Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары

Жүрек электрлік диполь.

Жоғарыда келтірілген теориялық материалға қысқаша қорытынды жасалық:

  • Жүректің электрлік активтілік қасиеті бар. Оны оның қызметін диагностикалық мақсаттарын зерттеу үшін қолдануға мүміндік береді.(2 бөлім)
  • Жүректе болып жататын электрлік процестердің негізгі заңдылықтарын сол мүшенің өзінде емес, оның моделінде электрлік эквиваленттік генераторда тағайындаған орынды.(3 бөлім)
  • Жүректің электрлік активтілігін дәлірек мультипольдік эквиваленттік генератормен моделдеу орынды. Бірақ дене бетінде биопотенцалдарды тудыруда негізгі үлесті мультипольдің дипольдік құраушысы береді. Бұл дипольдік эквиваленттік генераторды ғана оқумен шектеуге болатындықты көрсетеді.(4 бөлім)
  • Дипольдық ток генераторының ішкі кедергісі дипольды қоршап тұрған ток өткізетін орта кедергісінен көп үлкен. Ол оның кедергісінің біртексіздіктерін ескрмеуге және диполь біртекті өткізетін ортада орналасқан деп есептеуге мүмкіндік береді

Осы принциптерді негізге ала отырып Эйнтховен жүректің электрлік күйін біртекті өткізетін ортада орналасқан электрлік дипольмен модельдеуді ұсынды.

Біздің алдағы мақсатымыз дипльдік эквиваленттік генераторға сүйене отырып дене бетінде жүректің биопотенциалдарын ыңғайлы тіркейтін нүктелерді таңдап алу және тіркелетін сигнал мен ортада өтетін процестер арасындағы өзара байланысты тағайындау.