Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?

Көптеген адамдарда «патронат деген не?» деген сұрақ туындайды.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.

Ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың басқа формаларынан патронаттың айрықша белгілері:

ü    патронат келісім-шартқа негізделген;

ü    патронаттық тәрбиешілердің еңбегі төленеді;

ü    паторнаттарды қабылдаған отбасының тәрбиеленушілеріне тамақ, киім, аяқ киім және басқа да тұрмыстық заттар алуға ай сайын қаражат бөлініп тұрады.

Патронаттық тәрбиеге:

ü    ата-анасы жоқ жетім;

ü    ата-ана құқығынан айрылған;

ü    ата-анасының құқығы шектелген;

ü    ата-анасы бас бостандығынан айрылған;

ü    ата-анасы сот шешімімен қабілетсіз деп танылған;

ü    ата-анасы жоғалып кеткен;

ü    ата-анасы денсаулығына байланысты оның тәрбиесімен, оны бағып-қағумен айналыса алмайтын;

ü    ата-анасы ешқандай себепсіз оның тәрбиесінен, оны бағып-қағудан, және олардың мүддесі мен құқығын қорғаудан жалтаратын;

ü    ата-анасының кім екені беймәлім немесе олардың тұратын жері белгісіз балалар беріледі.

Егер Сіз патронатты тәрбиеші болғыңыз келсе, онда Сіз қамқоршы және қорғаншы органдарға келесі құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек:

1) патронатты тәрбиеші болғыңыз келетіні туралы өтініш;

2) жеке куәлік;

3) некеде тұрсаңыз, жұбайыңыздың келісімі;

4) сіздің және жұбайыңыздың денсаулығы туралы анықтама  (психиатр, нарколог, дерматолог, венеролог, терапевт);

5) құқықтық статистика орталығынан сотталғандығы жоқ деген анықтама;

6) тұрғын үйіңіздің бар екендігін растайтын құжат;

7) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңызды тексеру актісі.

Есте сақтаңыз! Құжаттардың өзін және көшірмесін беру қажет, салыстырып болған соң, құжаттарыңыз қайтарылып тек көшірмелерін ғана алады.

Патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдары арасында күтім жағдайы, баланың тәрбиесі мен білімі, құқығын қорғау бойынша шаралар, патронатты тәрбиешіге берілетін құжаттар тізімі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, келісім-шартты бұзу жағдайы және тәртібі, келісім-шарт мерзімі, баланы бағып-қағуға төленетін қаражат көлемі, бақылаудың жүргізілу тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі және басқа да жағдайлар қарастырылған келісім-шарт жасалады.

Ақшалай төлемдерді алу үшін мына құжаттарды дайындау қажет:

1) ақша қаражаттарын бекіту туралы өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) баланың басқа қамқоршысы жоқ екенін растайтын құжат;

4) баланың білім беру ұйымдарында білім алғандығы туралы анықтамасы;

5) патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдар арасындағы келісім-шарт;

6) 10 жастан асқан баладан алынған мектеп директорымен расталған жазбаша келісім.

Маңызды! Қызмет тегін көрсетіледі.

Патронатты тәрбиешінің міндеттері:

ü    баланың өмірі мен денсаулығына жауап беру;

ü    бала құқығын қорғау бойынша жоспарды орындау;

ü    тәрбиеленушілерді бағып-қаққанда санитарлы-гигиеналық норманы сақтау;

ü    баланың денесіне жаза қолданбау;

ü    қамқоршы және қорғаншы органдардың рұқсатынсыз тәрбиеленушіні қала және облыстан тыс алып шықпау;

ü    бала денсаулығы мен психикасының өзгеруі туралы, тәрбиеші үйінен ескертусіз кеткені немесе басқа да маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ балаларға мейірімсіз қарағандар немесе баланы жарақаттағандар туралы деректерді қамқоршы және қорғаншы органдарға хабарлап отыру;

ü    қамқоршы және қорғаншы органдарға өзінің мекен-жайын ауыстырғаны жөнінде, жанұя құрамының өзгергені жөнінде, ауырғаны туралы және басқа да тәрбиеленушінің тәрбиеленуі мен дамуына әсер ететін басқа да жағдайлар туралы дер кезінде хабарлап отыру;

ü    бала туралы ақпаратты жасырын ұстау.

Назар аударыңыз! Патронатты тәрбиелеуші міндетті түрде арнайы бағдарламамен оқытылып, тестілеуден өту керек. Психолог-мамандар арқылы балаларды отбасына орналастыруға дайындау қажет.

Білген (оқыған) жөн:

1) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Қамқоршы және қорғаншы органдары туралы Ережені бекіту туралы, патронат және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке ұйымдастыру Ережелері туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы;

3) «Патронатты тәрбилеушілерге берілген балаларды бағып-қағуға ақшалай қаражаттарды төлеу Ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz – «Электроны үкімет» порталы(«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу» тақырыбы);

2) www.portal.edu.kz – Қазақстанның білім порталы.

         Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «патронат», «патронаттық тәрбие» және т.б. кілт сөздерді теру керек.