Біріккен кәсіпопын түсінігі және дамуы

Біріккен кәсіпопын түсінігі және дамуы туралы қазақша реферат

Қазақстанда біріккен кәсіпорындар барлық біріккен кәсіпкерлік формаларының элементтерін иеленетін симбиоз болып табылады. Отандық біріккен кәсіпорындардың ішінде көбінесе акционерлік емес формалардың басым екендігін және осыған байланысты республикаға акционерлік компаниялар туралы заңдылықты нақты түрде талдау керек екендігін ескеру қажет. Бірақ бұл жағдай біріккен кәсіпорындардың басқа да формаларын құру және іске асыру мүмкіндігін жоймау керек.

Салалық құрылымында есепке ала отырып, біріккен кәсіпорындар статусын дифференциациялау, республика біріккен кәсіпорындар дамуының ынталандырушы факторы болып табылады. Біріншіден, кіші және орта шетел фирмаларымен қарым-қатынас кезінде біріккен кәсіпорындарды серіктестік формасында құру арнайы басқару құрылымдарының құрылуына кедергі жасап, жақтардың өзара жауапкершілігін жоғарылатады. Батыс елдеріндегі сияқты әрбір серіктестіктің басқаруға және тексеруге бақылау жасау мүмкіндігі біздің республикамызда да нәтижелі қолданылуы мүмкін.

Екіншіден, капитал сыйымды салалардағы ірі батыс фирмаларының қатысуымен құрылатын біріккен кәсіпорындарды жабық түрдегі акционерлік қоғам формасында құру керек. Нәтижесінде, серіктестердің қатысу үлесін жоғарыда тұратын инстанциялар шешімімен емес, әр жақтың экономикалық қызмет есепке ала отырып, салымдардың арақатынасы негізінде өзгертуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі үлкен рөл атқаратын салаларында келісім-шарттық біріккен кәсіпорындарды құру пайдалы. Жаңа технологиялық процестер ендіру немесе қолдану негізінде шетел серіктесінің құқығы бар. Келісім-шарттың кәсіпорындардың қызмет етуінен бастап жарғылық қор толығымен республика меншігінде болады, бірақ жарғылық қордың бір бөлігін алдын-ала келісілген уақытында шетел серіктесіне береді.

Бүгінгі күнде Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру процесінің жағымды және жағымсыз жақтары көрінеді. Біз білетіндей, кәсіпорындар ұлттық экономиканы өзгертудің катализаторы ретінде қолданылуы жоспарланды. Біріккен кәсіпорындар қызметін реттеудің тиімсіз экономикалық саясаты бұл процестің стихиялық көрініс табуына әкелді.

Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі — әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.

Біріккен кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:

• тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы;

• қосымша қаржы және материалдық ресурстардың тартылуы;

• алғы шетел техникасы мен технологиясын қолдану;

• бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;

• өндірістік процесс пен кадрларды басқару өрісінде тәжірибелерін қолдану;

• қаржылық тоқырау кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.

Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.

Шетел инвестициялары жүйесіндегі біріккен кәсіпорындардың нақты алатын орнын келесі суреттен көруге болады.