Адам психикасының айырмашылықтары

Адам психикасының  айырмашылықтары туралы қазақша реферат

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

Сонда сана дегеніміз не? Ол қайда, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болады? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс па, әлде іштен шыққан дүние ме? Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабілет те емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда  да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл — өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. Авенариусты В.И. Ленин «Материализім және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.

Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбығын балаған. Халқымыздың «шыбын-жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтаған шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда, өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл — өте ертедегі дәуірде туған түсінік.

Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя,  zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой – мидың рухани жемісі де, өт – бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Ф. Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, орынды сынға алады.

Барлық тіршіліктің негізі клетка екені белгілі. Ол — өздігінен өмір сүріп, көбейе алатын жүйе. Ендігі мәселе сол өмір клеткадан басталатын болса, оған дейін тіршілік нышаны болмаған ба деген сауал туындайды. Бұл бір. Екіншіден, сол клетканың өзі қайдан шыққан? – деген сұрау тағы мазалайды, өйткені, органикалық және органикалық емес материя бар дейміз. Ол екеуі бірінен-бірі қалай туындады, арасында дәнекер бар ма десек, ондай дәнекер бар екен. Әйтпесе, тіршілік қайдан шықты деген сұрау адам баласын ұдайы ойландыра бермек екен. Ол дәнекер, сөйтсек, никлени қышқылы екен. Ол барлық клеткада да бар. Мәселен, клетка құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірі клетка өзегі – ядросы, екіншісі – оны қоршаған қабыршық. Ол цитоплазма деп аталады. Екеуінде де әлгі қышқыл бар. Ядродағы қышқылды ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы), ал қабыршақтағы қышқылды РНК (рибонуклеин қышқылы) дейді. Бұл қышқылдар, бір жағынан, клеткалардың өмір сүру, екінші жағынан,  тұқым қуалау негізі.

Сөйтіп, тірлік негізі клетка ХІХ ғ. 30-жылдары, ал тұқым қуалау (ген) негіз хромосом құрамына кіретін ДНК бұдан бір ғасырдан соң, 1930 жылдары ашылды. РНК 1953 жылы ғана белгілі болды. Хромосом құрылымына кіретін ДНК мен РНК-ның ашылуы тұқым қуалаудың (ген) себептерін ғылыми айқындады. Сонымен қатар «ген» өте күрделі құбылыс екенін де ғылым анықтауда. Олай болса, хромосом аппаратына жататын ДНК мен РНК – физикалық-химиялық процестерден туындайтын құрылым. Олар ашылғалы бері ғылымдар клеткадан тірі жануар жасауға болатынын дәлелдеуде. Бұл биология ғылымдарының бүгіні мен ертеңі. Оны  клондау дейді.

Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болады деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.

Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.

Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғылымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. Әрқайсысы сияқты сигналды жеке-дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ, олар өзара тығыз байланыста болып, түрлі операция жасағанда, миллардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам мифы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда, оның Мәскеудегі Мемлекеттік көпшілік кітапханадағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде сақтай алатын мүмкіндігі бар көрінеді. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса, адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.

Адам миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір аналйз, синтез, сондай-ақ, сырты тіршіліктедің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам орынсыз, өрескел қимыл жасамайды. Ал енді адамның миын тігінен қарайтын болсақ, ол оң және сол жарты шарлар болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің арасында өзіндік қызмет бөлінісі бар. Айталық, адамның қуанышы, күлкісі сол жақтағы жарты шар арқылы, ал уайым, қайғы, жылау сияқты ренжу мінездері оң жақ жарты шар арқылы іске асады екен. Олай болса, өнер мидың сол жақ жарты шары арқылы басқарылады. Қытайлар мен жапондарға алфавит жоқ, оның орнына иероглифтер бар. Онда әрбір атау, іс-әрекет, қимыл әр түрлі иероглиф (белгі) арқалы беріледі. Сауат ашып, оқып, түсіну үшін сол белгілерді көзбен көріп, оймен жаттап алу қажет. Олардың саны қытайда орта есеппен жеті мыңдай. Сондықтан да болса керек, ол халықтарда түрлі түстердің айырмашылығын байқау, сұлулықты сезіну өте жоғары дамыған. Оның үстіне мидың түрлі бөліктері әрқилы қызмет атқарады. Мысалы, заттардың түр-түстерін ажырату, көру дабылдарын мидың шуйуе бөлігі, дыбыс дабылдарын самай тұсындағы бөлігі қабылдайды. Сол сияқты жүру-тұру сияқты қимыл-әрекеттерін (координация) басқаратын арнайы бөліктер бар. Мәселен, адамның аяқ, қол сияқты мүшелерінің сал ауруларына ұшырауы көбіне мидағы түрлі бөліктердің ісіктенуіне, жарақаттануына байланысты. Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Мәселен, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы сылынып тасталған құрбақа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей ұстап жеп, тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікте атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарылаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ, бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның қайнар көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – объективті ақиқат.

Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқалы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болады деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайда аңғартатын болса керек. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз – сыртқы дүниенің бейнелену нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізгі практикалық іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ.