АҚШ сот жүйесі

АҚШ сот жүйесі туралы қазақша реферат

Сот билігі, заң шығару және атқару биліктері бір-бірінен ажыратылады, қоғамда туған шиеленістерді заң бойынша қарайды. Сот тек заңға ғана бағынады. Барлық сот ісі ашық өтуге тиісті, бұл жағдай болмаса халық соттың тазалығына сенбейді. Сот тәуелсіз болуға тиісті. Бірақ оның осы нышанына кепілдік беру өте қиын, сондықтан ол үшін жағдай туғызу керек. Оның юрисдикциясы жалпы және заңды болуға тиіс. Соттың ісі ашық өтеді. Сот өзінің жеке ерсжелерін қабылдауға құқығы бар. Сот қызметкерлерінің иммунитетін мемлекет сақтайды және кепілдік береді. Сот қателескен жағдайда сотталған адам шағым арыз беруге құқықты.

Соттың тәуелсіздігіне кепілдік беретін институциялық кепілдіктер. Сот қызметкерлерін сот билігі тағайындау тиісті емес. Қызмет істеп жатқан сот қызметкері жоғарғы қызмет орнына ұсыныла алмайды. Оның жасына және қызмет орнына қарап дауысқа салады. Сот қызметкерлері өмір бойы қызметті істейді, олардың тәуелсіздігіне бұл ең жақсы кепіл. Конституцияда (3-бап, 1-тармақ ) жалақы туралы былай айтылған: «Олардың жалақысы қызмет істеген мезгілде азаймау керек». Бұл норма сот қызметкерлердің жалақысын инфляциядан қорғайды. Сот қызметкерді орнынан алу үшін мықты дәлелдеу, негізі болуы керек. Сот қызметкерлерінің тәртібін өздерінің ұйымдары қадағалайды. Сот органдарындағы қаржы мәселелерін көбіне Парламенттің өзі қарайды. Олар атқару биліктері тәуелді болу үшін қабылданған норма. Сот халық үшін ашық болуы тиіс. Сот қызметкерлері білімін жаңартып оқуға және этикалық нормаларын қолдануға тиісті. Орташа заңгер АҚШ-та кемінде 7 жыл оқиды. АҚШ құқығы өте ауыр, материалдық және іс жүргізу нормалары бойынша соттардың шешімдерінде, прецеденттеріеде жиналған. Олардың сот процесі-жарыспалы процесс. Сондықтан сотқа қатысатын екі жақ керек дәлелдеу әдістерді өздері тауып, сотқа әкелуі керек, сондықтан соттың өзі қашанда бейтарап, әділ болуы шарт. Америка азаматтары үшін құқықтың абыройы өте жоғары. Олар үшін құқық ерекше дін, сондықтан олар туған проблемалардың бөрін сотта шешкісі келеді. Осындай жағдайда адвокаттардың рөлі өте жоғары, олар дін қызметкерлеріне ұқсас.

АҚШ-та екі сот жүйесІ бар: федеративтік және штаттық. Федеративтік сотгар федеративтік заңдар бойынша пайда болған істерді, штаттар арасындағы таластарды, шетел өкіметтерінің қатысуымен қаралатын істерді ғана қарайды. Федеративтік соттарға округтік соттар да жатады. Олардың саны 54. Бұлар бірінші инстанциялық федеративтік соттар. Бұл соттарды округтік сот қызметкерінен басқа банкроттарды қарайтын, оларға көмектесетін магистрлер бар.

Апелляциялық соттар. Олардың саны 12, қарайтындары алелляциялық істер. Округтік соттың апелляциясын үш сот қызметкері қарайды. Ең жоғарғы инстанция — Жоғарғы Сот, ол 9 адамнан тұрады, істі бәрі бірге қарасады. Федеративтік округтік соттың шешімдерін апелляция қарайды.

Штаттардың соттары. Әрбір штаттағы сот жүйесінің ерекшеліктері бар. Бірінші инстанциясы-бір сот қызметкері, олар округтік сот деп аталады. Олар маңызды азаматтық және қылмыстық соттарды қарайды. Апелляциялық сот, Жогарғы сот. Іске катысқан екі жақ бір ашіеляция беруге құқығы бар.

Сот әкімшілігі қаржы, басқару, бюджет, сот қызметкерін оқыту мәселелерімен айналысады. Федеративтік жүйесі 27 адамнан тұратын Сот кеңес, мәслихат қарайды. Ол Басшы сот қызметкерінен, 26 жай сот қызметкерінен тұрады.

Жоғарғы Соттың мүшелерін Президент өзі тағайындайды. Импичмент жүргізіп, оларды тек орнынан алуға болады. Штаттардың сот қызметкерлері екі сатыдан құрылады: тәуелсіз заңгерлер, заң шығарушылар, сот қызметкерлері, азаматтардан тұратын тәуелсіз комиссияның ұсынысы бойынша берілген тізімді тағайындайды немесе халықтың өзі сайлайды. Орнынан губернатор тек импичментмен алынады.

Прокурорлар Заң министрлігіне бағынышты. Олар сот емес, атқару билігіне жатады. Бас Прокурорды Президент тағайындайды. Округтік федералдық соттардың прокурорлары бас прокурор дсп аталады, оларды да Президент тағайындайды. Зац министрлігіне ФБР кіреді, ол АҚШ-қа қарсы істелген қылмыстарды қарайды.

Әрбір штатта бас прокурор бар, көбіне оны штаттың азаматтары сайлайды. Олар осы штатта істелген қылмыстарды тексереді.

Адвокаттар. Сотқа қатысқан адамдар сотга өздерін өзі қорғауына болады немесе адавокаттарды алады. Ақшасы жок адамдар жергілікті заң көмек қоғамы арқылы адвокаттарды алады. Қылмыстық істерге қатыса-ын адвокаттарды кедей адамдарға Қоғамдық қорғаушылардың бюросы береді. Әрбір штат адвокаттарға лицензия беріп, білімдерін тексергеннен кейін ғана қызмет істеуте келісімін береді.