Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау

Ел басының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылға дейін арналған инновациялық-өнеркәсіптік даму бағдарламасын әзірледі. Оның негізгі қатысушылары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Сауда және өнеркәсіп министрлігі болды. Бағдарламаның мақсаты өнімді өндіру және экспорттау, өнеркәсіпте бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты дамуы. Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезең 2005 жылға дейін. Бұнда бағдарламаның салалық дамуында және заңдылықтарында өзгерістер енгізу жоспарланды; ғылымды, білімді қаржыландыру көлемі анықталды, жоғары білімді мамандар дайындауға, бәсекелес өнімді өндіретін тұтас өндірістік жүйені құруға бағытталған жобаларға мемлекеттің қатысуын іске асыратын даму институттарын құру белгіленді.

Екінші кезеңде, 2006 жылдан 2010 жылға арналған. Бұл кезеңде жобаларды қаржыландыратын инвесторларды іздеуде жеке секторды дамытуға көңіл бөлінеді және да басқарушылық, инженерлік. Техникалық, жұмыс кадрларын дайындауға мән берілді.

Үшінші кезеңде (2011-2015) өнеркәсіпте өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қарастырылады.

Осы шарттардың барлығын орындаған жағдайда, ұлттық экономиканың өсуі жылына 8,8-9,2 пайызды құрайды деп есептеуге болады. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы ғылым және инновациялық іс-әрекеттер аумағындағы тиімді мемлекет саясатын жүргізу есебінен экономиканың жоғары технологиялық құрылымын құруға бағытталған.

Жетістікке жету үшін капиталды ең басты ресурс – адамдарға жұмсау керек. Осылай ғана инновацияны тиімді іске асыра және жетілдіре алады. Еліміздің инновациялық дамуы ғылыми негізбен ғылыми кадрларды дайындауға көп шығынды қажет етеді. Өндірістегі технологиялық прогрес пен жаңа білімдерге негізделетін елдің инновациялық даму жолы ғылым мен білімдегі инновациясыз мүмкін емес. Қазақстандағы бұл сералар қарқынды дамуы керек. Яғни, әлемдік ғылыми техникалық және инновациялық процнстерге, сонымен қатар жаһандану мен ақпараттануға бейім болу керек.Стратегияда ғылым дамуы аймағында мемлекет саясатының негізгі бағыттары нақты белгіленген: экологиялық таза өнім мен ғылыми өңдеуге бағытталған зерттеулерді дамыту; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны күшейту. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін сапалы адам еңбегі қажет. Сондықтан мемлекеттік саясат мынадай бағыттарды қарастырады: кадрларды дамыту және сақтау, жоғары дәрежелі мамандарды дайындау, аттестациядан өткізу; олардың әлемнің ең жақсы ғылыми орталықтарынан тәжірибеден өтуін және жас талантты ғалымдарға қолдау көрсету.

Қазақстанда бұрын болмаған жаңа мамандықтарды игеруге дайындық жасау керек. Бұл машина жасау және химия салаларын қамтиды.

Бүкіл дүние жүзінде экономиканың тұрақты өсуінің негізгі факторы өнеркәсіптің тиімді жұмыс істеуі болып табылады. Өнеркәсіптің дамуы экономиканың басқа салаларының дамуына үлкен әсер етеді. Қазақстан Президентінің халыққа жолдауында бекер айтылмаған: «Қазіргі уақытта тұрақты, балансты даму моделін тұрғыза отырып, біз шикізатты шығару экономикасынан өңдеп шығару экономикасына көшу жолын анықтап алуымыз керек».

Күн энергетикасын дамытуға байланысты әлемдік нарықта кремнийге сұраныс өсіп келеді. Кварцтың ірі табиғи қорына ие Қазақстан бәсекеге қабілетті кремний өнеркәсібін құра алады. Соңғы жылдары АҚШ-та поликристалдық кремний өедірісі 12 есе өсті, Жапонияда 6 есе, Германияда 10 есе өсті. Оның жетіспеушілігі әлемде 2004 жылы 30 мың тоннаны құрады, ал болашақта 50 мың тоннаны құрамақ. Осыны ескере отырып, біздің еліміз кремний өндірісін дамытуы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ғылыми және инновациялық дамуға қолдау көрсетуді маңызды деп көрсетті. Бүгінгі күні ғылыми жұмыстардың перспективасы көбінесе әлемдік тауар нарығындағы мемлекеттің қызығушылығымен анықталды. Қазақстанда атақты ғылыми орталықтар бар. Олар: Степногорск қаласында (биотехнологиялық орталық), Курчатовта (ядролық технология орталығы), Приозерскіде. Бұл орталықтар аз уақыт мерзіміеде отандық ғылыми жұмыстарды нарықта талап етілген деңгейде жетілдіреді.

Индустриалдық саясатты іске асыратын Қазақстан экономикасын диверсификациялау бойынша бағдарлама негізінен инвестициялардың арқасында іске асырылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап экономикалық секторға 21 млрд. доллар шетел инвестициясын тартты. Қазақстандағы инвестициялық іс-әрекет ішкі және сыртқы қаржыландыру көзі есебінен өндірістік процестерді активтеуге бағытталған. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламысын іске асыру үшін дамыту институттар жүйесі құрылған (Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның даму Банкі).

Инвестициялық қордың басты мақсаты – жоғары қосымша құнды тауар өндіруші Қазақстандық компанияларды құру. Қорда инновацияны енгізу және дамыту функциялары қарастырылады.

Оның міндетіне Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлікке қаражат тарту, жал бойынша операцияларды қаржыландыруды, бухгалтерлік есепті құруда техникалық көмек көрсету, шағын кәсікерліктермен, олардың бизнес-стратегияларын іске асыру жұмыстарын жүргізу.

Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру. Жоғары технологиялық салалар үшін салықтық жеңілдіктер құрылды. Арнайы экономикалық аймақтарда инновациялық технологияны дамыту бойынша қызметті іске асыратын ұйымдарда салық мөлшерін төмендету бойынша заңдарға өзгерістер енгізілді. Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату және экономикалық өсуде қиын әрі күрделі жол белгіленген. Осы жолды Қазақстан да дамытуы керек. Сонда ғана мемлекетіміз тек әлемдік нарықта бәсекелесу ғана, сонымен қатар экономикалық және саяси тәуелсіздігімізді мықтап күшейте аламыз.