Бүгінгі Байқонырдың мәселесі

Бүгінгі Байқонырдың мәселесі туралы қазақша реферат

Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан.  Байқоңырдан кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.

Бүгінгі күндері байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге 2014 жылға дейін жалға берілді оның спорттық комплекстерінің «Протон», «Союз», «Циклон», «Рокот» сияқты бес түрлі жеткізгіш ракеталарын ұшыруға мүмкіндігі бар. Осында «Альфа» сияқты халықаралық ғарыштың станциясын құрастыру басталған. 45 жылдың ішінде Байқоңырдан мыңнан астам ғарыштық қызмет атқаратын ракеталар старт алды.

Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.

Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.

Екінші жағынан, ғарышты қарқынды түрде игеру алдын ала болжап айтуы қиын, кейін ғана білінетін және жер бетіне жақын орта мен биосфераға өте елеулі экологиялық зардабын тигізуге әкеледі. Оған жеткізгіш ракеталардың бөлініп шыққан бөлшектерінің құлайтын ауданының аумағына алынатын үлкен жер көлемінің қажеттілігі; жерге жақын кеңістіктің ракеталық-ғарыштық техникасының фрагменттерімен ластану проблемасы; ракета отынының жанған өнімдерінің жер бетіне, атмосфераға, озондық қабатқа зиянды әсерлері жатады.

Енді ғарышты игеруге байланысты туындайтын жоғарыда айтылған экологиялық проблемаларды толығымен қарастырайық.

Проблеманың біріншісі ғарыш аппараттарының ұшырылуы үшін жеткізгіш ракеталарды пайдалану байланысты олардың ұшу трассасы бойындағы бөлініп шыққан бөлшектерінің (пайдаланылған формаларының), яғни ракета конструкциялары фрагменттерінің құлап түсетін ауданының бүлінуі және одан туындайтын экологиялық қауіп-қатер. Себебі, олардың ұшу трассаларының көпшілігі Қазақстанның халық шаруашылығына пайдаланатын құрғақ жерлермен өтіп, экологиялық қиын ахуал туғызатыны белгілі.

Енді сол кезеңдегі мерзімдік басылымдардың біріндегі мақалдан үзінді келтірейік: «Байқоңыр ғарыш ракеталарын ұшырған кезден бастап… біздің жерлеріміздің орасан зор бөлігінің шын мәнінде металл сынықтары мен қоқыстарын тастайтын жерге айналды. Шаруашылықтар пайдаланатын шабындықтар мен жайылымдардың айналымнан шығуына байланысты миллиондаған зиян шегілді». Сонымен, Жезқазған облысы тұрғындарының қауіпті заттарды жинауы туралы осындай талаптарына байланысты үш жүзге жуық адамы бар арнаулы бөлімше құрылып, оған арнаулы авиация мен жер бетінде пайдаланылатын техника беріліп, сол 1990 жылдары ғарыш қалдықтарынан обылстың алты ауданын тазарту жұмыстары жүргізілген. Әрине, ол жұмыстар Одақтың тарауына байланысты барлық жерлерде толығымен жүргізілмей қалғанын білеміз.

Соңғы он жыл көлемінде ең сенімді болып саналатын «Протон» жеткізгіш ракетасының ауыр класы 1999 жылы 5-шілдеде Байқоңырдан ұшырылғаннан кейін 1050 км биіктікте апатқа ұшырап, ракета мен ғарыштық аппараттың бөлшектері Қарқаралы даласына құлап түсті. Екінші рет сол жылдың қазан айында «Экспресс – 2» серігімен ұшырылған «Протон» жеткізгіш ракетасы старттан 220 сек. өткесін 140 км биіктікке жарылысқа ұшырап, Жаңаарқа елдімекенінен 25 км жерге 150 тоннаға жуық металл бөлшектердің шашылып түсті. Ал, ол бөлшектердің тура елдімекенге, адамдардың төбесіне түспегені сәтті кездейсоқтық деуге болады.

Осындай оқиғалардан кейін мемлекет басшымыздың талап етуіне байланысты жеткізгіш ракеталардың ұшу амуғы өзгерітілп, бұдан былай олар Астана мен Ақмола облысының үстінен ұшпайтын болды. Әрине, осылайша ұшу бағыты өзгертілгенімен, олар Қазақстанның тарапынан Ресей жағынан жеткізгіш ракеталардың сенімділігін және ұшу қауіпсіздігін арттыруға байланысты қатаң талап қойылуда.

Ал, екінші проблема жеткізгіш ракеталардың пайдалануы кезінде ракета отынының жану өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлеріне байланысты.

Өте қуатты жеткізгіш ракеталардың ұшырылуы кезінде ионосферада ракета «ізінің жанында бірнеше сағаттардан кейін білетін «тесік» болатыны белгілі. Мысалы, 1973 жылы «Сатурн-5» ракетасының көмегімен Жер орбитасына америкалық «Скайлеб» стнациясы шығарылды. Ракета двигателінің 300-400 км. Биіктікке дейін жұмыс істеуі нәтижесінде ионосфераның ионизациялануы максимум күйіне жетті, яғни ионосферадағы электрондар концентарцяисы екі есе азайып, ал ұйытқу 1 млн. шаршы км аумақты қамтып, аталған скайлеб-эффект 3 сағатқа созылған.

Осындай кезеңдерде қоршаған ортаға шығарылатын ракета отынының жану өнімдерінің құрамы уыттандырылған бөлшектері бар компоненттерден тұратыны белгілі. Осы жану өнімдерінің жеткілікті бөлігі Жер бетіне жақын аумақта жинақталып, бұлт қабатын ластандырып, қышқылды жаңбырлардың жаууына, старт берілген ауданның ауа райын өзгертуге алып келеді. 15-50 км биіктердегі ракетаның жану өнімдерімен ластануы атмосфераның тұрақты күйде болуына байланысты ұзақ уақытқа созылады. Ал, бұл биіктерде жердегі тірі дүние иелерін күннен келетін зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайтын маңызды экологиялық ролі бар озондық қабат бар. Ендеше, жану өнімдерінің құрамындағы зиянды компоненттер озондық қабатқа орасан зор мөлшері азайып келеді, оның басты себебі Жер атомосферасындағы ластану мен басқа да техникалық прогресс бағыттарының әсерлеріне байланысты екені анықталып отыр.

Ғарыштық ұшырылымдарына экологиялық озон қабатының азаюынан және өнімдерінен тұратын экологиялық зиянды әсерлер өзінің жалғасын жер бетінде табады. Оған жоғарыда айтылған «Протон» жеткізуші ракетасын келтіруге болады. Оның пайдаланатын отыны жер бетіндегі тіршілікке зиянды болып саналатын, өте жоғары уытты компонент-симметриялы емес диметилгидрозин.

«Протенмен» болған соңғы екі апат кезінде жер бетіне гептилдің қаншалықты көлемі түскені дәлелдене датар, себебі оның мутагендік әсерінен жерге шөпте шықпай қалады. Жалпы айтқанда, жеткізгіш ракеталардың бірінші баспалдақтарының өзі пайдаланылмаған отынның «белгілі бір қалдығымен» құлап түсіп, оның жерге 60-100 см тереңдікке дейін сіңетіні белгілі факт.

Атмосферадағы озон мөлшерінің 1 пайызға азаюына сәйкес ультракүлгін сәулесі деңгейінің артуы сол аймақтағы тұрғындар арасындағы тері рагы ауруын 2 пайыздан аса арттыруға алып келетіні дәлелденіп отыр.

Ультракүлгін сәулесінің артуы адамның жалпы денсаулығына ең алдымен оның иммундық жүйесіне зиянды әсерін тигізіп, организмнің ауруға қарсыласуын азайтып, түрлі тері және жұқпалы ауруларға ұшыратады екен. Осындай экологиялық ахуал жағдайында әлденеше ондаған жылдар бойы өмір сүріп келе жатқа Қызылорда халқының бойындағы радиация бүгінге дейін бірде-бір рет өлшеген емес.

Ғарыш айлағынан әрбір жеткізгіш ракеталардың ұшырылуынан ейін үш-төрт күн ғаламат жел болып, жердің шаң-тозаңын аспанға көтеріп, ауа райының аяқ астынан өзгеретіні белгілі. Сондай кездерде түрлі аурулар тудыратын микроорганизмдерді, вирустарды денесінде сақтайтын бүрге мен кенелерді сол желмен елдімекенді жерлерге ұшырып әкеліп, ауру таратуы әбден ықтимал.

Сол ұшырымдардан кейін пайда болған жел жылына миллиондаған тонна құм-тұз араласқан аэрозольді Арал теңізінің түбінен алып ұшып, сол массаның 99 пайызы ауа ағынымен бірге теңіз айналасындағы 200 км аймақтағы жерлерге түсетіні дәлелденіп отыр. Демек, осындай экологиялық факторға байланысты зиянды әсерлер алдымен Арал теңізіне жақын орналасқан аймақтағы халыққа тиеді екен, сондықтан жалпы экологиялық ахуалы сәйкес көмек пен жеңілдіктер сол жергілікті халыққа көрсетілуі керек екені түсінікті.

1990 жылдары ғарыш аппараттарының ұшырылуының қоршаған ортаға тигізетін әсері туроалы объективті мәліметтер алу үшін Москва авиациялық институтының «Восход» филиалы Қазақстан Ғылыми Академиясының ионосфера институтымен бірігіп зерттеу жұмыстарын станцияларының көмегімен бірсыпыра ғарыш аппараттарының ұшырылуы кезінде төменгі атмосфера және ионосфералық плазма қабаттарының реакциясы зерттелінді.

Сонымен қатар, сол кездегі бірнеше жылдар көлеміндегі аурулар статистикасы жиналып, мәліметтердің банкісі құрылды, сөйтіп аурулардың ғарыш аппараттарының ұшырылуына байланыстылығын анықтауға әрекет жасалынды. Алынған нәтижелердің әлде де талданатын, зерттелетін сипаты болды, себебі олар аз статистикалық материал негізінде жасалынған еді. Дегенмен олардың өзі де ғарыш ұшырылымдарының экологиялық проблемаларын қандай жолмен шешуге болатынын көрсететін төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

—      ғарыш аппараттарылып ұшу жиілігі БҰҰ-ның халықаралық нормасына сәйкес шектеліп және олардың ұшу уақыты алдынала хабарлануы;

—      ғарыш аппараттарының сенімділігі мен ұзақ уақыт жұмыс жасау мүмкінділігін арттыру;

—      старт алдындағы дайындықтың технологиялық процесіне қатаң экологиялық бақылау жасау;

—      пайдаланылып жүрген жеткізуші ракеталарға экологиялық паспорттандыруды жүргізу;

—      қоршаған ортаға тигізетін техногендік әсердің ықпалын бақылаудың тиімді әдістерін дайындау;

—      ғарыштық ұшырылымдарға байланысты алынған жерлерді компенсациялау мақсатында жергілікті орынға тиісті ақысын төлеу;

—      алынған қаражатты сол аймақтың экономикасын көтеруге, денсаулық сақтау жұмыстары мен экологиялық мәселелерін шешуге пайдалану;

—      ғарыш айлағында конверсия мен экология бойынша орталық құру қажет.

Кезінде бұл зерттеулер инициативалық тұрғыда жүргізілді, жасалған қорытындылар мен ұсыныстардың көбісі ескеріліп, практика жүзінде орындалуда, ал кейбіреулері әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ деуге болады. Оған көптеген нақты дәлелдерді келтіруге болады.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының су және ауа райын бақылау мониторингі орталығының бастығы С.Алматовтың көрсетуінше, оларға Байқоңырдан ұшатын ғарыш аппараттарының ұшатын мехгілі хабарланбайды. Шын мәнісінде орбитадағы автоматтық станцияға жоспарлы түрде ғарышкерлер мен жүк жеткізетін корабльдердің ұшу мезгілі алдынала хабарланғанымен, көптеген коммерциялық ұшырылымдар туралы мәліметтер айтыла бермейді.

Мысалы, 1999 жылдың өзінде Байқоңырдан 24 коммерциялық ұшырылымдар жоспарланған болатын. Әрине, олардан Ресей жағы жүздеген млн. доллар табатыны сөзсіз.

Техникалық прогрестің кез келген саласының коршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерлері туралы соңғы кезде көп айтылып та жүр.

Міне, осыған сәйкес ғарыштық ұшырылымдардың экологиясы комплексті түрде зерттелініп, оның нәтижелері ақпарат құралдары мен баспасөз арқылы халыққа хабарланып тұрғаны жөн. Онда аймақтың экологиясын жақсартуға бағытталған шаралар, экологиялық зяинды әсерлерден, түрді ауру түрлерінен сақтану жолдары, ғарыш айлағын жалға бергені үшін ауру түрлерінен сақтану жолдары, ғарыш айлағын жалға бергені үшін түсетін жыл сайынғы төлемнің қалай пайдаланың жатқаны, оның жергілікті аймақтың экономикасына және халқының денсаулық сақтау жұмыстарына бөлінген мөлшері (егер ол жасалынып жатса) туралы мәліметтер болғаны дұрыс.

Сонымен бірге ғарышты игерудегі бүгінгі күннің жетістіктері мен келешег, оның ішінде Қазақстан ғылымының қосқан үлесі баяндалуы керек.

2001 жылдың қарсаңында Қазақстан мен Ресей өкілдері ғарышты игеруге байланысты бірігіп жұмыс істеу жөніндегі бағдарламаға қол қойды. Ол құжатқа сәйкес Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын жыл сайын 115 млн. АҚШ доллары мөлшерінде төлем ақысын төлеп, жалға алуын жалғастырады. Одан басқа Қазақстан Республикасына жыл сайын ғарыш айлағы инфрақұрылымының қызметі мен дамуына жұмсау үшін 50 млн. доллар аударылып тұратын болды. Сонымен Ресей жағы Байқоңыр ғарыш айлағына қызмет жасайтын мамандар тұратын қаланың өмір сүруін қамтамасыз етуге қажетті қаржыландыру мәселесін өз үлесіне алды. Бағдарламада Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаевты 2001 жылға жоспарланған ғарышқа үшінші рет ұшуына дайындауға көмек көрсету де қарастырылған. Кезек күттірмейтін мәселелердің бірі Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан аудандар жерінің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған іс-шаралар белгіленді.