Адам интонациялық форма айнасында…

Адамның миы екі жартылай дөңгелекшені құраса, музыкалық форма да біртұтас немесе екі бөлек бола алады. Оның бірлік құрылысы екі параллелді приниципінің ықпалдығында: аналитикалық және синкретикалық. Біріншісі – барлық дыбыс материалдардың қасиеттерінен екі негізгісі алынады – биіктілігі мен ырғақтылығы.

Одан ғасырлар бойы қалыптасқан аналитикалық музыкалық форманы құрайды. Аналитикалық музыкалық формаға лад, гармония, метр, көлем — синтакситікалық құрылымы, тақырыптық ұйымдастырушылық, композиция мен фактураның (полифония, гомофония, геторофония) ретке келтірілуі. Осы жағдайы нақты грамматикамен беріледі, нақты шығармалардың грамматикадан ауытқу, бұрылу, жеке дыбыс байланысының жүйесі бар екенін келтіреді.

Екіншісі, синкретикалық принциптің негізінде, керісінше, барлық дыбыс материалдарының қасиеттерін үйлестіре пайдалану – жалғыз дыбыс қатар биіктігі мен ырғағы, сонымен қатар тембр, тесситура, регистр, күштілігі, артикуляциясы емес, вибрато мен агогикалық нюанс тәсілдерінің нәзіктілігінде.

Осылардың негізінде ұлғайған, кең мағынадағы интонациялық форманы құрайды, олар интонация, пластика және бейнелеу белгілері, интонация-пластикалық әуен мен фабула (музыкалық драматургия).

Музыкалық тілмен айтқанда – бытырағандарды өзіне тарту, баурап алу. Мысалы, шиеленіс драматургия өзіне сонаттық форманы және оның принциптерін өзіне баурауы. Ал метрдің өмірі, интонация. Метр – ой құрылысын қабыл алмау емес, мәдени-тарихи мазмұнының жасырынды дене қимылының заңдылығы. Мысалы үш ширекті өлшемді менуэт пен вальстің айырмашылығы неде? – менуэтте әрбір буын өзінің салмағымен көрінсе, вальстің салмағы, жүректің су ете қалуы мен бастың жеңіл айналуы бірінші үлесте. Ал лад (саз) қатынасы келесі бөлшектерді өзіне тартады – интонациялық, пластикалық және бейнелеу таңбалары арқылы.

… Әр адамның сөйлеу әдетінің, жүрісінің, өз қажырлылығын, даусының бояуы, артикуляциясы қайталанбайды және де музыкалық мәдениетінде әрбір адамның әні де болады. Сондықтан адам музыкалық интоцияда биологиялық нақты нәрсе ретінде ғана емес, ол әлеуметтік — нақты тұлға ретінде бола алады. Адам қатынасында ең негізі тіл, интонация тілі және жүріс (қимыл) тілі.

Интонациялық форманың негізгі категориялары – интонация және фабула. Осы терминдердің мағынасын ашайық. Асафьевтің айтуынша, интонация жалпы жинақтау және бірнеше шартты түсінігі. Ол көп таңбалы, табиғи дауысының меншілігі: ым қимылына, жүрісіне, дене пластикасына сүйену (Асафьевтің айтуынша «үнсіз интонация») және дыбыс бейнелеушілігі (жел интонациясы, бұлақ, орман самалы интонациясы). Интонация екі деңгейді қамтамасыз етеді – фоникалық және синтаксикалық. Біріншісі антонемамен (аналитикалық форманың әуені мен фразалармен) берілсе, екіншісі – бірлескен интонациялық бейіндігінің (профиль) интонем бірізділігімен (тіл бейнесі мен пантомимикалық қатынасымен).

Фабула – дыбыстарда бейнеленген мазмүнының жүрісі. Сондықтан фабула терминді біздерге түсінетіндей болсын деп музыкатанушыларға «музыкалық драматургия» термині дейміз. «Фабула» латынша мынадай мағынада: сөз, әңгіме, мысал, ертегі, аңыз, драмалық шығарма, пьеса, сюжет.

Интонациялық форманың екі жағы бір маңыздылығынан көрінеді: интонация фабуладан ұсақтау; фабула көп интонацияның бірізділігі мен параллелді, интонациялық сызықта болса, екінші жағынан фабула интонацияның ішінен жарықтанады: шырқалған шығармада фабула нақтыланып дамыса, шығарманы аяқтау кезінде қайта интонацияға айналады. Өмірде адам мен жағдай билесе, әдебиетте сюжет пен сипаттама болса, музыкада интонация мен фабула бір бірімен байланыста. Қысқасы: тұлғалық пен қоғамдағы мінез-құлығы.

… Әрбір адамда — өзіне тән сөйлеу мәнері, жүрісі, өзінің темпераменті, дауыс бояуы, артикуляциясы бар. Музыкалық мәдениетінің қалыптасуында әр адамда өзінің әні болған. Жоғарыда айтылған адамның қасиеттері бігінгі күні персонаж интонациясында, композитордың стиль интонациясында, орындаушының, тыңдаушының бойында сақталады.

Қазіргі кезде музыкалық интонацияда ұлттық сипатын байқаймыз (сипаты көрінеді).