Күн жүйесін зерттеудің кейбір мәселелері

Күн жүйесін зерттеудегі қазіргі этап, оның үлкен және кіші денелерін зерттеу, ғарыштық техниканы қолданумен, үлкен жетістіктерге жетуімен сипатталады. Дәл осы ғарыштық аппараттар жақын ара қашықтықтан, тіпті in situ – Ай, Марс, Титанның үстіңгі қабаттарын зерттеуге, планета атмосфераларын тікелей зондтауға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге ірі телескоптардан (10 метрлік Кекка атындағы, 8,2 метрлік «Субару», 4 метрлік инфрақызыл телескоптар және т. б.)  және орта телескоптармен жұмыс жасау тек жалғасуда ғана емес, даму  үстінде. 

Жергілікті бақылау құралдарынан алынатын ақпараттың «ғарыштық» ақпараттан бірнеше арзанға түсетінін ескерсек, және бүгінгі күнге тек жергілікті бақылау құралдары ғана тұрақты және жүйелі ақпарат беретінін еске алсақ, онда NASA және басқа ғарыштық ведомствалардың осы салаға, оның ішінде үлкен телескоптар салуға, неге үлкен қаржат жұмсайтынын түсінуге болды.

Қазіргі кезде, біздің Жер көптеген ғарыштық факторларға  әсер ету өрісінде тұрғанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, айқын болмаса да, бірақ Жердің астероид немесе кометалық ядро сияқты кішігірім денелермен соқтығысып қалу қаупі бар. Мұндай ғарыштық апаттың жақсы мысалы 1994 жылы Шумейкер-Леви кометасының Юпитермен соқтығысу кезінде көрініс алды. Сондықтан Жермен соқтығысу қаупі бар обьектілерді іздеу және зерттеу — қазіргі астрономияның басты бағыттарының бірі болып табылады.

Екінші үлкен мәселенің бірі ол  Жер климатының өзгеруі, қазіргі уақытта байқалатын және сезінетін осы өзгерістердің алып келетін нәтижелері. Қоршаған ортаға техногенды теріс әсерлерден басқа ғарыштық факторлардың, айта кетер болсақ Күн активтілігі, Күн мен Ай байланысынан болатын құйылымдық әсер, аз зерттелген ғарыштық процесстер, сияқты құбылыстардың  әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Мұнда Жердің климаттық өзгерісін зерттеуден тыс маңызды болып есептелетін басқа планеталардың метеорологиялық және климаттық сипаттағы атмосфера күйінің мониторингі боуы қажет.

Планеталар  — Жерден өзгешілігі бар, зат құрамасын зерттеуге болатын табиғи лабораториялар. Бір жағынан дәл осы планеталар Жердің климаттық өзгерісін түсіну үшін, салыстырмалы обьект бола алады. Бұл тапсырма оңай емес, өйткені ұзақ және біртекті бақылауларды керек етеді. Мұндай бақылаулардың керектігі Халықаралық Астрономиялық Одақ пен басқа да ұйымдардың резолюцияларында айтылып кеткен.

Әрине тағы бір шешілмеген мәселе – ол жерден тыс кеңістікте өмірдің бар болу – болмау ықтималдығы. Бұл мәселе Марстың үстіңгі қабаттарында, планета серіктерінің экзотикалық орталарының құрамы мен шарттарын зерттеу үшін, арнайы ғарыштық экспиерименттер жасау мен жергілікті бақылауларды  қажет етеді.