Ата –анамен жұмысты ұйымдастыру

Ата –анамен жұмысты ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Ата — аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
* Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
*Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата — ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата — аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата — аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата — аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата — аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата — аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата — аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата — аналардың ұсыныс — пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата — аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата — аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата — аналардың ұсыныс — пікірлермен санаса отырып ата — аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ — жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата — аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс — тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады