Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары туралы қазақша реферат

Жоғарыдағы тақырыпта айтылғандай мемлекет алдында көптеген қиыншылықтар кездеседі. Соған байланысты ДСҰ-ға кіру үшін Қазақстан алып тастауы қажет :

  • хабарландыру бойынша тариф дифференсациясын;
  • темір жол қызметіне экспорттық хабарландыруда берілетін төлем коэффицентін;

Сонымен қатар экспортты-импортты хабарлар бойынша тасымалданатын өнімдерге  жасалатын коэффиценттердің төмендеуі:

  • жалпы көмір тарифінің 50 %;
  • теміррудалық өнімге 15 %;
  • күкірт қышқылы 25% және ішкі хабарлама бойынша көмірге 15%, мазутқа 15%;

Осының нәтижесінде Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруі туралы сұрақ туындайды. Егер Қазақстан ДСҰ-ға кіретін болса, алдында тұрған мәселелерді шешіп, одан тек экономикалық пайда алуға ұмтылуы тиіс.

Осыған орай  ҚР-сының Үкіметі келесі іс-шараларды атқаруы тиіс:

  • табыс пен қызмет балансындағы үлкен теріс сальдоны төмендету;
  • төлем балансының оң сальдосын сақтап қалу;
  • жеке сектордың сыртқы қарыздарының өсуіне жол бермеу;
  • ұлттық валютаның нақты курсын тұрақтандыру;
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы еңбек ресурстарына шектеулер қою туралы екі жақты келісім жасау;
  • елдегі валюталық операциялар заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шетел азаматтарынан валютаны шетелге аударулары туралы салық органдарымен арнайы құжатты талап ету;
  • салық органдары мен заң органдарынан шетел азаматтарының Қазақстандағы статусын талап еткізу;
  • шетел азаматтарының отандық нарықтағы операцияларына мониторинг жүргізу;
  • шетел азаматтарының заңды тұлға болуын  заңды түрде белгілеу (Қ.Р.-да уақытша өмір сүруінде);
  • елімізден заңсыз түрде капиталды шығарудың алдын алу үшін қаржылық мониторинг құру;
  • субсидиялық және демпингтік импортты анықтау жағдайында макро және микроэкономикалық қызметті құру;
  • Қазақстанда электрондық ақпараттар базасын құру. Ол біздің экспорттаушыларымызға шетел нарығындағы өз өнімі үшін қойылатын кедендік тарифтерді біліп отыруына мүмкіндік береді. Отандық экспорттаушылар Халықаралық сауда орталығы арасында тығыз байланыс орнату;
  • ДСҰ нормаларына байланысты, еліміздің қызығушылықтарын білдіру мен оны қорғау мақсатында, антидемпингтік таластарға қарсы тұру үшін Конгресс пен Кәсіпкерлер Форумына бірігіп, «бизнес — бірлестіктерін», «экспорттаушы ұйымын» құруы қажет;
  • Қазақстандық экспортқа деген компенсациялық тергеуді болдырмау мақсатында экспорттаумен кәсіпорындарда мониторинг жүргізу керек тауарлардың құнына берілетін субсидиялар 5  % аспауы керек, қарыздар мен шығындарды өтеу мақсатындағы (бірлік, талдаманы) субсидияларды болдырмау және тағы басқа.

Осындай саясат нәтижесінде көптеген елдер өз шығындарын минималды дәрежелерге жеткізіп, өздерінің тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тиімді шешуде. [9]

Жалпы, ДСҰ – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансында көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса, активті сауда балансы дейміз. Керісінше болғанда пассивті сауда балансын құрайды.

Қазақстанның  сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаны төмендету әсер етті. 1998 жылы алдыңғы жылдық көрсеткішпен салыстырғанда экспорт 16 %  төмендеді. Бірақ импорттық түсім онше өзгеріске ұшыраған жоқ.

Қазақстанның ДСҰ-ғы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы керек.

Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.