12 жылдық білім берудің тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі

12 жылдық білім берудің тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі туралы қазақша реферат

Эксперименттердің барлық категорияларын қамтитын, педагогикалық тиімділігі мен әлеуметтік әсерін айқындау мақсатында мониторингтер жүргізіледі. Республикалық және орталықтың негізінде әзірленген диагностикалық жинақ құрастырылды. [17; 20]

Диагностикалық қызметтің міндетіне:

— Оқушылардың әдеті мен білігінің қалыптасуын, білімділік деңгейі мен бейімділік сатысы анықталды;

— Оқу-тәрбие үрдісіндегі балалардың психологиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін анықталды;

— Экспериментте ата-аналардың қатысу деңгейі анықталды;

— Білім мазмұнын жетілдіру мақсатында эксперименталдық мектептердегі психологиялық-педагогикалық мониторингі өткізілді;

— 12 жылдық білім беру мазмұнын жетілдіру талаптарына сәйкес оқулықтар мен ОӘКмен қамтылу деңгейі анықталды;

— Қойылған мақсатқа жету үшін  қолданылатын құралдарды әсерлі бағаланды.

Эксперименттің тиімділігін арттыру бағамының бірі — оқушылардың денсаулығын сақтау болып табылады. 4-7 эксперимент сынып білім алушыларының  денсаулық және салауатты өмір салты бойынша мониторингі сынып оқушыларының 318-ы (80,7%) — денсаулығы жақсы, 30 оқушы (7,6 %) — жиі ауыратын оқушылар, 46-ының (11,6%) — созылмалы аурулары бар, (11оқушы (2,7%) – денсаулық тобына жататындар), ал мектепте оқуға жетілмеген балалар жоқ екендігін көрсетті.

Эксперимент және бақылау сыныптарындағы балалардың мектепке бейімделуі себебінен денсаулығында ауытқушылықтың жоқтығы қуанарлық жағдай. Дей тұрғанмен, тәжірибе алаңдарындағы оқушылардан 75 оқушы (19%) – сауықтыру іс-шараларын қажетсінетін балалар.

Мектептерде жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан барлық оқушы тегін ыстық тамақпен, асханалық тамақпен толық қамтамасыз етілген. Қорытындысында эксперимент сыныптардың денсаулығында бақылау сыныптарына қарағанда ауытқушылық байқалмайды.

2010-2011 оқу жылында тәжірибе алаңындағы 4-сыныптар «Атамұра», «Алматыкітап» байқау оқулығымен, 5,6,7 сыныптар «Мектеп»  «Атамұра», «Просвещение Казахстан», «Келешек 2030» байқау оқулықтарымен толық қамтамасыз етілді.

Алматы қаласы бойынша эксперименттік оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау, сараптау жұмыстарын жүргізу үшін шығармашылық топтың жұмысы ұйымдастырылған. Эксперимент алаңдары «Мектеп», «Атамұра», «Просвещение Казахстан», «Келешек 2030» басылымдарының оқулықтары мен ОӘК оқу процесінде қолданады және осы ОӘК мен оқулықтарға сараптамалар жасалды, оларды түзету мен өңдеу, жетілдіру үшін ұсыныстар «Оқулық» орталығына жіберілді (2011 жылдың қаңтар, мамыр айлары)

2011 жылы орталықтың қызметкерлері мен педагог-экспериментаторлардың құзіреттіліктерін жетілдіру мақсатында төмендегі жұмыстарға қатысуы ұйымдастырылды:

12 жылдық мектептің негізгі сатысындағы экспериментті өткізудің әдістемелік ерекшеліктері және әдіснамасы. 6-7 класс оқу материалдарын оқыту әдістемесі ОПКБА ж ҚДИ 12 жылдық білім беру мазмұнын эксперименттік енгізу жұмыстары орталығының әдіскері Р.Бахтиярова, №18 мектептің эксперимент сыныптарының тарих пәнінің мұғалімі М.Арыстанов, №44 мектебінің биология пәнінің мұғалімі К.Ризуанова, №7 мектебінің эксперимент сыныптарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Багрова.

2011 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Алматы қаласында 12 жылдық оқытуға көшу бойынша 7-ші эксперименттік сыныптарға арналған байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапа мониторингі» атты республикалық семинар және оқыту курсына (ОПКБА ж ҚДИ 12 жылдық білім беру мазмұнын эксперименттік енгізу жұмыстары орталығының әдіскері Р.Бахтиярова, Алматы қаласы, №18 мектебінің эксперимент сыныптарының математика пәні мұғалімі Г.Мукангалиева.

2011 жылдың 20-22 мамыры 12 жылдық оқытуға көшу бойынша 7-ші эксперименттік сыныптарға арналған байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапа мониторингі. 2010-2011 оқу жылының қортындылары» (ОПКБА ж ҚДИ 12 жылдық білім беру мазмұнын эксперименттік енгізу жұмыстары  орталығының әдіскері Р.Бахтиярова, №18 мектебінің эксперимент сыныптарының тарих пәнінің мұғалімі М.Арыстанов, №9 мектебінің эксперимент сыныптарының қазақ тілі пәні мұғалімі А.Беккайырова, №7 мектебінің эксперимент сыныптарының математика пәнінің мұғалімі К.Мурзабулатов.

Мұғалім-экспериментаторлардың педагогикалық басылым беттеріне озық іс-тәжірибелері жарияланып Алматы қаласының аумағына таратылды.

Республикалық педагогикалық басылымға 12 мұғалім-экспериментаторлардың, «Жайық ұстазы» ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылымға 3 мұғалім-экспериментаторлардың мақалалары жарияланса, ал «Ұстаз» журналына 5 мұғалім-экспериментаторлардың мақаласы жарияланды.

12 жылдық білім беру туралы қазақша рефераттар

12 жылдық білім беру мақсаты

12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері

12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

12 жылдық білім берудің тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі

Эксперименттердің барлық категорияларын қамтитын, педагогикалық тиімділігі мен әлеуметтік әсерін айқындау мақсатында мониторингтер жүргізіледі. Республикалық және орталықтың негізінде әзірленген диагностикалық жинақ құрастырылды