Орта және Ұлы жүз курстық жұмыс

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Орта және ұлы жүздегі билік және оның нығайуы
1.1. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі
1.2. XVIII ғасырдағы Қазақ-орыс қатынастары
1.3. Қазақ Ордасының ханы — Абылай хан
1.4. Абылайханның ішкі және сыртқы саясаты
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тарихы көне ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сондықтан оны бүгінгі тарих ғылымының жетістіктері тұрғысынан саралау өте күрделі, әрі жан-жақгы, терең талдауды қажет ететін процесс. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болған жерде оның өткен дәуірдегі тарихын сол кезеңнің шындығына сай, идеологиялық штамптар мен саяси қалыптардан ада, тарих ғылымында бұрын сыңаржақ баға беріліп келген тақырыптарды мейлінше ашып көрсете отырып, ақиқат шындық, ғылыми және қоғамдык-саяси тұрғыдан саралаудың маңызы зор.

Міне, осындай Қазақстан тарихыңың күрмеуі көп мәселелерінін арғы-бергі шежіресін зерттеуде XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Орта және Ұлы жүз тарихының алатын орны ерекше.

Курстық жұмыста қазақ қоғамының өміріңде қиын да күрделі әрі шешуші кезең болып табылатын  XVIII ғасырдағы саяси-әлеуметтік тарихи проблемалары алынған. Бұл тарихи кезең казақ-орыс байланыстары мен казақ коғамының өз ішіндегі саяси-әлеуметтік қатынастарының жаңа сатыға өтуімен ерекшеленеді.

Міне, сондықтан XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басыңдағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік тарихы проблемаларының отан тарихыңда алатын орны ерекше болмақ. Осыган орай қарасшрылып отырған тақырып арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық деп білеміз.

Жұмыстың мақсаты: Орта және ұлы жүздегі билік және оның нығайуы туралы толық мағлұмат беру.

Міндеті: —  Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі

— XVIII ғасырдағы Қазақ-орыс қатынастары

—  Ханы — Абылай туралы және оның ішкі және сыртқы елдермен жүргізген саясаты жайлы ақпарат беру.

 Курстық жұмыс / 32 бет