Негізі өндіріс жұмысшыларнының немесе станоктардың жұмыс уақытының цехтық жұмыс уақыты

Үстеме шығындарды өнімдерге сәйкес ставка бойынша тарату. Бұл қортынды кезең- өндірістік бөлімшелер арқылы өтетін, өнімдер бойынша ставка қолданылады. Ол өндірістік қызмет жөніндегі көрсеткіштердің және жылдық үстеме шығыстардың бағасы негізнде анықталады.
Есептеу тәртібі есептеуге негізделген, өндірстік қызметтің нақты көрсеткіштерін емес, үстеме шығыстардың цехтың ставкасын есептеу үшін қолданылады.
Үстеме шығындар ставкасының есебі, олардың кезең ішіндегі нақты көлемінің негізнде проблемалар туғызады, атап айтқанда, өнімдердің өзіндік құнының есебі есепті кезеңінің аяғына дейін тоқтатылуы керек, үстеме шығыстар ставкасы алдын-ала есептелетін болғандықтан, бірақ босалқыларды немесе пайданы болмаса сату бағасын белгілеу үшін ай сайынғы өнімдердің өзіндік құны жөніндегі жедел көрсеткіштер қажет. Егер өндіріс жөніндегі нақты көрсеткіштер немесе үстеме шығыстар үстеме шығыстардың нормативтік ставка есебі үшін пайдаланылған көрсеткіштерден айырмашылығы болса, ондағы жетіспеушілік кезең шығындары ретінде қарастырылады.
Үстеме шығындар есебі бухгалтерлік есептің жұмысшы шоттар жоспарында 8440 «Үстеме шығыстар» шотында есепке алынады:
8411- «Материалдар»
8412- «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы»
8413 –«Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар»
8414 –«Негізгі құралдарды жөндеу»

8415 –«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтер амортизациясы»
8416 –«Коммуналдық қызметтер»
8417 –«Жалгерлік төлем»
8418 –«Басқалар»
8410 –«Үстеме шығыстар шоты есепті кезеңнің соңында 8411-8418 шоттарындағы шығындарды жинақтауға арналған. Демек онда 8410 шот дебеттеледі, ал 8411-8418 шоттары кредиттелді.
8411 «Материалдар» шотында шаруашылық қажеттілігіне жұмсалған және т.б.Тәжірбиелерді, зерттеулерді, тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдардың құны, еңбекті қорғау құралдарын құрастыру және оларды ұйымдастыру, жылытуға жұмсалған отынның құны мен басқа материалдық құндылықтардың есебі есептелінеді.
8412 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шотында негізгі және көмекші өндірістегі басқару аппараты мен басқа да персоналдардың негізгі және қосымша еңбекақылары көрсетіледі.
8413 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотында негізгі және көмекші өндірістегі басқару аппараты мен басқа да персоналдардың есептелген еңбекақысынан бөлінетін аударымдар көрсетіледі.