Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары туралы қазақша реферат

Қаржылық жағдайды одан әрі дамыту, оны жақсарту үшін кәсіпорынға атқару керек жұмыстар тізімі:

1. Қазіргі заманғы есепайырысуларды уақытылы тексеру, арқылы дебиторлық қарыздардың сомасын азайту. Ол ақша қаражаты айналысқа түсуге мүмкіншілік табады.

2. Тауар-материалдық қорларды төмендету. Бұл да ақшаның айналысқа түсуіне мүмкіндік береді.

3. Өнімді нақтырақ тоқталатын болсақ бидайды өңдеп сатуды мүмкіндігінше ұлғайту.

4. Тұрақты шығындарды үнемдеудің арқасында тауардың өзіндік құнын төмендету.

5. Өнім өндіру кезінде экологиялық сақтық, денсаулық қорғау, қауіпсіздік техникасы шараларына көңілді көбірек бөлу.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы — өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы — өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.

Мал шаруашылығына байланысты болашақтағы жоспарлар жүзеге асырылса, саріктестіктің мал шаруашылығынан үлкен жемістер күтіледі. Қазіргі таңда мал шаруашылығының деңгейін егін шаруашылығының деңгейіне дейін жеткізу негізгі мақсат болып тұр. Осыған 2009 жылы мал шаруашылығына қажетті техниканы шетелден алдыру жспарланып отыр.

Мал шаруашылығын дамытумен қатар кәсіпорын жанама қызмет түрлерін дамыту қолға алынып, уақыт өте келе жүзеге асырылып жатыр.

Болашақта  құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс жұмыстары, ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы, құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және сату секілді қызмет түрлерін дамыту қолға алынып отыр осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін  құрылыс заттарын шығараын техника мен машина түрлері  алыс –жақын  шетелден және Қазақстан Республикасының ішкі нарығынан сатып алынған болатын.

Жас астанамыз Астананың қасында орналасу құрылыс материалдарын сату мен құрылыс нысандарын алу нарығы үшін өте қолайлы болып отыр. Оның бірден бір себептері Астана  қаласындағы құрылыс қарқыны болып тұр. Қазірдің өзінде ақ  кәсіпорын құрылыс материалдарының көптеген түрлерін шығарады. Құрылыс материалдарын сатудан түскен пайда мен құрылыс материалдарын  кәсіпорынға қажетті құрылыс нысандарында пайдалану кәсіпорнның  құрылыс саласындағы жоспарларының қате еместігінің дәлелі болып отыр.

Серіктестік қызмет көрсату саласында да атқаратын жұмыстары аз емес. Солардың ішінде ерекше орын алатыны қонақүй қызметі жақсы қарқынмен жұмыс істеп жемістерін бернуде. Сонымен қатар дәмханалар, мейрамханалар, бар  қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын ашу, халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу  болашақта жүзеге асатып пайда әкелетін қызметтердің қатарында тұр.

Серіктестіктің жалпы  дамытуға және айналысуға  көңіл бөліп отырған қызметтері көп. Олар бодашақ жоспарларда орын алып отыр. Бұл өндіріс және қызмет түрлері қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы сұранысқа ие қызмет түрлері болып табылады.

Сұраныс жоғары, шығын аз қызмет түрлеріне әрлендіру, жарнамалық, кеңес беру жән делдалдық қызмет, басып шығару қызметі, полиграфиялық қызмет, ақпараттық  материалдарды көрсету, инвестициялық, сауда және делдалдық қызметке қатысу, маркетинтік, қаожылық және басқа қызметтерді мекемелерге, ұйымдарға, көрсету ,заңгерлік қызметтерді көрсету  сиақты қызмет түрлерін кәсіпорынның айналысатын қызметтерінің қатарынан  болашақтаға 5-6 жылдың ішінде көретін боламыз.

Транспорт саласы қашан болса да экономикада алатын орны ерекше болған. Бұл салның болашағы өте зор, және ол сату-сатып алудың бар кезінде өзінің тіршілігін жоя алмайды.

Мекемелер, азаматтарға автокөлік қызметтерін  көрсету, теміржол тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып  алу және сату, ТҚС, ЖҚС, автотұрақтар және көлік жуу қзметтерінің болашақта дамыту кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасында орын алады.

Сонымен қатар болашақта халыққа тұрмыстық, әлеуметтік, тұрған және медициналық қызметтер көрсету, осы  мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді, сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер,моншалар, сауаналар және демалыс аймақтарын ашу секілді жоспарлар, қағаз массасы  қағаз және қатты қағазды шығару,сатып алу және сату қағаздан жасалған  бұйымдарды, тұрмыстық химия құралдарын  және парфюмерия-сәндер бұйымдарын шығару; жиһаз, техникалық құрал-жабдық, өнеркәсіптік және құрылыс материалдарды, ағаш, металл,пластик, пенополистеролды өндеуге арналған бұйымдарды, басқа да әрлеу және әрлендіру материлдарды шығару, сатып алу және сату, инновацияларды жетілдіру және ендіру, жоғары технологиялы өнімді шығару  және сату, мәдени ағартушылық қызметтерді дайындау және қайта дайындау  мақсатта курстар және оқу орындарды ашу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, жалға беру пайдалану жылжымайтын мүлікті тіркеу, кен орындарын жетілдіру ,пайдалы қазбаларды іздеу және  барлау, су көздерін пайдалану сиақты тағыда басқа алуан түрлі қызметтермен айналысу жоспарда бар.