Ойлаудың даму ерекшеліктері

            Ойлаудың даму ерекшеліктері туралы қазақша реферат

     Кез келген басқа да психикалық процестер ретінде ойлау да онтогенез барысында біртіндеп, қарапайымдыдан күрделіге қарай жетіледі. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым–қатынас жасуының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған йод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.

Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейін бала ойлауды ұзақ даму жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы–бейнелі болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Баллардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу–тәрбие прцоесі шешуші рөл атқарады.

Ойлау саласындағы дара айырмашылқтарға келетін болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекеті жеке дара ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен–бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы және т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ой-өрісі кең адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ақыл–парасатты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын қате деп сыналып табылған әдіске жоламайды.

Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санысады. Осындай қасиетті ойдың ұшқырлығы дейді. Бұған қарама–қарсы қасиет–ойдың асығыстық түрі. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай үстімен, жеңілдің астымен жүреді. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымдамаға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді