Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері

Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері туралы қазақша реферат

     Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерінен басталады. Ойлау–түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз–ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлі. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез–бірімен бірі тығыз байланысты, бірінсіз–бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі–бірінен–бірі ешқашан ажырамайтын ойлау процесінің негізгі компоненттерінің бірі.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.

Ойлау операциясының күрделі түрі–абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды.

Абстракцияның келесі түрлері бар:

  1. Шеттетуші абстракция–белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу.
  2. Жалпылаушы абстракция–құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.
  3. Идеализация–шынайы–эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.

     Жалпы ұғымдар–абстракциялау принципінің нәтижесі.

Абстракцияға қарама–қарсы процесті нақтылау деп атайды.

     Нақтылау–абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яңни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегеніміз–бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Жалпылаудың негізінде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі бір принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі, топтастыру (классификация).