Африканың жер бедерінің қалыптасуы

Африканың жер бедерінің қалыптасуы туралы қазақша реферат

Зоналық құрылым, әсiресе, материктiк барынша сом және рельефi бiрсыдырғы солтүстiк бөлiгiнде айқын көрiнедi. Бiздiң эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктiң жағалауы мен iшкi аудандарында Азия мен Солтүстiк Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттiктер, карфагендiктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстiк Африкаға Аравия түбегiнен арабтар өткен.

Африка жағаларын Атлант және үндi мұхиттары шайып жатады. Атлант мұхиты оның жағасында бiрден-бiр iрi шығанақ— Гвинея шығанағын құрады. Африканың аз жырымдалған батыс жағасын бойлай енсiз (100 км. дейiн) материктiк қайраңдар  созылып жатыр, оның қия беткейi су асты үстiрттерiне және оларды бөлiп тұран шұңғымалармен бөлiнген. Орта Атлант жотасынан шығыста, Африканың қарсысында, тереңдiгi 3000 метрден 7200 метрге дейiн жететiн Канар, Жасыл Мүйiс, Гвинея, Ангола, Кап және Агульяс қазан шұңғымалары жатыр.

Ағыстар Африка жағаларындағы жоғарғы қабат сулары температурасының таралуына айтарлықтай ыкпал жасайды, температураның экватордан солтүстiкке және онтүстiкке қарай төмендеудi жалпы зандылығына түзету енгiзедi. Суық ағыстардың айқын бiлiнуiне және тереңдiгi салқын сулардың көтерiлуiне байланысты Африка жағаларындағы әсiресе экватордан оңтүстiкке қарайғы судың температурасы осы ендiктердiң орташа температурасына қарағанда едәуiр (шамамамен 5—7°С). Мысалы, Оңтүстiк  Пассат ағысының бастауында тамыз айында судың температурасы +22—25° С болады. Гвинея ағысының сулары +28°С жылиды. Африканың солтүстiк-батыс жағаларында жылдың орташа температура 4-20° С, ал оңтүстiк-батыста 15° С. Қыста ол -20С дейiн төмендейдi. Атлантиканың Африка жағаларындағы тұздылығы мұхиттың қалыпты тұздылығына жуық. Бұған пассат шөлiне (әсiресе Сахарара) қарама-қарсы орналасқан акватория жатпайды, оның тұздылығы 37%0-ге дейiн жетедi, ал Азор аралдарынан оңтүстiк-батысқа қарай 37,9° -ге дейiн арттады. Бұл — дүние жүзi мұхитынның ашық бөлiгiндегi ең жоғарғы тұздылық.

Африканы шығысы мен оңтүстiк шығысынан жиектейтiн үндi мұхитының солтүстiк-батыс бөлiгi Гондвананың ыдырауының нәтижесiнде бордан кейiнгi кезенде калыптасты. Ол түбiнiң өте ойлы — қырлы болуымен және терендiктердiң күрт ауысуымен сипатталады. Мұхиттың басқа бөлiктерiнен оның солтүстiк-батыс бөлiгiн Аравия-үндi су асты жотасы бөлiп тұрады. Оның шегiнде тереңдiгi 500 метрден асып түсетiн қазан шұңқырлар бар (Сомали, Мадагаскар, Мозамбик). қазан шұңқырларды бөлiп тұратын су асты жоталарының шыңдарын вулкандық және маржандық аралдар (Маскарен және басқа) құрайды. Кейбiр жоталар жер кабығының материктiк типiнде болып келедi және ежелгi. Гондвана құрылымдарының қалдықтары болып табылады. Үндi мұхитының солтүстiк және солтүстiк-батыс бөлiктерiндегi ағыс жүйесiн субэкваторлық және тропиктiк белдеулердiң пассаттық және муссондық циркуляциясы айқындайды. Экватордан оңтүстiкке қарай Африка жағалары мен Мозамбик пен Игольный мүйiсi жылы ағыстары өтедi. Соңғысы — Дүние жүзiлiк мұхиттың ең тұрақты және күштi ағыстардың бiрi. Бұл ағыстар Оңтүстiк Пассат ағысынан пайда болады да Онтүстiк-Шығыс Африка жағаларында оңтүстiк жарты шардың қысы кезiнде температураның +20°С дейiн және одан да жоғары көтерiлуiн туғызады. Экватордан солтүстiкке қарай муссондық Сомалий ағысы әрекет етедi де солтүстiк жарты шардың жазында оңтүстiк жарты шардан бiршама суық-су алып келедi, ал қыста солтүстiктен бiршама су жеткiзедi. Тұтас алғанда үндi мұхитында 10° о. е. солтүстiкке қарай жыл бойына судың температурасы үлкен терең дiктерге дейiн жоғары. Оның ең жылы болатын кезi май айы ( + 27°—29°С). Африка жағаларындағы судың тұздылығы 35—36°;).

Африка түгелдей дерлiк (оның солтүстiк-батыс және  оңтүстiк таулы шет. аймақтарынан басқасы) бiртұтас платформалық ғимарат — Африка платформасына жатады. Ол ежелгi материк (супер-.платформа) Гондвананың құрамына кiрген. Гондвананың қалыптасуы бүкiл археозой және протерозой бойы жүрген. Ол   байкал тектоникалық кезеңi аяқталғаннан кейiн палеоазой дәуiрi басына  жер құрлығының бiртұтас iрi учаскесi ретiнде қалыптасты. Африка  платформасының  одан әрi дамуы Гопдвананың   ыдырап Африка-Аразия бiртұтас платформасының оқшаулануы ал содан кейiн оның Африка және Аравия   платформалары болып бөлiнуiне байланысты. Сол кездiң өзiнде Африка платформаның Тетис тиктоникалық зонасымен қазiргi солтүстiк шекарасы айқындалған болатын.

Палсозойдың аяғында Гондвананың ыдырауы және қазiргi материктердiң пiшiнiнiң қалыптасуы басталды. Бұған дейiн-ақ платформаның негiзгi құрылымдық элементтерi массивтерi  айқындалды және Африка-Аравия платформасының дамуындағы солтүстiк пен оңтүстiк бөлiктерiнiң айырмашылықтары белгiлендi. Оның шағын, солтүстiк бөлiгi палсозойдың бастапқы кезiне негiзiнен теңiздiк, ал мезезойда континенталдық ылғал жинау облысына (Сахара плитасы) айналды. Оңтүстiк және шығыс, үлкен бөлiктерi бүкiл постротофозой тарихы бойына көбiнесе тұманданумен болды. Олардың арасындағы шекараны әр автор әр түрлi жүргiзедi. Шамамен алғанда оның орны — Камерун мен қызыл теңiздiң солтүстiк бөлiгiнiң аралығында.

Африканың солтүстiк бөлiгiнде теңiздiң барынша кеңiнен жайылуы палеозойдың бiрiншi жартысында болған. Карбонның орта шенiнен бастап қызыл түстi қабаттардың жинақталуымен қосарласа теңiз деңгейiнiң төмендеуi мен аридтiк жағдайлардың таралуы етек алып отыр. Карбонда Жерорта теңiзi геосинклиналында тау пайда бола бастады, сахара сннсклизаларындағы тұнба қабаттардың қатпарларға жннақталуы соның жаңғырығы iспеттi. Бұл кезде Африканың оңтүстiк бөлiгiне кетсiзiлу басым болды. Иiлу және шөгiндi жиналу қалың континенттiк. қап формациясы калыптасқан Кап аймағына қана тән болды.

Палеозойдың аяғында бүкiл платформа жаппай көтерiлiп, оған мұз басуы коса-қабат жүрдi. Мұздың және су-мұз шөгiндiлерi Двеик сериясын құрады, оның калыңдығы кейбiр жерлерде 300 м жеттi. Ол континенттің оңтүстiк бөлiндегi иiндердi — Капру, Калахарн және Конго ойыстарын толтырды. Олардың үстiнде қаррудың қалың континенттiк формациялары жиналды. Мұз басудың негiзгi орталықтары Конго шығысына қарайды ежелгiмассивтер алабында, сондай-ақ Нубия-Аравия қалқанында жатты.

Карру формациясының құрылуы бүкiл триас бойына жалғаса бердi, сонымен бiр мезгiлде оңтүстiкте кап формациясы қабаттарының катпарларға жинақталуы мен кетерiлуi және Кап тауы жүйесiнiң түзiлуi жүрдi. Жоғарғы триас пен юраның бас кезiнде тектоникалық әрекет етек алды, ол Африканың оңтүстiгiнде, шығысында және солтүстiк-батысында пормендi вулкандық әрекетпен аяқталды.

Бүкiл юра бойына және бордың бас кезiнде Африканың көпшiлiк бөлiгi көтерiлумен болды. Ойыстарда континенттiк шөгiндiлер жинақталды және граниттер мен карбонаттар жарып кiрiп кимберлит түтiкшелерi пайда болды. Сол кезде әуелi Үндi, содан кейiн Атлант мұхиты аумақындағы шығу мен жарылуларға және мұхит шетi иiндерiнiң пайда болуына-байланысты казiргi Африка контурының қалыптасуы жүрдi.

Бордың екiншi жартысында және эоценде Сахара плитасын қайталап трапсгрессиияны жайлап алды да соның нәтежесiнде Жерорта теңiзiнiң Гивения  шығысымен жалғасты. Сондай-ақ теңiз Нубия-Аравия калқанының шегiне дейiн жеттi және материк пен Мадагаскардағы үндi мұхиты жағалауын қамтыды.

Сол кездегi теңiз шөгiндiлерiнiң арасында карбонатты терригендiк тунбалар алыпкеледi. Материктiң iшкi ауландарында бордын аяқ шеңiнен бастап көтерiлулер жүрдi және вулкандар жандана түстi.

Бор дәуiрiнiң екiншi жартысында және кайнозойдың бас кезiнде Африка үшiн ылғалды және ыстық тропиктiк климат жағдайлары тап болды, ол тропиктiк бай орман флорасы мен тропиктiк омыртқалы жануарлар фаунасының таралуына қолайлы жағдай туғызды. Құрлықтың үстiнгі бетiнде гидроморфты кызыл түстi N қабық қалыптасты. Мұндай жағдайлар тек кана орталық аудандарға ғана емес, сонымен бiрге материктiң солтүстiк және солтүстiк аудандарына да тарады. Органикалық дүниенiң түр құрамының қалыптасуына әуелi Африка, Мадагаскар, Австралия арасында, бұрын орын алып, бор дәуiрiнде байланыстары, содан кейiн Оңтүстiк Америкамен арадағы түпкiлiктi түрде тек кайнозойдың бас кезiнде қана тоқталған бұрынғы байланыстар сондай-ақ бүкiл кайнозой бойына жалғасқан Аравия аркылы Евразия мен байланыс ықпалын тигiздi. құрлықтың басқа учаскелерiнiң ықпалы әсiресе флораның қалыптасуына әсер етедi. Африканың фаунасы палеогеннен бастап бiздiң кезiмiзге дейiн өзiндiк ерекшелiгiмен көзге түседi.

Эоценнiң аяғы мен олнгоценнiң басында Африканы түгелден дерлiк әсiресе оның оңтүстiк және шығыс бөлiгiн, пармендi тектоникалық әрекеттер қамтыды. Мұның өзiн қазiргi табиғат жағдайының қалыптасуы тұрғысынан қарағанда материктiң дамуының соңғы аса маңызды кезеңi деп есептеуiмiз керек. Африкадағы эоценнiң соңы мен олпгоценнiң басындағы карқынды көртiлудi, вулканизмдi, опырыттардың пайда болуын осы материк үшiн неотектонкалық кезеңiнiң басы деп санауға болады. Осымен бiр мезгiлде тропиктен тыс аудандар климатының құрғақтануы тропиктiк органикалық дүниенiң экваторға қарай шегнуi, гидрофиттердiн азайып, құрғақшылықты ұнататын өсімдіктер мен жануарлардың көбеюі, қызыл түсті гидроморфтық қабықтарды карбонат кабықтардың алмастыруы басталды.