Музыкалық ойлаудың психологиялық механизмнің кейбір ерекшеліктері

Музыкалық — эстетикалық мәселелерінің музыкатану саласындағы психологиялық бағыттарының көркем шығармашылығындағы кешенді түрде зерттеу негіздері болады. Оған дәлел Е.В.Назайкинскийдің еңбегі: «Музыкалық қабылдаудың психологиясы» (М., 1972). Осыдан басқада да мәселелер бар, олар психологиялық заңдылықтарына қатысатын стиль: стиль және музыкалық ойлау түсінігі, стиль және музыкалық шығармашылығының психологиялық механизмі, стильдік талдаудағы музыка қабылдау психологиясының рөлі. 

Музыкалық стиль – музыкалық ойлау ерекшеліктерінің айнасы, көркем ойлау формасының ерекшелік түрлері. Қысқаша айтатын болсақ, музыкалық ойлау музыкалық — бейнелеу ойлауының көріністерімен, музыкалық — интонациялық есту сезімінің тәжірибесі арқылы сақтауды меңгеруінің, музыкалық қабылдаудың қайталау нәтижелерімен анықталады.          Музыкалық ойлау – кең мағынада айтатын болсақ, ол композитордың іс-әрекетіндегі музыкалық — шығармашылық ойлауы. Музыкалық мәдениетті негізін құрайтын үш буынды үзбесі болады: шығармашылық, орындаушылық және музыканы қабылдаушылығы. Олар: тыңдаушылық музыкалық ойлаушылық композиторға да орындаушыға да қажет; шығармашылық (композиторлық) ойлау әлеуеті элементтері орындаушы және тыңдаушыда дамиды. Ал музыкалық қабылдау барлық аталған буындарды біріктіреді, психологиялық ерекшелік жағынан шығармашылық арқылы музыкалық стильді талдау болып табылады. Музыкалық ойлаудың қалыптасуы тіл мен сөздің қатынасында.

Сондықтан, музыкалық ойлаудың қажетті жағдайы музыкалық-есту қалпының сезінусіз қалыптасуы көп уақыттағы есте сактау қалпында.

Б.В.Асафевтің айтуынша, бұл процесс интонациялық қорға байланысты. Интонациялық қорды музыкалық — интонациялық елестету кешенінің ішкі есту сезімін есте сақтауда бекіту болып табылады. Қор функциясы музыканы қабулдауды жүзеге асуру барысында нақтыланады, таныс интонацияны тану қалпы эмоционалдық үн қосу болып табылады. Ал, қордың көлемі есту сезімінің тәжірибе қорына сәйкестілігі.

Гипотетикалық музыкалық ойлаудың психологиялық механизмнің моделі сипатының барысында интонациялық қордың тағы да бір аралық үзбесі бар. Бұл көрініс, ішкі есту сезімінің құбылысы. Осы құбылыс музыкалық ойлаудың бейнелеушілік ретінде ішкі тіл ұғымына қатынасты, ойда бар интонациялығын құрайды. Ол музыкалық-бейнелеушілік біртұтастылығына әсер етеді. Ал, құбылыс, (фон) есту сезім тәжірибесі мен интонациялық қор шығармашылық, орындаушылық, тыңдаушылық ойлауына музыкалық ойлаудың жалпылығына жағдай туғызады. (Михайлов М.К. Этюды о стиле в музыке: Статьи и фрагменты. – Л., 1990. – С. 117-123.)