Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.

Алайда, сот тәжіребесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлар да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушыекі немесе бірнеше әрекеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыстар деп танылады.

Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден тұруы мүмкін бір ған қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан тұратынын біле тұра бекіту, сонымен бірге, құнды қағаздарды шығару жөніндегі есептің жалған екендігінбіле тұра оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін ғана жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір құрамынан тұрады деп есептеледі.

Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзег асырып отыру – созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің өп уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.

Айталық, П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс орнын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытта созылмағанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және т.б.

ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы қызметтік әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәптіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғасынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп танылған адам қоймадағы азық – түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың – жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы), ұрып – соғу (ҚК-тің 106-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.