Ішкі құжаттардың қозғалу барысы

Ішкі құжаттарды өңдеу кезеңдері 

Ішкі құжаттарды өңдеу кезеңдері олардың түріне байланысты. Ішкі құжаттың көп кездесетін бір түрі негізгі қызмет бойынша бұйрықтар. Оны дайындау кезеңдерін қарастырып көрелік:

1.  Ішкі басқару құжаттары (мысалы, бұйрықтар, шешімдер немесе өкімдер) кәсіпорын басшысының нұсқауы бойынша жасалады.

2. Содан кейін бұйрықтар қажеттілігіне қарай кәсіпорынның заң қызметімен келісіледі.

3. Келісілген бұйрыққа басшы қол қояды.

4. Содан кейін ішкі құжатты хатшы (кеңсе) тіркейді, көбейтеді және орындау үшін құрылымдық бөлімшелерге таратады.

Ішкі құжаттар ұйымның өз шеңберінде әзірленіп, ресімделеді және сол шеңбердің аясында орындалады.

Ішкі құжаттарды әзірлеу және ресімдеуден өткізу шығыс құжаттары бойынша жұмыс жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Мұнан әрі жұмыс кіріс құжаттары бойынша іс жүргізу тәртібіне сәйкес атқарылады.

Орындау кезеңінде ішкі құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстар мына мәселелерді қамтиды:

1) ішкі құжаттарды орындаушыларға тапсыру;

2) ішкі құжаттарды орындау;

3) ішкі құжаттың орындалуын бақылау;

4) орындалған ішкі құжаттарды тиісті іске тігу.

Ұйымның ішкі құжаттарын құжаттама қызметі тапсырады.