Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны

Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны туралы қазақша реферат

Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердщ басқа ғылымдарда пайдалану мүмк iндктерi н жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес.

Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема — шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған — үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.

Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi — зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері eiрiктiрiп, байланыстыру.

Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiн объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағы бейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.

Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдi с ендi.(Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк бердi.

Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдктер мен жануарлар тiршiлiг iндегi ерекшелктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмip тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi — көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгенық маңызы үлкен. Икемделудін жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылы-əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түс iну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндк негiзiн құр айтын деректердi ешуақытта биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.

Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен байанысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен ткелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттер механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтік бағыт, тəртiп-талап стереотиптерiнiң қалыптасу задылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп, сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен психологиялық қасиеттерi, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттiлк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну мүмкiн.

Адамның психикалық iс -əрекеттер негiзгi формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-рекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтрiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылық-əрекетнi қалыптасуы тiршiлiктің биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекетқылықтық адамға тəн ерекшелктерiн зерттейтн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы əлеуметтiк ғылымдар деректерiн сiз бiр қадамда iгерiлей алмайды. Адамның психикалық əрекетне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлкпен көре бiлу психологияның берк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндк бередi.

Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Əлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгiлi, кезi нде К. Д. Ушинский: «Адамды жан-жақты тəрбиелеу үшiн оны жан-жаклы зерттеу қажет», — деген едi. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстарды табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қара-дүрсiн педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан қалып, мұғалiмге ешқандай жəрдем бере алмайды.

Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пəн əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулердi қажет ететiн проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен мотивтерiн, оның  психикалық  дамуын   тұтастай   бiлу   оқудың  əр   сатысындағы   бiлiм  мазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына-маңызға ие.

Қазiргi кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшiннендей бiлiмдi жəне оны қалай алу керек? -дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бəрi не шешiм табу, адамның əр жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндктерiн жəне олардың жедел шемдерiн белгiлеу педагогикалық психологияның мiндетi.

Психологияның аса қажеттiгi педагогиканың тəрбие проблемаларына орай байқалады. Тəрбинің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабi лет, қажетт iлк, дүниетаным жəне т.б. зерттеудi қажет етедi. Айтылғандар қазiргi заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дəлелi, яғни психология бiр жағында философия ғылымдары, екiншi тарапында жаратылыстану ғылымдары,  үшiншi  жағында əлеуметтiк ғылымдар болған аралықта орналасқан.

Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пəнiне, өзiнiң теориялық принциптерi не жəне өзiнiң зерттеу əдiстерiне иелiгiмен дербестенетiнiн ұмытпау керек. Дербес ғылым ретi нде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтiн бiршама ерекше бiлiм салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен əлеуметтiк психология. Бұлар, сырттай қарағанға «сыйыспайтындай» болғанымен, бi қ ғылым саласынан, себебi олардың түпкi де түбегейлi мiндетi бiр- психикалык. кұбылыстың мəнiн зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектсi жалғызақ : ол — адам, оның психикалық процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi.