Коммерциялық банктердің пассив және актив операциялары

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
— Ақылы негізде салымдарды (депозиттерді) тарту;
— Клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
— Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
— Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
— Заңда көрсетілген тәртіп пен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
— Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
— Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
— Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
— Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
— Клиенттер үшін құжаттармен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
— Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
— Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
— Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
— Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
— Банктік қызметтермен байланысты кеңес беру қызметтерін көрсету;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясына
сәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің тағы бір манызды кызметі бар. Банктер мемлекеттік бюджеттің орындалуы бойынша операцияларды жүргізуге міндетті. Клиент пен банк арасындағы қатынас келісім шарт сипатында болатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта клиенттер несиелік — есеп айырысу және кассалық қызметтер үшін банктерді өз беттерінше таңдайды және оларға барлық банктік операциялар түрлері бойынша бір немесе бірнеше банктерде қызмет көрсетілуі мүмкін.
Барлық атанған операциялар лицензия болған жағдайда ұлттық және шетел валютасымен де жүргізілуі мүмкін.
Коммерциялық банктер келісім шарт негізінде банк жарғысында қаралғандай өзара депозиттерді, несие түріндегі қаржыларды бір — біріне тарту немесе орналастыру, басқа да өзара операцияларды жүргізуі мүмкін.
Клиенттерді несиелендіру және қабылданған міндеттемелерді орындау үшін қаржылардың жетіспеушілігі жағдайында Ұлттық банктен несие алуға өтініш беруге құқы бар.
Коммерциялық банктер қаржыларды сақтау және операцияларды жүргізу үшін банктерді өз бетерінше таңдайды және онда корреспонденциялық шоттар ашады.
Коммерциялық банктер корреспонденциялық шоттар ашу жағдайында корреспонденциялық қатынас туралы келісім шарт жасасады. Оларға шотты ашуға арыз, банк жарғысының көшірмесін және қолтаңба мен мөрінің үлгісі бар, наториалды расталған карточкасын ұсынады. Корреспонденциялық шот ашу жағдайында банк мекемесінің бас есепшісі шот нөмірі көрсетілген белгісі бар коммерциялық банктің жарғысын әзірлейді.
Коммерциялық банктердің филиалдарының орналасу мекеніне қарай оған корреспонденциялық субшоттар ашылуы мүмкін. Субшоттар ашу туралы ұсынысы филиалдардың орналасу мекені бойынша банк мекемесіне және осы
ұсыныс көшірмесі комерциялдық банктің корреспондециялық шоты ағылған банк мекемесіне жіберіледі. Корреспонденциялық субшотты ашу туралы ұсыныс көшірмесін коммерциялық банктің негізгі шоты бойынша құжаттар жинағында сақталады.
Корреспонденциялық субшотты кұжаттау үшін банк мекемесіне, сондай-ақ филиал туралы жалпы жағдайының көшірмесі, мөрі мен қолтаңба үлгісі салынған карточка ұсынылады.
Банк мекемесі корреспонденциялық келісім шартына сәйкес корреспонденциялық шоттар (субшоттар) бойынша ақша — есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады, коммерциялық банктерді телеграфты кодтармен қамтамасыз етеді. Орталық банк, оның аймактық басқармалары, кассалық есеп — айырысу орталықтары коммерциялық банктерді олардың олардың қызметтеріне байланысты нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.