Балалық шақ

Балалық шақ туралы қазақша реферат

Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді. Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады.
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес.

Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсау бұл екі жақтыңда міндеті болып саналады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

Қортындылай  келгенде жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ой туады, мен осы курстық жұмысты жазу арқылы мен өз мақсатыма жеттім. Балабақшамен ата ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, тәрбиелі, ибалы инауатты ұрпақ тәрбилей алатындығымызғ акөзім жетті. Сондықтан екі жақтың өзара ынтымақтастығы ерекеше орында болатынын түсіндім.