ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТТЫРУ дипломдық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе
1 Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру
1.1 Физиканы мектепте оқыту әдістемесі
1.2 Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары
1.3 Шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
2 Молекулалық физика бойынша сабақ үлгілері
2.1 Термодинамика мен газ заңдарын оқыту ерекшелігі
2.2 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе 

Тақырыптың өзектілігі.  Үздіксіз іздену — әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалім шеберлігінің көрсеткіші — әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру.

Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі болмақ. Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта ықыласын, қызығушылығын күшейту. Адам дамуының қуатты қозғаушы күші – оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.

Ғылыми – практикалық маңызы мен жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілірдің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған» деп көрсетілген болатын [1]. Сол себепті әрбір оқушының бойында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, биік мақсат – мұраттарды, жоғары адамгершілік қадір – қасиеттерді, дүниеге көзқарасты қалыптастыруды тәрбиелік іс – шараларда және сабақ барысында үнемі ескеріп, жүзеге асырып отыру қажет. Оқушы, студент үшін пәнге қызығушылықты оятатын, ойластыратын негіз – оқытушының интелектуалдық іізденісінде. Осындай жауапты істе кез – келген оқытушының басты мақсаты сабақты қызықты ұйымдастыруы, сондықтан да бұл дипломдық жұмыста көрсетілген әдіс – тәсілдерді физиканы оқытуда, үйірме жұмыстарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Физика пәнін оқыту және оқушылардың  қызығушылығын арттыру үшін алға қойған мақсаттар:

  • Оқытудық қарқынын жоғарылату;
  • Оқушының шығармашылық белсенділігін көтеру;
  • Оқыту сапасын арттыру;
  • Деңгейін саралау.

Диплом жұмысының міндеті. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;    Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

Оқытуда жаңа технологияны пайдаланып, оқушыларды жаңа тұрғыдан ойлауға қалыптастыру.

Зерттеу объектісі. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері; № 4 орта мектептің 10 сыныбы.

          Диплом жұмысынң теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдары болғандықтан, оқытудың жаңа технологияларына сүйенілді. Атап айтатын болсақ, сын тұрғысынан ойлау, инсерт, ассоциациялық топтастыру әдістеріне сүйене отырып № 4 профильді орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен эксперименттік сабақ өткізілді. Көрсетілген әдістер зерттеудің әдіснамалық негізі болды.

          Диплом жұмысының практикалық базасы. Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап кітапханасы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана кешені, №4 профильді орта мектеп.

          Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 66 бет