Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы, экономикалық қарым-қатынастардың жаңа формаларының дамуына байланысты және төлем жүйесінің жан-жақты дамуына байланысты ақшаның жаңа формалары пайда бола бастады және олар өзінің белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты кейбір экономикалық операцияларды жүргізуді өте тиімді болып келеді. Ол ақша формаларына негізінен несиелік ақшаларды жатқызсақ болады.

Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені  қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.

Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады.  А.А. Фелдманның айтуынша:  «вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов,  осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель – бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.

Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, вексельді айналмалылығы,  яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.

Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:

Жай вексель  (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель  (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.

Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:

  • мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
  • кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай банкноталар.

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:

  • Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
  • Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
  • Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
  • Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуда қолданылады;
  • Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
  • Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.

Чекпен есеп айырысу.  Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.

Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.

Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
  • Сатушы белгісіз болған жағдайда.

Біздің елімізде чек арқылы төлемдерді жүргізу 90 жылдың ортасынан бастап қолданған болатын. Осы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі чек арқылы төлемдерді жүргізуге қатысты екі нормативтік құжатты әзірлеген болатын, яғни Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысу ережесі және «Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің клирингтік палатасы туралы» ереже. Чекті өңдеу барысында  еңбектің көп қажеттігі, жалған чектің болуы, банкке бару қажеттігі, чектің дұрыс қолданылмауы, құралдың қорғаныс деңгейінің төмендігі және чектің өңделу мерзімінің ұзақтығы салдарынан бұл төлем құралының айналымы ұзаққа созылмады. Тез арада ақшалай  аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру барысында чектің тиімсіз екені байқалды.

Біздің ойымызша Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысуды дамыту және жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін мынадай шараларды іске асыру керек:

  1. Клирингтік палатадаы, чектердің клирингтік жұмысының белсенділігін арттыру;
  2. Төлем құралы ретінде чекке деген сенімділікті арттыру, түрлі жарнамаларды жүргізу;
  3. Тұрақты құқықтық базамен қамтамасыз ету;
  4. Шетел тәжірибелерін өзіміздің ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне сай қолдану мен іске асыру;

Нақты қазіргі кезеңде еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының №266 қаулысымен бекітілген «ҚР-ның территориясында чекті пайдалану ережесіне» сәйкес жүзеге асады.

Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады. Ұлттық банк елдің ақша-несие саясатының негізгі реттеушісі болып табылады. Сондықтан электрондық ақшаларды ендірудегі негізгі мәселе оларды реттеу болып табылады.

Ұлттық банктің осы электронды ақшаларды ендірумен болатын негізгі мәселелері:

  • Электронды ақшалар эмиссиясына рұқсат беру және эмитенттер ортасын анықтау;
  • Электронды ақшаларды реттеу мен оның айналысын ұйымдастыру;
  • Электронды ақша жүйесіндегі туындайтын тәуекелдер мәселесін шешу;

Ұлттық банк электронды ақшалар қызметіне рұқсат берсе өзінің ақша-несие реттеу мүмкіншілігін шектейді. Тіпті ақша массасына бақылау жасай алмай қалады. Себебі, оның ақша эмиссиясындағы монополиясы жойылады. Электронды ақшалар эмиссиясының ақша массасына әсері біркелкі болмайды. Егер ақша массасын санағанда электронды ақшаларды ескермесе, онда элетронды ақшаларды кәдімгі ақшаларға ауыстырған уақытта М 0 агрегаты азаяды және сәйкесінше депозиттер өседі. Оның әсерінен соңында М 1 агрегаты көбейеді, сөйтіп жалпы ақша массасы көбейеді. Сондықтан Орталық банк электронды ақша эмиссиясының көлемін белгілеп отыруы керек.

Енді келесі суреттен электронды ақшалардың ақша массасына әсер ету мүмкіншілігін әр бір дамыған елдер бойынша қарастырып және осы талдауға байланысты Қазақстан Республикасының элетронды ақшалар жүйесінің дамуын қарастырып өтейік.

Кесте 1

Жекелеген елдердің ақша массасы мен элетронды ақшаларының арақатынасы

Елдер Халық (млн. чел) Ақша массасы

(АҚШ доллары)

(млрд. доллар)

Халықты электронды ақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші (дол./чел) Электрондық ақшалардың есептік көлемі (млрд. доллар) Электронды ақшалардың ақша массасымен байланысы %
АҚШ

Франция

Германия

Жапония

Швейцария

Россия

Қазақстан

267,9

58,61

82,07

125,64

7,09

147,1

15,00

1280

326,1

507,34

1569,23

97,7

45,4

12,57

200-400

200-400

200-400

200-400

200-400

25-50

25-40

53,6-107,2

11,7-23,4

16,4-32,8

25,1-50,3

1,4-2,8

3,7-7,4

0,37-0,6

4,2-8,4

3,6-7,2

3,2-6,5

1,5-3,2

1,4-2,9

8,1-16,3

2,9-4,77

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай электронды ақшалардың дамуы елімізде әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда әлдеқайда артта екендігін көре аламыз. Алайда соңғы жылдардағы жүргізіліп жатқан электронды ақшаларды дамыту шаралары негізінде алдағы уақыттарда еліміздің бұл көрсеткіштер бойынша дамыған елдермен тен дәрежеде тұра алады деп сеніммен айта аламыз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

Қорыта келгенде,  ақша басты экономикалық категориялардың бiрi.  Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi. Жалпыға  бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бейiм.

Ал алтын өз кезегінде металл ақшаларға жатады және металл ақша айналысының негізгі түрі екені белгілі. Алайда қазіргі қоғамда алытн құн өлшемі құралы болып табылғанымен ол жалпыақша айналысында қолданылмайды, оның орнын қағаз және несие ақшалары толтырған. Яғни қоғамдық дамуда ақшаның металл ақшадан қағаз ақшаларға өтуі заманның талаптарына сай туындады.

Сонымен металл алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң, яғни қағаз ақшалардың  пайда болуының мынадай негізгі себептерін атап өтсек болады:

  • алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.

Сондай-ақ ақшаның жалпы құрылымы,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен қатар бiрге дамып,  жан-жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары сатып алу-сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен  алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен-күнге дамуда.

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Елiмiзде ұлттық деңгейде ақша реформасы   1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз теңгенiң” айналысқа енгiзiлген күннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда теңгемiздің жаңартылып 2006 жылы қарашаның 15 жұлдызынан бастап еліміз экономикасында айналымға шықты. Бұл жаңа теңгелер өз кезегінде қорғанышы бекім және әлемдік ақша стандарттарына орай жасалынып шықты. Бұл өз кезегінде теңгеміздің халықаралық шаруашылықтағы беделін одан әрі жоғарлатуға жол ашпақ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.
  3. “Қ.Р-ның вексель айналысы  туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  28.04.1998ж.
  4. «Деньги,  кредит,  банки»   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Лаврушина,  Изд. 2-е,  — Москва: 1999г.
  1. «Ақша,  несие,  банктер»  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика,  2001ж. — 466 б.
  2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi,  2004 ж. – 248 бет.
  3. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  4. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, — Алматы: “Экономика” 2000ж.
  5. Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
  6. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. / «Экономическая теория». — Санк-     Петербург. —  2001. – 362 с.
  7. «О текущей ситуации на финансовом рынке»  // Банки Казахстана, № 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
  1. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3. – 2005 г. 33-35 стр.
  2. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, — 2005 г. 18-21 стр.
  3. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2004ж.
  4.  «Статистикалық мәліметтер»  // Банки Казахстан, 2005, 2006 г.  89стр.