ГАЖ моделдеудің әдістемелік негіздері курстық жұмыс

Мазмұны:

Кіріспе………… 2
1.Моделдеудің негізгі түрлері…….. 3
2. ГАЖ моделдеудің әдістемелік негіздері….. 5
3. Векторизация ……………….6
4. Жобалар және қайта қалыптастыруды жобалау……….10

Қорытынды ………….20

Пайдаланылған әдебиеттер ……….. 21

Кіріспе

Географиялық ақпараттық жүйе  (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі балып саналады.Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды,қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр.ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады- геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.ГАЖ-дың  web ортаға ықпалы ГАЖ-дың кәсіби жабдықтарына қолы жете бермейтін көптеген пайдаланушылар үшін кеңістіктік мәліметтерді шолу жүргізіп оны талдауға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Казіргі кезде ГАЖ – бұл, бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдар қатыстырылған көп миллионды ірі өнеркәсіп. Dataquest компаниясының мәліметтері бойынша, 1997 жылы ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудің жалпы сатылымы 1 млрд. АҚШ долларынан артты, ал ілеспелі бағдарламалы  және ақпараттық құралдарды қосқанда, 10 млд. жуық. ГАЖ географиялық орналасқан жер негізінде біріктірілген тақырыптық қабаттар жиынтығы түріндегі ақиқат өмір жөнінде ақпаратты сақтайды. Бұл қарапайым, бірақ иілгіш тәсіл,әр түрлі ақиқат есептерді шешу кезінде өзінің құндылығын дәлелдеді: көлік кұралдары мен материалдардың қозғалысын бақылау, ақиқат жағдайдың және жоспарланатын шаралардың толық көрінісі, атмосфераның айналымын үлгілеу.

 курстық жұмыс / 21 бет