Ақтөбе қаласындагы экономиканы басқару аппараты

Ақтөбе қаласындагы экономиканы басқару аппараты туралы қазақша реферат

         «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (одан әрі басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын нысандар құрылысын  мемлекеттік басқару қызметін орындайтын, нысандар құрылысына байланысты жұмыстарды (қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру мен жүргізуге өкілеттілігі бар  атқарушы орган болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Репсубликасының Президентінің Жарлықтарына және Үкіметтің қаулыларына, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, басқа да қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарма туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде жазылған атауы, мемлекеттік еңлтаңбасы белгіленген мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сол сияқты заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары бар.

Басқарма өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша белгіленген заңдылық тәртібінде заңмен белгіленген жағдай аясында міндетті күші бар бұйырқ түріндегі актілер шығарады. Басқарманың штаттық санының шегін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі бекітеді.

Басқарманың қызметі  облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Басқарманың заңды мекен-жайы: Ақтөбе  қаласы, 030010 Әбілқайыр хан даңғылы, 40.

Басқарманың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық атауы – Государственное учреждение «Управление строительства Актюбинской области».

Мемлекет Ақтөбе облысы әкімдігі атынан басқарманың құрылтайшысы болып табылады. Басқарманы құру туралы Ақтөбе облысының әкімдігінің қаулысы және осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаттары болып табылады.

Басқарманың қызметі мына мақсаттарды орындауға бағытталған:

— республикалық бюджеттен және облыстық мәслихат бекіткен облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды игеру;

— облыстық мәслихат бекіткен облысты, құрылысты дамыту жоспарларын орындау;

— ғимараттар мен құрылыстар жобаларын, инженерлік жүйелерді дамыту жобаларын жүзеге асыру, сапасы жағынан мемлекеттік нормативтерге толық сәйкестікте көркейтуді жақсарту және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

— құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді қорғау;

— нысандар құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржыны толық игеруді қамтамасыз ету;

— бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген трансферттерді тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдалану;

— заңмен белгіленген тәртіпте құрылыстың жобаалды және жобалық құжаттамаларын әзірлеуге қатысу;

— республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын құжаттамаларын әзірлеуге қатысу;

— республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға беруді мемлекеттік нормативтерге сәйкес мемлекеттік қабылдауды ұйымдастыру;

— нысандар құрылысы жоспарын орындау, бөлінген бюджет қаржысын игеру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, республикалық және жергілікті атқарушы органдарға есеп беру;

Басқарманың негізгі функциялары:

— Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүзеге асыру;

— жоғары республикалық және облыстық органдар үшін есептер, ақпараттар, талдау материалдарын дайындау;

— республикалық және жергілікті бюджеттерді қаржысы есебінен жүргізілетін нысандар құрылысының тапсырысшысы салушысы қызметін атқару;

— құрылыс саласында облысты дамытудың жылдық жоспарын жүзеге асыру;

— тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысының, тұрғындарды әлеуметтік қызметтің ең төменгі деңгейімен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;

— тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени маңыздағы, коммуникациялар және көркейту нысандары құрылысы саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

— нысандар құрылысына байланысты жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастыру және жүргізу;

— кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмыстарды жүргізуге келісім-шарттар жасасу;

— Ақтөбе облысы бойынша нысандар құрылысының барысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

— бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын, салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргізу;

— белгіленген тәртіпте жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмыстарына қатысу;

— құрылыс қызметі субьектілеріне және аудандық құрылыс бөлімдеріне әдістемелік басшылық жасау;

— басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді атқару.