“Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы

Соңғы жылдары туризмнің барлық түрі дүниежүзі елдерінің артықшылықты шаруашылық саласы болып табылады. Қазіргі уақытта, туризм миллиондаған адамдардың күделікті өміріне кірді. Туризм ісін ұйымдастыру нарық экономикасымен үздіксіз байланыста, себебі қазіргі заманның туристік индустриясы ең жоғары табысты салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ВТО) мәліметі бойынша соңғы он жылда туризм табысы әр жыл сайын 7,9% — ке өсті, ал туристік табыс санының орташа өсуі 4,5% өсті. Белгілі бір елдердің табыстылығының өсуі жүз пайызды құрайды. БТҰ (ВТО) – ң болжамы бойынша, туризмнің дамуының көрсеткіштері үнемі өсуде. 2010 жылы туристер саны 1млрд адамға жетеді, ал 2020 жылы – 1 млрд 600 млн адамға өседі деп болжалады.

Туристік іс – жеңіл емес және бірден жоғары таббысты әкелетін іс емес. Бірақ, оның артықшылығы бар – ол адамның тұрақты баратын жерлері, ұшу күні мен уақытын алдын ала біледі.

Егер, өзінің барлық қимылдарын, яғни бағытты таңдаудан бастап, жарнамалық компанияға дейінгі іс — әрекеттерді ертерек есептеп, сонымен бірге бюджетті қатаң ұстау арқылы және кенет жағдайлардан шарттын бұзылуы кезінде сасып қалмайтын болса, жолпарланған табысқа жетуі әбден мүмкін.

Бірінші, бұл қызмет түрі маусымдық сипатта болғандықтан, әр маусымға («қыс демалыстарын» ұсыну, басқа қызмет түрлерін түрлерін табу) жәке бағдарламалар құру қажет.

Екіншіден, туристік сапар – бұл адамның адамның бірінші ретті қажеттілігі емес және халықтың табыс деңгейіне тікелей байланысты болады. Сондықтан турды қалыптастыруда бағдарлы болуы қажет.

Үшіншіден, біздің мемлекетімізде сыртқы туризм басым екендігі белгілі және ол мемлекеттің бюджетіне әсерін тигізеді, сондықтан демалыстың ыңғайлы шарттарын құрып, мемлекетімізге сырттан туристерді тарту бойынша шараларын мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Ұлттық өмірде туризм, аз дегенде басқа да экономикалық және әлеуметтік қызметтер сияқты өндірістік мәнге ие. Қазақстан танытуда, оқуда, демалыста, қатынастар жасау мен көңіл көтері үшін, тұрғындары мен оның қонақтарымен оның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресурстарға бай болып келеді. Сондықтан, біздің турагенттіктер өз жеріміздегі туризмді жаулап алуға кірісті. Сонымен қатар, « Kami travel » туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс – шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс – шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық – қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау.

“Kami travel” туристік фирмасы мына мекен жай бойынша орналасқан:

480004,Алматы қаласы

Қонаев көшесі 43, офис 201

Банктік реквизиттері:

АҚ «Еуразия банкі» Алматы қаласы

СТТН(РНН) № 600400519738

Факс: 2730536

Тел: 2663394

Ж.Ш.С. “Kami travel” 2003 жыл құрылған. Мемлекеттік лицензиясының берілген күні 10 желтоқсан, 2003 жыл. Осы қысқы уақыт аралығында Қазақстанның туристік нарығындағы мамандандырылған және алдағы қатардағы туристік қызмет көрсетулердің бірі болып табылады.

“Kami travel” тур фирмасының шығу тегі “Kami” – Камилла атты есіммен, “travel” – саяхат дегенмен байланысты. “Kami travel”  тур фирмасында білікті мамандар жұмыс атқарады және олардың әр қайсысы туризм саласындағы жоғары класс және өз істерінің мамандары.

Заңды мәртебесі. Жарғылық қор 

Кәсіпорыннң ұйымдастырушылық – құқықтық формасын тандау мәселесін шешу барысында, біз жауапкершілігі шектеулі шаруашылық қоғамдастықта тоқтадық. Неге?

Себебі, бұл нарықтық қатынастар шарттарында – ең икемді форма болып табылады. Ең алдымен, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ұғымын ашып көрсетейік.

ЖШС – бұл құрылтайшысы жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын. Мүліктің құру көзі – қатысушылардың қосқан үлесі болып табылады. Міндеттемелер бойынша жауапкершілікті барлық қатысушылардың үлесіне байланысты мойындайды және қоғам міндеттемелеріне жауап береді.

Жарғылық капиталдың минимальды көлемі 500 М.Р.П – ден (1 М.Р.П= 1092 теңге) жоғары, яғни 546000 теңгені құрайды. Бұл ақша сомасы бізге лайықты болып келеді, жұмысшылар саны 30 – дан аспауы керек.

Құру уақытында қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі келесіні құрайды.

1-Кесте.Қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі  

Аты – жөні

Қор көлемі, тг

Пайыз есебімен

Бөлігі

1

Ауызбаева Г.С

15.000000

50%

2

2

Абдрахманова А.К.

15.000000

50%

2