Іс-әрекет түрлері

Іс-әрекет түрлері туралы қазақша реферат

Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана тоқталамыз.

Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.

Еңбек әрекетінің мәні — өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.  Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).

Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.

Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.

Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін  түсіндіреді.

Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.

Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады.

Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні — іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.

Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.

Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика матерядан жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.

Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды. Идеалды әрекет — ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген. Ойлауға «өткен» материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды.

Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда толық зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу ториясы мен тәжірибесінде шешімін тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым бөліктері бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?

Көптеген еңбектер түйсіну мен қабылдауға негізделген перцептивті әрекетке арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған эксперименталды зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец (1905-1981) мектебінде орындалған.

Мнемикалық әрекеттер деп ес процесі элементтерінің кешенді жұмысын, адамның атқаратын әрекеті сипатына қатысты болатын жалпы тиімділікті білеміз.

Ойлау әрекетін ойлаудың күрделі талдау-жинақтау жұмысының синонимі ретінде қарастыруға болады.

Танымдық әрекеттер деп дүниені тануға бағытталған жұмыс нәтижелерін жинақтаған түсінікті, яғни психикалық бейнелеудің жетекші қызметтерінің бірінің іске асырылуын айтамыз. Сондықтан, танымдық әрекетее перцепция, ес және ойлау процестерінен басқа, зейін, қиял, эмоция, ерік, сана қатысады. Дүниені психикалық процестер, күйлер мен қасиеттер қосындысы емес, тұлға таниды.

Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин  (1902-1988) сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны психологияның ғылыми пәні ретінде қарастырған. Ерекше авторлық болжамға сәйкес, бағдарлану келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:

·        дүниені тану немесе оның бейнесін құру;

·        қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын қамтамасыз ету;

·        таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен жоспарды салыстыру.

Адам өмірінде, мінез-құлқы мен психикасында сөйлеу әрекеті ерекше орын алады. Бұл терминді, әдетте, өзінің қаруы және тәсілі ретінде тілді қолданатын психиканың және мінез-құлықтың арнаулы түрін сипаттауда қолданыды. Адам психикасы белгілермен қаруланған және ішкі әрекетке тәуелді болады, бірақ, жекелеген сөйлеу әрекеті ішкі емес, материалдыға айналады. Сөйлеу әрекеті материалды сөздер мен белгілер арғылы іске асырылады. Психологиядағы әйгілі ойлау мен сөйлеудің бірлігі – идеалды мен материалдының «көрнекі» бірлігі. Сондықтан да сөйлеу әрекеті – объективті сөздердің қарапайым жиыны емес, ол психикалық іс-әрекеттің ерекше бір түрі.

Сонымен, адамның писхикалық іс-әрекеттері түрлерін талдау ғылыми зерттеудің шынайы өмір мен мінз-құлықтағы сенімді бағытын береді. Алайда адам психикасын толығымен сипаттау және жобалау үшін іс-әрекеттік ұстаным жеткіліксіз. Ол субъективті дүниенің тек белсенді, өнімді қырын ғана көрсетеді. Психиканың барлығы іс-әрекет негізінде ғана пайда болмайды және тек іс-әрекет арқылы көрінбейді. Психиканың артында ми «әрекеті», жан «жұмысы» бар. Сонымен қатар дүниенің субъективті бейнесінің маңызды қырларының бірі —  «азап шегу», субъективті күйзелу. Психикалық процестер тұтастай психикалық бейнелер құрылымынан ерекше өнім алуды қамтамасыз етеді. Психикалық күйлер мен психикалық қасиеттердің психикалық бейнелеуде ерекше нәтижесі жоқ. Олар адамның әлеммен қатынасын, дүниеге деген көз-қарасын, субъективті күйзелістерін, өзіндік тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Бұл әлемді және тұлғаны жоғары сатыда бейнелеу. Бұл субъективті қайта жаңғырту, Адам мен Әлемнің тұтас психикалық бейнесі.

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады.  Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Ұлы басты мақсаттар мен мүдде адам тұрмысында жетекші болып адамды ұмтылдырып ,жігерлендіріп отырады. Басты мақсатқа байланысты күнделікті тұрмыста бірнеше мақсаттар мен мүдделер болуы мүмкін .Бірақ олар барлығы болуы міндет, мақсаттарға бағынышты болып , түбінде соларға ыңғайланып отырады.

Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс—әрекетінің басты басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі –адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы әр уақыт адамның санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бақыт алып отыруы. Сананы айналадағы дүниеге бағыттап отырмаса ол затты дұрыс қабылдай алмайды. Өйткені адамның санасында ол дұрыс сәулеленбейді.

Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі-шығармашылық. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды болады.Онсыз адамның қоғамы ғылым мен техника өнер әдебиеті прогресифті жолмен өсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілік әрекетімізді творчествалық әрекет болмаса, ондай ешбір жаңа ой, соны пікір болмай, нәтижелі табыстарға жетпеген болар едік. Іс-әрекет тек белсенділік пен емес, мінезбен де ерекшеленеді. Мінез құлық  әрдайым мақсаты, әрбір нәтиже алу үшін құрыла бермейді,  ол көпшілігіне пассивта болады.

Мінез- құлық споталдықты (ішкі себептер мен пайда болған сыртқы әсерден болмаған) болады, ал іс-әрекет – ұйымдастырушылықта, мінез-аяқ астынан, іс-әрекет- жүйелік болады. Адам іс әрекетінің мативы әр түрлі, ол аргоникалық материалдық функцияналық, әлеументтік, рухани болуы мүмкін.

Іс әрекеттің органикалық мативі организімнің табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Мұндай мативтер өсу, өзін-өзі сақтау, организімін дамуымен байланысты.

Іс-әрекеттің функцияналдық мативі түрлі мәдени формадағы белсенділігі қанағаттандыруға арналады. Мысалы, спорттық ойын мен сабақтар.

Іс-әрекеттің материалдық мативтері – тұрмыстық қажеттіліктерді атқаруға арналады. Тұрмыс заттарын азық түрлерін, ас-ауқат т.б. адамның табиғи қажеттілігін қамтамассыз етуге болады.

Іс әрекеттің әлеуметтік мативі – қоғамда белгілі бір ортаға ие болуы үшін болатын адамдардың құрметпен мойындауын тудыруға байланысты туындайтын әр түрлі іс-әрекеттер.

Іс -әрекеттің рухани мативі – адамның өзін-өзі білімін әрекеттендіруіне байланысты болады.

Іс-әрекеттің мақсаты ол жүйесінің немесе нәтижесінің болуы. Іс-әрекет мақсаты мен мативі бір бірімен қабысып жатады.

Заттық іс-әрекет дегеніміз – ол белгілі бір іске тікелей байланысты болады. Мысалы танымдық іс-әрекет пәні түрлі мәлімет оқу іс-әрекетінің пәні- білім, білік дағды болса іс-әрекетінің пәні- жасамдал материалдық жеміс (нәтижесі) болады.

Кез келген іс-әректтің құрылымы болады. Олардың құрылымына: Әрекет пен операция жатады.

Әрекет – іс-әрекеттің бір бөлшегі ол адамның саналы мақсаты мен дербестігі мен жүзеге асады.

Мысалы: Танымдық іс-әрекеттегі әрекетте кітапты алу, оны оқу, ол бойынша дайындалу сияқты әрекеттер бар.

Операция — әрекетті жүзеге асыруда болатын тәсілді айтамыз.

Іс-әрекетті жүзеге асыру құралы – ол әрекет пен операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланатын құрал , инструменттер жатады.

Кез келген адам іс-әрекетінің ішкі және сыртқы компоненттері болады.

Ішкі компонент – іс әрекетті басқаруға қатысатын орталық жүйке жүйесі болатын анатомиялық физалогиялық құрылымдар мен процестер және осы іс әрекетті реттеп отыратын психикалық процестер мен киімдер қатысады.

Сыртқы компонентке – іс-әрекетті тәжірбиелік орындауда болатын түрлі  қозғалыстар жатады.

Іс-әрекеттің  ішкі және сыртқы компоненттері  үнемі арақатынасы бола бермейді.

Іс-әрекеттің дамуы мен қайта құрылуына байланысты сыртқы компонент, ішкі компонентке жүйесі ауысып отырады. Іс-әрекетте қиындық туып, оны қайта қалпына келтіру қажет болғанда кері ауысу жүреді- оны- экстериоризация деп атайды.

Экстериоризация ішкі қайтадан сыртқыға айналады, саналы бақыланады, қысқа автоматтанған іс-әрекет компонентінің қайта жасалуын айтамыз.

Іс-әрекет бұл таным мен шығармашылыққа бағытталған адамның өзінің өмір сүру кәсіби салалары бойынша айтылуы үшін адамның белсенділігін түрін айтуға болады. Адам іс-әрекет арқасында материалдық және рухани құбылыстарда жасалынады қабілеттілігі арқасында табиғатты қоршайды оны жетілдіреді. Адам өзіне генотивтік мүмкіндігіне негізделіп және одан шеңберінен адам өз іс-әрекетімен шығармашылық сипатқа жасайды. Еңбек құралдарының арқасында жаңа қоғамды техникалық материалдық мәдени рухани даму жасауының арқасында адам өзін-өзі қайта құрып отырды. Тарихи даму прогресіне көз жіберер болсақ, адам іс-әрекет арқасында жетіліп отырды.

Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін шығармашылықта көрініп, жалғасады.

Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.

Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға байланысты.

Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын белгілеп көрейік.

  1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.
  2. Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.
  3. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен

Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.

Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.

Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық нәтижесі ретінде болады.

Адамға заттың іс-әрекеті туа берілмейді. Ол тәлім тәрбие қалыптасуы мен жүзеге асуы Ал жануарларда бұл іс-әрекет ген.отипке негізделінетіндіктен туа беріледі.

Қиял творчества жалғыз ақындарға тән емес, ғылымның мәдениеттің барлық саласында керекті өте үлкен орын алатын психологиялық әрекет. Творчества бар жерде қиял да бар Қиял творчестваның негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Творчества тек жазушы ақын суретші т.б. іс-әрекетінде болмай, ғылым мен техникалық мәдениеттің еңбектің барлық саласындағы адамның күнделікті тіршілігінде, тіпті күнбе күнді оқудың өзінде де елеулі орын алады. Мектеп оқушысының қағидашы түсінуі, бір есепті өз бетінше шығара бастауының өзін творчествалық әрекет деп есептеуге болады.

Шабыт – адамның барлық қабілеттіктерінің жіберлі түрде әрекет етуінен туындайтын күй.  Шабыт үстінде жасалған шығарма адам жазушы болсын ғылым болсын, ғылым болсын, кім болса да оның еңбегі жемісті болмақ. Бірақ шабыт өзінен-өзі келе бермейді. Ол үшін бір нәрсе адамға әсер етуі қажет. Бұл бұрыннан ойланып толғанып жүріп, сол кезхде келген шабыт. Дайындық кезінде материал жинамай , бір мезетте шығармашылық жасай алмайды. Адамда шабыт пайда болуы үшін үлкен дайындық жігерлі еңбек керек творчествалық жемісті нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты .

Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің істейтін еңбегіне орай, тиісті дағдыларды меңгермесе өзінің істейтін жұмысының тектігіне жете алмайды жұмысын дұрыс ұйымдастырып , еңбек өнімін арттыра алмайды әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер көп күш жұмсайтын болады.

Дағдылардың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процестерінде оқуға , озуға, есеп шығаруға т.б. машыұқтанбкаса олар жақсы оқи да , ғылыми негізін меңгере де алмас еді.