Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер

Қазақстан республикасында зейнетақымен қамтамасыз  ету реформасы  зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан-банктердің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.

Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті. Зейнетақы реформасының мақсаты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету. Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмады. Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банк  және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, — мемлекеттік емес зейнетақы  қорлары арқылы жүзеге асырылады.</h4>

Мемлекеттік емес зейнетақы  қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді. Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарналарынан, азаматтардың жеке жарналарынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады.

Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдануы қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімді секторының қатысушысы болып табылады.

Мемлекеттік емес зейнетақы  қорларының активтері ұзақ мерзімді болап табылады да қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің стабилизаторы болып табылады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және оны біздің елімізде оны реттеуге жағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналған мемлекеттік емес зейнетақы  қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті ұзақ мерзімді инвестицияны тартуға және де Қазақстанның қор нарығының өзгеше стабилизаторы бола алады.

Жинақтау зейнетақы жүйесінде бірқатар мәселелер бар. Ең маңызды мәселе – халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптаспауы. 2000 жылдан бастап қана жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады.

Зейнеткерлік туралы тағы бір мәселе – ол зейнеткерлікке жақындағандар, яғни елуден асқандар, тіпті қырықтан асқандар мәселесі. Әсіресе, жеке меншік кәсіпорындарда жасы ұлғая бастағандарды жұмысқа алмау заңға айналғандай көрінеді. Үлкендер аурушаң келер, бәлкім күш-қуаты кемдеу шығар. Бірақ олар жұмыстан шектелмеуі керек. Бұл мәселе үкімет тарапынан, еңбек қорғау мекемелері тарапынан мықтап қаралмаса болмайтындай.