Экономикалық өсуді зерттеу

Қазақстан экономикасында орын алған жағдай отандық экономист-ғалымдардың алдына өте қиын міндет қоюда. Экономикалық зерттеулер институтының ғалымдары тәжірибеде тікелей қолданылатын қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Институтта “Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру мен аймақтың экономикалық әлеуетінің даму алғышарттарын зерттеу” атты ірі ғылыми-зерттеу жобасы жасалды. Онда Қазақстан аумағындағы экономикалық факторлар мен адам ресурстарын дамыту есепке алына отырып, халықты қоныстандыру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары сараланған. Геосаяси факторлар ескеріліп, оларды қо¬ныстандыру және аймақтың экономикалық әлеуетін дамыту жайына болжам жасалған. Жүргізілген жұмыстың соңғы нәтижесі “ҚР халқын қоныстандыру және кеңістіктің даму тұжырымдамасы” болып табылады. Бұл іске асырылу үшін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа¬шылық істері жөніндегі комитетіне жіберілген. Ол Қазақстан Республикасының жаңа Бас дамыту сызбасын әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын болады. Макроэкономикалық болжам бойынша жұмыс жүргізу үшін Дүниежүзілік банктің болжау тәжірибесінде апробацияланған қолданбалы экономикалық-математикалық модельдер кешені пайдаланылады: RMSM-X қаржы бағдарламасының моделі; CGEM жалпы тепе-теңдік моделі. Салалық деңгейде талдамалы құрал ретінде өндірістік өзара қарым-қатынас жүйесінде ұдайы өндіріс үдерісін бағалау үшін салааралық баланстың моделі пайдаланылады. Әрине, осы бағыттағы жұмыс қиын, жоғары білікті кадрларды, экономикалық-математикалық модельдеу аумағында үлкен тәжірибені талап етеді. Осыдан келіп, институт берілген аумақта мамандандырылған озық ресейлік ҒЗИ-лармен байла¬ныстар жасауда. Олардың мамандары Мәскеудегідей Қазақстанда да біздің ғалым¬дарымызға мастер-класс жүргізеді. Макроэкономикалық болжамның алдын ала нәтижелері объективті құрылған үрдістерді, экономикалық өсудің факторлары мен механизмдерін бейнелейді. Біздің алдын ала болжамымыз бойынша, ІЖӨ-нің физикалық көлемінің өсуі 2008-2009 жылдары 5,2% құрайды; өнеркәсіп – 4,5%-4,7%; негізгі капиталдың жалпы қорлануы – 26-27%; үй шаруашылығының шығындары 57-58% деңгейінде болады. Бүгінде институтта ақпараттық-талдау жүйесі негізінде іске асырылған, “Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл мониторинг жүйесі” жұмыс істеуде. “Шұғыл мониторинг жүйесі” негізгі макроэкономикалық индикаторлардың күнделікті, апталық және айлық жағдайын; әлемдік тауар және қаржы рыноктарының динамикасын; шынайы сектордың негізгі салаларын; ҚР негізгі тамақ және тұтыну өнімдерінің баға динамикасын; жүк тасымалының интенсивтілігі мен басқа да көрсеткіштерді қадағалайды. Келесі кезең экономикалық және қаржылық дағдарыстарды ерте анықтау және қысқа мерзімді болжау блогын “Шұғыл мониторинг жүйесіне” тұрғызу болып табылады. Осы мақсатта институтта озық индикаторлардың жүйесі әзірленуде (ОИЖ), оның негізінде іскер белсенділік циклдарының мониторингі мен талдауы, қысқа мерзімді болжамдарды жүргізу, меморгандарға экономикада алдағы 2-3 айда болуы ықтимал қолайсыз үрдістер туралы ақпарат беру жүргізілетін болады. Осы жүйені дұрыстау мақсатында 2008 жылдың шілдесінде Экономикалық зерттеулер институты қызметкерлерінің Оңтүстік Кореядағы Даму институтына сапары жоспарланып отыр. Онда осы секілді жүйе Азиядағы дағдарыстың 1997-1998 жылдарғы тәжірибесін есепке ала отырып жасалады. Экономикалық зерттеулер институтының ғалымдары экономика ғылымының өсуіне және қазақстандық экономиканың өзекті деген проблемаларын зерделеуге өздерінің зерттеулері арқылы үлес қосуда.