Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы туралы қазақша реферат

Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процестерін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражатттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.

Бухгалтерлік есептің №4 «Ақша қаржаттарының қозғалысы туралы есеп беру» стандартында атап көрсеткендей: ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банктегі шоттардағы нақты ақшалар.

Бухгалтерлік есептің №7 «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақшалай қаражаттарға, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады.

Ақша қаражаттарының эквиаленті деп ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімлділігі жоғары алымдарды айтады.

Ақша легі деп – ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады.

Таза ақша легі (таза ақшалай қаражаттар) – есеп беру кезеңіндегі түсімдер мен төлемдердің айырмашылығы. Таза ақша легі оң және теріс мәнде болуы мүмкін. Таза ақша легінің оң мәні ақшалай қаражаттар өсімін немесе олардың құйылуын, ал теріс мәні олардың ағылуын растайды.

Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ басқа да қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъекті қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

Берілген анықтамалар халықаралық тәжірибелерге, оның ішінде халықаралық стандарттарға негізделген.

Операциялық қызмет ақшалай қаражаттарынының легі ережеге сәйкес ұйымның таза табысын анықтауға ықпал жасайтын шарушылық операциялардың нәтижесі болып табылады. Оған келесілер жатады:

— өнімдерді, тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан және қызмет көрсетуден түскен, сондай-ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің аванс түріндегі түскен ақшалай түсімдері;

— жалға беруден түскен түсімдер;

— басқа да түсімдер (жабдықтаушылардан, бюджеттен, есеп беруші тұлғалардан қаражаттардың қайтарылуы, сақтандыру компанияларынан түскен түсімдер, комиссиялар, сот шешімдері бойынша түскен сомалар және басқалар);

—  жабдықтаушылар мен басқа да контрагенттерге ақшадалай төлемдер;

— қызметкерлердің ақшалай нысандағы еңбекақылары мен басқа да төлемдері;

—  бюджеттік емес қорларға аударымдар;

— инвестициялық немесе қаржылық қызмет бойынша операцияларға жатпайтын салықтар мен алымдарды төлеуге тиісті бюджетпен есеп айырысу;

—  қысқа мерзімді қаржы салымдары;

—  қысқа мерзімді несиелер бойынша сыйақылар төлеу;

— басқа да төлемдер (сақтандыру компанияларына аударымдар, есеп беруші тұлғаларға ақшалай қаражаттар беру және т.б.).

Ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша қандай да бір операцияны операциялық қызметке қосуға мүмкіндік беретін шарттардың бірі  оларды инвестициялық немесе қаржылық қызметке қосу мүмкін болмауы.

Бір кезеңдегі ақшалай қаражаттардың жалпы өзгерісі оңды болуы мүмкін, қанағаттанарлық өтімділік коэффициенттерін қабылдауы, бірақ сол сәтте операциялық қызмет бойынша таза ақша легінің шамасы теріс болуы мүмкін. Бұл кәсіпорын негізгі қызметінің нәтижесі ақшалай қаражаттардың ағыны екенін көрсетеді, ал ақшалай қаражаттардың өсімі негізінен қаржылық немесе инвестициялық қызмет арқылы қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. Егер мұндай жағдай қайталана беретін болса, келешекте кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін өтей алмайтын күні пайда болатынын түсіну қажет.

Инвестициялық қызметтің ақшалай қаражаттарының легі келесілер болып табылады:

— негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, басқа да айналымнан тыс активтерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар;

— басқа ұйымдардың үлестік және міндеттемелік бағалы қағаздарын сатудан түскен ақшалай түсімдер;

—   бір жылдан жоғары берілген қарыздардың қайтарылуы;

— қарапайым серіктестіктің жасалған мәмілелерге сәйкес ақшалай қаражаттарының қайтарылуы, басқа да осы тектес түсімдер;

—  басқа ұйымдардың капиталына қатысудан алынған дивидендтер түрінде түсетін ақшалай қаражаттар;

— айналымнан тыс активтерді (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құнының өсіміне салынған салымдарды қоса алғандағы) сатып алуға жұмсалған ақшалай қаражаттар;

—  ұзақ мерзімді қаржы салымдары.

Негізгі құралдарды эксплуатациялауға жұмсалатын қаражаттар құрамында есеп беру кезеңінде, сондай-ақ өткен кезеңдерде құрылыстар салуға жұмсалған шығындар қамтылуы мүмкін. Аталмыш шығындар өткен кезеңдерде жұмсалғандықтан таза ақша легін есептеуде инвестициялық қызмет бойынша ақша легінен шегерілуі тиіс.

Қаржылық қызметте қарастырылатын меншікті капиталдың өзгерістері акция эмиссияларынан ақша түсімдерімен, сондай-ақ алынған эмиссиялық табыстармен бйаланысты болады. Табыс алу немесе зиян шегу нәтижесіндегі меншікті капиталдағы өзгерістер есепке алынбайды, себебі олар қаржы нәтижесімен байланысты және операциялық қызметте көрініс табады.

Қаржылық қызметтің ақшалай легіне келесілер жатады:

— акцияларды және басқа да үлестік құралдарды шығарудан, сондай-ақ меншік иелерінің қосымша салымдарынан ақшалай түсімдер;

— облигациялар, займдар шығарудан, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерден түскен түсімдер;

— мақсатты қаржыландыру және түсімдер;

— алынған несиелер мен займдар бойынша қарыздардың негізгі сомасын өтеуге қаражаттарды аудару;

— меншікті акцияларын сатып алуға бағытталған қаражаттар.

Шаруашылық субъектілердің нақты ақшалай қаражаттары, әдетте, кассадағы нақты ақшаларынан, есеп айырысу, валюталық шоттардағы және банкте ашылған арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады. Аталмыш мәселе келесі кезекте қарастырылады.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойьшша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жузеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша каражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып белінеді.

Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша каражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды келесі әдістермен жүзеге асырылады:

—             қолма-қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды;

—             чектерді беруді;

—             вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;

—             төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;

—             төлем-талап тапсырмаларын ұсынуды;

—             инкассалық жарлығын ұсынуды;

—             республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:

—             төлем тапсырма;

—             чек;

—             вексель;

—             тапсырма-талап төлемдері;

—             кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да кұжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол койылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны келтірілген.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

—  төлем тапсырмасының нөмірі;

—  төлем тапсырмасының жазылған күні;

—  жеке теңестірілген немесе тендестірілген (вдентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)

—  жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;

—    бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) — бүл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі — резиденттік белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын керсетеді;

—   бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

— банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

— бенефициар  банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

— жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланган) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) — филиал аралық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);

— төлем  арналымыныц   коды  — ҚР ¥Б нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның непзінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтықбелгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

—  бюджеттік классификациясыныц (жіктемесінің) коды —  салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

—   валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің. түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер:

  • · жеке ездеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалакы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;
  • · жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.

Тапсырмаға каражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір  аударым алушы  бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақшалай қаражаттары қажет болып тұрады. Сондықтан нақты ақшалай қаражаттарын кәсіпорын кассада сақтап, керекті бағыттарда жұмсап отырады.