ққалп.: үйлен- [41, 388; 42, 337; 43, 588; 47, 689]; тат., башқ: өйлен- [44, 737; 45, 424]; қырғ: үйлөн- [46, 799]; Басқа түркі тілдерінде: түрік: евлен-; азер: евлән-; түркм: өйлән-; өзб: үйлән-; ұйғ: өйлән- [7, 228-229].

йығлышيِغْلِشжиылысу; йығлышмақ يِغْلِشمَق «үммәт йығлышмақ дидүгмүз (4а, 3)» (үмбет жиылысу дегеніміз). йығлыштылар يِغلِشدِلَر«хақ үммәт йығлыштылар нәбиден соңра (4а, 4)» (хақ үмбет жиылысты нәбиден кейін). Бастапқы түбір йығ- (жию); -/ы/л- ырықсыз етіс жұрнағы; -ыш- ортақ етіс жұрнағы. Түркі тілдерінің көбіне танымал етістік. Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде түбір күйінде / йығ-/ және өзгелік етіс / йығыл/ формаларында ұшырасады. Көктүрік, Ескі ұйғыр, МҚ, МЕ, НФ, КЕ, ХШ, Ат-Тухфа, ГТ, КИ: йығ-; Кк: йы-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз., құм., қарай., тат., қырғыз, ққалп.: жый- [42, 141; 43, 174; 44, 773; 46, 214; 47, 271]; башқ.: йый- [45, 234]; ноғ.: йый- [41, 130];Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: йығ-; өзб.: йиғ-; ұйғ.: жығ-  [7, 988-989].

Адамның физиалогиялық сезіну түйсіктеріне қатысты етістіктер:

ухсурاُحْسُرтүшкіу; ухсурана اُحْسُرَنَه «ухсурана йархамүкаллаһ димәк (5а, 5)» (түшкіргенге жәрәкімаллаһ деп айту). Көне ұйғыр тілі мен орта ғасыр қыпшақ ескерткіштерінің көбінде кездескенімен қазіргі қыпшақ тілдерінде сақталмаған. Ескерткіштер тілінде: Ескі ұйғыр, МҚ: асур-; МЕ, КЕ: ахсур-; ТА, БМ, ИМ, КИ: ақсур-; Дегенмен өзбек тілімен қазіргі оғыз тобына кіретін тілдерде қолданылады. түрік: аксыр-; азер., түркм.: асгыр-; өзб.: әксир-  [7, 12-13].

зибиллеزِبِل لَهүлкен дәрет сындыру. зибиллемек زِبِل لَمَق  «зибиллемек киби (6а, 4)» (үлкен дәрет сындыру секілді). зибиллемесе زِبِللَمَسَه«ишәмәсә зибиллемесе ол киши йуғай су чықан йири (27а, 5)» (симесе, үлкен дәрет сындырмаса  ол кісі жусын су шыққан жерді). Негізгі түбірі арабтың зибил زِبِل (қоқыс, боқ) +ле- есімдерден етістік тудырушы жұрнақ. Орта ғасыр ескерткіштерінде сирек те болса түбір күйінде және етістік формасында ұшырасады: ГИ: зибилле-; зибил (қоқыс, боқ)КФ: зибилле-; зибил(қоқыс, боқ); ИМ: зибил(қоқыс, боқ); Қазіргі түркі тілдерінде қолданылмайды. Тек азербайжан тілінде бастапқы түбір тұлғасы (зибил /қоқыс/).

сийسيِсию, кіші нәжіс; симәк سيِمَك «симәк киби (6а, 3)» (сию сияқты). Көне ұйғыр тілінде сид- тұлғасында болған бұл етістік, кейінгі дәуірлерде д//й дыбыс ауысуына ұшырайды. Дегенмен қазіргі түркі тілдерінде зат есім тұлғасында д дыбысы сақталған. Ескі ұйғыр, МҚ: сид-; МЕ: сидүк (зат есім тұлғасында); КЕ, Кк, ТА, БМ, Ат-Тухфа, Ал-Каванин, ИМ, КИ: сий-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: си-; башқ.: һи-; тат., ноғ., құм., қарай., қырғыз,: сий- [41, 299; 42, 284; 43, 473; 44, 481; 46, 656].Басқа түркі тілдерінде: түрік, азер., түркм.: сидик (зат есім тұлғасында) [7, 778-79]; өзб., ұйғ.: сий-  [7, 404-405].

сүмкүрسُمكُرсіңбіру; сүмгүрмәк سُمكُرمَك «сүмгүрмәк сол или бирлә (25б, 1)» (сол қолымен сіңбіру). «сүмгүрмәк сағ или бирлә (25б, 6)» (оң қолымен сіңбіру). сүмгүрмәғи سُمكُرمَكِى«салмақ түкүргүни сүмгүрмәғи суйа (25б, 4)» (түкірігін, сіңбірігін суға салу /тастау/). Негізгі түбір сүмүк (мұрынбоқ) +үр- етістік тудырушы жұрнақ. Орта ғасыр қыпшақ ескерткіштері мен қазіргі қыпшақ тілдері көбінде кездеседі. Ескерткіштер тілінде: МЕ, БМ, Ат-Тухфа, КИ: сүмкүр-; ТА, ИМ: симкүр-; Қазіргі қыпшақ тілдерінде: қаз.: сіңбір-; тат.: сиңгир- [44, 475]; башқ.: һимгир- [45, 583]; қырғыз: чимкир- [46, 275]; ққалп.: сиңбир- [47, 577]; ноғ.: симгир- [41, 297]Басқа түркі тілдерінде: түрік: сүмкүр-; азер.: фынкыр-; түркм.: сүмғүрин- [7, 800-801].

әксүрاَكسُور  жөтелу; әксүрмәкдүр اَكسُورمَكدُر«әксүрмәкдүр ол тәнахнух  әйләйә (30а, 1)» (ол тамағын керней жөтелу). Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде «түшкіру» мағынасына келетін «ақсур-» етістігі кездеседі. Ескі ұйғыр, МҚ: асур-; МЕ, КЕ: ахсур-; ТА, БМ, ИМ, КИ: ақсур-; Яғни, осы сөздің жуан варианты. Бейнелеуіш сөзден туындаған етістік болғандықтан жуан дыбыстармен айтылатын варианты  ақсур- «түшкіру», ал жіңішке варианты да «жөтелу» мағналырында қолданылған болса керек. Бұлай деуімізге себеп қазіргі оғыз тілдерінде (азербайжан, түрік тілдерінде) аксыр «түшкіру» мағынасында қолданылса, жөтелу мағынасында өксүр- етістігі қолданылады. Қазіргі қыпшақ тілдерінің ешбірінде кездеспейді. Түрік: аксыр- (түшкіру); өксүр- (жөтелу); Азер: асгыр- (түшкіру); өксүр- (жөтелу); Түркм: асгыр- (тұшкіру); үсғүр- (жөтелу) [7, 675-676].

ишәاِشَاсию; ишәмәсәاِشَامَسَه   — «ишәмәсә зибилләмәсә ол киши йуғай су чықан йири (27а, 5)» (симесе, үлкен дәрет сындырмаса  ол кісі жусын су шыққан жерді). Орта ғасыр ескерткіштерінен БМ-де ғана йиш- тұлғасында кездесетін бұл етістік, қазіргі қыпшақ тілдерінде де қолданылмайды. Оғыз элементі болса керек. Қазіргі түрік (ише-) және азербайжан (ишә-) тілдерінде сақталған.

Әрбір тілдің өткен тарихы, қазіргі қалпы және болашағы бар. Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткен тарихымен байланыстыра қараған жөн. Осыған орай салыстырмалы тарихи зерттеудің негізгі мақсаты – ең көне формасын анықтау [75, 24]. Жадыхат тіліндегі түркі сөздерін үш топқа бөліп көрсетуге болады. Бұл сөздердің баз біреулері сонау ерте дәуірлерден бері жалғасып  түркі тілдерінің барлығына ортақ болып кеткен. Бұлардың кейбірі аздаған фонетикалық өзгерістерге ұшырағанымен мағынасы мен негізгі тұлғасы сақталған. Ендігі бір топ сөздер түрлі фонетикалық өзгерістермен бүгінгі күнге дейін жетсе де оларды бірден тани қою мүмкін емес. Оларды тіліміздегі вариантымен немесе басқа да сөздермен, тіптен туысқан тілдер элементтерімен салыстыра отырып анықтауға болады. Ал ендігі бір топ сөздер қазіргі тілімізде яки түркі тілдерінде мүлдем кездеспейді. Олар тарихи даму барысында қолданыстан шығып қалған. әйтседе олардың саны көп емес.