Мемлекеттік сатып алуларға қалай қатысуға болады?

Мемлекеттік сатып алулар – мемлекеттік қажеттіліктерді өтеу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алулар келесі тәсіл арқылы жүзеге асады:

1) конкурс;

2) баға ұсыныстарына тапсырыс беру;

3) бір көзден сатып алу;

4) ұйымдастырылған электронды саудаласу;

5) тауар биржалары арқылы.

Баға ұсыныстарына тапсырыс беру әдісі арқылы жүзеге асатын мемлекеттік сатып алулар электронды сатып алулар арқылы жүзеге асады.  «Электронды мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкер кеңседен шықпай-ақ, конкурсқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. www.goszakup.gov.kz сайтынан сіз қандай мекемелердің мемлекеттік сатып алулар өткізетінін, олардың ережелерімен таныса аласыз.

Мемлекеттік сатып алуларға қатысатын кәсіпкерлер үшін бұл шешімнің мынадай тиімділігі бар: тиімді ұсыныстарды қалыптастыруға өз қызметіңізді жоспарлау; сатып алынатын өнімнің бағамын алдын-ала ұсыну,  жүргізілетін сатып алуларға жазылу арқылы ақпарат алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға кететін шығындарды азайту, ҚР-ның басқа қалалары мен аймақтарында өткізілетін сатып алуларға қатысу.

Электронды сатып алуларға қатысу үшін мыналар талап етіледі:

1) Ұлттық куәландыру орталығынан электронды сертификат алу.

2) тұтынушы ретінде тіркелу, тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, жеткізуші рөлінде мемлекеттік сатып алулар веб-порталының қатысушысы ретінде өз мекемеңізді тіркеу.

3) сертификат бойынша жүйеге кіру және электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысу.

Бір көзден сатып алу конкурсы арқылы мемлекеттік сатып алулар электронды немесе жазбаша негізде жүзеге асады.

Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алулар веб-порталында конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратыны туралы хабарландыру мәтінін, сонымен қатар, конкурс негізіндегі мемлекеттік сатып алулар қорытындысы туралы ақпаратты жазуға міндетті. Ал өнім берушілердің конкурс өтінімдерін беру және қарастыру процесі қағаз жүзінде жүзеге асады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы;

2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысы;

3) «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281  қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.goszakup.kz/ — «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулар» сайты;

2) www.minjust.kz/ru/node/9028/ — «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мәтіні;

3) www.minjust.kz/en/node/10197 — Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің мәтіні.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мемлекеттік сатып алу», «мемлекеттік сатып алуларға қатысу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.