Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі

Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталатының себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады. Банктің жарғылық капиталы заңды және жеке тұлғалардың толық салымдарынан қалыптасады. Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейту үшін, жай және артықшылығы бар болып бөлінген акциялар шығарады.Меншікті капитал құрамында банктің жарғылық капиталы маңызды меншікті салмаққа ие.

Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.

Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық капиталыедағы үлесін және дивиент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен белгіленген мөлшерде дивидент алуға, сондай –ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорциялды жүргізіледі: «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.

Артықшылығы бар акциялар акционерге дивиденттерді бірінші кезекте алуға, банк жойылған жағдайда оның мүліктерінің бөлігін алуға құқық береді Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Бағалы қағаздар эмиссия проспектісінің дайындықтан және сараптамадан өтуі;
  • Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
  • Шығарушы банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
  • Эмиссия проспектісінің қорытындыларын тіркеу және бағалы қағаздарды орналастыру;

Қазақстан Республикасында банктің жарғылық капиталын қалыптастыру процессі төмендегі заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акцияларды шығаруды рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы 29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №251 уақытша нұсқау, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Акциялардың эмиссиясын жүргізу кезінде банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптаудан өтуі тиіс. Ол бағалы қағаздардың шығарылымы бойынша шығарылым көлемі, инвесторлар саны және орналастыру тәсіліне қарамастан және шығарылым мен орналастыру қорытындылары есебі бойынша жузеге асырылады.

Ұлттық банктегі сараптама және қорытынды төмендегідей жағдайларда өткізіледі:

  • Банкті ашқанда және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырғанда;
  • Банкті қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, оқшаулау, қайта құру);
  • Қосымша акция шығару жолымен банктің жарғылық капиталының көлемін көбейткенде немесе акцияның номеналдық құнын көбейткенде;
  • Банк капиталының мөлшерінің өзгермегені кезінде немесе акцияның номеналдық құнынын өзгерген жағдайында;
  • Акцияның номеналдық құнын азайту жолымен немесе акциялардың жалпы санын азайту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін сатып алу жолымен жарғылық капиталының мөлшерін азайту жағдайында;
  • Облигациялар шығарған кезде;

Бағалы қағаздар шығару проспектілерін сараптаудан өткізу үшін банк, Ұлттық банкке төмендегі құжаттарды ұсынады:

  1. Еркін түрде жазылған және банк басшысы қолымен куәландырылған өтініш;
  2. Бұдан бұрыңғы бағалы қағаздарды шығарылуын тіркеу және оның қорытындысы туралы қабылданған есептер құжаттарының көшірмелері;
  3. Банктің жарғысы мен құрылтай шартына өзгерістер еңгізу туралы банктің өтініші және жарғы мен құрылтай шартына енгізілген нотариалды рассталған өзгерістер (егер ондайлар бар болса);
  4. Бағалы қағаздар шығару түрі көрсетілген (құжатты және құжаттсыз), заңдылық талаптарына сәйкес толтырылған, акциялар шығару туралы шешім қабылданған, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі, сондай-ақ жарғылық капиталдың қалыптастыру көздері;
  5. Банктер үшін өкілетті орган белгілеген нысан бойынша құрылған эмиссия проспектісі (үш данада);
  6. Банк қызметін аудиторлық тексеруге құқылы лицензиясы бар, соңғы қаржы жылынжағы банктің табысы мен шығындары туралы есеп пен баланстың сенімділігін растайтын аудитор немесе аудиторлық ұйымның есебінің көшірмесі;
  7. Құрылтайшылар мен акционерлердің өкілетті аудиторлық қызмет пен аудитор растаған соңғы қаржы жылындағы баланстың есебі мен табыстар мен шығындар туралы есебі, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған, ұйымның мөрімен расталған соңғы есептік күндегі табыстар мен шығындар туралы есеп;

Бағалы қағаздарды эмиссия проспектісін сараптамадан өткізу кезінде банкті қайта ұйымдастырған жағдайда, Ұлттық банкке төмендегі қосымша құжаттар ұсынылады:

  1. Қосылу, бірігу жағдайында — өткізу-қабылдау актілері көшірмелері, қосылу туралы шарттар, белгіленген заңды тәртіппен толтырылған шоғырлама балансы;
  2. Бөлінген, оқшауланған жағдайда – бөліну балансы;
  3. Қайта құрған жағдайда — өткізу-қабылдау актісі және жаңа құрылған банктің тіркелген күнгі балансы;

 

Ұлттық банк жағымсыз қорытынды беруі де мүмкін. Оған мыналар негіз бола алады:

  • Ұсынылған құжаттардың заңдылыққа сәйкессіздігі;
  • Эмисся проспектісіне кіргізілген мәліметтердің бағалы қағаз шығарушының нақты қаржылық жағдайына сәйкессіздігі;
  • Ұлттық банктің келісімінен өтпеген банктің басшы қызметкерлерінің бар болғаны: директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы және бас бухгалтер;
  • Салымшылар мен кредиторлардың мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қажылық ұйымдар мен қаржы нарығын қдағалау мен реттеу агенттігімен белгілеген пруденциялдық нормативтерді бұзуына алып келетін, жарғылық капиталын азайту туралы шешімінің қабылдануы;
  • Құрылтайшылар мен акционерлердің қаржылық жағдайы нашар болуы;

Бағалы қағаздардың эмиссия проспектісі жөнінде жағымды қорытынды беруден бас тарту туралы Ұлттық банктің мәліметі банкке жазбаша түрде беріледі.

Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру тәсілінен тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің сараптамадан өтуіне алып келеді.

Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.

Акцияларды одан әрі (қосымша) шығарғанда:

  • Өтініш;
  • Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  • Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;
  • Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);
  • Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;
  • Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);
  • Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
  • Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;
  • Аудиторлық қорытынды;
  • Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
  • Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

 

Шығарушы банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.

Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:

  1. Акционерлердің акцияларды материалдық құндылықтармен, материалдық емес активтермен, сондай-ақ ұшінші тұлғалар шығарған және нарықтың белгісі бар бағалы қағаздармен төлеу. Акционерлер өздері шығарған бағалы қағаздармен акцияларді төлеуге құқығы жоқ;
  2. Акцияның белгілі бір санына келісім-шарт сатып алушысымен келісілген негізде акцияны теңгеге немес ешетел валютаға сату. Бұл жағдайда шығарушы банк бағалы қағаздар нарығының делдалының қызметін пайдалана алады. Қазақстан Республикасында қаржылық делдалдарының қызметі бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және диллерлік лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы №293 қаулысымен бекітілген Ережемен реттеледі;
  3. Акционерлердің арасында тиістімөлшердегі акцияларды бөлу арқылы банктің басқа да меншікті қаражатын капиталға айналдыру (мысалы, жай акцияларды бөлінбеген табысқа немесе дивиденттерді қайта капиталға айналдыру);
  4. Банктің бұрыңғы шығарған айырбас акцияларын акцияларға айырбастау;

Бағалы қағаздарды өткізгенде шығарушы банк оның нәтижелерін сараптайды және эмиссия бойынша есеп жасайды. Есепке банк басқармасының төрағасы, бас бухгалтер қол қояды, банктің мөрімен бекітіледі және тіркеуші органға ұсынылады. Бағалы қағаздарды өкілетті органда тіркеу үшін ұсынғанға дейін оларды нақты орналастыру нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілуі тиіс.

Шығарушы банк акцияларының төленгенін растайтын құжаттар қатарына келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде шығарушы банктің жинақтау шотына ақша қаражаттарының төленгені туралы растайтын төлем құжаттарының көшірмелері; банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жарғылық капиталының бөлігінің шығарушы банк ақша қаражатымен төленгені туралы банк анықтамасы; акциялар төлеміне мүліктік салмдар салынғанын растайтын қабылдау-өткізу актілері мен басқа да құжаттар; жарғылық капиталын қалыптастыру туралы аудиторлық қорытынды.

Бағалы қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді.