Қонақ үй индустриясы

Қонақ үй индустриясы туралы қазақша реферат

Қонақ үй индустриясын ұйымдастыру және оны басқарудың халықаралық нысандары

Қонақ үйлік бизнестің ауқымды дамуы, мемлекеттердің ұлттық шекараларынан тыс туристік байланыстармен бағдарлардың кең таралуы, қонақжайлылықтың халықаралық қонақ үйлік индустриясына айналуы халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың осы өрістегі ең жақсы ұйымдарына демеуші болатын көптеген халықаралық ұйымдарды құрудың қажеттілігін тудырып отыр, олар қонақжайлылық индустриясының негізгі әлемдік даму бағыттарын анықтайды.

Халықаралық норма  және стандартты орнатады, туристік және қонақ үйлік қызметтірінің негізін қалаушы ұстанымдарды жасайды, сондай-ақ туризм және қонақ үйлік бизнес өрісінде елдердің ынтымақтастығына өз ықпалын тигізеді [14].

Бүгінде әртүрлі профильдегі және мәртебедегі 200 астам халықаралық туристік және қонақ үйлік ұйымдар бар. Олар әртүрлі мақсаттармен тапсырмаларды орындауды көздейді, әр түрлі аталады, бірақ негізінен екі санатқа бөлінеді: бірлестіктер және кәсіподақтар болып. Олар достастықтар, бірлестік топтар, одақтар, федерациялар, комитеттер, бюро, коммиссиялар, кеңестер, клубтар және институттар болуы мүмкін. Өздерінің аталуына қарамастан бірлестіктер ортақ белгі болып келеді. Олар өздерінің мүшелеріне неше түрлі қызметтер көрсетеді.

Қонақ үйлік ұйымдарды келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:

—   ұлттық-аймақтық: халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі әлемдік аймақтық және ұлттық деңгейде жүргізіледі.

—   Қоғамдық-мемлекеттік: үкіметтік, қоғамдық және жеке ұйымдар.

—   Қызмет түрі бойынша: реттеуші жеткізушілер, нарықтық агенттер, өңдеушілер, кеңесшілер, жобалы ұйымдар, оқытушы ұйымдар, кәсіпқой бірлестіктер, сауда және тұтынушылық ұйымдар.

—   қызмет өрісі бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автокөліктік және круиздік), туристік агенттер, туроператорлар, локалдық кәсіподақтар.

Халықаралық қонақ үйлік істі дамыту мәселелеріне байланысты нормативті-құқықты іс-әркекеттер санына жататындар:

1. Халықаралық қонақ үйлік ережелер. Халықаралық қонақ үй бірлестігі кеңесімен мақұлданған.

2. Әлемдік турагенттіктер федерация бірлестігі және Халықаралық қонақ үйлік бірлестігінің қонақ үйлермен турагенттіктер арасындағы қарым-қатынастар кодексі.

3. Халықаралық қонақ үйлік конвенциясы, қонақ үйлер және турагенттер иегерлерімен тұжырымдаған келісім-шарттарға тиісті.

4. Отель және тасымалдаушы арасындағы келісім және келісім-шарт, 1994 жылы Халықаралық қонақ үйлік бірлестікпен және Халықаралық көлік қатысушылар одағымен қабылданды [15].

Осындай бейнемен, әлемде құрылған халықаралық қонақүйлік және туристік ұйымдар кең жүйесі белсенді дамып келеді, олар халықаралық қарым-қатынастар маңызды өрісінде қонақжайлылықтың жұмыс істеуіне шақырылған. Қонақжайлылық бойынша халықаралық ұйымдардың әртүрлілігі, тармақталуы халықтар және мемлекеттер арасындағы байланыстарда оның өсіп келе жатқан рөлін белгілейді, сондай-ақ оған деген қызығушылықты көптеген үкіметтік және үкіметтік емес, ұлттық және халықаралық ұйымдар танытып отыр.

Ұлттық қонақ үй және туристік қызметтерді қолдау үшін және шетел валютасының ағымын ұлғайту үшін келесі бірлестіктер құрылған: Қазақстандық қонақүйлік және мейрамханалық бірлестік, Халықаралық қоғамдық туризм академиясы, Қазақстандық туристік бірлестік және Қазақстандық франчайзинг бірлестігі.

Қазақстандық туристік бірлестік құрамына ірі турагенттіктер, қонақ үйлер, әуетасымалдаушылар және «Қазақстан жібек жолы» ұлттық компаниясы кіреді.  Бірлестіктің негізгі мақсаты: туристік саланың басымдылығын жоғарлату болып табылады.

Қонақжайлылық индустриясында трансұлттық компания ерекшеліктері анық көрінеді. Тансұлттық компаниялар халықаралық өмірдің аңғарарлық құбылысына айналған қонақ үйлік тізбектер түрін қабылдайды. Статистика көрсеткіші бойынша тізбекке кіреті отельдер жеке кәсіпорындарға қарағанда 60% артық орта кіріс және 8% артық толтырым көреді.

Қонақ үйлік тізбек отелдер тобынан турады, олардың ортақ басшылығы өнімді алға жылжыту тұжырымдамасы және сауда белгісі болады. Кәсіпорындар тізбегінің басшылығы кез-келген пайдадан басымдылық алады, бірақ сол уақытта операциялық шығындар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Қонақ үйлік тізбектің пайда болуы өзінің белгілі бір рөлін ойнайды, ал қонақ үйлік қызмет халықаралық нарығына жоғары қызмет көрсету стандарттарын алға жылжытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ туристерге қонақүйлік қызмет көрсетудегі қолдауға ықпалын тигізеді.

Халықаралық тізбектері қосылған ірі қонақүйлік кешендерді «Сабре», «Галилео»,  «Амадеус», үлгілі біртұас сақталым жүйелері бар.

Әлемде өздерінің ұлттық  шекаралары аясынан тыс шыққан 300 астам қонақүйлік тізбектер бар. Олардың үлесіне 13 млн номерлердің 7 млн астамы келеді ( әлемде қонақүйлік номерлердің 50% астамы).

Қонақүйлік тізбектер және Еуропадағы тәуелсіз қонақ үйлер бірлестігі қызметтер сұранысын координациялаумен Еуропалық экономикалық  қоғамдастықтың ұлттық қонақ үйлер және мейрамханалар бірлестігін координациясы айналысады. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үй тізбегінің басқарымында орналасқан қонақ үйлік номерлердің көлем-сан келтірілген 2-ші кестеден көруіңізге болады.

Кесте 1

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықаралық қонақ үйлік тізбектер басқарымында орналасқан қонақ үй номерлерінің 2007жылғы көлем-саны

Елдер

Номерлердің саны, мың

Ортақ саннан үлесі %

АҚШ

3567,0

62,5

Ұлыбритания

738,6

13,0

Франция

469,7

8,2

Испания

203,0

3,6

Жапония

157,2

2,8

Германия

129,9

2,3

Әлемнің қалған елдері

361,2

6,3

Барлығы

5698,7

100,0

Осылай АҚШ үлесіне әлемдегі барлық қонақ үй номердлердің 62,5%, ал қалған Еуропалық елдер үлесіне барлығы — 27,1% құрайды.

Қонақ үйлік тізбектердің  2007 жылғы алғашқы ондық тізбегі 3 кестеде келтірілген. 3 кесте сараптамасынан көретініміз Маrriott Intenational қонақүйлік тізбектердің серпінді өсуі , ол бір жыл ішінде қонақүйлік тізбекке кіретін отельдер ортақ санын 1880-нен 2099 ға дейін , немесе 219 ательге көбейтті. Соған сәйкес осы тізбекке кіретін отельдердің сиымдылығы да артта түсті. -355900-дан 390469- ға нөмерге дейін. Сондай- ақ 2000 жылы Accor тізбегінің сиымдылығы 34700 номерге көбейсе , Hilton Hotels Corp тізбегінде 27800 номерге дейін көбейді. Сонымен бірге Best Western International және Cendant Corp сияқты бірқатар тізбектерде сиымдылықтың азайды бақылаулы ательдер санының көбейуіне байланысты болды. Білгілеп қою қажет, қонақ үйлік тізбектердің қалыптасу үдерісі жаңа елдерде қамту үстінде. Мальта, Жаңа Зеландия, Шотландия және Мысыр [16].

Қонақ үйдік тізбектердің әлемдік қонақүйлік шаруашылықпен басқарудағы маңыздылығын жоғарлату үдерісі айтарлықтай қарама қайшылықпен мінезделеді, бір жақтан көптеген елдерде қызмет істеп жатқан жетекші қонақүйлік тізбектер іріленсе, ал екінші жақтан жеке қонақ үйлік тізбектер құрып  жатқан елдер саны көбеюде.

АҚШ-та қонақ үй тізбегінің 195 — штаб пәтерлері орналасқан, Ұлыбританияда – 17, Жапонияда – 14, Германияда – 11, Гонг-Гонгта – 8, Франция және Сингапурда — 6- дан орналасқан.

Соңғы уақытта  әлемде жаңа отельдердің салынуы арқылы қонақ үй орындар санының көбейуі олраға деген тұтынушылықты артта қалдырды. Нәтижесінде қонақ үйлердің жіктелу коэфицентінің орнықты төмендеуін байқауға болады.

Әлемдік қонақ үй индустрия 50- жылдардан қонақ үйлермен басқарудағы ұйымдастырмалы құрылымында қонақ үй қызметін қйымдастырудың ең негізгі үлгілері бекітіледі. Ритц-үлгісі, Швейцарлық кәсіпкер Цезарь Ритцтің атымен байланысты. Бұл қонақ үйлердің негізгі мөлшерлемесі Еуропалық талғампаздық дәстүрлеріне жатады.

Қазіргі уақытта бұл үлгі дағдарысқа ұшырауда: соңғы 25 жылда әлемдік қонақүйлік қызмет нарығынан 2 млн астам Palace стиліндегі қонақ үйлік номерлер құрдымға кетті. Екінші үлгі американдық кәсіпкер Кемонс Уильсонның («Холлидей Инн» қонақ үйлер тізбегі) атымен байланысты. Бұл үлгіде мөлшерлеме клиент қажеттілігін қанағаттандырудағы үлкен икемділікке, қызмет көрсетудің жеткілікті жоғарғы стандарттарын қолдаумен үйлесімділігімен бірге қойылады

Қонақ үй интерьеріне холлдан бастап үлкен назар бөлінеді. Осы үлгі бойынша ұйымдастырылған қонақ үйлерге қойылатын негізгі талаптар:

– стиль біртұтастығы (сәулет өнері, интерьер);

– белгілеу және сыртқы ақпарат біртұтастығы;

– кең және қызметті холл;

– клиенттерді тіркеу жылдамдығы;

– номерлер, тұрғылықты клиенттер үшін қарастырылған;

– таңғы ас «шведтық стол»;

– мәслихат холлының бар болуы;

– икемді тарифтер жүйесі;

–       біртұтас басқарылым, маркетинг және коммуникациялар қызметі.

Кесте 2

2007– 2008 жж. әлемдегі ең ірі он қонақ үй тізбегі

 

Тіз-бек рейтингісі

Тізбек аталуы

2008 жылы отелдер тізбектер бар болған елдер саны

Отельдер саны

Номерлердің саны, мың 2007ж номерлер санын салыстырып қарағанда 2008 жылдағы номерлердің санының өзгерулері, %

2007

2008

2007 2008

1

Cendant Corp.

24

6315

6455

542,6

541,3

99,8

2

Bass Hotels & Resorts

100

2886

3096

471,7

490,5

104,0

3

Marriott International

60

1880

2099

355,9

390,5

109,7

4

Accor

81

3234

3488

354,7

389,4

109,8

5

Choice Hotels International

41

4248

4392

338,3

350,4

103,6

6

Hilton Hotels Corp.

59

1700

1895

290,0

317,8

109,6

7

Best Western International

80

4037

4065

313,3

307,7

98,2

8

Starwood Hotels & Resorts Worldwide

80

716

738

217,7

227,0

104,3

9

Carlson Hospitality  Worldwide

63

616

716

114,2

129,2

113,1

10

Hyatt Hotels/ Hyatt International

38

195

201

85,7

86,7

101,2

Барлығы

25827

27145

3084,1

3230,5

104,8

Әлемде осы үлгі бойынша салынған қонақ үй тізбектердің бақылауында қонақ үй номерлердің 50% астамы жатыр. Бұл тізбектер бір иегермен басқарылады. (3-кестеден көруге болады)

Үшінші үлгі – «Best Western» және «Romantic Hotels» секілді еркінді қонақ үй тізбекшелер және басқалары. Бұл жағдайда бір сауда маркасының астына қандай да біртектілік белгілері бойынша, белгілі стандартпен қызмет жиынтығына орналастыру еліне қарамастан шыдай алатын қонақ үйлерді біріктіреді.

Қонақ үйлік тізбектердің негізгі екі түрі болады – біріктірілген тізбектер, олар тіртектілік бірліктерден жасалған және қонақ үй консорциумдар олар тәуелсіз отельдерді біріктіреді. Біріктірілген қонақ үй тізбектер жүйесі және біртекті өнім өндіріп сатады. Олар франчайзингтік жүйе немесе басқаруға деген келісім–шарт бойынша тура немесе жанама түрде басқарады.

Франчайздік келісімдер жүйесі әлемде кең таралымға ие болуда. Қазіргі уақытта отельдердің шамамен 80% тізбектерге дәл осы франчайзинг құқықтары арқылы кіреді. Оны 4–кестеден көреуге болады.

Франчайзинг келісім–шарт бойынша ірі фирма немесе компания өз құқықтарын сауда маркасының қолдануына береді, маркетинг өткізім және орталықтандырылған номерлерді сақтап қою жүйелеріне, франчайзердің басқарылымды шектемелеріне бағынатын франчайзинг операцияларымен басқару жүйесіне, оның қызмет көрсету және комфорт стандарттарын қолдау, келісім үшін айналымнан 3-4% көлемінде сыйақы төлеу, сондай–ақ 30% жуық бастапқы жарна енгізеді. Франчайз келісім-шарты – бір жақ (құқық иеленуші) екінші жаққа (пайдаланушы) төлемге сай және белгіленген немесе белгіленбеген уақытқа берілетін фирмалық атау, тауар белгісі, коммерциялық ақпарат, қызмет көрсету белгісі құқықтарымен уағдасылған келісім шегіндегі пайдалануға беру келісім-шарты. Коммерциялық концессия келісім-шарты бойынша екі жақ индивидуалды кәсіпкер ретінде тіркелген физикалық немесе заңды тұлға болуы мүмкін.

Кесте 3 

2008 жылында франчайзинг шартында отельдердің

 қонақ үй тізбегіне бірігуі

Тізбек аталуы Тізбектегі отельдердің ортақ саны Тізбекке франчайзинг шартында кіретін отельдер саны Отельдердің франчайзингтен түсетін ортақ саннан үлесі, %
1. Cendant Corp,

2. Choice Hotels International

3. Bass Hotels & Resorts

4. Hilton Hotels Corp.

5. Marriot  International

6. Carlson Hospitality Worldwide

7. Accor

8. U.S. Franchise Systems

9. Societe du  Louvre

10. Starwood Hotels & Resorts Worldwide

6455

4392

3096

1895

2099

716

3488

505

868

738

6488

4392

2644

1492

1168

682

672

505

328

313

100,0

100,0

85,4

78,7

55.6

95,3

19,3

100,0

37,8

42,4

Франчайзер франчайзинг келісім–шарт бойынша өзінің қызмет көрсету стандарттары мен өзінің беделін тапсырады. Компания өзінің технологиясын инвестициялармен алмасуына береді.

Франчайзинг 2 категорияға бөліп қарастыруға болады. Біріншісіне өнісді тарату ұйымдары. Мысал ретінде, салқын сусындарды, дайын тағам өнімдерін қолдану, тарату және өндіру, сонымен қатар автокөлікті сату. Екіншісі кәсіпкерлік формада іске асады. Франчайздің екінші категориясы қонақжайлық индустриясында кең тараған. Мысал ретінде «Холидей Инн», «Редиссон Хотелз», «Деннис» және «Уэндиз» мейрамханалары. әрбір келісімде франшиза франчайз беруші франчайз алушыға белгі, ноу-хау франчайз берушінің жүйелі құрылымын қолдану құқығын ұсынады. әдетте нарық стратегиясына қатысу шарты болады. Франчайз беруші кәсіпкерлітің толық концепциясын немесе қолдану құқығын сатып алады.

Қазақстанда «Кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» ҚР Заңы қабылданды 2002 жылы 24 маусымынан Қазақстандық франчайзинг бірлестігі құрылды. 2002 жылдың наурызында алғашқы халықаралық коммерциялық емес ұйымдар қазақстандық қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып республикада франчайзинг даму сұрақтары бойынша семинарлар өткізді. Басқару келісім – шарт қонақ үй тізбектерінен өріс ықпалын кеңейту және туристік нарықтарға ену үшін кеңінен қолданылады.

Кесте 4

Басқаруға келісім – шарт негізінде отельдердің қонақ

үй тізбегіне бірігуі, 2008 жылы

Тізбек аталуы

Тізбектегі отельдердің ортақ саны

Тізбекке басқаруға берілген отельдердің саны

Басқаруды берген отельдер үлесі, ортақ саннан, %

1. Marriot  International

2. Societe du  Louvre

3. Accor

4. Extended Stay America

5. Bass Hotels & Resorts

6. Tharaldson Enterprises

7. Westmond Hospitality Group

8.  Starwood Hotels & Resorts Worldwide

9. Hilton Hotels Corp.

10. Prime Hospitality Corp.

2099

868

3488

392

3096

330

294

738

223

239

806

540

531

392

344

330

294

263

223

214

38,4

62,2

15,2

100,0

11,1

100,0

100,0

35,6

100,0

89,5

Қонақ үйлердің бірігуі ұйым иегері және компания арасында басқаруға келісім –шарт жасау жолымен жүргізіледі, оның басты қызмет бағыты берілген сегмент нарығында қонақ үйлермен кәсіпқойлық басқару болып табылады. [19]

Келісім  – шарт бойынша басқаруға қадам басқан кәсіпорын ұйым мүлігіне ешқандай құқы жоқ. Басқаруға келісім – шарт бойынша кәсіпорын әдетте шектеулі қаржылық жауапкершілікті алып жүреді және барлық жағдайда қонақ үйдің пайдасының көлеміне байланысты кіріс алады.