Формулаларды тепе-тең түрлендіру

Формулаларды тепе-тең түрлендіру туралы қазақша реферат

Тепе-теңдіктерді пайдаланып, формуланы немесе оның бөлігін оған пара-пар формулаға ауыстыруға болады. Мұндай түрлендірулер тепе-тең түрлендірлер деп аталады.

Тепе-тең түрлендірулер тепе-теңдіктерді дәлелдеу, формуланы берілген түрге келтіру, формуланы ықшамдау үшін қолданылады.

Егер А формуланың құрамына оған пара-пар В формулаға қарағанда аз әріптер мен логикалық амалдар кіретін болса, онда А формуласы В дан ықшам деп саналады. Әдетде эквиваленция және импликация амалдары дизъюнкция және конъюнкция амалдарына ауыстырылады, ал терістеу қарапайым тұжырымдардан алынады.