Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәні және әдісі

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәні және әдісі туралы қазақша реферат

Жоспары:

  1. ҚР мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәні
  2. ҚР мемлекет және құқық тарихының зерттеу  әдісі.

Лекция мақсаты:

Лекция мәтіні: Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықгардың мемлекеттері болды.

Қазақ халқының атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасыньщ байырғы халқы — қазақтардың әр кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктері болған деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқықтық тарихы бүгінгі Казақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және кұқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа алады.

Құқықтық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңдерге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.