Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша саясаты болады.

Ақша саясаты – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша саясаты 16-17 ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша саясатына өзгеріс енгізді.

Ақша саясатының типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіндегі яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша саясатының төмендегідей элементтері кездеседі:

—                     металл ақша айналысы, бұл жерде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады.

—                     несие ақшалары және қағаз ақша айналысы. Бұл жерде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

Алғашқы капитал жинау кезінде биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті.

Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:

—                    параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;

—                    қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;

—                    «ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.

Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометтализмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда -1871-1873 жж., Францияда -1876-1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834-1852 жж., Үндістанда 1852-1893 жж., Нидерландфыда 1847-1875 жж. қолданылды.

Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:

—                    алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.

—                    алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнд банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда -1700 фунт стерлинг, Францияда 215 франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

—                    алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.

1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршам асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.

Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкесіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.