Ішкі су қоймаларының ластануын биоиндикация әдістерімен зерттеу

Ішкі су қоймаларының ластануын биоиндикация әдістерімен зерттеу туралы қазақша реферат

Тағы бір тіршілік ортасының бірі-су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен,суды алмастыратын зат әлі табылған жоқ.

Су-түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат. Жақсы ерітуші, үстіңгі пернеуі өте жоғары, айқын капилярлық(жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар.

Жер бетінің 77,5 * (мұздарды,батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен,көл,теңіз,жер асты сулары, таулар мен поляр шеңбердегі мұздықтар, атмосферадағы ауадағы ылғал кіреді.

Су қоймаларының қасиеті қышқылдығы сутек көрсеткішімен(рН) бағаланып, сутек иондарының (*(Н )) жиынтығын білдіреді.

Су қоймаларындағы судың судың қышқылдығы төмендегі көрсеткіштермен бағаланады. Егер,

рН-8 болса, онда өзен мен көлдің суы таза болады;

рН-7 болса онда бейтарап орта болып келеді;

рН-7 ден кем болса ортаның бәрі қышқыл ортаға жатады;

рН-6,6-5,5 болса, орта қышқыл орта болып саналады. Мұндай ортада кейбір организмдер өмір сүру қабілетінен айырылады. Ешкімге пайдасы жоқ сфагнум (шым тезекте өсетін) мүктері өсе бастайды.

Жалпы судың рН-ның өзгеруі суға түсетін немесе антропогендік әсерден пайда болған ластанулардың есебі.

Судың ластануы-оның физикалық және органолептикалық құрамының (оның мөлдірлігі, иісі, дәмінің бұзылуы) өзгеруінен байқалады,құрамында сульфаттардың,хлоридтердің,титратттардың, токсикалық ауыр металдардың көбеюінен, суда еріген ауа оттегісіің азаюы, радиоактивті элементтердің пайда болуы, ауру туғызатын бактериялар мен басқа да ластаушылардың судың құрымында кездесуін айтамыз.

Судың негізгі ластаушылары.Бүгінгі таңда судың ластануынын  тудыратын 400-ге жуық заттар белгіленген.Зияндықты көрсететін: санитарлы-токсикалық, жалпы санитарлық және органолептикалық көрсеткіштерінің тым болмағанда біреуінің шектік рауалынан асып кеткен жағдайда, су ластанған деп есептелінеді.

Су ластануының химиялық, биологиялық және физикалық ластануларын қарастырады.

Химиялық ластануларға: мұнай және мұнай өнімдері,СББЗ( синтетикалық беткейлі-белсенді заттар (СПАВ)),пестидциттер, ауыр металдар, диоксиндер және т.б..

Биологиялық ластанулар өте қауіпті, мысалы, вирустар мен басқа да ауру туғызатын микроорганизмдер.

Физикалық ластануларға- радиоактивті заттар, жылулық және т.б..

Ластан суды пайдалану адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді. Адамның бактериальді ластанған сумен үнемі байланыста болуы,  сонымен қатар сол судың қасында өмір сүруі немесе ұзақ уақыт болуы, әртүрлі паразиттердің теріге кіріп және көптеген ауруға душар еткізуі мүмкін. Қазіргі кезде мынадай жұқпалы ауруға : тырысқақ, іш сүзегі,дизентерия және т.б. ауруларға адамдардың ұшырауы күннен-күнге көбейеді.

Тіршілікте ақуіп-қатер туғызатын ластанған судың дәрежесін анықтау үшін биоиндикаторлар бар.Мәселен екі жақтаулы малюскалар токсикалық пестицидтердің бірі ДДТ-ны залалсыздандыруға және қолайлы жағдайда организмдерден бөліп шығаруға қабілетті.

Сонымен қатар сулы ортаның микроорганизмдері аса жоғары дамыған миханизміне байланысты суға түскен ауыр металдарға тұрақты болып,өз функциясын бұзбайды.