Кәсіби оқытуды ұйымдастыру

Кәсіби оқытуды ұйымдастыру туралы қазақша реферат

 Кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы – сабақ. Сабақтың жалпы барысы:

1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.

2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.

3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.

5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.

6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.

7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.

8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.

Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.

Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.

Тізбектілік – түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.

Практикамен байланысы компьютермен және ақпараттық қоғамның талаптарына сай қолданбалы есептердің мазмұнын сәйкестендіру.

1. Мұғалімнің сабақтағы әрекет тәсілдері. Оқушыларды сабақты дайындау құралдарына және сабақ басында есептеу техникасын дайындауға кірістіру. Мұғалімнің материалды қолдануындағы еркіндігі. Негізгі сұрақтарға жауауп қайтару кезеңі. Оқытуды жекешелендірудің тапсырмалардың түрлі деңгейі, білімі мықт ыоқушылардың нашар оқитын оқушыларға көмек беруі. Мұғалімнің оқушылар зейінін ауып кетпеуін қадағалау әдістері. Тақтадағы программадағы есептеу қателерін табу кезіндегі іс-әрекеті.

2. Материалға қызығушылықты бекіту әдістері. Оқушылардың танып білу қабілеттерін ынталандыру. Тапсырманы беру кездері: оқулықтан, басқа әдебиеттерден, мұғалімнің сабақ барысында ойлап табуы оқушыларды іздендіру, сабақтағы басқа белгісіз және стандартты емес оқыту әдістері.

3. Оқушылардың сабақта жұмыс істеуі. Оқушылардың материалға оқушылардың қызығушылығы белсеңділігі және өз бетімен жұмыс істеу. Саналы түрде меңгеру ЭЕМ-дегі әрекет қызметінің мағынасын меңгеру. Оқытудың тиімділігі оқыту уақытының толықтығы. Оқытушының және оқушылардың қарым-қатынасы, тәрбиесі және ұйымдасуы есептеу техникасына қатынасы қауіпсіздік техникасын сақтау.

4. Кері байланыс мұғалімнің білімін бақылау жүйесі. Білімін тексеру үшін компьютерді қолдану бақылаушы бағдарламасы білімді бағалау объектілігі белгілі мұғалімнің баға критерийлері үй жұмысын бағалау.

5. Сабақтың тәрбиелік эффектісі. Мұғалім тұлғасының ерекшеліктері оқушыларға бағыттаушы ретінде сіздің көзіңізге көрінген тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.

6. Қорытынды. Сіз болашақ мұғалім ретінде осы сабаққа және талдауда нені үйрендіңіз.