Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу тарихы

Батыс Тянь-шань тау жүйесін оның ішінде Қаржантау жотасын флорасын зерттеу осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын, яғни Орта Азиядағы ірі географиялық экспедициялар кезінде басталған болатын.

XIX ғасырдың екінші жартысында регионның әр бөліктерінде көптеген ғалымдар, атап айтсақ географ А.В. Буняковский, геологтар И.В. Мушкетов және Д.Л. Иванов, ботаниктер А.Э. Регель, Г.Капю, СИ. Коржинский, Д.И.Литвинов және т.б. зерттеулер жүргізді.

Батыс Тянь-шань флорасын танып білуге О.Э. Кнорринг, З.А. Минквиц (1915ж), Б.А. Федченко (1941-1966 ж.), Н.В. Павлов (1956ж) үлкен үлестер қосты.

Б.А Федченко өзі жинаған өсімдіктері мен көптеген ғалымдардың материалдарын толықтыру негізінде «Флора западного Тянь-шаня» (1941-1961 жж.) деп аталатын еңбегін бастаған болатын, бірақ ол еңбек аяқталмай қалды.

Орта Азия университетінің (САГУ қазіргі ТашГУ) ботаниктері Батыс Тяньшань флорасын комплексті түрде зерттеді.

1921 жылы Өгем өзенінің бассейннінде Орта Азия мемлекеттік университетінің Өгем ботаникалық экспедициясы жұмыстар жүргізді. Олар жыл сайын Батыс Тянь-шанның әр түрлі аудандарында экспедициялар ұйымдастырды. 1920 жылдардың басынан бастап Батыс Тянь-шань флорасын зерттеуге А.И. Введенский қомақты үлес қосты.

1926 жылы Талас Алатауының батыс бөлігіндегі орман заказнигі Ақсу-жабағылы қорығы болып қайта құрылды. Бұл қорық көптеген ботаниктердің Батыс Тянь-шаньда жұмыс істеуіне база ретінде үлкен қызмет атқарды. Ал 1939 жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалының ботанигі В.У. Макарчук Қаржантау жотасының биік таулы аймақтарын зерттеуді.

Н.В. Павлов Батыс Тянь-шаньдағы зертеулерін 1949 жылдың жазында ҚазССР ҒА ботаника институтының экспедициясынмен бірге бастады. 1953-1954 жылдары Қаржантау жотасының таулы бөліктері зерттелді.

Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу әдістері

Зерттеу объктісі ретінде Қасқасу шатқалының флорасы алынды (далалық материалдарды (гербарий) жинау, өңдеу және талдау жұмыстарын жүргізу).

Далалық зерттеу жұмыстары 2003-2004 жылдары жүргізілді. Негізінен таксондарды айқындауда салыстырмалы морфологиялық — географиялық әдіс қолданылды.

Өсімдіктердің түрлерін анықтауда 9 томдық «Флора Казахстана» (1956-1966 ж.ж.), 10 томдық «Определитель растений Средний Азии» (1968-1993   ж.ж.), 2 томдық «Илюстрированный определитель растений Казахстана» (1969-1972 ж.ж.), «Красная книга КазССР» (1981 ж.), «Красная книга Государственный кадастр Южно-Казахстанский области» (2002 ж.) және т. б. енбектер пайдаланылды.

Флористикалық спектрдің негізі ретінде А.Л. Тахтаджянның (1987ж) тұқымдас пен туысқа арналған жүйесі алынды. Түрдердің және туыстардың аттарын дұрыс жазуда С.К. Черепановтың (1973-1981 ж.ж.) жұмыстарының көмегі көп тиді.