Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау

Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау туралы қазақша реферат

Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау тақырыбына жазылған осы жұмысты қорыта келгенде,өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығын деңгейіне талдау, мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясытікелей материалды, енбек шығындарының деңгейіне талдай отырып, кәсіпорынның өндірістік шығындарын есептеу әдістері қарастырылды.

Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлік пайданың минималді мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің  қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші фактор ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде. Басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдердегі шығыстарды анықтаудың маңыздылығы өте жоғары. Себебі, осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде шығындар жөніндегі бірыңғай пікірлердің жоқтығынан отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар» және «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалынған шығындар» бірдей ұғымда пайдаланылып келді.

Негізінен өнім калькуляциясы бойынша негізгі өндіріс 8 бөлімшеде, 8010 «негізгі өндіріс» шоты бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар 1320«Дайын өнім», 1340«Аяқталмаған өндіріс», 1330 «Тауарлар», 2600 «Барлау және бағалау активтері» бөлімшелер т.б. шоттары есепке алынады. [2]

Курстық жұмыстың нәтижесінде, өндіріс шығындары калькуляция негізі деп қарастырсақ та қателеспегеніміз. Себебі өндіріс шығындары деп — ұйымның өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтер орындау кезінде жұмсаған заттай және еңбек шығындарының жиынтығы деп түсінеміз, яғни бұл шығындарды өндіріске жұмсалған шығындар деп айта аламыз. Ал, калькуляция осының бәрін ескере отырып, өнімнің (қызметтің) бір бірлігінің бағасын анықтау. Демек, өнімге жұмсалған шығындар өнімнің өндірістік өзіндік құны болып саналады. Ал, «өндіріске жұмсалған шығындар» есепті мерзімнің соңында пайданы анықтау кезінде ағымдағы шығыстар мен қорлар арасында бөлінеді. Яғни бұл шығындар өнім сатылған кезде ғана сатылған өнімнің өзіндік құны ретінде шығыстарға айналады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс процесінің барлық сатысын көрсететін бірнеше баптарға бөліп қарастыруға болады, яғни негізгі материалдардың қорлары, аяқталмаған өндірістің қорлары және дайын өнім қорлары.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құнын калькуляциялау  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Демек, жалпы айтқанда шығындар  – бұл өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі кезінде тұтынылатын материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың және ұйымның балансында көрсетілетін, болашақта табыс әкелу мүмкіндігі бар қорлардың құны. Бұдан шығатын қорытынды «шығыcтар» ұғымы «өндіріске жұмсалған шығындар» ұғымынан кең екендігін анықтауға болады. Сонымен, «өндіріске жұмсалған шығындар» — өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру кезінде тұтынылатын ресурстардың бөлігі.

Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнім ассортиментін оңтайландыру;
  • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді.

Курстық жұмыс нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шығындарды калькуляциялық әдістеріне қарай қарапайым (процестік) және бөлістік негізге алынады, яғни сол әдістер бойынша қызметтері жүзеге асады.

Мұнай өнімдерінің өзіндік құнын төмендету оған жұмсалған материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей бұрғылау жұмыстарымен тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік құнын есепке алынуы маңызды. Негізгі өндірістік көрсеткіштер мен негізгі қаржылық көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның жағдайын да қарастырдық.

Жалпы өндірістік шығындарды есептеуде, қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынада:

Өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс орындалған кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгеймен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.

Бұл кемшілікті жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және шығарылымның өзіндік құны нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады.

Пайдаланылған ақпарат көздері

  1. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007ж.
  2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары
  3. В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова. «Басқару есебі», Экономика, 2005ж
  4. Кеулімжанов Қ. К., Әжібаев В.Н. т.б. Қаржылық есеп: оқу  құралы   -Алматы.
  5. Сабырбаев Б. Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995.
  6. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
  7. Кабашев Р.А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, A.M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008.
  8. Құлпыбаев С. «Қаржы» экономика, 2007 ж
  9. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж.
  10. Мадиева Қ.С. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық Қарағанды, КЭУ 2008.
  11. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыртқы аудиторы — Ernst&Young компаниясы