Инновациялық қызметті қаржылық қамсыздандыру

Инновациялық менеджментті ресурстық қамсыздандырудың шешуші сұрағы  инновациялық қызметті қаржыландыру болып табылады. Кез-келген шаруашылық субъектісін қаржылық қамсыздандыру ғылыми-техникалық өнім, арнайы құрылғыларды жеткізу, материалдар, құрылтайшылармен есеп айырысу, еңбек ұжымдары және басқарудың мемлекеттік органдары үшін ақы төлеу бойынша басқа шаруашылық етуші субъектілер мен банктер арасындағы ақшалай қатынастарды қамтиды. Қаржыландыру жүйесі 2 қызмет атқарады: бөлу және бақылау.Әлемдік тәжірибе инновацияны қаржыландырудың келесі көздерін бөліп көрсетеді:

1) мемлекеттік ассигнациялау;

2) өнеркәсіптік ұйымдар, жоғарғы оқу орындарының меншікті құралдары;

3) коммерциялық емес ұйымдардың құралдары;

4) несиелік ресурстар, халықтың жеке жинақтаулары және шет ел капиталы.

Бюджеттен тыс қаржыландыру. Нарықтық қатынастар даму шарты бойынша қаржылық ресурстарды бюджеттен тыс жаңарту әдістері маңызды рөл ойнайды.

Бюджеттен тыс қорларды жасай отырып, олардың құрылу және есепке алу ретін анықтап, құралдар шығыстарының бағытын және бақылауын іске асыра отырып, мемлекет сол уақытта ғылым және инновациялық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын қадағаламайды. Қордың негізгі бағыттары мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі мақсатты бағдарламалар міндеттері мен анықталады. Қордағы инновациялық бағдарламаларды қолдауды іске асыру үшін перспективті жасалымдарды нарыққа жылжытуға мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылым жасалуда.

Инвестициялық және инновациялық бағдарламаларды несиелендіру жеңілдіктер шарттарды жүзеге асырылады.

Меншікті құралдар. Барлық дамыған елдерде кәсіпкерлік сектор ұйымдардың меншік құралдары көлемі мен салмағы бойынша бірінші орында, сондай-ақ олардың тұрақты өсімі байқалып тұр. Міне дәл осылар тауар өндіруші ретінде біткен ғылыми-зерттеулік жаңалықтарды алуға қызығушылық танытуда және соның негізінде жаңа техниканың түрлері мен материалдың  өндірістері жасырылуда.

Бұл жағдайда қаржыландыру көзі пайда жинақталған амортизациялық қор және жарғылық капитал болып табылады.

Көздер арқылы қаржыланатын негізгі бағыттарға келесілер жатады:

1) бәсеке қабілеттілікті ұстап тұру және капитал өтімділігінің мерзімін қысқартуға, яғни өндірістің дамуына бағытталған жұмыстар мен зерттеулер;

2) капитал салу үшін жаңа пайдалы саланы, яғни жаңа өнім мен технологияны іздеуге бағытталған жұмыстар мен зерттеулер;

3) қызметтің перспективті бағытын қамсыздандыруға бағытталған жалпы проблемалы, базисті сипаттағы ғылыми-зерттеулік жұмыстар.

Қаржыландырудың перспективті көздеріне лизинг (жал) және венчурлық (тәуекелдік) қаржыландыру жатады.

Лизинг (жалдау) – машина, құрал-жабдықтар және басқа материалды құралдар мен мүлікті қолдануға берумен байланысты жалдаудың ерекше формасы. Кең мағынада лизинг дегеніміз мүлікті уақыттық қолданысқа берумен байланысты барлық мүліктік қатынастар кешені.

Лизинг қаржыландырудың көзі ретінде бірқатар ерекшеліктерге ие. Біріншіден, лизинг аванстық төлемдерді қажет етпейді. Екіншіден, лизинг – ескі құралды жаңа құралмен тез айырбастайды, моральды жазу тәуекелін азайтады. Үшіншіден, лизинг икемді болып келеді. Себебі, лизингтік келісімде шектейтін баптар аз кездеседі.

Венчурлық қаржыландыруды ұзақ мерзімді инвестицияның қаржыландыру көзі ретінде қарастыруға болады. Ірі корпорация құрамында құрылған және қызмет ететін ұйымдарды модернизациялау және кеңейту мақсатында 5-7 жылға беріледі.

Венчурлық капитал әріптестерінің жеке құралдары, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, ірі корпорациялардың еркін құралдары есебінен құрылатын ЖШС-ті анықтайды.

Қызметтің негізгі қағидасы үлкен емес және бір-бірімен байланыссыз жобаларды қаржыландыру. Осы себепті мұндай қаржыландыру тәуекелді болып келеді, себебі инвесторлар ссудалық капиталға қатысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады.