Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

2008 жылғы әлемдік экономиканың жағдайы біршама шиеленісіп тұр. Жетекші әлемдік сарапшылар мен халықаралық институттар қаржы рыногы мен биржалық тауарлар рыногында болашақ үрдістердің өсіп келе жатқан белгісіздігін ескере отырып, әлемдік экономиканың болжанып жатқан өсу қарқынын үнемі реттеп, түзетіп отырады. 2008 жылдың сәуірінде ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) жаһандық экономикалық өсу бойынша болжамды кезекті көрсеткішті 4,2%-дан (2008 ж. қаңтарына болжам) 3,7%-ға дейін төмендетті. ХВҚ 2009 жылы да маңызды жақсы өзгерістерді күтпейді. 2008 жылдың мамырында Нью-Йоркте ұсынылған БҰҰ-ның “Әлемдік экономикалық жағдай және 2008 жылға арналған перспектива” атты баяндамасында әлемдік экономиканың көрсеткіші 1,8%-ға дейін төмендейтіні болжанған. Жалғасып жатқан қаржы дағдарысын, америкалық доллар курсының түсуін, мұнай мен азық-түлік бағасының қымбаттауын ескере отырып, БҰҰ экономистері болжамның үш нұсқасын жасап шығарған. Олардың ең нашары АҚШ ІЖӨ-сінің 1,2%-ға төмендейтінін жора¬малдайды, өте жақсы деуге болатыны – өсім 1%-ды, базалық түсім 0,2%-ды құрайды. Елдің әлемдік экономикасының өсу қарқынының жалпы төмендеу көрінісінде ТМД елдері оң нәтижелер көрсетті, делінген БҰҰ-ның “2007-2008 жылдардағы Еуропа эко¬номикалық комиссиясы аймағындағы экономикалық жағдай” баяндамасында. Бірақ ең ауыр проблема инфляция болып тұр. ХВҚ-ның бағалауы бойынша, ТМД елдерінде 2008 жылы ІЖӨ өсуі орташа есеппен 7% құрайды, Қазақстан бойынша – 5%, ХВҚ әдістемесі бойынша инфляция деңгейі ТМД елдерінің тобында (оның ішінде Қазақстанда) 13% -дық межеден асады. Қазақстанда 2008 жылғы 21 – 30 сәуір аралығында болған ХВҚ-ның тапсырмасында “…ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2009 жылы 6%-дан жоғарыламас бұрын, 2008 жылы 5%-ға төмендейтіні” расталды, бірақ сонымен бірге, әлемдік экономикадағы жоғары белгісіздік жағдайын және оның Қазақстанның экономикасына әсерін тағы да ескермесе болмайды. БҰҰ-да Ресей мен Қазақстан өздерінің энергия ресурстарына мемлекеттік бақылауды күшейтуге немесе осы секторда мемлекеттік меншіктің үлесін арттыруға талпынуда деп атап өтілген. ТМД Статкомитетінің 2008 жылғы болжамдары бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқа-лыптылығы болады. Қазақстандағы жағдай 2007 жыл бірқатар маңызды үрдістермен сипатталды: 1. Қазақстан экономикасының интеграциясы жаһандық үдерістерде екі жолда күшейтілді: қара және түсті металлургияның, кен қазу өнеркәсібінің тауарлы өнімдері экспортының өсуі, сондай-ақ сыртқы қаржы рыногына ЕДБ қарыз алуы арқылы. 2. Инфляцияның қауырт өсуі негізінен монетарлы емес сипаттағы факторлармен байқалды, атап айтқанда, әлемдік рыноктағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жағдайымен, оның ішінде 2007 жылы мамырда инфляцияның өсуі әлемдік рынокта бидай бағасының өсуімен; 2007 жылы тамызда азық-түлік бағасының еуропалық жоғарылауымен байланысты болды. 3. Экономикада құрылымдық ілгері жылжулар байқалды: қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктурамен тікелей байланысы болмаған салалардың экономикалық өсуіне деген салым өсті. 4. Интенсивті экономикалық өсу мен жоғары инфляцияның тіркесуінде көрініс тапқан экономиканың “қызып кету” белгілері байқалды, сонымен бірге, кредит рыногының “қызып кетуі”, әсіресе жалақының жеделдетілген өсуімен байланысты құрылысты не¬сиелеу, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда-саттық, тұтыну кредиті секторларында байқалған. 5. Қазақстандық ЕДБ-ның сыртқы қаржыландыру жағдайы 2007 жылдың екінші жартысынан бастап төмендеді, ол қазақстандық қарызгерлерді несиелеу жағдайының және қаржы өтемпаздығы жағдайының нашарлауына алып келді.